Лектор: аға оқытушы Өтегенова О. К



бет8/12
Дата06.03.2016
өлшемі1.2 Mb.
#44697
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Атмосфераның маңыздылығы. Атмосфераның маңыздылығы өте жоғары. Өйткені ол космос пен Жердің арасындағы байланыстырушы және Жердің барлық қабықтарымен гидросферамен, литосферамен, биосферамен тығыз байланыста.


  Биосферамен байланысы

Атмосфера Жердегі тірі организмдерді Күн радиациясының ультрофиолеттік сәулелерінен сақтайды.Атмосферада тасты-темірлі метеориттік ағындарға қалқан, Жер бетіндегі тірі организмдерге жылулық жағдай жасайды.Атмосферасыз жаңбыр,жел,дыбыс,ешқандай метеорологиялық көріністер болмас еді. Атмосфераның құрамы Жердегі тірі организмдердің дамуына оң ықпалын тигізеді.

  Литосферамен байланысы.

Атмосферамен Жер бетінің арасында жылулық және ылғал айналымы болады.Дүние жүзілік мұхиттар Жер бетіне ылғал шығарушы орган болып табылады.Сондай-ақ жердің жасыл өсімдіктері көмірқышқыл газын жұтып,оттегі шығарады,сондықтан оларды Жердің өкпесі деп атаймыз.Сондай-ақлитосферамен байланысы—Атмосфера Жер бедерін қалыптастырушы этзогендік фактор-температура,жел,жауын-шашындар т.б. болып табылады.

 Атмосфера адамның шаруашылық іс-әрекеттеріне үлкен ықпал етеді,бірақ соңғы кезде адам атмосферағаықпал ете бастады,әсіресе соңғы он жылдықта.Адам ісч-әрекетінен атмосфералық диоксид көмірқышқыл газымен улануы және басқа газдармен улануы температураның көтерілуіне әсер етеді.Ормандардың жойылуы,-оттегінің азаюына әкеп соғуда,Жер бетінің—жер жырту арқылы,мұхиттың ластануы осының бәрі атмосфераға және климатқа әсер етеді.Ең ірі ластаушы ядролық соғыс болуымүмкін.Соның салдарынан атмосфераның шаң-тозаңмен ластанып,бірнеше күн ішінде,ондағанградус планетамыздың түпкір-түпкірінде төмендеп,суынып,бірнеше айға созылған суыну болып Жер бетіндегі тірі организм жойылып кетуі мүмкін.Планетамызда ,,Ядролық қыс,,болуы мүмкін.

 Атмосфераның құрамы.

Жер бетіндегі құрғақ ауаның құрамында 78% азот 21% оттегі,1% инертті газдардан құралады. Әрбір географиялық қабықта өз орны зор.

1 Оттегі –Жер бетіндегі бүкіл тіршіліктің тыныс алуына әсер етеді,жану процесіне әсер етеді.

2 Азот--өсімдіктердің минералдың қоректен,уіне әсер етеді.

3 Көмір қышқыл газының диоксиді-Жердің жылытушы(0,03%),яғни күн радиациясындағы сәулеленуді Жер бетінде ұстап тұрушы-парникті эдирент пайда болады. Элементі ғалымдардың пікірінше атмосферадағы ххғ. Осы газдың көбеюі Жердегі температураның жоғарлауына әсер етті.

4 Озон. Атмосферада озонның қалыңдығы 3мм. Озон күннен түсетін ультрафиолеттік сәулесін қайта космосқа қайтарады

9-апта ( 3,0 балл)





document


plant

plant




1.Бақаның кіші қан айналым шеңбері қандай мүшемен байланысты?

А)Қарынмен.

В)Мимен.

С)Бауырмен.

Д)Өкпемен.

Е)Көру мүшелерімен.



2.Бақаның қан айналымы неше шеңберлі болады?

А)Бір.


В)Екі.

С)Үш.


Д)Төрт.

Е)Бес.


3.Бақаның жүрегі неше каералы?

А)Бір.


В)Екі.

С)Үш.


Д)Төрт.

Е)Бес.


4.Бақаның қандай бұлшықеттері жақсы жетілген?

А)Бас сүйек бұлшықеттері.

В)Аяқтарының бұлшықеттері.

С)Құйрық бұлшықеттері.

Д)Желбезек қақпақшаларының бұлшықеттері.

Е)Ішкі мүшелерінің бұлшықеттері.



5.Бақаның артқы аяқ белдеуі қандай сүйектерден құралған?

А)Бұғана сүйектерінен.

В)Жамбас сүйектерінен.

С)Қарға сүйектерінен.

Д)Жауырын сүйектерінен.

Е)Ортан жіліктен.



6.Жорғалаушы қалай көбейеді?

А)Уылдырық шашады.

В)Жұмыртқа салады.

С)Тірі туады.

Д)Балаларын қалтаның ішінде өсіреді.

Е)Дұрыс жауабы жоқ.



7.Балықтың қабырғалары омыртқаның қай бөлігіне жалғасады?

А)Тұлға бөлігінде омыртқалардың екі бүйіріне.

В)Омыртқаның құйрық бөлігінде.

С)Үстіңгі доғаға.

Д)Астыңғы доғаға.

Е)Көкірекке.



8.Шеміршекті балықтарға қайсысы жатады?

А)Бекіре.

В)Акула.

С)Алабұға.

Д)Латимерия.

Е)Сом (жайн).



9.Алабұғаның денесінің қаңқа бөлігі не деп аталады?

А)Бассүйек.

В)Омыртқа жотасы.

С)Жүзу қанаты.

Д)Жұлын.

Е)Құйрық жүзбеқанаты.



10.Балықтардың қандай қанаттарының қаңқасы омыртқа жотасындағы иық белдеуінің сүйектерімен байланысқан?

А)Арқа құйрықтарының қаңқасы.

В)Көкірек жұп қанаттарының қаңқасы.

С)Аналь қанаттарының қаңқасы.

Д)Құрсақ қанаттарының қаңқасы.

Е)Құйрық қаңқасы.



11.Алабұғаның қай мүшесі судағы еріген оттегін қанға өткізеді?

А)Жүрегі.

В)Желбезегі.

С)Өкпесі.

Д)Кеңірдегі.

Е)Өкпе қапшықтары.



12.Алабұғаның артерия қаны қай тамыр арқылы ағады?

А)Бауыр артериясы.

В)Арқа артериясы.

С)Вена.


Д)Желбезек артериясы.

Е)Қарын артериясы.



13.Алабұғаның қандай қан тамырларында вена қаны ағады?

А)Құрсақ қолқасында.

В)Арқа қолқасында.

С)Жүректен шыққан қан тамырларында.

Д)Бас артерияларында.

Е)Желбезектен денеге баратын қан тамырларда.



14.Қосмекенділердің көбеюі қай жолмен өтеді?

А)Жұмыртқа салу.

В)Уылдырық шашу.

С)Тірі туады.

Д)Жұмыртқаларын қабыршақтың ішіне салады.

Е)Пілде құру арқылы.



15.Қосмекенділердің жүрегінің қарынша бөлімінде қандай қан болады?

А)Артерия қаны.

В)Аралас.

С)Вена қаны.

Д)Оттекті қан.

Е)Көмір қышқыл газымен байыған.



16.Құйрықсыз қосмекенділерге қайсысы жатады?

А)Тритон.

В)Саламандра.

С)Құрбақа.

Д)Протей.

Е)Алып аламандра.



17.Құйрықты қосмекенділерге қайсысы жатады?

А)Құрбақа.

В)Бақа.

С)Тритон.



Д)Жайынауызды тарбақа.

Е)Кәдімгі бақбақыл.



18.Бақаның клаокасында қандай мүшелердің жолы ашылады?

А)Зәр шығару жолы.

В) Бауырдың жолы.

С)Ұйқы безінің жолы.

Д)Сілекей безінің жолы.

Е)Жыныс безінің жолы.



19.Бақаның дернәсіліне қандай мүшелер тән?

А)Үш камералы жүрек.

В)Өкпе.

С)Бүйір сызық.



Д)Омыртқа.

Е)Қанат.


20.Бақаның бас миының қай бөлімі балықтарға қарағанда нашар дамыған?

А)Алдыңғы ми.

В)Аралық ми.

С)Мишық.


Д)Ортаңғы ми.

Е)Ми сыңарлары.



21.Бақаның қандай сүйектері омыртқа жотасында тығызырақ жабысады?

А)Маңдай сүйектері.

В)Жамбас сүйектері.

С)Бұғана сүйектері.

Д)Төс сүйектері.

Е)Қабырға сүйектері.



22.Балықтардікіне қарағанда бақаның бас сүйегінде қандай сүйектер болмайды?

А)Маңдай.

В)Төбе.

С)Желбезек қақпағының сүйектері.



Д)Жақтары.

Е)Мойын омыртқасы.



23.Бақаның терісі немен ерекшеленеді?

А)Терісі сүйекті шытырлармен қапталған.

В)Терісі сүйекті қабыршақтармен қапталған.

С)Тері бездерінен үнемі шырыш бөлініп тұрады.

Д)Тері бездерінен сұйық шырыш бөлінбейді.

Е)Терісі өте қалың болады.

24.Бақаның үлкен қан айналым шеңбері жүректің қай камерасынан басталады?

А)Сол жақ құлақшадан.

В)Қарыншадан.

С)Оң жақ құлақшадан.

Д)Аортадан.

Е) Сол қарынша.

25.Бақаның үлкен қан айналым шеңберіндегі вена қан тамыры жүректің қай камерасына ашылады?

А)Оң жақ құлақшаға.

В)Сол жақ құлақшаға.

С)Қарыншаға.

Д)Аортаға.

Е)Венаға.

26.Жорғалаушылардың қайсысы суда тіршілік етеді?

А)Сұр жылан.

В)Сұр кесіртке.

С)Крокодил, теңіз тасбақасы.

Д)Дала тасбақасы.

Е)Кобра жыланы.

27.Жойылып біткен жорғалаушылар қандай эрада басымды болған?

А)Кайназойда.

В)Архейде.

С)Мезозойда.

Д)Палезойда.

Е)Төрттік дәуірде.



Сабақтың тақырыбы: Қоғам дамуындағы табиғат және оның ресурстарының ролі.

Сабақтың жоспары:

  1. Табиғатты пайдалана білу.

  2. Табиғат байлықтарының түрлері.

Теориялық мәліметтер:

Табиғат ресурстары пайда болуы жағынан литосфералық, гидросфералық, атмосфералық және биосфералық; пайдалануы бойынша өнеркәсіптік, ауылшаруашылық және көпмақсаттылық; сарқылу дәрежесіне байланысты сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді. Адамның әрекетінің әсерінен табиғатта түрлі өзгерістер болып жатыр. Оған себеп – адамның күнкөрісі табиғатпен байланысты. Ол табиғаттан керегін алмай, оны пайдаланбай отыра алмайды. Жер қойнауынан пайдалы қазбалар өндіру, металл қорыту, егін егу, су энергиясын пайдалану және сол сияқтылар табиғатқа тікелей әсерін тигізеді. Мәселе – табиғатқа тимеу емес, оны жағымсыз өзгерістерге ұшыратпау. Ол үшін табиғат құбылыстары мен заттарын зерттеп, дұрыс пайдалана білу керек. Табиғат ресурстарын қорғап, оны ұтымды пайдаланғанда ғана адамзат өзінің Жердегі тіршілігін мұнан әрі жалғастыра алады. Табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану өндірілген өнімдер мен бұзылған жерді екінші қайтара іске асыру; көмір, мұнай, газ қорын үнемдеу және ауаны ластанудан сақтау; өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау және сақтау; қуат көздерін іздеу шараларын қамтиды.

Табиғаттың адам қажетіне жарайтын барлық мүмкіншілігін табиғат байлығы деп атайды. Табиғат байлықтарының минералдық, климаттық, су, жер және биологиялық деп аталатын негізгі бес түрге ажыратылады. Олар сарқылатын және сарқылмайтын байлықтар тобынга ажыратылады.

Дүние жүзі елдерінде пайдалы қазбалар өндіру жылдан-жылға артып келеді. Соңғы кезде мұхит қайрандары мен суларынан да түрлі пайдалы қазбалар өндіріледі. Мамандардың есептеуінше, пайдалы қазбаларды өндіру қарқынды жүргізіле беретін болса, XXI ғасырдың ортасына қарай адамзат олардың барлық қорын тауысады. Әсіресе металдардың ең көп пайдаланылатын кейбір түрлері жақын жылдарда-ақ сарқылуы мумкін.

Табиғат байлықтарының ішінде адамзаттың ең көп пайдаланатыны - су. Жер шарында пайдаланылатын тұщы су қорының 70%-на жуығы тек егіс алқаптарын суландыру мақсатында жұмсалады. Сонымен қатар, өнеркәсіп орындары мен тұрмыс қажетіне пайдаланылатын су мөлшері де тез өсіп келеді. Жер шарындағы әрбір қала тұрғыны тәулігіне орташа есеппен 150 л су жұмсайды, ал ірі қалаларда бұл көрсеткіш одан да жоғары. Планета халқы 6 млрд-тан асып отырған қазіргі кездің өзінде кейбір елдерде тұщы су тапшылығы байқалады. Сондықтан Антарктидадағы мұзтауларды ауыз су тапшы елдерге тасымалдау, мол сулы өзендерді шөлді аудандарға бұру, теңіз суын тұщыландыру жобалары іске асырылуда.

Ауыл шаруашылық өнімдерін морлайту үшін қажетті табиғат байлықтарының бірі- топырақ. Оның құнарлылығы табиғат зоналары бойынша әркелкі болып келеді. Топырақ тез өзгеріске ұшырайтын компанент болғандықтан оған ұқыптылықпен қарап, тиімді пайджалану қажет.

Адамдардың шаруашылық әрекетін барынша дамытуға климаттық жағдайлар да күшті әсер етеді. Жер шарының жылу мен ылғал жеткілікті, топырағы құнарлы жерлерінде ауыл шаруашылық дақылдарынан мол өнім алуға болады. Ал климаты мейлінше қолайлы аймақтарда тіпті жылына бірнеше рет өнім алуға болатынын білесіңдер. Бірақ ол үшін тек қолайлы климат жағдайы жеткіліксіз, сонымен қатар топырақты қосымша тыңайту, қажет болса суару, ауыл шаруашылық машиналарын қолдану қажет.

Жер шарының ең басты байлықтарының бірі- өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Қалпына келе алатын мүмкіндігіне байланысты оларды ұтымды пайдалануға болады. Орман байлықтары адамның көптеген шаруашылық қажетін өтейді. Жер бетінің 30%-на жуығын алып жатқан ормандар табиғаттағы тепе-теңдікті сақтаумен қатар, адамдар мен жануарлардың тіршілігі үшін де өте маңызды. Сонымен қатар орман алқаптары жер бетіне әсем көрік береді. Адам әрекеті нәтижесінде ормандардың аумағы жылдан-жылға қысқарып келеді. Табиғи өсімдіктер өсетін үлкен алқаптар жайылым ретінде пайдаланылады. Жер шарының 1\3 бөлігін егістіктер, бау-бақша, шабындық пен жайылымдар аалып жатыр. Адамзат тіршілігіне қажетті өнімдердің едәір бөлігін мәдени өсімдіктер береді. Дүние жүзінде 3 мыңнан астам мәдени өсімдіктер өсіріледі.

3.Адамның табиғат байлықтарын есепсіз пайдалануы, табиғи орта заңдылықтарын ескермеуі экологиялық зардаптарға әкеліп соқтыруда. Қазіргі кезде экологиялық зардаптар ғаламдық сипат алуда. Грек тілінен аударғанда “үй, қоныс” деген мағына беретін экология ұғымын алғаш рет 1866 жылы неміс ғалымы Э.Геккель енгізген. Экология алғашында тіршілік пен оның мекен ортасының қарым-қатынасын сипаттайтын биологиялық ғылым саласы болған. XX ғасырдың екінші жартысында экология ғылымының ауқымы кеңейіп, табиғат пен адам қоғамы арасындағы күрделі қарым-қатынастарды зерттейтін кешенді ғылым саласына айналды. Сондықтан табиғи ортаның жай-күйі көбінесе “экологиялық жағдай” ұғымы арқылы сипатталады.

Кез келген табиғат кешені біртұтас құрылым болып табылатынын білесіңдер. Табиғи ортадағы бір компаненттің өзгерісі оның басқа компаненттеріне де әсерін тигізеді. Нәтижесінде жалпы экорлогиялық жағдай өзгереді. Әсіресе атмосфераның жай-күйі ғалымдарды алаңдатуда. Ғаламшарымызды оттегімен қамтамасыз ететін ылғалды экваторлық ормандардың аяусыз кесілуі, өнеркәсіптің қарқынды дамуы атмосфера құрамындағы оттегінің мөлшерін азайтып, керісінше көмірқышқыл газы мен шаң-тозаңдардың үлесін арттырады. Ол өз тарапынан полярлық аймақтарда мұздықтардың еруін тездетуде. Соның әсерінен Дүниежүзілік мұхит деңгейі біртіндеп көтеріліп, халық тығыз қоныстанған жағалық жазықтарды су басуда.

Дүниежүзілік мұхит қайраңдарында мұнайдың өндірілуі және тасымалдануы нәтижесінде су бетінде мұнай қалдықтарының жұқа қабаты түзіледі. Ол мұхит пен атмосфера арасындағы ауа алмасуын қайраңдар балықтардың уылдырық шашып, көбейетін орны болғандықтан Дүниежүзілік мұхит суындағы балықтардың өнімділігі төмендеуде. Бұл өз тарапынан теңіз жануарлары арасындағы қоректік тізбектің бұзылуына әкеліп соғуда. Жоғарыда келтірілген мысалдар адамдардың табиғатқа кері әсер етуінен табиғи ортада экологиялық тепе-теңдік бұзылатынын дәлелдейді.

Географиялық қабықтың біртұтастығына байланысты ортақ үйіміз- Жер ғаламшарының кез келген түкпіріндегі экологиялық зардаптар бүкіл Жер шары табиғатына кері әсерін тигізеді. Оған сендер материктер мен мұхиттар табиғатын оқып үйрену барысында көздерің жетті. Сондықтан табиғат қорғау шараларын жергілікті, ұлттық және халы қаралық деңгейде қатар ұйымдастырып, жүргізу қажет. Өздеріңе таныс “Семей-Невада”, “Гринписс”, қозғалыстарының басты мақсаты да осы шараларға негізделген. Жер шарындағы барлық елдерге ортақ байлық болып табылатын атмосфера мен Дүниежүзілік мұхит суларын қорғау мақсатында қабылданған халықаралық келісімдердің маңызы зор. Халықаралық табиғат және табиғат байлықтарын қорғау қоғамы ұйымдастырған Халықарлық қызыл кітап 1968 жылдан бастап, Жер шарындағы жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды тіркеп, оларды қорғау шараларын ұйымдастыруда.


10-апта (1,5 балл)




1. Адамның табиғат байлықтарын есепсіз пайдалануы, табиғи орта заңдылықтарын ескермеуі .... әкеліп соқтырады

А. экологиялық зардаптарға

В. педагогикалық процесс

С. эстетикалық тәрбие

Д. глобализация

2. Экология ұғымының мағынасы

А. үй, қоныс

В. материк

С. ғаламшар

Д. мұхит

3. Экология ұғымы алғаш қай жылы енгізілді

А. 1998ж.

