*Семестр бойынша бөлу мамандықтың өзгешелігіне, аймақтық ерекшеліктеріне және тағы басқа байланысты өзгертіледі.
Циклдің, пәннің индексі
|
Пәндердің, практикалардың атаулары және негізгі бөлімдері
|
Қалыптасатын білім, іскерліктер мен дағдылар
|
Қалыптаса
тын құзыреттер коды
|
ЖБП.00
|
Жалпы білім беретін пәндер
|
ЖГП.00
|
Жалпы гуманитарлық пәндер
|
ЖГП.01
|
Кәсіби қазақ (орыс) тілі:
Қазақ тілінің синтаксисі. Мамандық бойынша тілді дамыту. Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу іскерлігі. Қазақстан Республикасының іс-қағаздарының нормативті құжаттарын білу. Аударма (сөздікпен) техникасы, кәсіптік қарым-қатынас. Орыс тілінің синтаксисі. Кәсіптік лексика. Орыс тіліндегі техникалық кітаптармен жұмыс жүргізу. Мамандық бойынша сөздіктерді пайдалану. Тілді дамыту және кәсіптік қарым-қатынас жасау.
| -
Білімдер:
- қазақ (орыс) тілін үйреніп, кәсіптік бағыттағы мәтіндермен жұмыс істеуге және оларды талдауға қажетті лексикалық және грамматикалық минимумды меңгеруі;
- тілдік нормаларды және тілдесудің іскерлік аясындағы стилистистикасын игеру;
Іскерліктер:
- салада қолданатын терминологияны қолданып құжаттарды оқи, сөйлесе алу.
|
БҚ 1,3, 6
|
ЖГП 02
|
Кәсіби шетел тілі
Мамандық бойынша іскерлік тіл негіздері, кәсіптік лексика, фразеологиялық орамдар мен терминдер. Кәсіптік бағытталған мәтіндерді аудару техникасы. Кәсіптік сөйлесу, сөйлесу, тыңдап түсінуді, оқу мен жазу, ауызша және жазбаша аудару, тыңдап ауызекі тілді түсіну міндетті деңгейлерін білу.
|
Білімдер:
- кәсіптік қарым-қатынас жасауға қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материал;
Іскерліктер:
- тілдік іс-әрекет түрлерін және сөйлеу нысандарын ажырату (ауызша, жазбаша, монологтік, диалогтік).
|
БҚ 1,2,3
|
ЖГП.03
|
Қазақстан тарихы
Қазақстан тарихы – дүниежүзілік тарихтың бір бөлігі; Ежелгі замандағы Қазақстан тарихы; Қазақстан орта ғасырларда: экономикалық және мәдение өмірі, саяси құрылысы; Қазақстан Ресей империясының құрамында; Қазақ жерлерін Ресейге қосудың басталуы; ХҮІІ ғасырдың ортасындағы қазақ-орыс қарым-қатынастарының дамуы; ХІХ ғасырдың ІІ-ші жартысындағы Қазақстан мәдениеті; Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі; Қазақстан ХХ ғасырдың басында; демократиялық революциялар; Қазақстан Қазан төңкерілісі, азамат соғысы мен әскери интервенция кезеңінде; Қазақстандағы социалистік құрылыс; Екінші дүние жүзілік соғыс; Қазақстанның фашизмді жеңуге қосқан үлесі; Қазақстан 40-жылдардың ІІ-жартысы мен 80-жылдардың І-ші жартысында; Қайта құру кезеңі; Қазақстан – егеменді мемлекет; Қазақстанның әлемдік аренаға шығуы. Қазақстан Конституциясы – демократия мен Республика тәуелсіздігінің кепілі.
| -
Білімдер:
-
- көне заманнан ХХI ғасырдың соңына дейінгі Қазақстан тарихын, дүниежүзі өркениет тағдыры мен құндылықтардың ортақтастығы туралы біртұтас ұғымы болуы;
-
- Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері мен дәуірінен және олардың хронологиясын білу;
-
- Қазақстандағы саяси даму үрдістерін, оның әлемде алған орны туралы ұғым болу;
- Қазақстан тарихына байланысты негізгі фактілер, белгілі күндер, оқиғалар мен тарихи және бүгінгі таңдағы қайраткерлердің есімдерін білу;
Іскерліктер:
- Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларын сипаттауды, негізгі өзгерістерді талдай алу;
- тарихи оқиғалар мен деректердің синхронды және хронологиялық кестелерін құрастыру;
- карталармен жұмыс істеу;
- оқу процесінде мерзімді баспасөз материалдарын қолдануды және құжаттармен жұмыс істей алу.
|
БҚ 1,4,7
|
ЖГП 04
|
Дене тәрбиесі
Дене тәрбиесінің әлеуметтік маңызы; дене тәрбиесі мен өзін-өзі тәрбиелеу жүйесінің негіздері; салауатты өмір сүруді анықтайтын себептер; жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіретін әдістер; жұмыс қабілеттілігі мен қозғалу белсенділігінің тәртіптері; өздігінен жетілудің физикалық негіздері; кәсіби-қолданбалы іс-жүзінде қолданылатын дене дайындығы – дене тәрбиесінің бағыты мен қажеттілігі.
| -
Білімдер:
- салауатты өмір салтының негізгі құрамдарын білу;
- дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздері;
Іскерліктер:
- спортпен айналысу, физикалық белсенділікті жүйелі түрде қолдай алу.
|
БҚ 1,3
|
ЖКП.00
|
Жалпы кәсіптік пәндер
|
ЖКП. 01
|
Сызу
-
Сызуды кестелік безендіру. Геометриялық сызу және жобамен сызудың негіздері. Техникалық сурет салудың элементтері. Машина жасау сызуы. Сызуды орындаудың жалпы ережесі. Оймалардың кескіні және белгiленуі. Бөлшектер және нобайлар сызбасы. Бөлшектердi жалғау. Берiлістер. Ажырамайтын қосқыштар. Тұтас көрiнiстiң сызбалары. Құрастырушы сызба. Құрастыру сызбаларын сызу. Мамандық бойынша сызбалар және схемалар.
|
Білімдер:
- сызу геометриясы мен проекциялық сызудың негіздерін;
- конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесін;
- схема мен сызбалар құрылымының негізгі ережелерін;
Іскерліктер:
- сызба мен техникалық суреттің көмегімен ойды дұрыс жеткізе білуін;
- эскиздерді және орта деңгейдегі қиын бөлімдерді орындай алуын;
|
БҚ 1
112002 2
КҚ
2.2.3.
2.2.5.
2.2.6.
112003 2
КҚ
2.3.2.
2.3.3.
|
ЖКП.02
| -
Электротехника
Электрлі және магниттi тізбектерді анықтау. Электр энергиясының қабылдағыштары және көздері (тұтынушылар). Негiзгi электрлік және магниттiк шамалар. Тұрақты тоқтың көпiрi.
Тұрақты токтың сызықсыз тiзбектерi туралы ұғым.
Магниттi тізбек классификациясы. Магниттi тізбектің элементтерi. Магниттi тізбек элементтінің сиптатамасы. Айнымалы тоқтың электр тiзбегiнiң классификациясы.
Электрлік машинаның құрылғысы және әрекет ету принциптері.
|
Білімдер:
- электротехника негіздері;
- электрлі тізбектің жұмыс тәртібі;
- электр тоғының сипаттамаларын өлшеуге арналған аспаптар;
- ауыспалы процестердің туындау себептері;
Іскерліктер:
- электр тізбектерін есептей алу;
- электрлік желілермен жарықтандырылған құрылғыларды пайдалану және өшіре алу, қоса білу;
- электр қауіпсіздігін сақтау;
|
112003 2
КҚ
2.3.4. 2.3.5. 2.3.7.
|
ЖКП.03
|
Нарықтық экономика негіздері
Нарықтық экономикаға кіріспе; нарықтық экономиканың негізгі ұстанымдары, мониторингі,
сұранысы және ұсынысы; нарықтық жүйе, монополия және бәсекелестік; кәсіпкерліктің дамуы және нарықтық қатынастың субъектісі; кәсіпорын қызметінің нәтижелері және экономикалық шығындар; маркетинг және жарнама, құны және өзіндік құны; шаруашылық қызметінің өндірістік тиімділігі; салықтар және салық салу.
|
Білімдер:
- экономикалық жүйелердің типтері мен үлгілері;
- тауарлар, қызмет көрсетулер сұраныстары мен ұсыныстары, баға тепетеңдігі;
- нарық механизм; бәсекелестік және монополия;
- әлемдік экономиканың даму бағыттыры; ауыспалы кезеңде
макроэкономикалық тұрақтылықтың қажеттігі;
- салықтардың түрлері және оларды есептеудің негізгі әдістері;
- шығындар бойынша негізгі ұғымдар, рынок субъектілері;
- маркетингтің мағынасы, принциптері және анықтаумасы;
Іскерліктер:
- қоғамның әлеуметтік–экономикалық даму жолын сипаттау;
- рынок ұғымын түсіндіру, оның негізгі факторларын, функцияларын және түрлерін білу;
- биржалардың пайда болу себептерін ашу және оның қазіргі экономикадағы маңызы;
- кірістерді, шығындарды есептеу;
- тауардың өзіндік құнының бағасын, өндіріс бағасын, көтерме бағасын, бөлшекті бағасын анықтау (мысал әдісімен);
- бизнес-жоспар құру.
|
БҚ 1,4,5,7
|
ЖКП.04
|
Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері
Стандарттау негіздері; стандарттаудың пайда болуы және дамуы; сапа көрсеткіштері және оларды бағалау әдістері;
сертификаттау негіздері;
терминдер және анықтауыштар; «Сертификаттау туралы» Қ.Р. Заңы; сәйкестiк жөніндегі өнiм сапасы және декларациясы; сапа менеджментiнiң жүйесiн енгiзу және құрастыру; метрология; метрология негіздері; мемлекеттік метрологиялық бақылау және қадағалау.
|
Білімдер:
- метрология, стандартизация және сертификация негiздерiн;
- негiзгi ұғымдар және анықтауыштарды;
- өнiмнiң сапаны бақылауды;
- электронды бағдарлаушы жүйенiң тұжырымдамасын;
- өлшеу әдiстері мен құралдарын;
Іскерліктер:
- техникалық өлшемдер жүргізуді;
- мемлекеттік стандартпен бұйым сәйкестігін анықтай алуды;
|
БҚ 1,3,4
112002 2
КҚ
2.2.3.
2.2.4.
2.2.5.
2.2.7.
112003 2
КҚ
2.3.1.
2.3.2.
2.3.3.
|
ЖКП.05
|
Информатика негiздерi және өндiрiстi автоматтандыру
Техника қауiпсiздiгi. Ақпараттар. Ақпараттарды кодтау. Санау жүйесi. Бiр жүйеден екiншiсiне ауысу. Екiлiктi арифметика логика – пән ретiнде. Үлгiлiк; математикалық логика. Моделдеу. Модель туралы түсiнiк. Модель түрлерi. OC WINDOWS түрлерi. WOR мәтiндiк процессоры. EXCEL электронды кестелерi. CORL DRAW векторлық редакторы. Вирустардан қорғану. WinZip архивтары. Norton Commander бұлт – бағдарламасы. Ойындар. Алгоритм түсiнiгi. Көрiнiс тәсiлдерi мен қасиеттерi. Алгоритм түрлерi. Есеп шығару кезеңдерi. Бағдарлама тiлi. Бағдарлама және оның құрылымы. Командалар мен операторлар. Шартты операторлар. Цикл операторлары. Берiлген шарт түрлерi. Сызықты бағдарламаны жобалау. Тармақты бағдарламаны жобалау. Циклдiк бағдарламаны жобалау. Массивтер. Графиктiк бағдарламалар. Шығармашылық жобаларды жобалау. Автоматтық реттеу туралы түсiнiк, анықтама, реттемелi параметр, нысаны /объектiсi/, олардың қасиеттерi мен схемалары. Автоматты ретеуiштердiң атқаратын қызметi, тiктелуi, құрылысы, жұмыс iстеу приципi, функциональдық және құрылымдық схемалары, реттеу мүшелерi. Автоматтық басқару жүйесiнiң қосалқы құралдары; панельдер, станциялар, басқару блоктары, жағдайларды көрсеткiштер мен сезгiштер, бағдарламалық құрылғылар. Процестердi автоматтық басқару жүйесiнен қолмен басқаруға ауыстыру және керiсiнше.
|
Білімдер:
- ақпаратты кодпен хабарлау ережелерiн;
- есептеу жүйелерiн;
- екiлiк арифметиканы;
- формалды, математикалық логикаларды;
- WINDOWS ОЖ, WinZip архиваторын, DOS ОЖ-нің түрлерін;
- программалар - қабығын;
- алгоритмдер түсiнiгiн;
- көрiнiс тәсiлдерi мен қасиеттерiн;
- алгоритм түрлерiн;
- бағдарлама тiлiн;
- сызықты бағдарламаны жобалаудың тәсілдерін;
- тармақты бағдарламаны жобалауды;
- графиктiк бағдарламаларды;
- автоматтық басқару жүйесiнен процестердi қолмен және керiсiнше ауыстыру ретін;
Іскерліктер:
- бiр жүйеден басқасына ауыстыруды;
- WORD-тың мәтiндiк процессорымен, EXCEL-дің электронды кестесiмен, Corel DRAW-тың векторлық редакторымен жұмыс iстеуді;
- вирустардан қорғауды құруын;
- творчестволық жобаларды әзірлеуін;
- автоматты реттеуді қолдануын;
- автоматты жүйемен басқарудың қосалқы құралдарын пайдалануды;
- техника қауiпсiздiгiн сақтауды;
|
1120022
БҚ6
1120032
БҚ1
КҚ
2.3.1.
2.3.2.
2.3.3.
|
ЖКП.06
|
Еңбекті қорғау
Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық сұрақтары; еңбек заңнамасының негіздері; өндірісте және жұмыс орынында еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; электрлік қаупсіздік; электр және электр магниттік өріс пен электр тогының адамға әсері; электр тогымен жарақаттанудан қорғау шаралары және электр, электрмагниттік өрістің әсері; қадамдық кернеу, жанасу кернеуі; қорғаныс құралдары; тиеу-түсіру жұмыстарында қауіпсіздік шаралары; қорғаныс құралдары; өндірістік санитария; жалпы талаптар; сумен жабдықтау, канализация, жұмыс аймағының ауасы; жарықтандыру; вибрация; шу; бақытсыз жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсету; өрт қауіпсіздігі негіздері;
|
Білімдер:
- еңбекті қорғаудың негізгі міндеттері мен құқықтық негіздерін;
- электр қондырғылырына қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік техникасының ережелерін;
- өртке қарсы техника ережелерін және өндірістік санитария ережелерін;
- нұсқаулық түрлерін;
Іскерліктер:
- 1000В дейін электр қондырғыларындағы негізгі және қосымша қорғаныс құралдарын пайдалануды;
- торапта адамға электр тогы әсерінің қауіптілік дәрежесін анықтауды;
- зардап шегушінің күйін бағалау және алғашқы көмек көрсетуді;
- кернеудің болмауын тексеру және ауыстырып жерлендіруін қою;
|
БҚ4
1120022
КҚ
2.2.1.
2.2.7.
БҚ 6
1120032
КҚ 2.3.7.
|
АП.00
|
Арнайы пәндер
|
АП.01
|
Өндірістің жалпы технологиясы
Техникалық механика негіздері
Механизмдер мен машиналар жөнінде мәліметтер. Механизмдер кинематикасы: механизмдер буындары; механизмдердің кинематикалық булары мен кинематикалық схемалары. Машина бөлшектері жөнінде мәліметтер: ұғымы, топтастырылуы, міндеттері, талаптары, пайдалану сипаттамалары. Бөлшектерді байланыстыру: ұғымы, ажырайтын және ажырамайтын байланыстар, міндеттері, сипаттамалары, артықшылықтары, кемшіліктері, қолданылу аумағы.
Металдарды пісіру мен кесу теориясының негіздері
Пісіру. Балқытып пісіру. Қысыммен пісіру. Пісіру доғасы. Электродты металды бұйымға ауыстыру. Пісіру жалыны. Пісіру жалғағышы мен жапсармасы. Пісіру кезіндегі металлургиялық процестер. Металды термикалық өңдеу. Ерітіп дәнекерлеу. Дәнекерлеу материалдары. Пісіру сымдары. Электродтар. Қорғаныс газдары. Газбен дәнекерлеу үшін қолданылатын газдар. Флюстер. Пісіру кезіндегі деформация түрлері мен кернеулер. Көміртекті болатты пісірудің ерекшеліктері. Түсті металдар мен болатты пісірудің ерекшеліктері. Төменгі- және азлегирленген болаттарын пісіру ерекшелігі. Пісірілген жапсарманың негізгі ішкі және сыртқы ақаулары. Металдарды кесу негіздері Жоңқаның пайда болу үрдісі. Кескіш аспаптар: түрлері, міндеттері.Слесарьлық және слесарлық-құрастыру жұмыстарының техналогиясы. Слесарьлық аспаптар мен құрылғылар: түрлері, міндеттері, таңдау ережелері, пайдалану тәсілдері. Слесарлық жұмыстарды орындау сапасын бақылау: аса ықтимал ақаулар және оларды табу мен жоюдың құралдары. Қозғалысты түрлендіретін механизмдерді құрастыру. Құрастыру ақаулары және оларды ескерту.
Жөндеу жұмыстарының технологиясы
Бөлшектердің тозуы: түрлері, тозуға әсер ететін жағдайлар. Жөндеу үрдісінде пайдаланылатын аспаптар мен құрылғылар: түрлері, таңдау тәртібі мен қолданылу ережелері. Подшипникті түйіндерді, айналу берілістері мен қозғалыстың түрленуі механизмдерін құрастыру ақауларын жоюдың әдістері. Бөлшектер мен түйіндерді жөндеу сапасын бақылаудың әдістері мен құралдары.
| -
Білімдер:
- негізгі ұғымдар мен терминдерді;
- механизмдер мен машиналардың анықтамасын;
- кинематикалық булардың типтерін;
- пісіру жалғағышының түрлерін және жапсар типтерін;
- дәнекерлеуге арналған бұйымды дайындау ережесін;
- пісіру түрлерінің топтастырылуын және оның мәнін;
- пісірілу ұғымын, металл мен болатты пісіру кезінде қасиеттерге ықпалын;
- металдарды кесу және пісірудің тиімді режимдерін;
- газбен дұрыс қолдануды;
- металдарды кесу жөніндегі ұғымды;
- слесарлық операциялардың түрлерін, міндеттерін;
- құрастыру сапасын бақылау әдістерін;
- құрастыру ақаулары мен оларды болдырмау әдістерін;
- винттік, кривошиптік-шатундық, эксцентриктік және кулистік механизмдерді құрастыру мен реттеу технологиясын;
- жұмыс орнын ұйымдастыру мен жөндеу жұмыстырын орындау кезіндегі қауіпсіздік талаптарын;
Іскерліктер:
- бөлшектер мен құрастыру бірліктерін топтастыру;
- бөлшектерді қосуды жүргізу;
- кескіш аспаптарды дайындау үшін материалдар пайдалану;
- дәнекерлеу сапасын үлгісімен тексереді;
- металдарды кесу және пісіру режимдерін түзейді және орнатады;
- ақаулардың пайда болу себептерін табады;
- пісіру сапасын бақылайды;
- кескіш аспаптарды термиялық өңдеу, орындау; - бөлшектерді слесарьлық өңдеуді орындау;
- құрастыру кезінде қолданылатын аспаптарды, құралдар мен жабдықтарды пайдалану;
- түйіндер бөлшектерін жөндеу сапасын бақылау;
- көтергіш-көліктік жабдықтарды қолданылуы бойынша пайдалану.
|
БҚ 1,3,5,7
112002 2
КҚ
2.2.1.
2.2.5.
2.2.6.
2.2.7.
1120032
КҚ
2.3.1.
2.3.2.
2.3.3.
2.3.4.
2.3.5.
2.3.6.
|
|
Біліктілігі:112002 2 – Пісіру және газоплазма кесетін жабдықтарды іске қосушы
|
АП.02
|
Слесарлық және слесарлық-құрастыру жұмыстары
Слесарлық жұмыстарды орындау. Слесарлық жұмыстарды орындау. Қаңылтыр (жайма, лист) мен сортты илекті (прокатты) қол және механикаландырылған слесарлық аспаптармен таңбалау бойынша дайындамаларға (заготовкаларға) бөлу. Түзету мен ию. Дәлдік шегі мен қондырма жүйелері. Байланыстарды құрастыру технологиясы: құрастыру әдістері, қолданылатын аспаптар, құрылғылар, материалдар. Жинау сапасын бақылаудың әдістері мен құралдары. Түрлендіру қозғалысының механизмдері және айналдыру қозғалысының берілістері. Айналдыру және түрлендіру қозғалысының беріліс механизмі жалғағыштарын (алмалы-салмалысыз) құрастыру.
Электрмонтаждық жұмыстары
Электрқұрастыру жұмыстарының негізгі операциялары. Өткізгіштер және дәнекерлеу кабелдері. Оқшаулағыш бұйымдар. Электрлік арматуралар. Электр арматурасын бөлшектеу және құрастыру. Электр монтаждық жұмыстарды орындау. Электрмонтаждық жұмыстар сапасын тексеру. Өлшемдер қателіктері.
Пісіру мен кесудің жабдықтары, техникасы мен технологиясы
Металды оттекпен кесу үшін аппаратураларды дайындау. Қолмен оттекпен кесу. Оттегілік-флюстік кесу. Кесуге арналған флюстер. Пісіру үшін бұйымдарды құрастыру. Пісіргіш жанарғылар. Көміртекті болаттан пластинаны пісіру және газбен ерітіп балқыту. Дәнекерлеудің күзет орны. Флюспен ерітіп балқыту және механикалық пісіру.
Ұнтақты және өзін-өзі қорғайтын сымдарды, қорғаныш газымен дәнекерлеуді механикаландыру. Түйіспелі дәнекерлеу. Дәнекерлеу доғасының қоректену көздері. Дәнекерлеу өндірісін автоматтандыру және механикаландыру. Пісірілген бұйымдар дайындаудағы ағынды желілер. Пісіру және газплазмалық кескіш жабдықтарды іске қосуға дайындау Металдарды оттегілік және оттегілік-флюстік кесуге арналған кескіштерді техникалық күту мен іске қосуға дайындау. Кескіштерді бөлшектеу. Кескіштерді іске қосуға дайындау, реттеу және сынау. Доғалық пісіру үшін жартылай автоматтарды іске қосуға дайындау. Іске қосуға дайындаудың дәлдігі. Түйіспелі пісіруге арналған жартылай автоматтарды іске қосуға дайындау. Механикаландырылған түйіспелі пісіруге арналған жабдықтардың сипаттамаларын өлшеу тәсілдері. Жұмыс орнын даярлау және түйіспелі пісіру үшін жартылай автоматтарды іске қосуға дайындау кезіндегі еңбек қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Металдарды кесу мен дәнекерлеуге арналған құрылғыларды іске қосу. Жоғары жиілікті машиналарды іске қосу.
| -
Білімдер:
- типтік слесарлық операцияларды;
- бақылаудың әдістері мен құралдарын;
- дәлдік шегі мен қондырманың түрлерін;
- оттегімен кесу технологиясын: режимдерін, кесудің негізгі параметрлерін және олардың кесілу бетінің сапасына әсерін;
- құрастыру-пісіру құрылғыларын;
- оттекті газбен доғалық дәнекерлеуге арналған материалдарды;
Іскерліктер:
- қолмен істелетін бөлгіш ацетилен-оттегілік кесу және оттегіні алмастырғыш газдармен кесуді орындау;
- бөлшектерді өлшеммен өңдеуді (егеулеу,бұрғылап тесу, ішкі және сыртқы бұранданы кесуді ) жүзеге асыру;
- электр құрастыру жұмыстарын орындау;
- металдарды оттегімен кесуге арналған аппаратураны дайындау;
- балқыма қаптау (наплавка) мен пісірудің режимдерін белгілеу және реттеу;
- пісіру өндірісін механикаландыру мен автоматтандырудың негіздерін атау;
- бөлшектер мен құрастыру бірліктерінің ақауларын және оларды қалпына келтіруге олардың жарамдылығын анықтау;
- тозған бөлшектерді қалпына келтіру және ауыстыру;
- іске қосуға дайындау үшін пайдаланылатын аспаптарды,құралдарды және құрылғыларды пайдалану;
- оптимальдық режимді таңдау және технологиялық үлгілерді пісіру арқылы түйіспелі пісірудің жартылай автоматтарының пайдалануға жарамдылығы мен жалпы жұмыс қабілеттілігіне баға беру.
|
БҚ 1,3
1120022
КҚ
2.2.4
2.2.5.
2.2.7.
112003 2
КҚ
2.3.2. 2.3.3. 2.3.4. 2.3.7.
|
|
Біліктілігі: 112003 2 – Құрастырылатын автоматтарды, жартылай автоматтарды және автоматты желілерді реттеуші
|
|
АП. 03
|
Пневматикалық және гидромеханикалық жетектер жөнінде негізгі мәліметтер
Металкескіш станогінің электр жабдықтары
Гидро- және пневматикалық жетектер. Гидравликадан мәліметтер. Гидравликалық машиналар және гидравликалық жүйелер.
Пневмомеханикалық жетектер. Құрылғылар мен аппаратураны бөлшектеу және құрастыру. Гидромеханикалық жетек. Құрылғылар мен аппаратурасын бөлшектеу және жинау. Берілген режим жұмысындағы атқарушы механизмінің түсетін және айналдыратын әрекетін жөнге келтіріп қолданысымен алуан жүйедегі гидромеханикалық жетегін реттеу. Металкескіш станоктар мен автоматты желілердің электр жабдықтары. Басқару және қорғаныс, автоматика аппаратурасы. Электр жабдықтарын техникалық күту.
Фрезерлеу станоктары және оларда орындалатын жұмыстар
Жонғыш станоктар. Станокты басқару құралдары. Бөлшектерді жонып өңдеу. Жонғыштар (фрездер). Жонғыш станоктарында жұмыс істеу процесінде қолданылатын құрылғылар мен жабдықтар. Жонып өңдеу кезіндегі кесу процестері. Жазық беттерді фрезермен өңдеу. Көп қырлы тісті доңғалақты және бұрандалы канавокты фрезермен өңдеу. Паз бен канавокты фрезермен өңдеу. Сапаны бақылау. Өңдеудің ақаулары.
Бұрғылау және жону (расточные) станоктары және оларда орындалатын жұмыстар
Бұрғылау станоктары. Бұрғылау станогінің негізгі түйіндері мен механизмдері. Станокты басқару органдары. Бөлшектерді бұрғылау арқылы өңдеу. Бұрғылар. Бұрғылап өңдеу кезіндегі кесу процестері. Тесіп өтетін және саңылаусыз тесіктерді бұрғылау, тесіктерді зенкерлеу және бұрап босату. Бұранданы кесіп тастау. Жонғыш станоктар. Цилиндрлі канавокты қайрау, бір және бірнеше жазықтықтағы әртүрлі орналасқан цилиндрлік және конусты беттерді қашап тегістеу және бұрап босату. Сапаны бақылау. Өңдеудің ақаулары. Іске қосуға дайындау жөнінде жалпы мәліметтер
Іске қосуға дайындау. Технологиялық процестерді іске қосу. Бөлшектерді сынап өңдеу. Жабдықтар механизмі мен жүйелері үстінен бақылау. Жабдықтардың құрылғылары мен түйіндерінің жұмысындағы ақаулар. Жұмыс процесіндегі құрылғылары мен жабдық механизмдерін жөнге келтіру және жою. Іске қосумен байланысты қажетті есептемелерді орындайды. Іске қосуға арналған техникалық құжатнамаларды рәсімдеу.
|
Білімдер:
- гидравликалық және пневмомехникалық жетектердің артықшылықтары мен кемшіліктерін;
- элементтер мен аппаратураның түрлерін, пневмомеханикалық жетектің міндеттері мен құрылымын;
- басқару, қорғаныс және автоматика аппаратурасының міндеттерін;
- негізгі түйіндер мен механизмдерді;
- станоктарды басқару жұмысының принципін;
Іскерліктер:
- бір және екі жақты әрекетті цилиндрлері бар пневмомеханикалық жетектің түрлі жүйелерін берілген режимде жұмыс істеу үшін реттеу;
- электр жабдықтарын техникалық күту, негізгі шараларды жүргізу;
- өңдеу режимдерін сақтай отырып, кескіш аспаптармен бұранда кесуді орындау;
- жонып өңдеудің барлық түрлеріне арналған тиімді режимдерді таңдау;
- өңдеу ақауларын табу;
- түйіндері мен бос жүрістегі станокты іске қосуға дайындау мен автоматтық режимдерде тексеру және іске қосуға дайындауды орындау;
- іске қосуға дайындауға байланысты қажетті есептеу жүргізу;
- автоматтық циклде толық жүктемемен және тапсырылған өнімділікті қамтамасыз ете отырып, бөлшектердің сынама партиясына өңдеу жүргізу;
- іске қосуға дайындау жұмыстарына техникалық құжаттарды рәсімдеу;
- бақылау-өлшеу аспаптарын, құрылғыларды пайдалану;
- бөлшектерді автоматтарда және жартылай автоматтарда өңдеу, операциялық-технологиялық карта режимі бойынша негізгі операцияларды жүргізу;
|
БҚ 1,2,
112002 2
КҚ
2.2.1.
2.2.6.
1120032
КҚ
2.3.1. 2.3.2. 2.3.3. 2.3.4. 2.3.6. 2.3.7. 2.3.8.
|
АП. 04
|
Арнайы технология.
Автоматты желілерді реттеу технологиясы
Автоматтар және жартылай автоматтар. Автоматты желілер құрамында жұмыс істейтін токарлы және қалпына келтіруші роторлық автоматтар мен жартылай автоматтар. Автоматты және жартылай автоматтардағы бөлшектерді өңдеу. Кескіш аспаптар және құрылғылар.
Іске қосуға автоматты және жартылай автоматты дайындау. Автоматты және жартылай автоматтарды іске қосу және жөнге келтіру. Бақылау-өлшегіш құралдары, аспаптары және құрылғылары. Жөндеу жұмыстарын орындау кезіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру және еңбек қауіпсіздігі. Іске қосуды орындау.
| -
Білімдер:
-
- қызмет көрсететін біртипті станоктардың құрылысын және оларды дәлдікке тексеру ережесін;
-
- эксцентриктер, копирлер мен кулачкасын таңдау алу ережесін;
Іскерліктер:
-
- 8-10 квалитеті бойынша (2-4 класс дәлдігімен) көп санды өткелмен қарапайым және орта күрделіктегі кезеңмен қайталанатын бөлшектерді өңдеуге арналған токарлы-револьверлі станокты, токарлы біршпиндельді және көпшпиндельді автоматпен және көпкескішті көлденең жартылай автоматтарды, автоматты немесе жартылай автоматтарды, кескінді, бұрандамен кесіп түсетін және болт кесетін станоктарды іске қосып жүргізеді;
|
БҚ 1,2,3
112002 2
КҚ
2.2.1.
112003 2
КҚ
2.3.1
2.3.3
2.3.5
2.3.6
2.3.7
|
КП.00
|
Өндірістік оқытужәне кәсіптік практика
|
КП.01
|
Кәсіптік практика
Кіріспе сабақ. Жұмыс орнын ұйымдастыру. Қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нұсқаулар беру. Кәсіпорнымен таныстыру.
Оқу шеберханаларындағы өндірістік оқыту.
Оқу шеберханаларындағы еңбек қауіпсіздігі, электр және өрт қауіпсіздігі.
Бақылау-өлшеу аспаптарымен және жабдықтарымен жұмыс. Технологиялық машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, реттеу және жөндеу кезінде қажет болатын слесарлық және құрастыру жұмыстарының түрлері және мазмұны.
Технологиялық және жөндеу жұмыстарында қолданылатын жабдықтар, аспаптар және бақылау-өлшеу құралдары.
Жабдықтың механизмдері мен тораптарын тарату және жинау. Электрлік құрастыру жұмыстары.
Бітірту біліктілік емтихандары.Тексеру жұмыстары.
Есеп беруді рәсімдеу.
|
Іскерліктер:
-практиканың мақсаты мен міндеттері;
- технологиялық машиналар мен жабдықтар шығаратын және жөндейтін кәсіпорнының құрылымы: ұғымдары, түрлері, кезеңдері, негізгі технологиялық процестің элементтері;
- технологиялық машиналардың техникалық қызмет көрсету жабдығы: өндірістің негізгі түрлері, технологиялық ерекшеліктері;
- оқу шеберханаларындағы, өндірістегі қауіпсіздік техникасы ережелері;
Дағдылар:
- технологиялық машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде технологиялық жұмыстар орындау;
- жөндеу жұмыстары кезінде жабдықты, құралдарды, бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану;
- еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулар беру;
- технологиялық машиналарға, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде қажетті болатын әр түрлі слесарлық жұмыстарды, құрастыру жұмыстарын орындау;
- тораптарды жинау технологиясын қолдану
|
БҚ 1–8
112001 2
КҚ
2.1.1-2.1.8
112002 2
КҚ 2.2.1 - 2.2.7
112003 2
КҚ
2.3.1 - 2.3.8
|
КП. 02
|
Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша практика
Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері. Компьютерлік графика,қазіргі программалық қамтамасыз ету жұмыстары. Есеп беруді рәсімдеу.
|
Іскерліктер:
- қазіргі компьютерлік бағдарламалар мен технологияларға өндірістің қоятын талаптары;
Дағдылар:
- материалдармен компьютерде жұмыс істей алу.
|
БҚ 2,3
|
КП03
|
Технологиялық практика:
Кәсіпорнымен таныстыру.
Өндірістегі технологиялық процестердің негізімен және реттеу, жөндеу жұмыстарының жоғары сапасымен танысу.
Технологиялық жабдықтар реттеушісінің және техник-механиктің, электромеханиктің құқықтары мен міндеттерін оқып үйрену.
Өндіріс процестерін механикаландыру және автоматтандыру дәрежесімен таныстыру. Технологиялық процестерді, жұмыс графиктерін зерттеу.
Машиналар мен жабдықтарды жөндеуге және реттеуге қабылдау жұмысына, олармен жұмыс істеуді жоспарлауға, жұмыс орнында еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаулар жүргізуге, бір айдағы жұмыс нәтижесін қорытындылауға (тапсырмалар беруге, есеп беру материалдарын құрастыруға) қатысу. Кәсіпорынның құрамдас бөлімшелерінің жұмысымен таныстыру. Күнделік жүргізу, тәжірибе бойынша есеп беруді рәсімдеу
|
Іскерліктер:
- өндірістегі реттеу, жөндеу жұмыстарының технологиялық процестерінің маңызы;
- технологиялық жабдықтар реттеушісінің және техник- механиктің, электромеханиктің құқықтары мен міндеттері;
- өндірістік процестерді механикаландырудың және автоматтандырудың негізгі мәселелері;
- кәсіпорынның құрамдас бөлімшелері айналысатын жұмысының қысқыша мазмұны;
Дағдылар:
- технологиялық жұмыстардың, машиналар мен жабдықтарды жөндеуге және реттеуге қабылдау жұмысының
графиктерін құру;
-жұмыс орнында еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаулар жүргізу;
- бір айдағы жұмыс нәтижесін (тапсырмалар беру, есеп беру материалдарын құрастыру және т.с.с.) қорытындылау;
- слесарлық жұмыстарды жүргізу, бригадада жұмыс істеу, жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау, шебердің және бригада бастығының тапсырыстарын орындау.
|
БҚ 1–8
112001 2
КҚ
2.1.1-2.1.8
112002 2
КҚ 2.2.1 - 2.2.7
112003 2
КҚ
2.3.1 - 2.3.8
|
КП. 04
|
Диплом алдындағы практика:
Кіріспе сабақ. Өндірісті басқару құрылымымен, тәжірибе нысандарымен таныстыру. Жұмыс орнын ұйымдастыру. Өндірістегі техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғаныс шараларын сақтау бойынша берілетін нұсқаулармен таныстыру. Жұмыстың орындалуы туралы есеп беру құжаттары. Техникалық құжаттарды өңдеу және тіркеу және оны рәсімдеудің реті.
Өндірістік сызуларды оқу және құру; маниналар мен жабдықты реттеуге, жөндеуге және қызмет көрсетуге дайындау. Құрастыру-жинау жұмысы. Техника қауіпсіздігі.
Кәсіпорнындағы маниналар мен жабдықты, материалдар мен дайындамаларды тасымалдау. Механизмдер мен жабдықтарды қолдану, сынау және пайдалануға тапсыру.
Кәсіпорнындағы жұмысшылардың және қабылданып істелетін жұмыстың құрамы. Жұмыс өндіруші шебердің құқықтары мен міндеттерін зерттеу. Бригада ішінде еңбекті ұйымдастыру, жұмысшылардың және инженер-техник қызметкерлерінің еңбек ақысын есептеу процесімен таныстыру.машиналар мен жабдықты жөндеу және реттеу жұмысына дайындау. Дайындық жұмыстары. Жөндеу жұмысының сапасын қадағалау. Пайдалануға беру үшін сынақтан өткізу. Тәжірибе бойынша жүргізілген күнделікті, есеп беруді рәсімдеу.
|
Іскерліктер:
- өндірістегі техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау бойынша нұсқаулар;
- технологиялық жабдықтар реттеушісінің және техник- механиктің, электромеханиктің, жұмыс жүргізуші шебердің құқықтары және міндеттері туралы қағидалар;
- бригада ішіндегі жұмысты ұйымдастырудың, жұмысты орындау бойынша есептік құжаттарды құрастырудың, техникалық құжаттарды өңдеудің және тіркеудің, жұмысшылардың және инженер-техник қызметкерлерінің еңбек ақысын есептеудің әдістері мен тәсілдері;
- технологиялық машиналар мен жабдықтардың қолданылуы және жұмыс істеу әрекеті, техникалық қызмет көрсету, реттеу және жөндеу тәсілдері;
Дағдылар:
- жұмысты орындау бойынша есеп беру құжаттарын толтыру және құрастыру;
- техникалық құжаттарды өңдеу және тіркеу;
- технологиялық машиналар мен жабдықтардың және олардың жеке бұйымдарының ақауларын табу, сызбалары мен нобайларын құру, жөндеуге дайындау;
- реттеу және жөндеу жұмыстары кезінде өлшеу аспаптарын, механизмдерін және құрылғыларды қолдану, сынақ жүргізу, сапасын қадағалау және пайдалануға тапсыру.
|
БҚ 1–8
112001 2
КҚ
2.1.1-2.1.8
112002 2
КҚ 2.2.1 - 2.2.7
112003 2
КҚ
2.3.1 - 2.3.8
|