Үлгілік нормалар мен еңбек нормативтерін бекіту туралы


Ғимараттардың құрылымдық элементтерін жөндеумен айналысатын жұмысшылар санының нормативтері



бет2/3
Дата01.07.2016
өлшемі454.05 Kb.
#169997
1   2   3

3.5. Ғимараттардың құрылымдық элементтерін жөндеумен айналысатын жұмысшылар санының нормативтері

Еңбекті ұйымдастыру және жұмыстар технологиясы


Ғимаратты ағымдағы жөндеу құралымдарын сақтау, ғимараттардың тозуын болдырмау үшін ғимаратты әрлеу жөніндегі жоспарлы-алдын алу жұмыстарынан, пайдалану процесінде туындайтын ұсақ зақымдар мен ақауларды жою жөніндегі жұмыстардан тұрады.

Ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыстар жоспарланған және күтпеген жұмыстарға бөлінеді. Жоспарланған жұмыстарға мерзімдік қарап тексерулер мен алдын алу жұмыстары жатады. Күтпеген жұмыстарға ғимаратты пайдалану барысында анықталатын ұсақ зақымдары мен ақауларын жою жөніндегі жұмыстар жатады.

Ғимараттың құралымдарын және оны әрлеуді техникалық қарап тексеру барысында анықталған ұсақ ақаулары жойылады.

Алдын ала ағымдағы жөндеу объекті бойынша жоспарға сәйкес жүргізіледі.

Алынған тапсырмаға сәйкес жұмысшылар қоймадан (шеберханадан) қажетті құрал-сайманды, құрылғыларды, материалдарды алып, көлік құралдарына тиейді (немесе өздері апарады), белгіленген тәртіппен реттеліп салынған заттарды объектіге (жұмыс аймағына) түсіреді.

Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмысшылар жұмыс орнын тазартып жинайды, қалдықтар мен қоқыстарды белгіленген жерлерге көлікпен әкетеді, пайдаланылмаған материалдар, құрал-саймандар мен құрылғыларды көлік құралдарына тиейді (немесе өздері апарады), оларды түсіріп, қоймаға (немесе шеберханаға) реттеп жинайды.

Алдын ала жөндеуді жүргізу кезінде жекелеген тетіктерді, құрылымдық элементтерді жасау жөніндегі операциялар шеберханаларда тұрақты жұмыс орындарында орындалады.
3.5.1. Төбе жабын жұмыстары

Металды төбе жабын жұмыстары

Кәсіптің үлгілік атауы: металды төбелерді жабушы.

Үлгілік жұмыс тізбесі:

Маусымдық пайдалануға дайындық кезеңінде (көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдер) қарауларды (тексерулерді), сондай-ақ төбе жабындардың ақауларын анықтап және оларды жою мақсатында авариялық зақымдардан, өрттен, апатты сипаттағы құбылыстардан кейін құрылымдық элементтерді тексеру жүргізу. Болатты төбе жабындарды ішінара жөндеу. Ғимараттың су ағатын құбырларын, иіндерді, құйғыларды, науашаларды, жиектерді, кенерлерді паратет торшаларды, маңдайшасындағы шығыңқы бөліктеріндегі сыртқы жабындарының салбырап тұрған жерлерін ауыстыру, жөндеу және бекіту. Сыртқы суағарлардың құйғыларының лоток-қақпақшаларын орнату және оларды алып тастау. Келте құбырларды ауыстыру, келте құбырларға желбаққыштарды орнату. Түтін және желдету құбырларын бекіту, түтін және желдету құбырларының қалпақшаларын ауыстыру. Ұйым әкімшілігінің өтінімдері бойынша төбенің құрылымдық элементтерінің ақауларын жою. Төбені қар мен мұздақтардан, ластан, жапырақтар мен бөтен заттардан тазарту. Қиылған жерлерін, тарақтарды бүгу.



Рулонды төбе жабындар және дара материалдардан жасалған төбе жабынар

Кәсіптің үлгілік атауы: рулонды төбе жабындар және дара материалдардан жасалған төбе жабынар

Үлгілік жұмыс тізбесі:

Маусымдық пайдалануға дайындық кезеңінде (көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдер) қарауларды (тексерулерді), сондай-ақ төбе жабындардың ақауларын анықтап және оларды жою мақсатында авариялық зақымдардан, өрттен, апатты сипаттағы құбылыстардан кейін құрылымдық элементтерді тексеру жүргізу. Жұмсақ төбе жабынын мастикамен жабу. Асбоцементті, шифер және жабынды төбелердің жекелеген табақтарын ауыстыру. Жұмыстың жазғы және қысқы режимінде ішкі су ағынын ауыстырып қосу. Ішкі су ағын жүйелерін жөндеу. Төбе жабынын қар мен мұздақтардан, қоқыстан, ластан, жапырақтар мен бөтен заттардан тазарту Ұйым әкімшілігінің өтінімдері бойынша төбенің құрылымдық элементтерінің ақауларын жою. Шатырдан су ағып кеткен жерлерді оқшаулау, ұйымдастырылған сутөкпе және т.б. жүйелердің ақауларын жою.


3.5.2. Сырлау жұмыстары

Кәсіптің үлгілік атауы: сырлаушы.

Үлгілік жұмыс тізбесі:

Маусымдық пайдалануға дайындық кезеңінде (көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдер) сырланған жерлерді қарауды (тексеруді), сондай-ақ ақауларын анықтап және оларды жою мақсатында авариялық зақымдардан, өрттен, апатты сипаттағы құбылыстардан кейін тексеру жүргізу. Ғимараттардың немесе олардағы жабдықтардың жекелеген құрылымдық элементтерінің ақауларын жоюға байланысты сырлау жұмыстарын орындау. Су ағып кетудің салдарын жою, қасбеттерді, қабырғаларды, төбеледі желімді әрі ізбесті сырлармен, қабырғаларды, терезелері, есіктерді , төбелерді, радиаторларды, жылу құбырларын, шатырлар мен олардың құрылымдық элементтерін майлы сырмен сырлау жөніндегі жұмыстарды орындау. Ұйым әкімшілігінің өтінімдері бойынша ақауларды жою.


3.5.3. Ағаш шеберлік жұмыстар

Кәсіптің үлгілік атауы: ағаш шебері.

Үлгілік жұмыс құрамы:

Маусымдық пайдалануға дайындық кезеңінде (көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдер) ғимараттың үй-жайларын, оның ағаш құрылымдарын қарауды (тексеруді), сондай-ақ ақауларын анықтап және оларды жою мақсатында авариялық зақымдардан, өрттен, апатты сипаттағы құбылыстардан кейін тексеру жүргізу. Шатыр тіреуіштерді, тіреуіштің астына жуан бөрене ағаштар мен торларды бекіту және жөндеу. Қабаттар арасындағы және шатыр ішіндегі ағаш қаптағыштарды нығайту және жөндеу. Ағаш қабырғалар мен аралықтарды жөндеу және бекіту. Ағаш еденді ауыстыру және жөндеу. Қабырғалардың, салынған шкафтар мен төбелердің құрғақ сылақтарын жөндеу. Орынжайлардың үстіңгі жақтарын, іргелерін, ойық жерлерін ауыстыру. Ағаш баспалдақтарды, таяныштар мен өртке қарсы жабдықталған алаңдарды жөндеу. Ағаш құрылымдарды антисептикалық және өртке қарсы қорғау жөніндегі жұмыстар. Туды және үй белгілерін ұстағыштарды бекіту. Ұйым әкімшілігінің өтінімдері бойынша ақауларды жою.



3.5.4. Әйнектеу жұмыстары

Кәсіптің үлгілік атауы: әйнекші.

