Командир жолдас! Автомашиналардың бәрі бұ- зылмаған, қазір жүруге әзір. Олардағы жүк әртүрлі — фашистердің елден тонап алған ұсақ-түйектері мен ол-пұлдары, астың, тамақтар бар.
Рақмет, Михайло. Не істеу керек, оны қазір айтармыз,— деді Болатов. Михайло командирден ұзап та үлгермеген еді, Илько келді.
Командир жолдас! Клубтағы солдаттардын бүкіл мүлкі өртеніп кетіпті. Екі қол пулеметін солдаттардың еліктерінің астынан алдық, қалған ңұралдары түкке жарамсыз боп қапты,— деп жас партизан рапортберді.
Рақмет, Илько! Жігітсің,— деді Болатов.
Бірақ Илько командирдің мақтауын шала-шарпы естіді. Ол жаудан босатылған тұтқындардың арасына еніи кетіпті, Илько оларға ңарап:
Красноармеец жолдастар, кімде-кім машина жүргізе алса, бері шықсын! — деп команда берді.
Ңаптаған топтың ішінен қырық-елу адам шықты.
Әр мэшинаға екі адамнан! — деп командир тіп- ті ңатты қуанып қалды.
Жасаған жауынгерлік қимылдары үшін өзінің жас Достарына катты риза болды, өйткені осындай аласа- пыранда, тұтқыннан босатылғандар оған алуан сұрақ- тар беріп, есін шығарып жатқанда, оның көп нәрсе- лерді есінен шығарып жіберуі мүмкін еді. Ал Илько мен Михайло өздері бас болып, бұл жер- Ден тез кетуді әзірлеуге көп жұмыстар істеп тастады.
1943 жылдың август айы. Майдан линиясы Днепр- ге жақындады. Днепр жағалауындағы жаудың абыр- жу-сасқалаңтаулары көбейді. Темір жол мен тас жол- дар, жалғыз аяқ жолдар жау тылына, батысқа қарай айдаған адам, мал, астық, тонаған мүліктер тиелген транепорттарға лық толды. Жау жеңе алмайтынын сезіп, енді бұрынғыдан да бетер аш жыртқыш секілді аранын аша долданды.