Екінші коробканың жалғыз-ақ оғы қалды. Көптен сақтап жүрген үш оғын қалтасынан алып, коробкаға сала бергенде денесі жылып, көзі қарауытып үнсіз жа- тып қалды
Екінші коробканың жалғыз-ақ оғы қалды. Көптен сақтап жүрген үш оғын қалтасынан алып, коробкаға сала бергенде денесі жылып, көзі қарауытып үнсіз жа- тып қалды. Осыдан кейін не болғанын білмейді. Әлден уақытта көзін ашса, бір үйде жатыр, көтеріліп тұрайын десе — денесі ауыр тартып, әсіресе, оң қолы, оң аяғы қатты солқылдап ауырып, қимылдатпайды. Сол қолымен сүйеніп, ақырын көтеріліп қараса, өне бойының бәрі қан. Анадайда бір полицай күзетіп отыр. Осыны аңлауға ғана шамасы келген Панас тағы та- лықсып кетті. Есіктен кірген ұзын бойлы полицай күзетшіге қарап:
Есін әлі жиған жоқ па, мына иттің баласы? — деп қанға батыгі жатқан жаралының қасына келді.
Әлгінде басын көтеріп еді, білмеймін, әдейі жа- тыр ғой деймін,— деп күзетші орнынан тұрды.
Екеуі әл үстінде жатқан жаралының денесін жала- ңаштап: бірі сүмбімен, бірі мылтықтың дүмімен ұра бастады. Ңанша ұрғанмен, өлім алдында жатқан адамнан ыңыранғаннан басқа үн шықпады. ¥ра-ұра жалыққан соң, жаралыны еденнің ортасы- нан үйдің бұрышына сүйреп тастады да, бір-біріне: бұл қайсар бандит көрінеді, бұған темір қыздырып әкелу керек, сонда қайтып тұрмас екен десіп, бірі жа- ралының қасында қалды да, екіншісі үйден шығып кетті. Жарты сағаттан соң полиция бастығы қолдарында қып-қызыл темірі бар екі полицаймен келіп, ыңыранып жатқан жаралының етін қари бастады. Онда да жара- лыдан ешбір жауап ала алмады. Полицайлар темір су- ынғанша Панастың денесін қарып, жан түршігерлік қорлық жасады. Халық ұлы қаһарман Панас — ауыр жапа шегіп, мәңгі көзін жұмды. Бірақ ол жылап өлген жоқ, қай-
сарлыңтың, еліне берілгендіктің ңасиетті үлгісін көрсе- тіп, азаматтық арына дақ салмай, өзі білетін соғыс ңұпиясын, партизандың сырды өзімен ала кетті. ДНЕПРДЕ Майдан шебі Днепрден шығысңа ңарай алыстап кеткен бір кез еді. Село-село, ңала-ңалада басқыншы- лардың әскери комендатуралары, жандармдары мен полицайлары ойларына келгенін істеп тұрған шаң бо- латын. Олар елден тонап алған азық-түліктерін, басңа да алуан түрлі мүліктерін эшелондарға тиеп, бір жа- ғынан майданға жіберіп жатса, екінші жағынан Гер- манияға жөнелтіп жатңан-ды. Олар тек мүлікті ғана тонаумен тынбай, сонымен бірге уаңытша жау тылын- да қалған совет жастарына да ңолынан келгендерін іс- теп баңты. Село-селоға ңарулы күштерін жіберіп, жү- мысңа жарамды деген жастарды темір жол станцияла- рына жинап, вагондарға малша тиеді. Вагондардың есіктерін мыңтап бекіткен соң сыртына: «Германияға өз еріктерімен кетіп бара жатңан жастар»,— деп, Укра- ин тілінде бадырайтып жазып ңоятын еді. Еріксіз кетіп бара жатқан жастар жол-жөнекей вагондарды бұзып ңашатын болды. Осыған орай басқыншылар да совет адамдарына ңатал да қарулы шаралар ңолдана баста- ды. Жаудың жазалаушы жасаңтары елді пунктерді қоршап алып, қолдарына түскен жастарды станция- ларға желкелеп айдап алып барды. Жау өзінің темір жол тораптарында жүк тасу жұмыстарын жеңілдету үшін, су жолын да пайдаланды. Днепр бойында прис- таньдарды жастарды Германияға жөнелтетін гіункт- терге айналдырды. Бір күні Зарубенц селосының тұсына жаудың мо- торлы үш ңайығы келіп тоңтады. Сол маңдағы селолар- дан жастарды жинап жүр деген хабар алдық. Совет жастарын басқыншылар шеңгелінен ңұтңарып алып ңалу үшін Зарубенц селосына аттандың. Ағаш арасы- мен жасырынып келіп, басқыншылар жайлап жатңан селоны тапа тал түсте ңоршап алдың та, селоға тұс- тұстан барлаушылар жібердік. Сол төңіректегі село- лардан жинап алған жастарды колхоздың бұрьінғы ат ңорасына қамап ңойғандарын, ңазір неміс солдаттары үйді-үйлерге бөлініп арақ ішіп, өздерінің «табыстарын»
тойлап жатқандарын білдік. Село адамдарының көме- гімен мүмкіндігінше бұл операцияны оқ шығармай жүргізбек болдық. Селоның әр шетінен кіріп, бірінші кездескен неміс солдаттарын сол үйде қарусызданды- рып олардың киімдерін кидік. Ал өздерін азаматша киіндіріп село сыртындағы орманға шығара бердік. Осылай селоны сүзіп шықтық та, селоның шетіндегі ат қораға қарай беттедік. Ат қораның алдында күзетте тұрған екі солдат бізді өздерінің солдаттары екен деп қалған болу керек. Қаннен-қаперсіз, жайбарақат отыр. Біз жандарына тек таяп келгенде ғана жат екенімізді бірақ сезді. Бірақ олар кеш қалды. Еріксіз қаруларын тастап қолдарын көтерді. Сол сәтте ат қораның терезе тесіктерінен қарап тұрған жастар өздерінің азат етіл- гендіктерін біліп «Уралап», ат қора есігінің қақпасын шалқасынан түсірді. Азат етілген жастардың қуаныш- тарында шек жоқ. Партизандармен құшақтасып, сүйі- сіп араласып кетті. Құрама командирі Иван Кузьмич Примак оқшау шығып, жастарға «тынышталыңдар» дегендей оң қолын көтерді. — Қымбатты бауырларым, қарындастарым, уақыт өте тығыз. Жеңіс күні алыс емес, айбынды Қызыл Ар- миямыз барлық майдандарда жеңістен жеңіске жетіп, жауды өкшелеп қуып келеді. Біз — уақытша жау ты- лында қалған совет адамдары болашақ ұлы жеңіске үлес қосуымыз керек. Жау катал, жау мейірімсіз! Жау қолынан қаза таи- қан әке, шеше, аға, апаларымыз үшін жаудан кек алып, совет жерінде басқыншылардың алшаңдай еркін аяқ басуларыиа ерік бермеуіміз керек! Халық кегін алушылар жасағына ңосылыңдар, қолдарыңа қару алып, кір жуып, кіндік кескен жерлеріңді азат етуге аттаныңдар! Бірде-бір совет адамы Германияға құл- дыққа кетпеуі керек. Басқыншылардан мал-мүлік, азық-түліктеріңді жасырыңдар! Село-селодағы астыр- тын ұйымдармен байланыс жасап, басқыншыларға қарсы күресіңдер! Қазір партизан ясасағына қосылам дегендерің қаруланыңдар,— деп партизандардың осы селода қолға түсірген қару-жарақтарын нұсқады. Қа- маудан босаған кекті жастар ңару-жараң жатқан жер- ге лап қойды. Тиген-тигенінше неміс автоматтары мен винтовкаларын, патрондарын балық үлескендей пы- шақ үстінен бөлісіп алды.