Үлгілік жұмыс тізбесі:

Әйнектерді көлемі мен конфигурациясы бойынша кесу және оларды тегістеу. Әйнек сылақтарын дайындау. Әйнектерге сылақтарды немесе герметиктерді жағу, ағаштан, металдан, темір бетоннан, пластмассадан және басқа да заттардан жасалған жерлердегі ойықтарға әйнектерді салу, оларды бекіту. Ұйым әкімшілігінің өтінімдері бойынша басқа да осыған ұқсас жұмыстарды орындау.



3.5.5. Сылақ жұмыстары

Кәсіптің үлгілік атауы: сылақшы.

Үлгілік жұмыс тізбесі:

Маусымдық пайдалануға дайындық кезеңінде (көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдер) қасбеттердің қаптауды және сылағын қарауды (тексеруді), сондай-ақ ақауларын анықтап және оларды жою мақсатында авариялық зақымдардан, өрттен, апатты сипаттағы құбылыстардан кейін тексеру жүргізу. Үй-жай қабырғаларының, төбелерінің, карниздерінің сылақтарын, терезе мен есік ойық жерлерінің еңіс жерлерін дұрыстау. Қасбеттердің қаптамаларын және сылағын, ұсақ-түйектерді жөндеу, жертөлелер мен баспалдақ алаңдарындағы цементті еденді жөндеу (шұңқырларды бітеу) жұмыстарын тексеру. Қабырғалардың, жапсырма бұйымдар мен адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін басқа да шығыңқы құрылымдардың элементтерін бекіту. Ғимараттың құрылымдық элементтеріндегі ақауларды жою.



3.5.6. Ағаш ұсталық жұмыстары

Кәсіптің үлгілік атауы: ағаш ұстасы.

Үлгілік жұмыс тізбесі:

Маусымдық пайдалануға дайындық кезеңінде (көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдер) ғимараттың үй-жайларын, оның құрылымдық элементтерін (терезе және есік орнатылған жерлердің тегістігін) қарауды (тексеруді), сондай-ақ ақауларын анықтап және оларды жою мақсатында авариялық зақымдардан, өрттен, апатты сипаттағы құбылыстардан кейін тексеру жүргізу. Терезе және есік орнатылған жерлерде олардың дұрыс орнатылуын қолдау және оларды жөндеу. Үй-жайлардағы терезелердің, желкөздердің сыртқы жарма діңгектерін, есік қаптамаларын, зерәйнектер мен толық сөрелердің, әйнекті блоктарын ауыстыру. Кіреберістегі есіктерге серіппе мен жабу тетіктерін орнату және оларды жөндеу. Шатыр асты және жертөле, техника тұрған орынжайларда нормативтік температура - ылғалдылық режимін орнату жөніндегі жұмыстарды орындау (ретке келтірілген торларды орнату, шатыр асты дыбыс естілетін терезелерді, кіретін есіктерді әйнектеу және жабу). Жиһазды маусымдық қарап тексеру және оның дұрыс пайдаланылуы мен ұсталуын қадағалау, жиһазды ағымдағы жөндеу. Ұйым әкімшілігінің өтінімдері бойынша ақауларды жою.


3.5.7. Әртүрлі жұмыстар

Кәсіптің үлгілік атауы: көмекші жұмысшы.

Үлгілік жұмыс тізбесі:

Жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізгеннен, аварияларды жойғаннан, кездейсоқ қоқыстан тазартқаннан кейін шатыр асты және жертөле орынжайларын ретке келтіру. Ірі габаритті қоқыстарды, металл қалдықтарын, қайталама шикізатты тиеу. Металды контейнерлерді сырлау. Қойма жұмыстары.

4-кесте


р/с



Кәсіптердің атауы

Өлшем бірлігі

Сандық норматив

1.

Металды төбе жабындарын жабушы

Төбе жабын болаттан жасалған төбе жабынның 1000 м2

0,06

2.

Рулонды төбе жабындарды және дара материалдардан жасалған төбе жабындарды жабушы

Қарақағаз рубероидынан және басқа да рулонды жасалған төбе жабынның 1000 м2

0,07

Асбоцементті шиферден, жабындар мен басқа да материалдан жасалған төбе жабынның 1000 м2

0,05

3.

Сырлаушы

Ғимараттың жалпы алаңының

1000 м2



0,01

4.

Ағаш шебері

Ғимараттың жалпы алаңының

1000 м2



0,02

5.

Әйнекші

Ғимараттың жалпы алаңының

1000 м2



0,01

6.

Сылақшы

Ғимараттың жалпы алаңының

1000 м2



0,01

7.

Ағаш ұстасы

Жиһаздың 100 бірлігі

0,08

8.

Көмекші жұмысшы

Шатыр асты, жертөле орынжайларының, техникалық қабаттардың жалпы алаңының

1000 м2



0,03





3.6. Желдеткіш жабдықтарға күтім жасайтын және жөндейтін жұмысшылар

санының нормативтері
Кәсіптің үлгілік атауы: желдеткіш және ауа баптау жүйелерін жөндеу және оларға күтім жасау жөніндегі слесарь.

Үлгілік жұмыс тізбесі: ауа өткізгіштердің, ауа қабылдағыштардың майысу, айырылу, бұзылған дроссель-клапандары мен тетіктері түрінде механикалық зақымдалуларын жою. Ауа өткізгіштердің тығыздықсыз болуын жою. Фланецті біріктірілген жерлеріндегі болттардың тартылуын тексеру. Ауаны тасымалдайтын ауа өткізгіштерді ерекше бақылауға алу. Желдеткіш желілердің барлық элементтері бекіністерінің мықтылығын тексеру. Фланец аралығындағы төсемдерді ауыстыру.

5-кесте


Жабдықтардың атауы

Жабдықтың бір бірлігіне шаққандағы жұмысшылар санының нормативі, ад.



1

2

Электр желдеткіштердің өнімділігі

900 - 3500

6000 - 9000

9000 - 11000

14000 -16000 текше м/с болғанда


0,007


0,013

0,025


0,032

Осьті желдеткіштердің өнімділігі

3800 - 8000

9000 - 14000

12000 - 21000

21000 - 30000

30000-41000

41000-65000 текше м/с болғанда


0,001


0,002

0,003


0,004

0,005


0,006

Ауа-жылу агрегаттарының ауа бойынша өнімділігі 3400-ге дейін

3900 - 7000

8400 - 13900

14000 - 25000 текше м/с болғанда



0,008


0,009

0,012


0,015

Ауа баптағыштардың ауа бойынша автономды өнімділігі

3000-ге дейін

5000

7500


10000

15000 текше м/с болғанда



0,030


0,042

0,062


0,078

0,095


Орталық ауа баптағыштардың ауа бойынша өнімділігі

20


40

63


80

125 мыш текше м/с болғанда



0,145


0,162

0,180


0,200

0,235


Калориферлер, қыздырылған жердің 10 шаршы м

0,001

Өздігінен тазаратын майлы сүзгілер:

бір панельді

екі панельді

үш панельді


0,012


0,022

0,032


Торшамен, сақиналармен, металл ұнтақтарымен және т.б. толтырылған майлы сүзгілер (бір кассетаға) ауаның берілуі:

1500 – 2000 текше м/с болғанда


0,002


Маталы, қағазды сүзгілер (бір кассетаға) ауаның берілуі:

1500 - 2000 текше м/с болғанда



0,003


Фасонды бөліктері бар дөңгелек қиынды ауа өткізгіштердің ұзындығы 10 м болғанда диаметрі

150-ге дейін

300

500


750

1000


1250

1500 мм болады


0,002


0,003

0,004


0,006

0,007


0,008

0,009

б

3.7. Газ тәрізді, сұйық отынмен және электрмен қыздыру арқылы жұмыс істейтін қазандықтар күтімімен айналысатын жұмысшылар санының нормативтері

Кәсіптің үлгілік атауы: қазандық операторы
Үлгілік жұмыс тізбесі:

