Олай болса, бас сауғалап суға түскендері ағын-
мен төмен кетеді ғой. Сонда оларды қайыра соғу үшін бір пулемет пен екі-үш автоматчик жіберейік,— де- дім мен.
Ол да дұрыс екен! — деді құрама командирі.
Құрама командирінен рұқсат алған соң бір пуле- метчик пен үш автоматчик алып, аралдың төменгі жа- ғына қарай жібердім. Тосқауылда жатқан партизандар Иван Кузьмичтің командасын күтіп жатыр. Пароход та қатарласа берді.
— Огонь! — деген Иван Кузьмичтің даусы шығуы- ақ мұң екен, пароходқа оқ борап кетті. Палубада су жиегін тамашалап тұрған басқыншылар қатарын пу- леметтың алғашқы дүркін оғы астан-кестеңін шығарды. Сол жерде жаудың біразы палубаның арғы жағына қа- рай қашты да, қалғандары каюталарға кіретін үлкен есікке ұмтылды. Партизандар оқты үстін-үстіне жау- дырып жатыр. Жаудың тең жарымы теңкиіп палуба үстінде қалды. Қалғандары суға қойып-қойып кетті. Суға тоғытылған қойдай ыққан қылқиған бастарды тосқауылшылар оқпен қарсы алды. Пароход қайрылып барыи, ағынмен төмен қарай жылжыды. Сол кезде пар- тизандар пароходты гранаттың астына алды. Андрей Милентенков пен Василий Мещеряковтың қарулы қол- дарынан шыққан төрт-бес танкіге қарсы гранаттардан кейін-ақ пароход суға бата бастады. Осы кезде кейбір жасырынып қалған басқыншылар бас еауғалап суға қарғыды. Олар да жеке атқыштардың қарауылына ілі- ніп жатыр. Біз енді төмен қарай жылжып, суға батып бара жатқан пароходтың соңынан ердік. Жаудың тірі қалғандары жан таласып бізге оқ ата бастады. Бірақ аралдағы қзлың тоғайдың қалқасында тұрған тосқа- уылшыларға оқтары дари қоймайтынын білген жау бі- раздан соң оқ атуларын тоқтатты. Сөйткенше болмай енді судың арғы жағынан бізге қарай оқ атыла бас- тады. Бақсақ пароходты қалқалап, жаудың біразы су- дың арғы жағына өтіп кеткен екен. Судың арғы жағын- да Переяслав қаласы да алыс емес еді. Манадан бері атылған оқ, жарылған гранат дауыстарын ол қаладағы жау командасы да естіген болу керек. Суға батып бара жатқан пароход та өкіріп дабыл берді. Енді Переяслав комендатурасынан көмекке қосымша күш келіп қалу- ға тиіс. Біз аралдың екінші тыл жағына ығыстық. Сөйткенше болмай жау да жетіп, бізге оқты қарша бо-
рата бастады. Біраң сол арада біз судың оң жағына өтіп, үш ңайыңтың үшеуін де суға батырып кеттік. Біз- ді жау өкшелеп ңуа алмады. Ңайыңсыз судан өту олар- ға ңиынға соңты. Біз ңалың орманға кіріп кете бардық.
Достарыңызбен бөлісу: |