қалды. Абраменконың өзі ерекше бір тапсырмамен екінші бір ауданға кеткен. Одан әзір хабар-ошар жоқ.
Анна Ивановна Серік пен Бористі және астыртын ұйымның екі мүшесін ертіп, күн бұрынғы келісім бо- йынша, жер асгы арқылы шие бағы ішіндегі есік ау- зына келді. Дала әлі жарық екен. Далаға шықса, әлі жаңа ғана бүрлеген шие ағаштары бұл бесеуін жасы- рар болмаған соң, сол ауызда аялдай тұруға тура келді.
«Қалай ғана бұлар қолға түсті екен? Бұларды дәу де болса, біреу ұстап берді ғой. Сонда ол азғын кім болды екен? — деп ойлап отырды да: — Жоқ, күдікте- нері жоқ. Бұларды не болғанда да анадағы операция кезінде қашып кеткен қорқақ ұстап берген шығар. Енді Гаман семьясын сақтап қалу керек»,— деген қор- тындыга келді Анна Ивановна.
Гамандар ата-анадан төртеу еді. Әке-шешесі соғыс- тың алдында қайтыс болып, төрт бала жетім қалған. Оның үлкені Иван он жетіде, комсомол мүшесі, комсо- молдардың астыртын жұмысының басшыларының бі- рі. Онан кейінгілері Мария, Галя және Миша. Аралары екі жастан. Ең кішісі он бірдегі Миша болатын. Олар қазір сонда қонып жатқан Абраменконың Витясымен өрімдей бесеу. Осы бесеуін ойлағанда, Анна Ивановна- ның денесі тітіркеніп кетті. «Енді не істеу керек? Қа- зір оларға тезден хабар бермесе, Гаман семьясы да тұтңындалады. Тіпті Иванға немістер күдік туғызба- ғанмен, Витя үшін оларды тұтқынға алып асады. Абра- менко семьясын көрсеткен жауыз, оның семья құра- мын да тізіп айтып берді ғой. Сонда бұларды қазір тұтқындап жатыр. Николай Михайлович үйде жоқ. Оны басқа жақтан іздейді. Не жортуылда жүрген пар- тизандар қатарында деп есептейді. Ал кішкентай Викторды жендеттер алыстан іздемейді. Осы төңіректе- гі селолардан іздейді. Қай селода, қай үйде болуы ке- рек екенін, Виктор қай үйдің балаларымен үйір екенін жендеттерге жорамалдап айтатындар бұл селодан та- былмайды деймісің, табылады. Олай болса, оны да та- бады. Жоқ, таппасын. Таптырмау парыз.
«Ол үшін сәбиді жасыру керек»,— деген алай-дү- лей ой толқыны үстінде мейірімді ана жүрегі тоғыз тебіреніп, он ойнақшыды.
Достарыңызбен бөлісу: |