Самолетке кіргізіп алғанда Виктор Олейник ессіз еді. Оған экипаж қандай медициналық көмек көрсетсе де, есін жинай алмай, сұлық жата берді. Самолет алыстан айналып келіп арнаулы белгі бер- ген жерге қонды. Викторды далалық госпитальға жөнелтті. * * * Ңазір Виктор тірі, бірақ аз тұтығып сөйлейді, құла- ғы өте нашар естиді. ТАУДАН ҚҰЛАҒАН ЭШЕЛОН Перечень станциясындағы жасырын ұйымның бар- лаушысы Ңұрама штабына келіп кеткеннен кейін ми- нашылар тобы тосқауылға шықты. Топ командирі Ку- зин Карпат тауының бір асуына шыққан соң, минашы- ларды жинап алып, әрқайсысына тиісті тапсырма берді де, өзі он минашыны ертіп алып, асудың терістік жағына қарай асып кетті. Олар ағаш арасымен темір жолды жағалап отырып біраз жүріп, бір бұрылысқа келіп тоқтады. Әлгі жердің маңайын болжап алды да, мина қоятын жерлерін белгіледі. Бұл Карпат тауының бері, Полына жеріне қарай асып түсердегі еңістің бірі еді де, жол кішкентай мүйісті солға қарай шұғыл ай- налып өтетін. Жолдың үстіңгі жағы орманды тау, тө- менгі жағы құзар биік, терең сай еді.
Біз осыған мина қоймай, рельсін босату арқы- лы әрекет жасасақ қайтеді? Өйткені, қараңызшы, тіпті бұрылыс өте шұгыл, қолайлы екен,— деді минашы Савченко топ командиріне қарап.
Жоқ, жаудың теміржолшылары аңқау деме, көп солдаттар мен техниканы жіберерде мұндай жолда жай эшелонның өзін ғана жібере салмайды ғой. Украи- нада қандай әдіс қолданушы еді, мұнда да дәл сондай әдіс қолданады. Демек эшелонның алдынан дрезен жі- береді. Оның да салмағы, өзің білесің, әжептәуір, сон- дықтан істі бүлдіріп аламыз,— деді командир сағаты- на қарап тұрып.
Онда рельсті дрезен өткеннен кейін босатсақ
қайтеді,— деп сөзге араласты үшінші бір минашы.
Ол да болмайды. Жау ол жағдайды да есептейді
ғой. Олар көп жагдайларда, әсіресе, жолда күзетші —
патрульдер жоқ жағдайларда дрезен мен эшелонның
арасын көп ұзатпай жедел жүргізеді. Үлгіре алмаймыз.
Мина салу керек, әйтпесе болмайды,— деді командир
басын шайқап.
Төрт минашы төмен — жолға түсіп рельс шпалда-
рының астын қаза бастады. Командир бастаған қалған
партизандар жолдың алдыңғы жағына бақылау жүр-
гізіп, өздерінін екінші әрекеттеріне дайындық жасады.