«ленинградтық Өренім» ӨЛЕҢІ 32. М.Әуезов шығармашылығы. Алғашқы әңгімелері мен драматургиясы


Ғ.Мүсірепов және қазақ әдебиеті. Жанрлық, тақырыптық ерекшелігі. Романдары мен драматургиясы. («Ұлпан». «Оянған өлке»)



бет3/9
Дата19.05.2024
өлшемі272.15 Kb.
#501459
1   2   3   4   5   6   7   8   9
әдебиет тарихы 31-40

34. Ғ.Мүсірепов және қазақ әдебиеті. Жанрлық, тақырыптық ерекшелігі. Романдары мен драматургиясы. («Ұлпан». «Оянған өлке»)
Әдебиет әлеміне 20 – жылдардың аяғында келген жазушы Ғ.Мүсірепов шығармашылық жолын әңгіме жазумен бастап, қазіргі қазақ әдебиетінің алтын қорына «Оянған өлке», «Ұлпан», «Жат қолында» сияқты прозалық сүбелі туындылармен қатар, бірнеше ірі драмалық шығармалар, әр алуан тақырыптағы үлкенді – кішілі әңгіме, повестер қосты.
Жазушы Ғ.Мүсірепов шығармашылығы қазіргі қазақ әдебиетінде «тақырып байлығымен, жаңалығымен ғана емес», стильдік шеберлігімен де ерекшеленеді.
«Қазақтың сөз өнерінде «Ғабитің тілі» деген тіл бар. Ол қандай тіл? Ол – «сымға тартқан күмістей» сұлу тіл. Ол – нақты тіл, затты тіл. Ол сөз ғана емес, сөзбен салынған сурет. Ол – биік парасат, терең философия. Ол – сыр, сезім... Ғабит тілі–сырлы да сиқырлы тіл». С. Мұқанов пікірі.
Ғабит Мүсірепов стилі өмірді терең, көрікті ашады. Әр сөзі, әр тіркесі шебер қиысып, мәнерлесіп келіп сымбаттанып кетеді де, көп көрініс көз тындырады. Ғабит стилі – суретке толы. Өйткені жазушы айналаға үлкен суреткерлік сезіммен қарап, образ арқылы қабылдайды. Төңірек тірі образға толып кетеді де, ирония мен юмор да қойдай өріп жүреді. Реніш пен күлкі араласқан бедерлі образ суреткер сезімін хабарлайды.
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов ана бейнесін ашуда үлкен үлес қосты. Әйел-Ана тұлғасын сомдауда бүкіләлемдік аналар галереясын байыта түсті.
Ол М. Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ақлима», «Ананың анасы», «Әмина», «Ананың арашасы», «Ашынған ана», «Ана жыры», «Ер ана», «Атақты әнші Майра», «Айгүл қойшының күндері», «Айжан қойшының түндері» атты әңгімелерін жазады. Жазушының «Ана» тақырыбындағы шығармаларының жиынтығы ретінде 1974 жылы «Ұлпан» атты ірі эпикалық туындысы дүниеге келді. «Ұлпан» - бүкіл аналардың жиынтық бейнесі, «Ұлпан» - тарихи ел шежіресінің мазмұнында құрылған роман, ана тақырыбына жазылған шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі. Романда қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде сөз болады. Бір уез елді билеп билік айтушы, дүйім елдің үлкен-кішісіне басшы, ақылгөй болу - Ұлпан сияқты дана әйелдерге ғана тән қасиет.
«Оянған өлке» Қарағанды тақырыбына арналғанмен, ХІХ ғасырдың екінші жартысында мұнда көмір өндірісінің ашылуы, жұмысшылардың алғашқы ұрпағының шығу кезеңі шындығын қамтиды. Роман атынан көрініп тұрғандай, автор сол негізде қазақ өлкесінің оянуын, оған келген адамдарды көрсетуді көздейді. Ол қазақтың көшпелі феодалдық тіршілігі мен жаңа туып келе жатқан капиталистік қарым-қатынастың қақтығысын бейнелейді. Өмір шындығының жан-жақты кең суреттелген көріністерімен, адамдар тағдырының шындығымен, өмір ағысы мен сыры жайлы кең толғамды мазмұнымен, байсалды реализмімен «Оянған өлке» осы дәуірдегі қазақ әдебиетінің өскелең бағытының куәсі тәрізді болды. Онда қазақ даласындағы экономикалық жаңа қарым-қатынасқа икемделген жаңа бай Игілік, көшпелі дәуірдегі қазақ байының типі Жұман, жаңа ашылған өндіріс орнынан өзінің келешегін тапқан Бұланбай, қазақ даласын аш қасқырдай кезіп жүріп, оның байлығын алуға ұмтылған Ушаков, Рязанов, орыс демократиялық қоғамының өкілдері Елизавета Сергеевна, Шило сияқты кесек бейнелер жасалған.
1984 жылы ұзақ үзілістен кейін Ғабит Мүсірепов «Оянған өлкенің» екінші кітабын «Жат қолында» деген атпен жариялады. Оның негізгі оқиғасы бұрынғыша Қарағанды жерінде, өндірістің шетел капиталының қолына өтуі оқиғаларына құрыла бастауы суреттеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет