«ленинградтық Өренім» ӨЛЕҢІ 32. М.Әуезов шығармашылығы. Алғашқы әңгімелері мен драматургиясы


-2000 жылдардағы драматургия. Драма. Қазіргі қазақ драматургиясы: жанрлық сипаты, тақырып тереңдігі мен проблематикасы



бет8/9
Дата19.05.2024
өлшемі272.15 Kb.
#501459
1   2   3   4   5   6   7   8   9
әдебиет тарихы 31-40

39. 1960-2000 жылдардағы драматургия. Драма. Қазіргі қазақ драматургиясы: жанрлық сипаты, тақырып тереңдігі мен проблематикасы
Драма (гр. dramo — әрекет) 1) әдебиеттің эпос, лирика сынды үш тегінің бірі (Әдебиеттің тегі мен түрі). Драмада оқиға тартыс, не тартыстар желісіне жинақталып, кейіпкерлер әрекеті арқылы дамиды. Драмалық шығарма театрға арналып жазылады да, сахнада нағыз көркемдік қуатына ие болады. Жанрлары: трагедия, драма, комедия, мистерия, миракль, моралите, мелодрама, фарс, водевиль, трагикомедия, т.б.
Қазіргі қазақ драматургиясы – қазақтың XX ғасырдағы классикалық әдебиеті дамуының заңды жалғасы. Қазіргі қазақ драматургиясы әлемдік классикалық дәстүрді шығармашылықпен қабылдай отырып, ұлттық топырақтағы осы өнердің өркендеуіне жаңашылдықпен үлес қосып келеді. Осы тұрғыдан драмалық шығармалардың заманауи-гаманитарлық ойлаудың бір тармағы ретінде қоғамдық пікірге белсенді қозғау салуда рөлі ерекше.

Қазіргі заманда драматургия мен театр - күрделі уақытта өмір сүрген қазақ елінің өмірінен ерекше орын алатын көркемдік игілік, эстетикалық байлықтардың бірі. Бұл күнде драматургия саласында Д. Исабеков, Қ. Ысқақов, Ә. Тарази, Т. Нұрмағанбетов, С. Балғабаев, И. Оразбаев, И. Сапарбаев өнімді еңбек етуде. Ал аға буынның ізін жағастырып жүрген қазіргі қазақ драматургиясының өкілдері - С. Асылбеков, Е. Аманшаев, Р. Мұқанова, Р. Отарбаев, Е. Жуасбек, Т. Жандәулет және т.б.


Қазіргі драмалық шығармалардың жанрлық ерекшелігі, біріншіден, көркем шындық пен бейнелерді жинақтап сыйғызатын пьесалардың ықшам көлем-мөлшері, екіншіден, пьесалардың әдеби-поэтикалық болмысын танытатын кейіпкерлердің диалогтары мен монологтарының өрнектері, үшіншіден, кейіпкерлердің қимыл-әрекеттерінің – тартыс-қақтығыстарының шынайылығы. Осымен байланысты қазіргі драмалық шығармалар реалистік идеяға негізделген деуге болады.
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі драма жанрында жазылған туындалырдың басты ерекшелігі - күнделікті тұрмыстың әр түрлі құбылыстaры жaн-жaқты бейнеленеді. Сaн aлуaн тaртыстaр дрaмaлық aуыр шaйқaстaрғa сaлып, оның рухaни aдaмгершілік қуaтын сынaп көреді; aлғa қойғaн мaқсaт, белгілі нысaнa үшін күресу үстінде aдaмдaр мінезінің неше түрлі қырлaры aшылaды. Уaқыт, зaмaн тaлaптaры, әлеуметтік шaрттaр қaлыптaстырғaн нормaлaрды бұзу, шеңберден шығып, шекaрaдaн өту секілді қaһaрмaндaр әрекеті тaртысты, психологиялық ситуaциялaр тудырaды.
Сондай-ақ қазақ драматургиясының бүгінгі даму үрдісіндегі ерекшеліктердің бірі – адам психологиясын, ішкі жан сарайын ашуға, түсіндіруге деген ұмтылыс. Осындай бағыттағы әдеби туындылардың бірі - Жолтай Әлмашұлының «Жапон аруының арманы» атты екі актілі новеллалық пьесасы. Шығармада баяндалатын оқиға Астана қаласында және қала сыртындағы кішкене бұлақ басында өтеді. Туынды авторы шығарманың сахналық нұсқасы үшін режиссерге құлаққағыс ретінде берген алғысөзінде шығармадағы негізгі идеяны айқын көрсетеді, яғни «халықтар мен ұлттар достығын әуелете ұрандату емес, осы күнгі қазақ елінің әлемдік өркениетке қол созғанын, кез келген дамыған елдермен терезесі тең дәрежеде сөйлесіп, пікір таластыра алатынын баян ету» және «ХХІ ғасыр індеті – экологиялық апатты, оның не себепті және қалай өріс алып келе жатқанын дәлелді себептермен ашу» - әдеби туындыны жазудағы негізгі мүдде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет