Костя, бір сенің ғана папаң қаза тапқан жоқ... Папаңды өлтірген комендатура жендеттерінің бірін ті- рі жібермей құртып едік қой...— деп едім мен де тілім күрмеле сөйлеп.
Вася, Костя, бірінші салют Отан үшін! Біз қайта оралғанша қош бола тұр, Совет жері! — деп, Алексеен- ко арт жағында жатқан автоматын жұлып алып,
аспанға түйдек-гүйдегімен оқ атты. Біз де аттық: «Сөй- тіп: «Отан үшін!», «Ңасиетті Совет жері үшін!», тіпті «Костяның папасы үшін!» деп те салют бердік.
Сөйтіп отырғанда село жағымыздан жеке-жеке вин- товкалардан оқ атылды да, маңайымызды оқ тіміскі- лей бастады. Бағып қарасақ, көптеген солдаттар тіз- бектеліп бізді қоршап келе жатыр екен.
Солдаттардың басы әр жерден бір қылт-қылт етеді. Біз өзіміздің солдаттар өзімізге қарсы оқ атқанына аң-таңбыз.
Бұлар әлде бендеровшылар болар, біз де оқ ата- йық,— деді Алексеенко.
Жоқ, тал түсте екі селоның ортасында жүрген неткен бендеровшы! Бұлар бізді неміс парашютистері деп қалған болу керек. Өз адамдары екенімізді білді- рейік,— деи едім мен. Сөйткенше болмай Гриша мен Костя екеуіне де бірдей оқ тиді. Енді Алексеенко ыза болып кетіп, оң жағында келе жатқан солдаттарға гра- нат лақтыруға ыңғайлана бергенде, қолынан шап беріп ұстай алдым.
Өзіміздің адамға батылың барып, қалай гранат лақтырмақшысың! Сен өзің кімсің! — деп едім. Ол өр- шеленіп кетті.
Атып, қиратып жатқанда біз қарап отырып құр- бан болмақпыз ба?! Жаумен алысқанда, мұндай емес, қатал едің ғой, Вася! Саған түсінбеймін, Вася,— деп бұлқынды Алексеенко. Спижевой да оны қостап, қар- сы оқ атуымызды талап етті. Сол арада мен олардың қолынан ұстаған жау ретінде болып көріндім.
Бұл жау тылы емес! Мені тыңдап, бұйрығым- ды орындауыңды талап етемін! — дедім екеуіне қату- ланып. Екеуі амалсыздан қарсыласуын қойып, маған бағына бастады...
Достарыңызбен бөлісу: |