Үлы Отан соғысының батыр- лары Талғат Бегелдинов пен Сағадат н үрмағамбетовке, Ба- уыржан Момыиіүлы мен Ра- хымжан Қошқарбаевңа, ңаһар- ман партазандар Әди Шәріпов пен Тоңтағали Жәнгелдинге


Дәл осы кезде Македон селосынан үш машина то- лы жандармдар шыға келді. Машиналар бірінің соңы-



бет352/395
Дата26.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#488075
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   395
Jau tilinda 2

Дәл осы кезде Македон селосынан үш машина то- лы жандармдар шыға келді. Машиналар бірінің соңы-




нан бірі екпіндей жүріп келіп, хуторға кіріп тоқтады. Көк, қара киімді жандармдар машинадан түсіп, үй- лерге қарай жүгіре басып кетіп барады.
Ңырықтарды қусырған, орта бойлы, шүңірек көз бі- реу қолына келтек ұстаған неміс офицерінің жанында, иесіне еркелей ерген итше еңкеңдеп басып келе жатыр. Бұл азғын Андрей. Оның соңында жиырмадан жаңа ғана асқан толықша келген шегір көз, сары әйел. Ол — коменданттың тілмашы. Кішілеу ақ үйдің жанына кел- генде, Андрей:

  • Осы үй! — деді шегір көз әйел мен офицерге ал- ма-кезек қарап.

Офицер үйдің жан-жағына қарап алды да, соңынан шұбап келе жатқан солдаттарға бірдемелерді бұйыра айтып барқ ете қалды. Андрей селк ете түсіп, кейін шегініп кетті. Солдаттар үйді тінтіп, астан-кестеңін шығарды. Шатыр ішін, қора-қоймаларды түгел қарап, олар ешкімді таба алмады. Іздеп келгендерінің орнын сипалап қалғанын сезген офицер ашу шақырып, үй ма- ңында тебініп алас ұрды. Сөйтіп тұрганда хутор ста- ростаеы келді. Бұл елулерді еңсерген, бадырақ қой көз, Середа деген қара сұр адам. Басқыншылардың аянбай соғатын қолшоқпары. Өз қолымен ұстап беріп, талай патриоттарды дарга асқызған, алдына салып айдап барып атқызган қаныпезер сатқын. Оған офицер шұқ- шия қарап «Гомана?.. Абраменко...» деген сөздерге та- ғы бірнеше түсініксіз сөздер қосып айқай салып, аузы- нан көбік шашты.

  • Гаман семьясы қайда деп сұрайды пан комен- дант.— деді тілмаш старостага. Староста комендантқа үрейлене қарап:

  • Бүгін таңертең үйінде жүр еді ғой. Олар қайда кетті дейсің,— деп күмілжіп қалды.

  • Село адамдары тығып қойды оларды. Табың- дар. Пан солай деп тұр. Таппасаңдар олар үшін кепіл- демеге селодан кісі алады,— дегенді ескертті шегір көз әйел старостаға.

  • Осьі кішкентай хуторыңызда не болып жатқа- нын білмейсіз. Осындагылардың көбінің партизандар- мен байланысы бар. Көбі астыртын ұйым мүшелері. Гаман Иванның да астыртын ұйыммен байланысы бар. Абраменконың баласы Виктор осы селода, соны тап,— деп тебінді орга бойлы, толықша келген ақ сары. Бұл




Мироновка аудандық полиция бастығы Синявский еді. Қанша шарқ ұрып тіміскілегенмен хутордан іздеген адамдарын таба алмай, үш машина толы жендеттер келген жағына қайта бет түзеді. Осы кезде ойында еш- теме жоқ, сәби Михаил Гаман Македон селосынан шы- ғып үйіне қарай келе жатты. Ол кеше кешке Виктор екеуі Ольга Карповна Семещенко апайдың үйіне келіп, сонда қонып қалган. Виктор Ольга апайдың Женя де- ген қызымен ойнап қалды.
Ольга апайының берген бір табақ бидайын Миша аға-апаларына жеткізбек. Ол қара жолдың шетіне дем алайын деп отыра кетті. «Мені үй де іздеп отырған шығар»,— деген ой келіп, хутор жаққа қарады. Дереу орнынан атып тұрды. Кішкентай жүрегі алып-ұшып, қорқып кетті. Жолдан алыстап қаша жөнелді. Бірак Миша кеш қалды. Алдыңғы машина кілт тоқтады. Бір солдат Мишаны ұстап алып келді.

  • Іздеп жүргендеріңіздің бірі осы Гаман Ми- хаил,— деді Андрей. Мишаны жаққа салып жіберді. Миша шыр ете гүсті. Әлгі ұстап алып келген солдатқа «магиинаға сал мұны» дегендей, офицер иек қақты. Солдат Мишаны көтеріп, машинаға салды. Миша қай- та ұмтылып:

  • Ваня, Ванюша! — деп өлген әкесінің орнына әке, шешесінің орнына шеше болган Иван ағасын жаны мұрньшың ұшына келгенде атын атап, егіліп жылап, жендеттердің тырнагына ілініп кете барды.

Тұтқындаган адамдарды жандармдар село-селолар- ды аралатып жүріп жауап алды. Бірақ он бір жастағы кішкентай Миша өзі білетін астыртын ұйымдардың бірде-бірін жендеттерге айтқан жоқ. Ол адам жаны түршігерлік ауыр азапқа түссе де, соның бәріне совет адамдарына тән қайраттылықпен, адамгершілікпен төзіп бақты.
Міне, жасына жетпей бұлтиған сәби жүзіне айуан- дык қолдың ізі түскен Мишаны кезекті жауапқа Пи селосына алып келді. Староста үйінің алдындағы са- райга әкеп оның жалғыз өзін қамады. Ол бірер сагат- тай отырганнан кейін сарайдың есігінен сығалап қа- раса, сыртта ешкім жоқ екен. Үй ішінен барылдаған еміс-еміс дауыс естіледі. Енді жандармдардың арақ “?іп даурыгып отырғанын Миша сезді. Бұл село да Мишаның талай келіп, балалармен асыр салып ойна-




ған селосы. Осы селода тұратын Игнат Исаковичтің үйіне Миша бірнеше рет келген. Игнат пен Иван ағасы жеке отырып, ұзақ әңгімелесетін. Кей кезде екеуінің пистолет тазалап отырғанын да, листовкалар бөлісіп алып жатқанын да көрген болатын Миша. Сол ұзын бойлы, әруақытта өзімен «Миша генерал» деп қалжың- дасатын адамды қазір көргісі келеді. Оган өзінің осы он күн ішінде көрген азабын айтқысы келеді. Түрме- де Мария апайға жолыққанын, оларды ертең Македон селосына апарып жауап алатынын да айтсам жақсы болар еді, деп ойға кетеді. «Иван, Мария, Галя — үшеуі үйде ме екен? Әлде оларды да ұстап әкетіп, азаптап жатыр ма екен? Олар мені ұстағанын білмейді ғой. Білсе іздеп келер еді!» Не заматта сарайдың сырт жа- ғынан біреу: «Миша, Мишенька!» дегендей болды. Ол өлең етіп бұрылды да, дауыс шыққан жерге барды. Кішкентай бір саңлаудан, айтқандай, Игнат Исакович- тің алып денесін көрді. Миша саңлауға аузын төсеп:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   395




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет