ездің әзір екені туралы сабырлы, байсалды түрде жа- уап берді.
Теміржолшы екі украин жігіттің көмегімен осы разъезде поезды тоқтату үшін бүкіл темір жол сигнал- дарын пайдаланды.
Партизандардың әрқайсысына жеке-жеке тапсыр- малар берілді. Оның ішінде Болатов пен Илькоға па- ровоз айдаған немісті құралсыздандыру тапсырылды.
Барлыгы да эшелонды мазасыздана күтті. Бір кез- де көк жиектен ақ түтін көрінді. Минут сайын будақта- ған түтін қалыңдай, сүрғылттана берді. Эшелон разъез- ге жақындады. Созылта гудок беріп, жүрісін бірте-бір- те баяулата, ауыр пысылдап, поезд келіп тоқтады.
Эшелон түнерген, күп-күңгірт. Вагондарды тас қы- лып жауып тастаған. Бұл вагондарда тіршіліктің ны- шаны да жоқ, поездың күзеттері де көзге түспейді. Гіартизандар айғай-шусыз-ақ вагондарды күзеткен пу- леметшілердің бәрін постыдан алып тастады. Болатов пен Илько машинист немісті құралсыздандырып, бай- лап тастады.
Неміс тілін білетін партизан ІІетро Луценко күзет қай вагонда, неше адам деп машинистен сұрап еді, ол жауап беруден біржола бас тартты.
Сондықтан Илько машинистің жәрдемшісіне келді.
Ей, пан, күзет қай вагонда? Онда қанша адам бар? — деп қатулана сұрады ол одан.
Даусы дірілдеп машинист жәрдемшісі:
Орта шенінде, соңғы вагоннан санағанда он екінші вагонда, он екі адам,— деп жауап қатты.
Баяғыда-ақ солай демейсің бе, фашистің сіміл- тігі,— деді Илько жек көре.
Болатов, Илько және бірнеше партизан оіі екінші вагонға бет алды. Вагон есіктері тарс жабылған, ішінен тірі жан жауап бермейді. Луценко немісшелеп:
Өз беттеріңше шықсаңдар, өмірлеріңді сақтай- мыз, болмаса, вагонды эшелоннан бөліп аламыз да, өртеп жібереміз! — деп айқайлады.
Вагон есігі ақырын ғана ашылды, қолдарын көте- Ріп, бірінің соңынан бірі он екі солдат шықты. Адам сияқты емес, ұсқынсыз, тұрі қашып кеткені жексұрын, Норқақ екені көрініп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |