Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті: Еуропа, Ресей халықтарымен мәдени өзара әрекет формаларын салыстыру және айқындау: паттерндері мен жетістіктері. Батыс сұхбатына әсерін шынайы тұрғыдан бағалау



Дата13.03.2022
өлшемі0.93 Mb.
#456214
семинар 4

Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті: Еуропа, Ресей халықтарымен мәдени өзара әрекет формаларын салыстыру және айқындау: паттерндері мен жетістіктері. Батыс сұхбатына әсерін шынайы тұрғыдан бағалау.

Орындаған: Нурмаханов Абылай

Тобы: ТЭк 20-02

Қабылдаған: Найзабаев.Г

Ұлы Жібек жолындағы қалалар мәдениетіБарлық құқықтар қорғалған. белсенді сілтемені пайдаланыңыз

Батысшыл көзқарастағы тарихшылардың және философтардың пікірінше, жалпы көшпелі мәдениеттің, соның ішінде шаруашылық жүргізу мәдениеті артта қалған еді, соның салдарынан осыларды қабылдаған көшпенділерде барлық кезде отырықшы елдерде болған, қоғамдық қатынастарда және соларға тән жеке меншіктік қатынастарда нақ сондай артта қалды. «Жасалған зерттеулер бойынша керісінше, көшпелілер бірінші болып ақша қалыбын игеріп дамытты, тұңғыш таптық қоғамға енді, бірімен-бірі айырбас қатынасын қалыптастырды, содан кейін барып отырықшы халықтармен бірге оларға меншікті қатынасты қалыптастырды, бірге дамытты. Бұған икемді көшпелі өмір салты негіз болып, игі ықпал етті.Барлық құқықтар қорғалған. белсенді сілтемені пайдаланыңыз:

Жеке меншіктің алғашқы түрі өз аяғымен жүретін мал болды, осыдан барып мүліктік теңсіздік пайда болып, байлықтың шоғырлануы басталды. ХХ ғасырға дейін қазақтарда байлық өлшемі ретінде жеке меншіктегі жылқы саны алынып келді. Осының бәрі қоғамның алғашқы даму кезеңінде өздеріне тән шарушылық жүргізу әдістері болған көшпелілер үшін әлемдік мәдениеттің тарихында прогресшіл құбылыс болды, сондықтан да олардың орнын төмендетуге болмайды.Барлық құқықтар қорғалған белсенді сілтемені пайдаланыңыз:

Қала тұрғындарын Ұлы Жібек жолы бойында негізінен соғдылар, түркілер, сириялықтар, таңғұттар құрады. Сонда да, «халықтың ұдайы араласуы көшпенділердің отырықшыларға айналуы мен ассимиляциясы, сонымен қатар егіншілердің малшыларға ауысуы процесі тұрғындардың барлық осы бөліктерінің әлде бір қауымдастыққа біртіндеп бірігуіне алып келді. Бұл қоғамдастық егіншіліктің және мал өсірудің, диқан мен малшының ортақ белгілеріне ие болды. Егер қаланың өзінде Отырар, Қаратау, Жетіасар мәдениеті басым болса, оның айналасында бұрынғы көшпелілер өмір сүрді. Олар өзінің мал өсіру кәсібін де тастамады және қала маңынан ажырамады. Отырықшы және көшпенді мәдениеттің көне түріктерде өркендеген күрделі кіндікдестігі мал өсіру мен егіншіліктің, мал өнімдерін дайындау мен жеміс өсірудің, қолөнер мен бақша өсірудің, құрылыс пен бағбандықтың бірге қатар өмір сүруіне мүмкіндік жасады. Қазақтың ата тегінің көпқырлы әлемі мамандандырылған тіршіліктің әр алуан формаларына негіз салды. Аса дамыған көшпенді шаруашылық жемісті қызмет істеп отырған егіншілікпен үйлесе отырып, сауда және қолөнермен толығып, халықтың әртүрлі этникалық топтарының мейлінше араласуы өзара ықпал етуді және бірігу процестерін күшейтті. Олар озық дүниетанымдық бағыт-бағдарға ие болды. Этностың неғұрлым басым бөлігінің ықпалымен түріктерге айналды».Барлық құқықтар қорғалған белсенді сілтемені пайдаланыңыз:

Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың біртіндеп әкімшілік орталықтарынан қолөнер, сауда және мәдениеттің шоғырланған орталығына айналғанына көптеген зерттеушілер өз назарын аударады. К.М. Байпақовтың пікірі: «Орта ғасырда Қазақстан аймағын мекендеген халықтар мен тайпалар мәдениетінде айқын дәстүрлі сабақтастық көзге түседі. Ол сабақатастық қала салу, қыш өңдеу өнерінде көрінеді. Бұл көне дәуірден бастап, тарихи тағдырлары өзара сабақтаса дамыған, өзара біте қайнасқан Қазақстанның отырықшы және көшпенді халықтарының тығыз байланыстарымен айқындалды».Барлық құқықтар қорғалған белсенді сілтемені пайдаланыңыз

Жібек жолыбойындағы қалалар

Әуелгі Ұлы Жібек жолы мәдениетін жасасқан көне тайпаларға жазба деректерде көп аталатын қаңлыларды жатқызуға болады. Деректемелер былай хабарлайды: ғұндардың Чжичжи (Шөже) шанъюйі «солтүстіктегі үш елді» бағындырып алғаннан кейін, көп кешікпей, Талас пен Сырдария өзендерінің аңғарында көшіп жүрген кангюй тайпаларын ығыстыра бастаған. Жаңа заман шегінде Кангюй ордасының 600 мың жаны, 120 мың жауынгері болған. Шын мәнінде, қаңлы атауы географиялық, не этникалық-саяси мәнді білдіретін ұғым ретінде өте ерте дәуірден белгілі. Парсы жұртының көне эпосы «Шахнама» бойынша Канг тұрандардың ежелгі астанасы. Птолемей оны скиф руы, Әл-Идриси еңбектерінде: хангаркиши, Орхон беттеме жазуларында кенгерес деген атпен еске алынады. V ғасырдағы грузин, армян жазбаларында Кавказда «қаңғар жері», «қаңғар тауы» деген топонимикалар сақталған. Бұған қарағанда, І-ІV ғасырлар шегінде жекелеген қаңлы тайпаларының ғұндарға еріп Кавказ бөктеріне жеткені байқалады.Барлық құқықтар қорғалған белсенді сілтемені пайдаланыңыз

А. Тойнби: «Көшпенділердің тартқан сазайы, шынын айтқанда, эскимостардан ешбір кем емес. Олар бұғауларын бағындыруға тура келген табиғи жағдай өздерін даланың қожасы емес, құлы қылды. Эскимостар сияқты көшпенділер де табиғи жағдайдың, жылдың төрт мезгілінің тұтқыны болды. Қырмен байланысты жолға қоямын деп жүріп олар өзге әлемнен қол үзіп қалды. Олар ауық-ауық өз жерін тастап, көрші отырықшы өркениет иелеріне басып кіріп, көршілерінің қалыпты тірлік ағысын талай мәрте тоқтатып тастап отырды.

Шынтуайттап келгенде, бұл көшпенді ырықсыз бағынатын сыртқы күштердің әсерімен де болатын. Ондай күш екі түрлі: біріншіден, қырдың ауа-райы өзгеріп, көшпенді одан не қоныс, не өріс таппай тықыршып, екіншіден, жергілікті отырықшы қоғаммен арада көзге түспес кеңістік пайда болып бірін-бірі жақындатпауы олардың зығырданын қайнатып, төтенше қимылға ұрындыратын. Осыдан келіп қырғын қырқыс өзі-ақ туатын. Сондықтан көшпенділер тарихи оқиғаларға осылай айбарлы тартылғандықтан оларды тарихы бар қауым деуге болмайды», – деп жазған. Өркениеттің өзін таза мәдениет деп деп қана танитын да осы Тойнби.Барлық құқықтар қорғалған белсенді сілтемені пайдаланыңыз



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет