Трахтомировка деревнясынан жарты километр шыққаннан кейін, жолда барлаушылар осы селоның негізгі тұрғыны — байланысшы Семен Григорьевич Власенко қартпен кездесті
Партизандармысыңдар? — деді қарт амандасу үшін қол көтеріп, шаттана күлді.
Ие, ата, солардың өзі! — деп көп үшін Илько жауап берді. Партизандар тоқтады.
Ңалай, қартым, бұған қуанып тұрсың ба, әлде жоқ па? — деп көзін қысып қулана сұрады Григорий Алексеенко.
Ңалай қуанбайын! Өз адамдарымыз, өз туған- дарымыз, азат етушілеріміз, сендер, қаншама игілікті іс істеп жүрсіңдер, рақмет, жарайсыңдар! — деп қарт бәріне мейірлене қарады.— Туғандарым, бүкіл село халқының атынан өтініп сұрарым — бізді мынау ке- лімсектерден, мынау тонағыш малғұндардан құтқа- рыңдар! Міне тагы да ауданнан солдаттар келді, астық, мал бер деп әкіреңдейді.
Сіздерге қанша солдат келіпті? — деді Болатов қарттан.
Менің көзіме шалынғаны бесеу. Ңазір олар мек тепте отыр, элдеқандай бір тізім жасап жатыр,— деді қарт.
Болатов жолдастарына қарап еді, олардың көзңа растарынан бірден-ақ өзінің ойлағанын мақұлдап тұр ғанын сөзді. Олар командир айтпаса да бұл бес солдат ты қарусыздандырып тұтқынға алу керектігін аңғар ды. Бұлардың артынан келетіндерді үрейлендіру үші мұны істеу қажет еді. Оның үстіне құрал да габу кере болды, өйткені отрядты разъездегі жастармен толык тырғаннан кейін қару-жарақтың жетімсіздігі сезіл' бастады.
Жақсы, ата! Халық тілегін қадір тұттық,— деді Болатов қартқа.— Отанымыз, халқымыз үшін қызмет істеп жүрміз, оны төсімізді төсеп қорғаймыз.
Бәрекелді, қарақтарым! — деп қарт алғыс айт- ты, зор аталық сезіммен. Ол партизандарга бурыл тартқан басын төмен иіп, құрмет көрсетті.
ГІартизандар аттан түсіп, аттардың шылбырын қартқа ұстатты да, төртеуі селодағы мектепті бетке ала жүріп кетті. Сағат он екі шамасы еді. Күн қақ төбеде, оның сәулесі тап жазды күнгідей төңіректі қызды- рып тұр. Олар тез жүрді. Маңдайларынан сорғалаған тер, беттерін жуып, жерге тамды. Олар мектепке келді, ма- ңында гірі жан көрінбейді. Жап-жалаңаш үлкен алаң- ның ортасында жападан-жалғыз сопайып мектеп үйі тұр. Бір кезде балалардың айқай-шуына, қоңыраудай сылдыраған әсем үні мен күлкісіне толып тұратын мектеп маңында тірі жан болсайшы, қаңырап бос тұр.