40. Әдебиеттану мен сынның даму ерекшеліктері. Қазақ әдебиеті тарихының бірнеше томдығының, монографиялық зерттеу еңбектерінің жарық көруі
Әдебиеттану — көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым. Сөз өнерінің түп төркінін, тегін, туу, қалыптасу тарихын, даму заңдылықтарын, көркемдік және эстетикалық ерекшеліктерін зерттейді. Негізгі салалары үшеу: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны. Жанама тараулары — текстология, тарихнама, библиография.
ӘДЕБИЕТ СЫНЫ, әдеби сын, көркем әдеби сын — әдебиеттану ғылымының бір саласы. Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдеби-публицист., ғыл.-эстетик. шығармашылық түрі. Ә. с. — аса күрделі сала. Оның негізгі зерттеу объектісі — көркем әдебиет, әдеби процесс. Сыншы белгілі бір әдеби шығарманы талдап, баға беру үшін әдебиеттану ғылымының зерттеу әдістерін, методол-сын қолданады. Ә. с-ның басты ерекшелігі, көбінесе, қазіргі әдебиеттің жай-күйін қарастыруында, әдеби мұраларды бүгінгі заман тұрғысынан пайымдауында. Ә.с. әдебиеттің теориясы, әдебиеттің тарихы жеткен жетістіктерге сүйенеді.
Ә. с-ның тарихы ертеден басталады. Отырарлық ғұлама Әбу Наср әл-Фарабидің, Махмұт Қашқаридың, Жүсіп Баласұғынның сөз өнері жайлы жазған пікірлері, Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың әдебиетке қатысты айтқан ойлары қазіргі қазақ әдеби сынының бастау алар қайнар көзі деуге болады.
20 ғ-дың 20-жылдары Абай, Мағжан шығармашылықтары жайлы айтыстар әдеби сынның орталық мәселелеріне айналды. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышы” (1927), Х. Досмұхаметовтің “Қазақ халық әдебиеті” (1928), Ғ. Тоғжановтың “Мағжанның ақындығы мен Жүсіпбектің сыны” (1926), “Әдебиет және сын мәселелері” (1929) сияқты еңбектер қазақ Ә.с-ның жаңа биіктерге бет алғанын байқатты.
«Қазақ әдебиетінің тарихы» - қазақ әдебиетінің қалыптасу тарихын баяндайтын 3 томдық 6 кітап. 1960-1967 ж. «Ғылым» баспасы шығарған.
Бұл басылымдарда қазақ ауыз әдебиетінің және 18-20 ғасырлардағы қазақ жазба әдебиетінің тарихы кеңінен қамтылып, ғылыми түрде жан-жақты баяндалған. Әуезов 1-томның жалпы редакциясын басқарып, «Айтыс», «Ертегілер», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Абай Құнанбайұлы», «Ақылбай Құнанбаев», «Мағауия Құнанбаев» тарауларын жазды. Еңбекте Әуезовтың өмірі мен шығармашылық қызметіне арнайы бөлім беріліп (авторы М. Қаратаев), туындылары кезең-кезеңмен талданған (429-505-беттер). Әуезов жасаған асыл туындылар қазақ әдебиетін озық әдебиеттердің қатарына қосып, қазақ халқының тарихын, өмірін, мәдениетін, талантын, ұлттық характерін жер жүзі оқушыларына танытты деп, ұлы жазушының ерлікке пара-пар еңбегіне әділ баға берген.
Кітапта ежелгі дәуір әдебиеті, қазақ хандығы тұсындағы жыраулық поэзия, 20 ғ-дың бас кезіндегі демократияшыл әдебиет, сондай-ақ, кеңестік кезеңдегі қазақ әдебиетінің 50 жылдық тарихы жанжақты зерттеліп, тұжырымдалған.
Достарыңызбен бөлісу: |