«ленинградтық Өренім» ӨЛЕҢІ 32. М.Әуезов шығармашылығы. Алғашқы әңгімелері мен драматургиясы


С.Мұқанов шығармашылығы. Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымындағы маңызы



бет5/9
Дата19.05.2024
өлшемі272.15 Kb.
#501459
1   2   3   4   5   6   7   8   9
әдебиет тарихы 31-40

36. С.Мұқанов шығармашылығы. Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымындағы маңызы
Сәбит Мұқанов әдебиетке араласқаннан бастап-ақ дәуір, заман алға қойған тақырыптарға қалам тербеді. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрында өндіре еңбек етті. Жазушы қаламынан туған әдеби мұра сан жанрлы, мол көлемді, идеялық-эстетикалық мәні жоғары да бағалы. Ол 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын талдайтын монографиялар, қазақ мәдениетінің тарихы және этнографиясы туралы зерттеу еңбектер, тағы басқа сан-салалы кітаптар жазды.

Сәбит Мұқановтың алғашқы өлеңдері мен поэмалары, мақалалары мен әңгімелері («Көңілім», 1917; «Бостандық», 1919, т.б.) 1917 жылдан жариялана бастады. Ол 1924 жылы өлеңдер мен мақалалардан және аударма шығармалардан тұратын «Совет өкіметі һәм қазақ әйелі» атты тұңғыш кітапшасын шығарған. 20 жасынан поэма жаза бастады: «Балбөпе», «Жетім қыз», «Батырақ», «Қанды көл», «Жүйткі, қара айғырым», 1926-1927 жылдары «Кешегі жалшы мен бүгінгі жалшы», «Октябрьдің еткелдері» поэмалары, «Ақбөпенің сыры» повесі жарық көрген. 1928 жылы «Сұлушаш» дастаны, 1931 жылы «Адасқандар» романы (орыс тілінде «Сын бая», 1934), тағы басқа туындылары жарияланды. «Сұлушаш» дастанында ғашықтық, махаббат мәселесін көтере отырып, әлеуметтік мәні зор түйіндерді толғаған. Ал «Адасқандар» романы қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романдардың бірі саналды. Ол бұл романды едәуір өзгерістер енгізіп, 1959 жылы «Мөлдір махаббат» деген атпен қайта бастырып шығарды.


ХХ ғасырдың бірінші жарымындағы қазақ әдебиетінің аса ірі өкілі, социалистік реализм әдебиетінің ту ұстаушыларының бірі С. Мұқанов қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу істеріне аса қомақты үлес қосты. Жазушының әдебиет тарихына қатысты зерттеулерін іштей жіктесек, ХУ111-Х1Х ғасырлардағы қазақ әдебиеті, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті болып келеді. Сәбит қазақ әдебиетінің тарихын ХУ111 ғасырдан бастап зерттеген. Оның себебін осыған дейінгі ақындардың аттары жөнді сақталмағандығымен, «белгілі дәуірде жасаған ақын бар, ол ақынның белгілі шығармасы бар ғасыр қазақ әдебиетінің тарихында ХУ111 ғасыр» болғандығымен түсіндіреді. Сонан соң бұл дәуірдің әдебиетін «қазақ халқының тәуелсіздігін қорғау жолындағы күресін сипаттайтын әдебиет» деп анықтаған.
С. Мұқановтың «ХУ111-Х1Х ғасырдағы қазақ әдебиеті туралы» көлемді зерттеуі алдымен, «Халық мұғалімі» (1941, №6-12) журналында жарияланды. Автор осы кездің әдебиетін 1) ұлт бостандығы үшін күресудің әдебиетке әсері, 2) «Зар заман» әдебиеті, 3) ақын және айтыстар, 4) шығыс әдебиетінің әсері, 5) просветительдік әдебиет деп, жіктеп қарастыруды жоспарлаған. Кейін кітап болып шыққанда, біраз өзгерістер байқалады. Алдымен, кітап «Қазақтың ХУ111-Х1Х ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер» (1942) аталған. Бірінші тарау «Бостандық күресі», екіншісі «Зар заман», үшіншісі «Айтыс туралы» болып өзгеріп, бастапқыда жоспарланған «Шығыс әдебиетінің әсері», «Просветительдік әдебиет» тараулары кітапта жоқ.
Кітаптың «Бостандық күресі» тарауында Бұхар жыраудың, Сырым Датұлының, Махамбет Өтемісұлының өлеңдеріне, Жанқожа батыр, Кенесары-Наурызбай туралы жырларға, «Бекет батыр» дастанына тоқталған. Автор зар заман әдебиетін Асан қайғыдан бастап, оның өкілдері ретінде Бұхар жырау, Махамбет, Шортанбай, Мұрат, Ыбырай Алтынсарыұлы, Нармамбет, Шернияз, Досқожа, Күдері, Нысанбай, Ығылман сияқты ақындарды атап, өлеңдеріне талдаулар жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет