3.8. Қатты отынмен жұмыс істейтін қазандықтарға күтім жасау
Кәсіптің үлгілік атауы: қазандық машинисі (отжағушы).
Үлгілік жұмыс тізбесі:
Қатты отынмен жұмыс істейтін сумен және бумен қыздырылатын қазандықтардың күтімі. Қазандықтарды жағу, іске қосу және оларды тоқтату, оларды суға толтыру. Отынды ұсақтау, қазандыққа салу және қазандықтағы отынды көсеу.
Отынның жануын ретке келтіру. Бақылау-өлшеу аспаптары бойынша жылыту жүйесіне берілетін қазандықтағы судың деңгейін, бу қысымы мен су температурасын қадағалау. Ауыр заттар көтеретін және күл мен шлакты алып тастайтын қондырғыларды, стокерді, экономайзерлерді, ауа қыздырғыштарды, бу қыздырғыштар мен қоректік сорғыларды іске қосу, тоқтату, ретке келтіру. Негізгі агрегаттарға күтім жасау аймағында орналасқан жылу желілік бойлерлік қондырғыларға немесе қысылған бу станцияларға күтім жасау. Бумен және сумен қыздырылатын қазандықтардың от жағатын жерлері мен бункерлерінен шлак пен күлді қолмен және механикалық тәсілмен алып тастау. Күл мен шлакты қолмен немесе механизмдердің көмегімен қол арбаларға, вагонеткаларға не вагондарға тиеп, оларды белгіленген жерге тасымалдау. Шлак пен күлді арнайы аппараттармен шаю. Шлакты және күлді үйінділерді жоспарлау.
Жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және оларды жою. Қазандықтарды, қосымша механизмдерді, бақылау-өлшеу аспаптарын алдына ала қарап тексеру. Қазандық агрегаттарын жоспарлы - алдын ала жөндеуге қатысу. Қазандықтар мен қосымша механизмдерді жөндеуден қабылдау және оларды жұмысқа дайындау. жұмыс орнын жинау.
Қатты отынмен жұмыс істейтін, отынды механикаландырылған тиеу тетіктері бар қазандықтарға күтім жасаумен айналысатын жұмысшылар санының нормативтері
7-кесте
Қазандық типі
|
От жағатын жерлердегі қазандықтардың саны
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5 және одан астам
|
Ауысымдағы жұмысшылар санының нормативі, ад.
|
Су қыздыратын қазандықтар, орташа номиналды өнімділігі, Гкал/с:
10,0-ге дейін болғанда
|
1,1
|
1,3
|
1,5
|
1,8
|
2,2
|
10,0-ден астам 20,0-ге дейін болғанда
|
1,3
|
1,5
|
1,8
|
2,2
|
2,4
|
20,0-ден астам 50,0-ге дейін болғанда
|
1,4
|
1,8
|
2,2
|
2,5
|
2,9
|
Бумен қыздырылатын қазандықтар, орташа номиналды өнімділігі, т/с:
10,0-ге дейін болғанда
|
1,2
|
1,4
|
1,7
|
2,0
|
2,4
|
10,0-ден астам 50,0-ге дейін болғанда
|
1,6
|
2,0
|
2,4
|
2,8
|
3,2
|
Қатты отынмен жұмыс істейтін, отынды қолмен тиеу тетіктері бар қазандықтарға күтім жасаумен айналысатын жұмысшылар санының нормативтері
8-кесте
Жылыту кезеңінде ауысымда 1 қазандыққа жұмсалатын
көмірдің орташа шығысы, т
|
От жағатын жерлердегі қазандықтардың саны
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Ауысымдағы жұмысшылар санының нормативі, ад.
|
0,5-ге дейін
|
1,0
|
1,0
|
1,2
|
1,5
|
0,5-ден астам 1,0-ге дейін болғанда
|
1,2
|
1,8
|
2,0
|
2,2
|
1,0-ден астам 2,0-ге дейін болғанда
|
1,4
|
2,3
|
2,6
|
3,0
|
2,0-ден астам 3,0-ге дейін болғанда
|
1,6
|
2,7
|
3,3
|
4,0
|
3,0-ден астам
|
2,0
|
3,2
|
4,0
|
5,0
|
3.9. Күзетші (вахтер) санының нормативтері
Кәсіптің үлгілік атауы: күзетші (вахтер)
Үлгілік жұмыс тізбесі:
Күзетшінің міндетіне вестибюльдің кіреберіс есігіндегі кезекшілік, күзетілетін объектінің тұтастығын (құлыптардың және басқа да жабылатын құрылғылардың, пломбылардың болуы тексеру, сигнал беру құрылғыларының, телефондардың, жарық беру құралдарының дұрыс жұмыс істеуі, өртке қарсы мүкәммалдың болуы). Құжаттарды тексереді және журналда белгілейді.
Ауысымдағы күзетшінің келу санының нормативі: бір постыға - 1 ад.
3.10. Диспетчерлік қызмет көрсету
Үлгілік жұмыс тізбесі:
Телефон арқылы өтінімдерді қабылдау және тіркеу, олардың себептері мен сипатын анықтау. Бригадаларды авариялар болған жерге жіберу туралы мәселені жедел шешу. Диспетчерлік журналды толтыру және басқа да техникалық құжаттаманы толтыру. Аварияларды жоюдың барысын және жұмыстарды орындау барысы бұзылуының алдын алу, сондай-ақ оларды туындатқан себептерді жедел бақылау үшін желіде орналасқан жұмыс бригадаларымен байланысты жүзеге асыру. Ауысым бойынша кезекшілікті қабылдау және тапсыру.
Кәсіптің үлгілік атауы: диспетчер.
1 диспетчерлік пунктке шаққандағы сандық норматив:
- бір ауысымды жұмыс режимінде - 1 адам;
- тәулік бойы жұмыс режимінде - 4 адам.
3.11. Қарапайым құрылғыларды қолдана отырып, қолмен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары *
3.11.1 Автокөлікпен таралық-қаттама және дара жүктерді тиеу немесе түсіру
Кәсіптің үлгілік атауы: жүкші
Үлгілік жұмыс тізбесі:
Қарапайым тиеу-түсіру құрылғыларын және тасымалдау құралдарын (қол арбаларды, арбашаларды, көлікті және басқа да көтеру - көліктік механизмдерді) қолдана отырып, жүктерді қолмен тиеуді, түсіруді – сұрыптауды, реттеп салуды, көшіруді, қайта өлшеп салуды және т.б. жүзеге асырады. Шың құздар мен көлік құралдарында жүктерді бекітуді және жабуды жүзеге асырады. Қоймада (жылжымалы құрамда) штабельден жүктерді алып, 20 м дейінгі арақашықтықта орналастыру және жылжымалы құрамға (қоймаға) салу. Жүкті түсіруді жүргізгеннен кейін жылжымалы құрамды тазалауды жүргізу.
9-кесте
р/с
№
|
Жүктің атауы және бір орнының массасы, кг
|
Тиеу немесе түсіруге кеткен уақыттың нормасы, жүктің тоннасына шаққандағы ад.- сағ.
|
1
|
2
|
3
|
1
|
Қаптар мен қағаз қаптардағы жүктер: 15-ке дейін
|
0,47
|
2
|
16-30
|
0,38
|
3
|
31-100
|
0,34
|
4
|
Байламдағы, теңдегі, ашық және жабық жәшіктердегі, баллондардағы, бидондардағы, оралмаған жүктер:
15-ке дейін
|
0,51
|
5
|
30-ға дейін
|
0,41
|
6
|
31-50
|
0,37
|
|
51-80
|
0,35
|
|
81-120
|
0,36
|
|
120-дан астам
|
0,37
|
|
Домалататын бөшкедегі және тарадағы бөшкедегі жүктер: 15-ке дейін
|
0,59
|
|
16-30
|
0,48
|
|
31-50
|
0,38
|
|
51-80
|
0,30
|
|
81-300
|
0,27
|
|
300-ден астам
|
0,29
|
|
Терезе және айна шынысы, шынылы және эмальды ыдыс, шыны мен фарфордан жасалған бұйымдар
|
0,43
|
|
Тараға жинақталған жәшіктер, бидондар, кәрзеңкелер, металдан және шыныдан жасалған ыдыс, пенопласт
|
0,82
|
|
Орамадағы электр шамдары, 8 текше метрден астам жеңіл салмақты тиеу көлемі бар жүктер
|
0,79
|
|
Ашық жәшікте сыйымдылығы 1 л дейін шыны ыдыстағы сұйықтық
|
0,49
|
|
Әртүрлі тарадағы жинақталған және ұсақ партиялы жүктер
|
0,42
|
|
Қаттамасыз жиһаз (үстелдер, орындықтар және т.б.): 30-ға дейін
|
0,46
|
|
31-50
|
0,42
|
|
51-80
|
0,36
|
|
81-100
|
0,37
|
|
100-ден астам
|
0,38
|
|
тойтару жиегі, планкалар, тақтайшалар және бумадағы паркет:
|
|
|
10-ға дейін
|
0,75
|
|
10,1-20
|
0,55
|
|
20,1-30
|
0,47
|
|
30,1-50
|
0,43
|
* Қарапайым құрылғыларға арбашалар, қол арбалар, арбалықтар, зембілдер және т.б. жатады.
3.12 Байланыс жүйелерін пайдаланумен айналысатын жұмысшылар санының нормативтері
Үлгілік жұмыс тізбесі:
Зақымдалған жерлерді және оның сипатын анықтап, зақымдарды жою. Телефон аппараттарын, дауыс зорайтқыштар мен біріктіретін сымдарды жөндеу. Арнайы схема бойынша қосымша телефон аппараттарын, сондай-ақ қосарланған телефон аппараттарын орнату және қосу. Жерсіндіру. Сымдарды орнату, реттеу. Жұмыс нәтижесінде болған байланыс құралымдарының құрамын өзгертуге мүкәммалдық анықтама жасау. Автоматты жүйелерді, электрондық, телемеханикалық, әртүрлі желілік және жиілігі жоғары аппаратураны баптау және сынақтан өткізу. Контактісіз элементтерімен жинақталған схемаларды, басқару құралдарын, диспетчерлік телефон станцияларын, сигнал беру құралдарын жинау және тексеру, сондай-ақ аппаратурға, аспаптарға, автоматты әрекет ететін қондырғыларға, телемеханика құралдарына күтім жасау. Олардың жұмысындағы ақауларды анықтау және оларды жою. Аппаратура мен байланыс құралымдарын қарап тексеру.
Кәсіптің үлгілік атауы: телефон байланысы мен радиофикацияның желілік құралымдарының электромонтері.
Таблица 10
Жабдықтардың атауы
|
Жұмысшылар санының нормативі, ад.
|
Радио- және радио реттегіш байланыс аппаратурасы Электрмен қоректендіру қондырғылары
Диспетчерлік байланыс аппаратурасы
Дауыс зорайтқыш байланыс аппаратурасы
Автоматика және сигнализация аппаратурасы
Өндірістік байланыс аппаратурасы
Теледидарлық өнеркәсіптік қондырғы
|
0,254
0,277
0,460
0,602
0,164
0,20
0,730
|
Достарыңызбен бөлісу: |