лық беріледі» — деген сияқты пункттері бар. Бұл бұй- рықтың бір данасы күн шығар-шықпаста Поток село- сына хабарландырылған болатын.
Бүркіт тұмсық, ұзын бойлы, шегір көз немістің ал- дыңғы жағында отьірған жастау жігіт аздан соң та- ғы есін жинап, жан-жағына қарады. Оның бұйра ша- шы жабағыдай ұйысқан, бір шекесі қанаған, арқасын- да білеудей болып түскен шомполдың таңбалары бар.
Жігіттің есін жинағанын сезген жандарм қоразда- нып, орнынан тұрып ыржиып күлгенсіп тұрып:
Е, жігіт, шыныңды айтатын болдың ба? Енді мынандай сұрауға жауап бер. Сен әуелі партизандар- дың қай орманда екенін айт,— деді.
Бағанадан үндемей отырған жігіт жандармға көзі- нің астымен бір қарап қойды.
Сөйтіп, партизандар қай орманда?
Панитов орманында.
Саны қанша, яғни неше кісі?
Көп, өте көп.
Ішіндегі бастығы кім, кімдер бар?
Бастығьі Примак деген украинец, қалған бас- тықтардың төртеуі орыс, біреуі қазақ.
Сен партизандарға не мақсатпен бардың?
Менің ойымда партизандарға бару жоқ еді, бар деп үгіттеген осы селодағы дәрігер Устимович. Ол пар- тизандарға астыргын көмек те берді... Партизандармен тығыз байланыс жасап тұрады,— дегенде, жандарм орнынан ұшып тұрып:
Партизандармен кімнің байланысы бар, оны бұ- дан да толық айтқызамын мен саған! — деп, жұдыры- ғын түйді.
Ей, ит, сен әуелі мынаны айт, Козин комендан- тын кім өлтірді?
Козин комендантын сол Панитов орманындағы партизандар өлтірді.
Сен де өлтірістің бе?
Жоқ, мырза, панды мен өлтіріскем жоқ. Оны өлтірген сол партизандардың ішіндегі қазақ, басқала- ры арбадан да түскен жоқ.
Партизандардың ішінде жергілікті жердің адам- дарынан кісілер бар ма?
Достарыңызбен бөлісу: |