В. 1997ж.

С. 1866ж.

Д. 1812ж.

4. Экология ұғымын енгізген неміс ғалымы

А. Абай


В. Э.Геккель

С. Шоқан


Д. Қ.Сәтпаев

5. Экология ғылымы табиғат пен адам қоғамы арасындағы күрделі қарым-қатынастарды зерттейтін кешенді ғылым саласына қашан айналды

А. ХІХ ғ. І жартысы

В. ХІХғ.ІІжартысы

С. ХХғ.ІІжартысы

Д. Хғ.


6. Халықаралық табиғат және табиғат байлықтарын қорғау қоғамы ұйымдастырған Халықарлық қызыл кітап қай жылдан басталды

А. 1968ж.

В. 1966ж.

С. 1998ж.

Д. 2003ж.

7. Жер шарындағы жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар қайда тіркеуге алатын кітап

А. жай кітап

В. қалың кітап

С. Қызыл кітап

Д. Ғылыми кітап




Сабақтың тақырыбы: Тірі организмдердің эволюциясы.

Сабақтың жоспары:

  1. Жерде өмірдің пайда болу концепциялары.

  2. Биосфера туралы түсінік.

Теориялық мәліметтер:

Тіршіліктің пайда болуы аса қызықты да кұрделі мєселе болып саналады. Жаратылыстану ғылыми дәлелдеріне қарағанда, жер бетіндегі тірі материяның пайда болғанына 3,8 млрд жылдай болыпты, ал оған дейін әлем ондаған млрд жылдай өмір сүріпті. Олай болса, жер бетінде тіршілік, тірі организмдер дүниесі қалай жєне неден пайда болды деген сұрақтың жауабы адамзатты көптен бері ойландырып, толғандырып келеді. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы жайлы, жалпы алғанда 4 түрлі концепциялар бар.

а) Креоционизм деп аталатын жаратушы құдайды мойындайтын діни концепция.

ә) Тірі дүние єуел бастан бар, мәңгі, тұрақты құбылыс деп түсіндіретін концепция.

б) Тіршілік жерден тыс кеңістікте пайда болды деуші панспермия концепциясы.

в)Физикалық жєне химиялық заңдылықтарға бағынатын процестердің нәтижесінде тарихи пайда болған деп түсіндіруші концепция.

Тірі организмдердің барлығы қазіргі кезде қандай болса, дәл сондай күйінде бір кездерде жаратылған, олар ешқашан өзгермеген және өзгермейді деген тұрпайы түсінік мыңдаған жылдардан бері адам санасында мекендеп келеді. Тірінің бәрін құдай өзгермейтін етіп жаратқан деп түсіндіруші концепция креоционизм деп аталады. ХХ ғасырда тіршіліктің пайда болуының ғылыми моделін жасауға қол жетті.1924 жылы орыс биохимигі А.И.Опариннің Происхождение жизни деген кітабында тұңғыш рет жаратылыстану ғылыми концепция тұжырымдалды.

Жерде өмірдің пайда болу концепциялары.

Бұл концепция бойынша, жер бетінде тіршілік ұзақ уақытқа созылған алғашында химиялық содан кейін биохимиялық эволюцияның нәтижесінде пайда болған. Бұл қазіргі кезде ғылымда ең үлкен қолдау тапқан концепция болып отыр. Жерде тіршіліктің пайда болуының бастамасы – белоктық заттарды өндіруге қабілетті нуклеин қышқылдарының пайда болуы. Ал күрделі органикалық заттардың түзілуінен қарапайым тірі организмдерге өту жолы қазірше айқындалған жоқ. Биохимиялық эволюция теориясы тек жалпы схмасын ғана ұсынды. Бұл схема бойынша, концерванттар деп аталатын қоюланған органикалық заттардың аралығында күрделі көмірсутектерінің молекулалары түзілуі мүмкін, ал концерванттардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін қарапайым клетка мембранасының түзілуін қамтамасыз етеді. Дамудың келесі кезеңінде клеткада ядро пайда болады, ал одан кейін көп клеткалы организмдер түзіледі, сөйтіп олар не өсімдіктер, не жануарлар тіршілігін қабыл алады. Міне осыдан бері тірі материя дүниесінде үздіксіз эволюция процесі болып келеді. Қазіргі заманғы органикалық эволюция ілімі қазіргі биологиялық ғылымдардың теориялық негізі ретінде сол жеке ғылымдардың жетістіктерін жинақтаушы болып табылады.



Биосфера деген түсінік грекше “bios”- тіршілік, ” sfaira”-шар деген мағына береді, яғни Жер шарындағы тіршілік аймағы ретінде ғылымға енгізген австриялық геолог Зюсс болды. Ол 1875 жылы “географиялық қабық” деген терминді ғылымға енгізгенімен биосфера туралы көп дерек бермеген, тек қана бұл қабықты “тіршілік қабығы ” деп атаған.Ал биосфераны ғылымға толық енгізген орыс академигі В.И.Вернадский болды.Ол өзінің “Биосфера” деген еңбегінде биосфераны планетаның ең маңызды қабықтарының бірі деп қарастырып, биосфераның сандық көрсеткіштері аз болса да ,Жер бетіндегі барлық процес тер тіршілікке байланысты деп. атап көрсетті.

Биосфера –тірі организмдер мекендеген және олардың әсерінен өзгерген Жердің қабығы.

Жер бетінде тірі организмдер ең алғаш ұсақ су қоймаларында пайда болды деген пікір бар. Олар жылы климаттың әсерінен пайда болған. Сол кезде жорамалдар бойынша күннің ультрафиолеттік сәулелерінен сақтайтындай қазіргідей озон қабаты болмаған.Бұл қабаттың міндетін атқарушы ол кехде су беттерінде цианобактериялар болған, осы бактериялардың 3 млрд жыл бұрынғы бір клеткалы ядросыз жәндіктердің қалдықтары Африкада табылған.Осы су қоймаларынан тіршілік мұхитқа, кейін жер бетіне тараған. Осыдан соң жер бетіне организмдердің саны күрт көбейіп кетті.Соның ішінде адамның пайда болуын да атап өтуіміз керек.

Барлық биосфера тарихында 500 млн тірі организмдердің түрі болған, ал қазіргі кезде олардың саны 2 млн.нан.10 млн.ға дейін жетеді.

Жер беті не тірі организмдердің кең көлмде таралуына олардың қоршаған ортаға бейімділігі және көбеюінің көп мөлшерде болуы әсерін тигізді.

Қазіргі заманғы дүниенің даму тарихы болған оқиғалардың хронологиясын былай сипаттаған:



Бірнеше 100 мың жылдан алдын жеңіл элементтердің атомдары пайда болды

15 млрд жыл бұрын жұлдыздардың бірінші ұрпағы пайда болды, ауыр элементтердің атомдарды түзілді.

5 млрд жыл бұрын-Күн пайда болды.

3,8 млрд жыл бұрын- өсімдіктер пайда болды.

450 млн жыл бұрын-жануарлар пайда болды.

150 млн жыл бұрын- сүтқоректілер пайда болады.

Тіршілікті сипаттаудың ең дұрыс жолы тірі ағзаға тән негізгі қасиеттерді атап көрсету болып табылады.

Олар : өзін-өзі ұдайы өндіруге қабілеттілігі, тұқым қуалаушылық – ағзалардың өз белгілері мен қасиеттерін көбею ерекшеліктерін ұрпақтан-ұрпаққа беру, өзгергіштің – ағзаның жаңа белгілері мен қасиеттерге ие болуы, өсу және даму. Даму өсумен тығыз байланысты. Бұл әрекеттің ағза құрамымен құрылымы күрделі де сапалы өзгерістерге ұшырайды, тітіргендіргіштік - ағза айналымындағы ортаның әсеріне түрліше жауап бере алады, өзін-өзі реттеуге қабілеттілігі, дискреттілігі – тірі дене көптеген құрамдас бөлшектердің жиынтығы, яғни, жасуша → ұлпа → мүше → ағза болып табылады.



10-апта (1,5 балл)


document





plant

1.Жорғалаушылар немен тыныс алады?

А)Терімен.

В)Желбезекпен.

С)Өкпемен.

Д)Ішекпен.

Е)Кеңірдек түтікшемен.

2.Тасбақаларға қандай белгі тән?

А)Терісі үнемі дымқыл болып тұрады.

В) Жақтарында тістері болады.

С)Денесі сауытпен қапталып, үстінен мүйіз пластинкалармен жабылған.

Д)Улы бездері болады.

Е)Мүйіз қабыршақты құрғақ денесі болады.

3.Ұршықсап (аяқсыз) кесірткенің жыланнан айырмашылығы неде?

А)Аяқтарының болмауы.

В)Терісінде бездері болмайды.

С)Қозғалып тұратын бұлыңғыр қабықтары дамыған (жыпықтау жарғағы).

Д)Денесі құрғақ қабыршақпен қапталған.

Е)Дене температурасының қоршаған орта температурасына тәуелділігі.

4.Кесірткенің жүрегінің оң жақ қарыншасының бөлімінде қандай қан болады?

А)Артериялық.

В)Веналық.

С)Аралас.

Д)Жартылай артериялық.

Е)Капиялар қаны.

5.Құрылысы жағынан кесіртке жүрегінің қосмекенділер жүрегінен айырмашылығы неде?

А)Жүрегі екі қарыншадан тұрады.

В)Жүрегі екі құлақшадан тұрады.

С)Қарыншасын ішкі жағынан перде оң жақ және сол жақ бөлімге жарым Жартылай бөліп тұрады.

Д)Жүрегі бір құлақшадан тұрады.

Е)Бір жүрекше бір қарынша болады.

6.Жорғалаушының жүрегі неше камералы?

А)Бір.

В)Екі.


С)Үш.

Д)Төрт.


Е)Жүрегі жоқ.

7.Жануарлардың қайсысында көкірек қуысы бар?

А)Алабұғада.

В)Құрбақада.

С)Кесірткеде.

Д)Жыланда.

Е)Ланцетникте.

8.Қандай сүйектер кесірткенің алдыңғы аяқ қаңқасын құрайды?

А)Тоқпан жілік, кәрі жілік, алақан саусақ сүйектері.

В)Ортан, асықты жілік, табан сүйектері.

С)Жамбас.

Д)Омыртқа жотасы.

Е)Алдыңғы иық белдеуі.

9.Қандай сүйектер кесірткенің артқы аяқ қанқасын құрайды?

А)Тоқпан жілік, кәрі жілік, алақан саусақ сүйектері.

В)Ортан, асықты жілік, табан сүйектері.

С)Жауырын.

Д)Көкірек жасуша.

Е)Жауырын, ортан жілік, кәрі жілік.

10. Кұйрықты қосмекенділерге қайсысы жатады?

А)Жасыл құрбақа.

В)Кәдімгі бақбақыл.

С)Сақиналы құртжылан.

Д)Явалық ұшқыш бақа.

Е)Саламандра.

11. Бақаның личинкасы – итшабақ немен тыныс алады?

А)Терісі арқылы.

В)Желбезек арқылы.

С)Өкпесі арқылы.

Д)Дем түтігі арқылы.

Е)Бүйір сызығы арқылы.

12. Мына қосмекенділердің қайсысы саусақ қанатты балықтардан шыққан?

А)Ертедегі құйрықты қосмекенділер.

В)Ертедегі құйрықсыз қосмекенділер.

С)Ертедегі құрбақалар.

Д)Жыртқыш тісті кесірткелер.

Е)Тиранозабрлер.

13.Бақа бас миының қай бөлімі балықтарға қарағанда нашар дамыған?

А)Алдыңғы ми.

В)Аралық ми.

С)Ортаңғы ми.

Д)Сопақша ми.

Е)Мишық.

14.Құрбақа терісінің құрылысының ерекшелігі?

А)Терісі тегіс, қабыршақпен қапталған.

В)Терісі әкті пластинкамен қапталған.

С)Терісі кілегейлі безбен қапталған.

Д)Сүйекті қабыршақпен қапталған.

Е)Терісінде кілегейлі бездер жоқ.

15.Хордалыларға тән белгілер:

А)Ішкі қанқасы бар.

В)Ішкі қаңқасы жоқ.

С)Жүйке түтікшесі құрсақ жағында орналасқан.

Д)Жоғары құрылымды өкілдерінде құрсақ жүйке тізбегі бар.

Е)Жүрегі арқа жағында.

16.Балықтар торсылдақтың көмегімен:

А)Тез қозғалады.

В)Судың бағыты мен күшін сезеді.

С)Тамақты қорытады.

Д)Судың түбіне түсіп, қайта бетіне шығады.

Е)Газ алмасуға қатысады.

17.Қосмекенділердің құрлыққа шығуына байланысты, пайда болған мүше:

А)Бассүйек, омыртқа.

В)Жақсы дамыған аяқтар.

С)Көз, танау.

Д)Қабыл, дабыл жарғағы.

Е)Дәм, иіс сезімі.

18.Қосмекенділерге тән ерекшеліктер:

А)Балықтардың басы сияқты қозғалмайды.

В)Басы қозғалмайды, тұлғасы мен мойын омыртқасы арқылы жалғасқан.

С)Мойыны ұзын.

Д)Аяқ сүйектері үш бөліктен тұрады және саусақтары бар.

Е)Мойыны жеті омыртқадан тұрады.

19.Бақа жүрегінің оң жақ құлақшасында қандай қан ағады?

А)Аралас.

В)Веналық.

С)Артериялық.

Д)Лимфа.


Е)Оттегіне бай қан.

20.Тұщы су қоймасындағы балық шабақтарының негізгі қорегі:

А)Есекқұрттар.

В)Дафния, циклоптар.

С)Асшаяндард.

Д)Жоғары сатыдағы өсімдіктер.

Е)Өзен шаяны.

21.Қосмекенділер – жартылай суда, жартылай құрлықта тіршілік ететін омыртқалылар, сондықтан олар ненің көмегімен тыныс алады?

А)Желбезек.

В)Өкпе.


С)Дымқыл тері.

Д)Өкпе, дымқыл тері.

Е)Өкпе, ауа қапшығы.

220.Теңіз тасбақасы суда:

А)Өмір бойы болады.

В)Жұмыртқа салатын кезден басқа уақытта.

С)Жұмыртқа салып, оны басқанда.

Д)Жазда құрлықта ұйқыға кетеді.

Е)Ұрпағын өсіргенде.

22.Газелдер, антилоптар, жирафтар жұптұяқтыларға жатады, осы отрядқа таға да қайсысын жатқызады?

А)Зебр.

В)Керік.


С)Жылқы.

Д)Бегемот.

Е)Африкалық піл.

23.Жорғалаушылармен қосмекенділердің айырмашылығы:

А)Жүйке жүйесі түтікшелі.

В)2 жұп аяғы.

С)Дене температурасының тұрақсыз болуы.

Д)Іштей ұрықтануы.

Е)Анус орнына – клоака.

24.Кесірткеге тән белгі:

А)Тырнақтың болмуы.

В)Жіңішке сүйектері.

С)Қатты қабықсыз жұмыртқа.

Д)Тері қабыршақпен қапталған.

Е)Жұмыртқаны суға салады.

25.Балықтар қандай жүзбеқанаттарының көмегімен жоғары және төмен түседі?

А)Құйрық және көкірек.

В)Құрсақ және аналь.

С)Жұп көкірек және құрсақ.

Д)Жұп көкірек.

Е)Құрсақ және арқа.

26.Балықтың суда қозғалуын қамтамасыз етеді:

А)Қабыршақты қабығы.

В)Дене формасының сүйір болуы.

С)Тері бездерінен сұйықтық бөлінуі.

Д)Қабыршақты қабығы, денесінің сүйір формасы, тері бездерінен бөлінетін сұйықтық.

Е)Дене формасына байланысты жинақы формасына байланысты

Сабақтың тақырыбы: Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер.

Сабақтың жоспары:


  1. Төменгі сатыдағы өсімдіктер.

  2. Жоғары сатыдағы өсімдіктер

Теориялық мәліметтер:

І.Өсімдіктер дүниесінің клеткаға дейінгі тармағы

1.Вирустар

ІІ.Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядроға дейінгі тармағы

2.Дробянкалар

3.Көк жасыл балдырлар бөлімі

ІІІ.Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы класс типті тармағы немесе төменгі сатыдағы автотрофты өсімдіктер

4.Жылтырауық сары балдырлар бөлімі

5.Сары-жасыл немесе әртүрлі талшықты балдырлар бөлімі

6.Диатомды балдырлар бөлімі

7.Пирофит балдырлар бөлімі

8.Эвгленалар

9.Қоңыр балдырлар бөлімі

10.Қызыл балдырлар бөлімі

11.Жасыл балдырлар бөлімі

12.Хара балдырлар бөлімі

13.Қыналар бөлімі

IV.Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы, пластиттері жоқ өсімдіктер тармағы

14.Кілегейлілер

15.Саңырауқұлақтар Жоғары сатыдағы өсімдіктер

V.Өсімдіктер дүниесінің өркенге дейінгі архегониялар тармағы

16.Риниофиттер

17.Псилофиттер

18.Мүктәрізділер

VI.Өсімдіктер дүниесінің өркенді архегониялар тармағы

19.Плаунтәрізділер

20.Қырықбуындар

21.Папоротниктер

22.Жалаңаш тұқымдылар

VII.Өсімдіктер дүниесінің өркенді аналықтар тармағы

23.Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктер

Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесін таллом деп атайды. Таллом бір клеткалы, калониялы, клеткаланбаған көп клеткалы болады. Олар ұлпаларға және органдарға (мүшелерге) бөлінбейді. Жыныстық жолмен көбею органдары (мүшелері) – оогонийлері және антиридийлері бірклеткалы болады. Түрлер саны көптігінен бірінші орынды иеленіп кең таралған.

Төменгі сатыдағы өсімдіктер органикалық және минералды заттармен қоректенеді. Органикалық заттармен гетеротрофты организмдер (бактериялар, саңырауқұлақ, кілегейлілер). Минералдық заттармен автотрофты организмдер (балдыр, қыналар) қоректенеді.Төменгі сатыдағы өсімдіктерде тамыры болмайды, оның орнына ризоид деген арнайы мүшесі болады.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер төменгі сатыдағы өсімдіктерден пайда болған. Олар төменгі сатыдағы өсімдіктерден құрылысының бірқатар белгілерінің күрделі болып келуімен ажыратылады. Жоғары сатыдағы өсімдіктер алғашқы сулы ортамен тікелей байланысын үзген, жер бетінде ауасы бар ортаны мекендейтін өсімдіктер. Құрлыққа шыққан соң өсімдіктер мүлдем басқа жаңа жағдайға тап болған. Сондықтан олардың бойында көптеген арнайы маманданған белгілері қалыптасқан.

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінің денесі органдарға, тамырға, сабаққа және жапыраққа бөлінген болады. Бұл органдар жақсы жетілген ұлпалардан тұрады.

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің тамыры болады. Тамыр ризоидтарға қарағанда минералдық тұздар мен суды сору және топыраққа бекіту қызметін әлде қайда жақсы атқарады.

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің қоршаған ортада суды шамадан тыс жоғалтудан, төменгі температурадан және т.б. жағдайлардан қорғайтын күрделі жүйесі – жабындық ұлпалары мен лептесік аппараттары болады. Лептесік аппараты газдардың алмасуын және транспирация (су булану) кезінде судың булануын реттеп отырады.



11-апта (3,0 балл)


document



plant




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет