Партизандар ңаруды біреу-міреу тауып алып, әке- тіп қалған екен деп жорамалдады.
Егер Илько алдағандай болса, онда қайтып оралма ған болар еді деп ойлады партизандар. Олар ақтық байламға келгенше, анадайдан бұларға күлімсіреп ке ле жатқан Ильконың жүрісін көздері шалып қалды
ІІартизандар бұған таң-тамаша қалды. Бірақ Илько сол сәтте мұндай айланы қолдануының мәнісін түсінді ре бастады.
Командир жолдас, ең алдымен сақтық керек деп өзіңіз айттыңыз ғой. Сондықтан винтовкаларды осы лай алып келуге тура келді,— деді ол жымиып.— Мен сайға байқаусыз түстім, бірақ сайдың қарсы қабағын дағы дөңесте ойелдер жұмыс істеп жүр екен. Ңайтарда не асынып, не қолға ұстап келе жатқан винтовканы олар көріп ңоймас па екен деп сескендім. Сақтық үшін көйлегімді қақ бөліп, винтовкаларды аяғыма байлап алдым. Пенжагімді шалбарым ішіне салдым, патрон дарға да орын әзір болды. Шөп қалың, биік еді, вин товкалар елеусіз сүйретіліп отырды. Патрон әкел< жатқанымды аңғартып алмау үшін, бос қолымды сер меп, құр қол екенімді көрсету керек болды. Кім біледі ой әйелдердің ішінде де жаудың тыңшысы болуы мүм кін ғой.
Осында отырган партизандардың бәрі де бұл «ере сек» ақылды баланың тапқырлығына ңайран қалып оны бетінен шөпілдетіп сүйіп-сүйіп алды.
Жігітсің, Илько! — бұл тосын мақтаудан бала ның жүзі күреңденіп кетті.— Біз сені де, Михайло ме; Михайло Тимофеевичті де отрядқа қабылдаймыз,— деді отряд командирі.— Жұма күні кешке, яғни үі күннен соң, қас қарая, сіздер Луковец хуторынан ж< ғарырақ Панитов орманына келіңіздер. Үлкен емет агаштың маңында, орманның шетінде, біздің адамда < сендерді қарсы алады.
Біз тірі болсақ, қайткенде де жетеміз. Рақмет,— деп Илько партизандарға алғыс айта қарады.
Ал, енді сен қазір қайт, сақ бол! — деді отряд командирі,— селоға сиырларды айдап баратын уақыт боп қалды. Қас қарайып бара жатыр...
* * *
Достарыңызбен бөлісу: |