«Осының бәрін шығарған сен, Гриша!» — деп, Спи- жевой Алексеенкомен ұрсысайын деп келе жатыр еді.
Гриша гана емее, қылмысты істеген үшеуіміз, бәріміз де жауаптымыз. Кінәні бірімізге біріміздің жа- батын жөніміз жоқ,— деп оны тыйып тастадым мен. Тағы да үнсіз біраз тұрдық.
Вася, Александр Ваеильевичке сен бір табан да болса жақынырақсың ғой. Сен барып сөйлесіп көр, біз жақындап барып сарайдың сыртында тұрайық,— деді
Спижевой. Алексеенко да Спижевойдың ұсынысын қос- тады. Сонымен тәуекелге бел байлап Құрама штабына қарай жүріп кеттім. Достарым да соңымнан жай басып үнсіз еріп келе жатыр. Келсем штабтың алдында қара-құра кісі саны көп екен. Тың тыңдап тұра қалдым.
Ңайсеновтер келді ме? — деп дауыстады бір кезде Александр Васильевич. Оның даусы маған ызбар- лы естілді. Тағы да біраз тұрдым.
Жоқ, келген жоқ,— десті екі-үш дауыс қата- рынан.
Жігіттер, өлең айтайық, баста, Мариненко,— деді әлден уақытта командир. Мариненконың сазды даусы:
... ІТо за лугом...— деп созып әкетті. Бәрі қосылды. Мариненконың асқақтата салған әніне қосылған әр- түрлі дауыстың ішінен Александр Васильевичтің анда- санда құлағыма бір шалынған жіңішке де ащы да- уысын сүзіп алып тұрғандаймын. Әйткенмен бір кезде Тарас шырқаған осы бір асқақ ән мені елтітіп, көңілде- гі қайгымды ұмыттырып жіберді. Тебірене тыңдап тұрмын. Тіпті кей жерінде ыңылдап оларға еріп те ҚОЯМ[ЫН>
Бір кезде істеген қылмысым есіме түсіп, жүрегім зу ете қалды. Әрине, Александр Васильевич бұрын ма- ған жай ұрысқаны болмаса, жаза қолданып көрген емес еді. Мені сыйлайтын да еркелететін. «Ңазахский народ», «Амангельды», «Тяжелый бомбардировщик» дейтіні оның жақсы серіктерінің бірі екенімді дәлел- дейтін, шын жүрегімен жанындай көріп айтатын сөз- дері еді бұл.