Кешкі сағат алтыда селоға кекті шабуыл басталды.
Отрядтың ішінде бұл селоның адамдары көп еді. Жауға негізгі соққы беретін участокке Михаил Гром- ның, Иван Ломактің, Карпо Ломактің, Василий Силь- вестровтың, Анатолий Янцелевичтің топтары жібірілді.
Вұл соғысқа қарт ана Анатолий Янцелевичтің то- бымен бірге қатысты.
Түні бойы селода кескілескен соғыс болды.
Отрядқа селоның қоршаудағы адамдарының кәрі- жасы демей комек көрсетті. Бұл айқаста жаудың ерек- ше батальоны талқандалды.
Таң ата село басқыншылардан тазартылып, парти- өандардың қолына қайта көшті.
Село у-шу. Көшеде бірін-бірі құшақтап, сүйісіп жат- қан адамдар. Үй арасында зымырай жүгіріп бала- лар жүр.
Селоның тұрғын адамдары партизандармен бірге селоның ортасындағы алаңға қарай ағылды. Жұрт ер- лікпен қаза тапқан ерлерін дардан түсіріп алып, жер- легеннен кейін, бұрынғы сельсоветтің конторының ал- дына жиналды. Барлығының жүзінде өздерінің бола- шақ бақыты үшін қасық қандары қалғанша аянбай күресетіндіктерінің белгісі көрініп тұр еді.
Жау талқандалған кезде халық жиналған үйдің ішінен неміс басқыншыларынан қолға түсірілген көп документтерді алып, отряд командирі Константин Спи- жевой, штаб бастығы Григорий Алексеенко мен София Павловна шықты. Бұл басқыншылардың Украин же- ріндегі айуандықтарын әшкерелейтін документтер бо- латын.
Григоровтықтар өздерін фашистердің қанды қолы- нан алып қалған анаға алғыс айтып, бүкіл халқы қол- дарына қару алып партизан отрядына қосылды.
ТОСҢАУЫЛҒА ТОСҢАУЫЛ
Панитов орманынан осы Хоцкий орманына келгелі бүгін екінші күн. Орман ағашы қанша қалың болғаны- мен оның көлеңкесі бізді шілденің ауа айланып жерге
түскендей ыстығынан қорғай алмады. Жігіттер шы- ясыған ыстыққа шыдамсызданып, үй орнындай шал- хяықтан қазылған апаннан су алып, бірін-бірі шомыл- дыруда болды. Аттарымыз да шыбындап, дамыл ала
Достарыңызбен бөлісу: |