Үш жауынгерге клубтың үш жақ қабырғасынан бір мезетте өрт қой деп бұйрық берді.
Партизандар шапшаң қимылдап, от қойды. От баяу маздап жанды. Ңауіп төнер-ау деп ойламаған немістер клубта даурығып, қарқылдап күліп қаннен-қаперсіз отырды.
Болатов пен Илько пулемет құлағына жабысып, клубтың есігінен көз алмай жаудың сыртқа лап қоюын күтіп жатыр.
Ңою түтін клубтың қабырғасын орай бастады, бі- рақ жалын әлі көрінбеді. Тығыз буылған сабан лапыл- дап жанбай, бықсып жанды.
Оттың лаулап жануына тосыннан шыққан жел кө- мектесті, жалынның отты тілі жалаңдап клуб ішіне қарай кимелей бастады.
Сарай ішінен айқай-шу шықты, сонсын бажылда- ған үрейлі үндер, сынған ыдыстардың салдыры естілді, солдаттар топырлаған қойдай, есікке қарай ұмтылды.
Клубтың кең есігінен сыртқа шығуға жан ұшыра ұмтылған солдаттар сыймай да қалды, бір секундтей олар шырмалып, есік алдына топырлай түсті.
Міне нақ осы кезде оларға пулемет оғы жауып кет- ті. Пулемет оғы оларды қиылған баудай түсірді. Ңұ- лағандарының үстін бастырмалата тірілері сыртқа қа- рай ентіледі.
Клуб есігінің алдында көзді ашып-жұмғанша сол- даттардың көбі өлді және ауыр жарақаттанды, ал қал- ғандары тұтқынға алынды.
Солдаттардың кейбіреулері клубтың терезелеріне қарай ұмтылды, бірақ автоматшылар оларды да қа мап, жауды жойып жіберді.
Ат ңораны ңоршаған жауынгерлердің жағдайы мүлде өзгеше болды. Пулемет тіл қатысымен-ақ ат ңо- раны күзеткен солдаттар, тырым-тырақай боп қашып, түн қараңғысына сүңгіп кетті.
Бағалы уақытты бос жібермей, партизандар ат ңо- раға ұмтылды, екі есіктің де тас-талңанын шығарып, оның ішінен екі жарым мыңдай арыған, жүдеп-жада- ған, үсті-басы алба-жұлба өз адамдарымызды тұтқын- нан босатты. Олардың бәрі партизандарды нақ бір туысқандарындай құшаңтап, алғыс сөздерін айтты.
Ңұтқарылғандарына сенбей, тұтңындағылардың бі- реулері жылап, екінші біреулері күліп жатты. Бұл азап шеккен адамдардың көздерінен баңыттың, ңуаныш- тың, зор алғыстың белгісі сезіліп тұрды.
Достарыңызбен бөлісу: |