Газ тәрізді, сұйық отынмен немесе электрмен қыздыру арқылы жұмыс істейтін сумен және бумен қыздырылатын қазандықтардың күтімі. Қазандықтарды жағу, іске қосу және оларды тоқтату, оларды суға толтыру. Қазандықтың арматурасы мен аспаптарын тазарту. Бумен қыздырылатын толтырғыш сорғылардың, форсункалардың экономайзерлерінің, ауамен қыздырғыштарының, бумен қыздырғыштарының жұмысын ретке келтіру және оларды қадағалау. Негізгі агрегаттарға күтім жасау аймағында орналасқан жылу желілік бойлерлік қондырғыларға немесе қысылған бу станцияларына күтім жасау. Жылу өткізгіштердің схемаларындағы күтім жасау агрегаттарын іске қосу, тоқтату және ауыстырып қосу. Тұтынушыларға жіберілетін жылуды есепке алу. Бақылау-өлшеу аспаптары бойынша қазандықтардағы судың деңгейін, будың, судың және жіберілген газдың қысымы мен температурасын қадағалау. Температуралық кестеге сәйкес қазандықтардың жұмысын (жүктемесін) ретке келтіру. Қазандықтарды, олардың қосымша механизмдерін, бақылау-өлшеу аспаптарын профилактикалық қарап тексеру және күтім жасалатын жабдықтарды жөндеуге қатысу. Қазандықтар мен олардың қосымша механизмдерін жөндеуден қабылдау және оларды жұмысқа әзірлеу. Жұмыс аймағының шегіндегі жұмыс орындарын жинау.

6-кесте


Қазан

дықтар


саны

Қазандықтардың жиынтық өнімділігі, Гкал/ч

0,1-5

5,1-10

10,1-25

25,1-60

60,1-100

100,1-150

150,1-200

200,1-300

300,1-500

500,1-700

Ауысымдағы сан нормативтері, ад.

1

1,0

1,0

1,2

1,3

1,5

-

-

-

-

-

2

1,2

1,5

1,6

2,0

2,2

2,25

-

-

-

-

3

1,3

1,6

2,0

2,0

2,2

2,25

2,4

2,5

2,7

2,9

4

1,5

2,0

2,0

2,0

2,2

2,4

2,5

2,6

2,9

3,0

5

1,6

2,0

2,0

2,25

2,25

2,5

2,6

2,7

3,0

3,1

6

2,0

2,0

2,0

2,25

2,3

2,6

2,7

2,8

3,0

3,1

7

2,0

2,0

2,0

2,25

2,4

2,7

2,8

2,9

3,1

3,2

8-9

2,0

2,25

2,25

2,4

2,5

2,8

2,9

3,0

3,1

3,2

10-11

2,0

2,25

2,3

2,5

2,6

2,9

3,0

3,0

3,2

3,3

11-ден астам

 

2,3

2,5

2,6

2,7

3,0

3,0

3,0

3,2

3,3


Ескертпелер:

1. Жұмысшылар санын белгілегенде жылыту маусымындағы жүктеме барынша көп болған кезеңде дайын болған қазандықтардың саны есепке алынады.

2. Қашықтықтан басқару пульттерімен жарақтандырылған қазандықтарда қазандық операторларының саны 0,4 коэффициентін қолданумен, нормативтердің негізінде белгіленеді.

3. Булы қазандықтармен жабдықталған қазандықтардағы операторлардың санын белгілеу кезінде 1,15 коэффициенті қолданылуы мүмкін.

4. Қазандықтардың оқшауланған үй-жайларында орнатылған қазандықтарға бір мезгілде күтім жасау мүмкін болмағанда, жұмысшылардың саны әрбір учаске бойынша белгіленеді.

5. Қосымша берілген жүктемелерге сәйкес келмеуге байланысты, қазандықтардың жүктемесі толық болмаған жағдайда, санын есептеу кезінде іс жүзінде жұмыс істейтін қазандықтардың нақты саны мен жиынтық өнімділік есепке алынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет