Іскерліктер:
- тәжірибенің мақсаты мен міндеттері;
- технологиялық машиналар мен жабдықтар шығаратын және жөндейтін кәсіпорнының құрылымы: ұғымдары, түрлері, кезеңдері, негізгі технологиялық процестің элементтері;
- технологиялық машиналардың техникалық қызмет көрсету жабдығы: өндірістің негізгі түрлері, технологиялық ерекшеліктері;
- оқу шеберханаларындағы, өндірістегі қауіпсіздік техникасы ережелері;
Дағдылар:
- технологиялық машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде технологиялық жұмыстар орындау;
- жөндеу жұмыстары кезінде жабдықты, құралдарды, бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану;
- еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулар беру;
- технологиялық машиналарға, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде қажетті болатын әр түрлі слесарлық жұмыстарды, құрастыру жұмыстарын орындау;
- тораптарды жинау технологиясын қолдану
БҚ 1–8
КҚ
3.4.1 -3.4.19
КҚ
3.2.1 -3.5.14
|
КП. 02
|
Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша практика
Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері. Компьютерлік графика,қазіргі программалық қамтамасыз ету жұмыстары. Есеп беруді рәсімдеу.
|
Іскерліктер:
- қазіргі компьютерлік бағдарламалар мен технологияларға өндірістің қоятын талаптары;
Дағдылар:
- материалдармен компьютерде жұмыс істей алу.
|
БҚ 2,3
|
КП03
|
Технологиялық практика:
Кәсіпорнымен таныстыру.
Өндірістегі технологиялық процестердің негізімен және реттеу, жөндеу жұмыстарының жоғары сапасымен танысу.
Технологиялық жабдықтар реттеушісінің және техник-механиктің, электромеханиктің құқықтары мен міндеттерін оқып үйрену.
Өндіріс процестерін механикаландыру және автоматтандыру дәрежесімен таныстыру. Технологиялық процестерді, жұмыс графиктерін зерттеу.
Машиналар мен жабдықтарды жөндеуге және реттеуге қабылдау жұмысына, олармен жұмыс істеуді жоспарлауға, жұмыс орнында еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаулар жүргізуге, бір айдағы жұмыс нәтижесін қорытындылауға (тапсырмалар беруге, есеп беру материалдарын құрастыруға) қатысу. Кәсіпорынның құрамдас бөлімшелерінің жұмысымен таныстыру. Күнделік жүргізу, тәжірибе бойынша есеп беруді рәсімдеу
|
Іскерліктер:
- өндірістегі реттеу, жөндеу жұмыстарының технологиялық процестерінің маңызы;
- технологиялық жабдықтар реттеушісінің және техник- механиктің, электромеханиктің құқықтары мен міндеттері;
- өндірістік процестерді механикаландырудың және автоматтандырудың негізгі мәселелері;
- кәсіпорынның құрамдас бөлімшелері айналысатын жұмысының қысқыша мазмұны;
Дағдылар:
- технологиялық жұмыстардың, машиналар мен жабдықтарды жөндеуге және реттеуге қабылдау жұмысының
графиктерін құру;
-жұмыс орнында еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаулар жүргізу;
- бір айдағы жұмыс нәтижесін (тапсырмалар беру, есеп беру материалдарын құрастыру және т.с.с.) қорытындылау;
- слесарлық жұмыстарды жүргізу, бригадада жұмыс істеу, жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау, шебердің және бригада бастығының тапсырыстарын орындау.
|
БҚ 1–8
КҚ
3.4.1 -3.4.19
КҚ
3.5.1 -3.5.14
|
КП. 04
|
Диплом алдындағы практика:
Кіріспе сабақ. Өндірісті басқару құрылымымен, тәжірибе нысандарымен таныстыру. Жұмыс орнын ұйымдастыру. Өндірістегі техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғаныс шараларын сақтау бойынша берілетін нұсқаулармен таныстыру. Жұмыстың орындалуы туралы есеп беру құжаттары. Техникалық құжаттарды өңдеу және тіркеу және оны рәсімдеудің реті.
Өндірістік сызуларды оқу және құру; маниналар мен жабдықты реттеуге, жөндеуге және қызмет көрсетуге дайындау. Құрастыру-жинау жұмысы. Техника қауіпсіздігі.
Кәсіпорнындағы маниналар мен жабдықты, материалдар мен дайындамаларды тасымалдау. Механизмдер мен жабдықтарды қолдану, сынау және пайдалануға тапсыру.
Кәсіпорнындағы жұмысшылардың және қабылданып істелетін жұмыстың құрамы. Жұмыс өндіруші шебердің құқықтары мен міндеттерін зерттеу. Бригада ішінде еңбекті ұйымдастыру, жұмысшылардың және инженер-техник қызметкерлерінің еңбек ақысын есептеу процесімен таныстыру.машиналар мен жабдықты жөндеу және реттеу жұмысына дайындау. Дайындық жұмыстары. Жөндеу жұмысының сапасын қадағалау. Пайдалануға беру үшін сынақтан өткізу. Тәжірибе бойынша жүргізілген күнделікті, есеп беруді рәсімдеу.
|
Іскерліктер:
- өндірістегі техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау бойынша нұсқаулар;
- технологиялық жабдықтар реттеушісінің және техник- механиктің, электромеханиктің, жұмыс жүргізуші шебердің құқықтары және міндеттері туралы қағидалар;
- бригада ішіндегі жұмысты ұйымдастырудың, жұмысты орындау бойынша есептік құжаттарды құрастырудың, техникалық құжаттарды өңдеудің және тіркеудің, жұмысшылардың және инженер-техник қызметкерлерінің еңбек ақысын есептеудің әдістері мен тәсілдері;
- технологиялық машиналар мен жабдықтардың қолданылуы және жұмыс істеу әрекеті, техникалық қызмет көрсету, реттеу және жөндеу тәсілдері;
Дағдылар:
- жұмысты орындау бойынша есеп беру құжаттарын толтыру және құрастыру;
- техникалық құжаттарды өңдеу және тіркеу;
- технологиялық машиналар мен жабдықтардың және олардың жеке бұйымдарының ақауларын табу, сызбалары мен нобайларын құру, жөндеуге дайындау;
- реттеу және жөндеу жұмыстары кезінде өлшеу аспаптарын, механизмдерін және құрылғыларды қолдану, сынақ жүргізу, сапасын қадағалау және пайдалануға тапсыру.
|
БҚ 1–8
КҚ
3.4.1 -3.4.19
КҚ
3.5.1 -3.5.14
|
Ескерту:1-кесте. Базалық құзыреттер
Құзыреттер коды
|
Базалық құзыреттер
|
БҚ 1
|
Өмір бойы өз білімі мен шеберлігін жаңалау;
|
БҚ 2
|
Кәсіби тапсырманы тиімді орындау үшін қажетті ақпараттарды іздестіруін жүзеге асыру;
|
БҚ 3
|
Кәсіби қызметте ақпаратты-коммуникативтік технологияларды қолдану;
|
БҚ 4
|
Жеке еңбек қызметін жоспарлау;
|
БҚ 5
|
Кәсіби және әлеуметтік қызметіндегі процестер мен әлеуметті-маңызды мәселелерді талдау;
|
БҚ 6
|
Мемлекеттік тілде құжаттарды толтыру;
|
БҚ 7
|
Кәсіби қызметінде экономикалық талдау жасау;
|
БҚ 8
|
Жұмыс орнында еңбекті қорғау талабын және санитарлық-техникалық нормасын орындау
|
2-кесте. Кәсіптік құзыреттер
ТжКБ деңгейі
|
Біліктілік
|
Кәсіптік құзыреттер (КҚ)
|
2. Жоғарғы деңгей
|
2.3-112001 2 – Тіс кескіш автоматтарды және жартылай автоматтарды реттеуші
|
КҚ 2.1.1. Тістікескіш және бұрандажонғылағыш станоктарды техникалық күту, дәлдікке тексеру.
КҚ 2.1.2 Әмбебап және арнайы құрылғыларды, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын қолдану.
КҚ 2.1.3. Металдар технологиясын орындалатын жұмыс шеңберінде түрлендіру.
КҚ 2.1.4. Жинау сызбасы бойынша нақтылау.
КҚ 2.1.5. Металдардың механикалық қасиеттерін білу.
КҚ 2.1.6. Шестерняларды таңдаудың элементарлық ережесін сақтау.
КҚ 2.1.7. Шақтау және отырғызу жүйесін, ділдік дәрежесін қолдану.
КҚ 2.1.8. Кедір–бұдыллықтың квалитеттерін және параметрлерін есептеу.
|
|
2.1-112002 2 –Дәнекерлеуші және газ-плазма кесетін жабдықтарды реттеуші
|
КҚ 2.2.1. Автоматтардың, құрылғылардың және машиналардың үздіксіз жұмысын қадағалау.
КҚ 2.2.2. Электродты металды бұйымға ауыстыруды жүзеге асыру.
КҚ 2.2.3. Бөлшектер түрлерінің қажетті және жеткілікті мөлшерін қолдана отырып, бөлшек сызбаларын орындау.
КҚ 2.2.4. Құрылғылар мен аспаптарды орнату және ауыстыруды орындау.
КҚ 2.2.5. Бөлшектердің қосылысын пісірудің әр түрін қолдана отырып орындау.
КҚ 2.2.6. Пісіру кезінде деформация мен кернеудің пайда болу себептерін анықтау; пісіру кезінде деформацияны азайту мен ескерту тәсілдерін қолдану.
КҚ 2.2.7. Пісіру сапасын үлгілерде тексеру.
|
|
2.2-112003 2 – Құрастырылатын автоматтарды, жартылай автоматтарды және автоматты желілерді реттеуші
|
КҚ 2.3.1. Бөлшектерді механикалық өңдеудің технологиялық бір ізділігі мен режимін белгілеу.
КҚ 2.3.2. Кескіш аспаптар мен құрылғыларды таңдау.
КҚ 2.3.3. Құрылғылар мен инструменттерді орнату және алмастыру; сыналатын бөлшектерді өңдеуді орындап, оларды техникалық бақылау бөліміне тапсыру.
КҚ 2.3.4. Станоктарды жұмыс үрдісінде дайындауды жүзеге асыру және реттеу; станоктарды жөндеуге қатысу.
КҚ 2.3.5. Көтергіш-көліктік жабдықтарды басқару.
КҚ 2.3.6. Көтеру үшін жүктерді строповкілеу және септестіруді (увязка) жүзеге асыру, орнын ауыстыру, орнату
КҚ 2.3.7. Еңбек гигиенасы мен еңбекті қорғау талаптарын орындау, сәтсіз оқиғалар кезінде дәрігерге дейінгі көмекті көрсету.
КҚ 2.3.8. Станоктардың жұмыссыз тұру есебінің журналын жүргізу.
|
3 Орта буын маманы
|
3.1-112004 3 – Техник-механик
|
КҚ3.4.1. Техникалық пайдаланудың нақты шарттарын есептей отырып, бұйым жетегінің гидравликалық немесе пневматикалық схемасын зерттеп-дайындау.
КҚ3.4.2. Гидравликалық немесе пневматикалық аппараттарды принципиальдық схемаларға сәйкес негіздеу, таңдау және топтастыру.
КҚ3.4.3. Гидравликалық немесе пневматикалық жүйелерге техникалық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; Техникалық тәртіп сақтауды бақылауды жүзеге асыру.
КҚ 3.4.4. Бақылау-өлшеу және диагностикалық аппаратураны пайдалана отырып, агрегаттардың техникалық күйін бақылау.
КҚ 3.4.5. Гидравликалық немесе пневматикалық жетектерге техникалық қызмет көрсету регламентін зерттеп дайындау.
КҚ 3.4.6. Нормативтік–реттеу құжаттарын рәсімдеу, гидроагрегаттар, гидросораптар, гидромоторлардың жөндеуін жүзеге асыру.
КҚ 3.4.7. Байланыстардың тозуын анықтау және оны жою бойынша шаралар белгілеу.
КҚ 3.4.8. Уақытты техникалық нормалау әдістері мен құралдарын пайдалану.
КҚ 3.4.9. Гидравликалық және пневматикалық машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша технологиялық процестерді өңдеу режимдері мен операцияларды мөлшерлеуді есептеу.
КҚ 3.4.10. Машиналарды техникалық қызмет көрсету, болжау және жөндеу үшін бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын таңдау және пайдалану.
КҚ 3.4.11. Гидромашиналарға, гидрожетектерге және гидрожабдыққа техникалық қызмет көрсету үшін
технологиялық жабдықты таңдау.
КҚ 3.4.12. Бөлшектерді қалпына келтіру және машиналарды жинаудың тиімді әдістерін таңдау.
КҚ 3.4.13. Гидромашиналарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізу құнын есептеу.
КҚ 3.4.14. Гидравликалық немесе пневматикалық жетектердің агрегаттары мен тораптарының күйін іздестіру үшін бақылау және техникалық болжау құралдарын пайдалану.
КҚ 3.4.15. Гидро- және пневматикалық жетектері агрегаттарын сынақтан өткізуді және техникалық сипаттамаларын алуды ұйымдастыру және жүргізу.
КҚ 3.4.16. Тозған бөлшектерді қалпына келтіруді және бұйымдарды жөндеуді ұйымдастыру.
КҚ 3.4.17. Жобалау-құрылымдау, технологиялық және басқа техникалық құжаттарды рәсімдеу.
КҚ 3.4.18. Гидравликалық және пневматикалық жетектердің түрлі типтерінің параметрлерін, материалдық шығындар нормативтерін есептеу.
КҚ 3.4.19. Гидропневмомашиналарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді технологияға сәйкес ұйымдастыру.
|
|
3.2-112005 3 – Электромеханик.
|
КҚ 3.5.1. Жабдықтың электронды, электр және электрмеханикалық элементтеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын жүргізу.
КҚ 3.5.2. Жабдықтың электронды, электр және электрмеханикалық элементтерін жинау мен тексеру жұмыстарын орындау.
КҚ 3.5.3. Бақылау-өлшеу аспаптарын, автоматика және электрлік автоматика құралдарын жинау, тексеру, сынақ жүргізу, құрылымдау, үйлестіру жұмыстарын орындау.
КҚ 3.5.4. Бақылау-өлшеу аспаптарын, автоматика және электрлік автоматика құралдарын,есептеу техникасы жүйелерін қолдану.
КҚ 3.5.5. Станоктар мен бағдарламалық басқару құрылғылары бар басқа жабдықтарды пайдалануға беру.
КҚ 3.5.6. Электронды блоктар мен түйіндердің ақауларын ауысымды блок және типті элементке немесе бағдарламалық құралдармен немесе автономды аспаптармен ауыстыруғадейінгі дәлдікпен болжау.
КҚ 3.5.7. Аналогтық-сандық құрылғыларды, реттелетін электр жетектерін, бағдарламалық басқару құрылғыларын реттеу.
КҚ 3.5.8. Электронды, электр және электрмеханикалық блоктар мен түйіндерді жөндеу.
КҚ3.5.9. Бағдарламаларды қолмен енгізу және олардың жұмыспен өтелуін бағдарламалық басқару жүйелерінде бақылау.
КҚ 3.5.10. Электронды құрылғылар мен блоктардың құрылымдық және электрлік ерекшеліктерін сипаттау
КҚ 3.5.11. Жабдықтарға техникалық қызмет көрсету тәртібін сақтау.
КҚ 3.5.12. Электронды құрылғылар алгоритмін, олардың қызметін және басқа құрылғылар мен өзара байланысын сақтау.
КҚ 3.5.13. Ауыстырылатын электронды түйіндер мен блоктарды жөндеу және қалпына келтіру.
КҚ 3.5.14. Электронды құрылғылардың жұмыс қабілеттілігіне қойылатын техникалық талаптарды сақтау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |