Сол кезде орыс тілін білмейтін сары жігіт өзін ертіп келген адам мен командирге «осы кісілер не деп отыр» дегендей алма-кезек қарап қойды.
Бұл кісі батальонда не қызмет атқарады? — деп сұрады командир.
Батальон командирінің орынбасары. Біздің жа-
сырын ұйыммен көптен бері байланыс жасап келе жат- қан адам. Венгер батальонының бұл бастамасын ұйым- дастырған осы кісі, өте сенімді адам,— деп жауап бер- ді атай. Құрама командирі жас жігіттің жүзінен әлденені аңлағысы келгендей, оған тесіле қарады да, атайдан:
Сіз, бұл кісіден мынаны сұраңыз: неміс-фашн- змімен осы уақытқа дейін одақтасып, совет халқына оқ атып келіп, енді сол өздерінің жауына қосылмақ бо- лып отырғандарының себебі не? Бұлар бізге қосылса, кешегі өздерінің одақтастарына қарсы, олармен бірге жүрген өздерінің отандастары — венгер солдаттарына қарсы оқ атады ғой? — деп сұрау қойды.
Қарт бұл сұрауды венгер тілінде әлгі адамға айтыгі берді. Ол көп кідірмей жайлап венгер тілінде сөйлей берді. Ол ұзақ сөйледі де, сөзін аяқтай, оң жағында бұрыннан сөзге араласып отырған құрама команди- рінің тілмашы Митяға бұрылып өзінің сөзін орыс- ша аударып айтып бер дегендей ишарат білдіріп бірде- ме деді.
Бұл кісінің аты Мата, фамилиясы — Кегедюш екен. Әкесі де, өзі де Венгрияның еңбекшілер партия- сының мүшесі көрінеді. Бұл кісі венгер халқының, көптеген Европа халықтары сияқты, неміс-фашизмінің құлдығына түсіп, венгердің бұрынғы армиясы Венгрия- ның Хортң бастаған реакцияшыл топтарының көмегі- мен совет халқына зорлап қарсы қойып отырғанын айта келіп, көптеген венгер бөлімдері соғысудан бас- тартып, мыңдаған солдаттар майданнан қашып жат- қанын айтады. Қазір Закарпатьеде венгер бөлімдері өте аз, соның өзін майданға жөнелткелі жатыр. Менің батальонымдағы солдаттар мен офицерлер бірауыздан орыс партизандарына қосылып, фашистің қара күшіне қарсы күресуді ұйгарды. Біз фашистерге қарсы күре- семіз, егер венгер бөлімдерінің ішінде фашизмге беріл- ген реакцияшыл күші болса, оларға да қарсы күресе- міз. Венгер солдаттары түгіл неміс солдаттары мен офицерлерінің ішінде гитлерлік бұл әділетсіз соғысқа наразылары көп. Мүмкіндігі болса бізді қабылдасын дейді,— деп Мятя командирге қарады.