«Қажымұқан» шығармасын оқыту
Қ. Әбдіқадыров қаламынан туған тағы бір елеулі шығарма – «Қажымұқан» повесі. Халқымыздың арасында даңқты палуан туралы неше түрлі аңызға айналған әңгіме көп-ақ. Оның өмірі жөніндегі әңгімелерге баланың да қарттың да құлағы түрік.
Қажымұқан бейнесінің халықтық сипаты шығарманың өн бойынан сезіліп тұрады. Ол ертегінің алыптарындай суреттелмейді. Қажымұқан халықтың адамы, оның мүддесімен мұңдас жан. Қажекең – ең алдымен, Отанын сүйген патриот. Оның нағыз патриоттығына Ұлы Отан соғысы кезінде қаражат жинап, Амангелді атындағы ұшақ жасатуы тамаша мысал. Жасы егде тартса да сол бір сұрапыл жылдары Қажымұқан өнерімен халықтың еңсесін көтерді, жеңіске жігерлендірді. Қажекең қай жерде жүрсін, қандай жағдай болсын Отанына адал. Қазақстан өкіметі Қазақ Даласының Батыры атағын берген Қажымұқанның азаматтық қасиеттерін көркем тілмен айшықты сипаттап, Қалмақан тарихи тұлғаның шынайы бейнесін жасады.
Мәселен Қажымұқанның ауыр салмақтарды оңай еңсере,допша дөңгелетінің, бойындағы ерекше қайрат пен күш жігердің бар екендігі,дүйім жұртты таңдай қақтырған Мұқанның әрекеттері мен батыл істерін мына үзіндеден анық аңғарамыз:
Мұқан Масликовтың үйiне келген күнi, жалпы кiрешi жалшылар жататын жатақханаға орналасты. Сабан төселiп, пеш қойған сарайдың бiр бұрышы тидi. Сонда түнеп шықты. Ертеңiне қожасы Мұқанды өз үйiнiң ауыз бөлмесiне шақырып, отыз пұт кеспектi доп қылып домалатқан дәудi өзiнiң қатын-балаларына, қонақтарына көрсетiп, оның көп жiгiтiнiң бiрi болғанын айтты. Күштi баланы айнала қарасып, бойын аршындап, салмағын өлшеп, Масликовтың кереметтей етiп айтқанына сенбедi.
– Бұл қалай отыз пұт көтередi? Бойы жарым кез1 , салмағы 200 қадақ2 , Рас, мойны, қол-аяғы жуандау. Бiрақ отыз пұт жүктi көтеруi мүмкiн емес, – деп есеп-шiсi өзiнiң өгiз өлшейтiн есебiн айтты. Өз сөзiн қостамағанына Масликов та ренжiп:
– Жарайды, ендеше Мұңайтпасовтың кереметiн кейiн көрерсiңдер, – дедi.
– Ал бала, қалай ұйықтадың? Жатақхана жылы ма екен? Жiгiттердiң арасы көңiлдi болар? Олар домбыра тартады, өлең айтады, карта ойнайды. Шынында да бiздiң үйден сендердiң жатақханаларың қызық…
Қажымұқан бiр түрлi көңiлсiздiк кейпiн көрсетiп:
– Қожайын, мей оншалығын бiлмеймiн, түнiмен ұйықтағаным жоқ.
– Неге? Iшiнде ұрыс, жанжал көп пе екен? Жанжалдасса төртеу-бесеуi жиылып отыз пұт болмайды, лақтырмайсың ба шетiнен…
– Жоқ, айта көрмеңiз… әжем ұрысқан, жаман болады, деген. Менiң төбелес, жанжалға жаным қас.
– Ендi неге ұйықтай алмадың?
– Ұйықтай алмағаным, төсеген сабаннын арасында тышқан бар екен. Олардың шиқылдаған даусын естiсем, зәрем кетедi.
Масликовтың үй iшi, өзi қосылып қарқылдап, көз-дерiнен жас аққанша күлдi. Оның қорқатыны жататын жердегi тышқан екенiн ендi ұққан қожайын ойлана қарап, сөздiң соңында күлген жоқ.
– Мiне, отыз пұт көтерген палуан… Тышқаннан басқа тағы неден қорқасың?
– Онан басқа ешнәрседен қорықпаймын.
– Қасқырдан ше?
– Ой, тәйiрi, қасқыр, аю, қабан дегендер – ит емес пе, иттен кiсi қорқа ма? Тек мына, адам жататын жерде тышқанның шиқылдағаны жаман… Мұқанды ас үйiнiң ауыз бөлмесiне жататын еттi де, өзiне екi ат, бiр шана берiп, шөп, отын әкелiп тұру жұмысын тапсырды.
Бұл Мұқанның ерекше бер дене бітімін,табиғат сыйға татқан ерекше күш-жігерін көрсетсе,оның шыдамдылығын,батылдығын повестегі Жаяу сүйрген шана бөлімінен көре аламыз.Оқылық:
Сағаттың тiлiндей айналған күн өте бердi. Мұқанның қарағайды қамыстай қаусатып, қолымен тартып құлатқаны, талай ауыр жүктi жалғыз тиегенi аңыз болып айтылып жүрдi. Челябинск, Қазан, Уфа, Самарға бiрнеше рет барып та қайтты. Бойы өсiп, буыны қатая түсiп, он сегiздегi жiгiт болды.
Қыс ортасы ауып, февральдың iшiнде, үстi-үстiне төпеп қар жауып, Қызылжар айрықша суытты. Масликовтың үйiне отын да, шөп те шақ келмедi. Ауыр жұмыс қайда болса Мұқанды сонда жұмсау әдетке айналды.
Айдың аяғына таман iшкi Ресейге кеткен көлiктер келiп, қаладан жиырма шақырым жердегi шөпке, Мұ-қанның қасына төрт шана қосып, бес көлiк жiбердi.
Масликовтың үй үшiне Мұқанның ауыр мiнез, тiл алғыш, тәртiптiлiгi қатты ұнаған едi. Ол қандай жұмыс тапсырылса да орындап келуiне әбден сендi. Сондықтан:
– Митька, (оны Масликовтың үй iшi Мұқан деудi қиын көрiп «Митька» деп атап кеттi) мүмкiндiгiң бол-ғанша шөптi тез жеткiзуге тырыс. Басқаларға қарамай, шөбiңдi алдымен тиеп ал да, келе бер. Жолдан келген аттар тiлiн тiстеп аш тұр, – дедi қожасы.
– Жарайды, – дедi тiл алғыш Мұқан.
Түн ортасы ауа жүрiп кеткен шөпшiлер қар басқан соқпақпен жүру ауыр болып аттарын болдыртып, әрең деп түсте шөпке кеттi. Мұқан жақсы деген екi атты таңдап жексе де, ауыр жол аттарын болдыртып тастады. Аяз сорып, әлсiреп келген жiгiттер төбе болып қар басқан шөптi көрiп үрейлерi ұшты. Оның қарын аршу үшiн бiр күн айналу керек сияқты. Жолдастары қарды қай жағынан аршып, шөптi қалай тиеу керегiн кеңесiп, әр түрлi тәсiлдерiн айтып, көп тұруға айналды.
– Сүлдемiз сүйретiлiп шөбiне әзер жетiп едiк, ендi мұны аршып алу азабы шөппен бiрге сүйегiмiздi шанаға салар, – дедi тоңып, жақ жүнi үрпиген бiреуi.
– Масликовтың бiр сом сексен тиыны сол сүйегiң үшiн берiлгенiн шөптiң басына келгенде бiлдiң бе?.. – дедi, шақ денелi сары жiгiт.
– Мұның өзiн мына бiр жерден ашу оңай болар: үйiндi қардың ойпаттау жерi екен. Шөптiң түбiне шейiн, шана сыйғандай етiп, қарын алсақ, төбесiн басқан қарды кейiн көрермiз, – деп, тағы бiреуi үйiлген шөптi айнала басып, төбе болып кеткен қарды төбесiне шығып көрiп жүрдi.
Оған дәтi шыдамаған Мұқан боран үрiп, шөптiң шетi көрiнiп тұрған бiр бұрышына келдi де жiгiнiң арасына бастырықты ырғап-ырғап сүңгiтiп жiберiп, иығы-мен көтерiп тастады. Шөп-шөбiмен үйiлген қар жел аударған түндiктей төңкерiлiп түстi.
– Ой, мынау не iстедi өзi… – дестi, қалай ашып алудың амалын таппай, есi шығып тұрған жолдастары. Оған Мұқан жауап қайырмады. Бастырықты тағы бiр сұғып екiншi көтерiп тастағанда, үйiлген шөптiң жартысы ашылып қалды. Бiр айыр шөптi аттарының алдына апарып салды да, шанасын доғарып сүйреткен бойы жақындатып әкеп шөптi тией бердi.
– Ей, сен не iстеп жатырсың? Көмбе қарда атты қалай жекпексiң, батып кетедi ғой, – дестi жолдастары.
– Менiң оны өлшеп, ой тауысуға уақытым жоқ. Қожайын айтты бiттi, менiң шөптi тез жеткiзуiм керек. Осыдан басқа маған түктiң керегi жоқ.
– Мына күртiк қар атты көтере алмайды деп тұрмыз ғой.
– Атты көтермесе менi көтередi. Менiң атқа шейiн сүйреп баруға мұршам келедi ғой деп тұрмын.
– Соны қойшы, нан жеп, әл жинайық та, сонан кейiн қалай тиеп алуды ойласармыз, әйтеуiр, бала төбесiн ашып, азапты жеңiлдеттi ғой, – дестi, суынған бойларын жылытқалы, беттерiн уқалап, қолын қолына соғып, жүгiрiп жүрген жiгiттер.
Жолдастары нандарын жеп болғанша, Мұқан шөптi таудай ғып тиеп болып, бастырығын тартып, жетегiнен ұстап, ит шанадай сүйретiп, аттарының қастарына апарып қойды да, ол да нанын жедi.
* * *
Мұқан атын жегiп, жетi-сегiз шақырымдай шыққанда, қарсы алдынан боран соға бастады. Үйе тиелген шөпке қарсы соққан қарлы жел шөп арасын көтерiп, өңменiнен итергендей тiреп, аттың аяғын қия басқызбады. Аттардың жүргенiнен тұрғаны көбейдi. Күн батып, дүлей қараңғы түн басталды. Мұқан шананы сүйрелеп, атқа көмектестi. Айыр шаншып артынан да итерiп көрдi. Шекеден аққан терi өңiрiне тамып, түйiр-түйiр мұз болып қатып жатты. Қалаға жетi шақырым қал-ғанда бiр ат аяғын басуға мұршасы келмей, төрт аяқтап тұрып алды. Ыза кернеген шөпшi, айырын шананың артына көмейлете шаншып қойды да, үрiндi қарға көмiлiп тұрған шананы итерiп кеп жiбергенде, жүре алмай тұрған ортаға жеккен ат, жетек сынып бүктелген бойынша шананың астына шалқасынан түстi. Жанына жеккен ат қайрылып сыртқа шығып кеттi. Мұқан шананы кейiн итерiп, астындағы атты босатқанша ол өлiп кеткен едi. Шөпшi бiраз демiн алып отырды да, өлген аттың қолдауынан божыны екi қабаттап өткiзiп алып кеудесiн көтерiп, шөптiң бастырығынан байлады да, басы көтерiлiп салбырап тұрған бөксесiн иығына салып тұрып, шананың үстiне лақтырып жiбердi. Өзi бел көтергiш қайысты шанаға байлап, қалған атқа пар болып шөптi сүйреп, қаланың шетiне шейiн алып келдi. Қалаға кiрген соң, ол ат та аяғын басудан қалды. Оны шананың артына байлай салып, өзi жүктi сүйрей бердi. Ел тұрып, қорасының айналасын күрей бастағанда, адам сүйреткен дәу шана шөп, бiр атты үстiне салып, бiр атты артына байлап, Масликовтың қорасына кiрдi. Бұл алып күштiң кiм екенiн бiлу үшiн, Масликовтың қорасына келгенше топ-тобымен қала адамы шананың артынан ерген едi.
Төбедей болып шөп үйiлген шана қораға атсыз кiргенде, Масликовтың үй iшi, жалшы жiгiттерi үрейлене далаға шығысты.
– Ойбай, ат қайда?.. Иттiң баласы, – деп жан даусы шықты байдың.
– Жоқ деген атың шананың үстiнде, бар атың шөп-тiң артында байлаулы, қожайын, далада қалған ешнәрсең жоқ, – дедi бала. Қожайын өлген атты көрiп:
– Шақырыңдар городовойды мына шошқаға акт жасасын, – дедi.
Екi городовой келiп:
– Сүйрет шананы, шөп, атымен. Полицмейстерге алып барамыз, – дедi.
Үстi-басы термен буланып, аппақ қырау басқан Мұқан үстiндегi өлген атымен шананы сүйретiп полиц-мейстердiң қорасына кеттi.
Инновациялық тұрғыдан білім беру жүйесі ақпараттандырумен тығыз байланысты. Білім беруді ақпараттандыру дамуының жаңа кезеңінің ерекшелігі – бұл проблеманың инструментальдық емес, мазмұндық аспектілерінің басымдылығында және олардың шешілуінен білім сапалығы, оның әлеуметтік мәнділігінің орны анықталады. Психологтардың зерттеулеріне сүйенсек, ойлау стилі бастауыш сыныптан-ақ оқушыларда жете қалыптаса бастайды. Оқушылардың бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды адамзат іс-әрекетінің түрлі салаларында қолдана білудің қажетті дағдыларын игеріп үлгеруіне мүмкіндік туады.
Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің баспалдағы. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда - оқу үрдісін дамыту. Бұған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық» деген пікірі нақты дәлел. Бүгінгі таңда алдымызға қойып отырған басты мақсат – оқушыларға тек білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін - өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой - өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын, талантты жастарды тәрбиелей отыра, еліміздің мүддесіне қызмет етуге бағыт-бағдар беру. Үнемі дамып, өзгеріп отыратын баланың ішкі болмысы мен табиғатын қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы ерекше.
Жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат - мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
Жалпы алғанда, жаңа технологиялардың 40 - астам түрлері бар.
Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан да болар қазіргі кезде біздің ұстаздар да осы жаңа технологиялар элементтерін өздерінің тәжірибелерінде пайдаланып жүр. Жаңа технологиялар арасынан ақпараттық технологиясына назар аударсақ, оқытудың ақпараттық технологиясын оқу үрдісінде тиімді қолдану үшін бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеті, психологиялық, тұлғалық, әлеуметтік және физиологиялық даму ерекшеліктерін есепке алу керек. Ақпараттық технологияны қолдану барысында ескере өтетін ерекшеліктер:
Оқу іс-әрекетіндегі ерекшелік – ақпараттық технология арқылы білім беру үрдісін ұйымдастыру бастауыш сынып оқушыларының оқу материаларын жеңіл меңгеруін, компьютерде жұмыс істеу дағдыларымен қарулануын жүзеге асырады.
Психологиялық ерекшелік – ақпараттық технологияны мектепте қолдану бастауыш сынып оқушыларының білуге, оқуға құштарлығы, танымдық қызығушылығы, қиялы, логикалық ойлауы мен есте сақтау қабілеттерінің дамуына үлкен септігін тигізеді.
Тұлғалық ерекшелік – бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның өзіндік оқу-танымдық әрекетін дамытуға бағытталған. Бастауыш сынып оқушыларының өз мүмкіндігін көрсете білуі үшін ақпаратты өзіндік іздеу, жоспарлау, бөлшектеу, біріктіру, суреттеу, жалғастыру және тиімді пайдалану, өз іс-әрекетінің дұрыстығын тексеріп бақылау икемділігін бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да күрделі.
Ақпараттық технологияны бастауыш сыныпта қолдану барысында оқушылардың оқу икемділігі дамиды. Шығармашылық оқу икемділігі, өзіндік жұмыс жасауды жоспарлау, бақылау, бағалау икемділіктері дамып, өзіндік ойлау икемділігі өрбіп, компьютер арқылы оқу материалдарын, оқыту және бақылау бағдарламаларын іске қосу, орындау дағдылары қалыптасып, компьютерлік стандартты бағдарламалармен, электрондық оқу басылымымен жұмыс жасау икемділіктері жетіле түседі.
Сын тұрғыдан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту арқылы
|