Үлы Отан соғысының батыр- лары Талғат Бегелдинов пен Сағадат н үрмағамбетовке, Ба- уыржан Момыиіүлы мен Ра- хымжан Қошқарбаевңа, ңаһар- ман партазандар Әди Шәріпов пен Тоңтағали Жәнгелдинге


Село үстіне батыстың қара бұлты осылай төніп тұрған кез еді



бет89/395
Дата26.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#488075
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   395
Jau tilinda 2

Село үстіне батыстың қара бұлты осылай төніп тұрған кез еді.
Селоның түстік шетіндегі ағаш үйден шыққан ұзын бойлы қарт әйел қолындағы шелегін көтеріп, босағада күзетте тұрған неміс солдатына шелегін даңғырлатып суға бара жатырмын дегендей белгі берді. Неміс солда- ты оны басынан аяғына дейін шолып өтті де, қолын езен жаққа мезгеп, рұқсат еткендей болды. Ңарт өзенгө қарай жедел басып жүріп кетті. Бұл уақытта күн ең- кейіп Панитов орманының арғы жағына жасырынған кез болатын. Ңарт ана Днепрдің жағасына келіп, жү- ресінен отырып, жан-жағын болжады. Оған сәлодан қашып кету мүмкіндігі жоқ сияқты көрінді.
Өзен жағасына дейін село күзетінде айнала қорша- ған солдаттар тізіліп тұр.
Бөгет, бар-жоғы жүз-ақ метрдей жер! Онан ары бір өтсе кетер еді-ау! Енді қарт ананы өзімен мұңдас тек Днепр ғана құтқара алатын сияқты.




Ол Днепрдің ағынына ңарап ұзақ отырды. Оның көзінің алдындағы Днепрдің ағыны сияқтанып осы уа- қытқа дейінгі өмірі тізбектеліп өтіп жатты да, қосағы Иван атайды осыдан екі күн бұрын жендеттердің дарға асқан жеріне келгенде, селк етіп орнынан тұрып, се- лоға кектене қарады. Село жым-жырт, тек дау- рыға сөйлескен солдаттардың даусы ғана еміс-еміс естіледі.
Сұрланып: «Әйтеуір бір өлім! Өлсем өлермін, өл- месем балама жетермін. Дарға асылған шалымнан артықпын ба?» —деп, суға шалпылдатпай, жай ғана еппен түсіп, ағынын ықтай, шалқалай жүзіп кетті.
Суға бір батып, бір шығып бара жатқанда ол енді селодан шаңқ-шұңқ етіл үрген иттер мен солдаттардың есерлікпен дүркін-дүркін атқан мылтығының даусын естімеді.
Бұл кезде Днепр буырқанып, толқыны белес-белее болып қатулана түсті.
Ана бар күшін салып, енді селодан алыстап кеткен шығармын дегендей оң жақ жиекке қарай жүзді. Өзен- нің ортасынан биік жалдана аққан бір толқын: «Жау- дан құтқардым» дегендей ананы қалың бұталы жарға


әкеп соқты. Ол арпалысып жан-дәрмен жіңішкелеу ті- кенді бұтадан ұстай алды. Біраз дем алған соң бар дәр- менімен жарға қарай ұмтылып өлдім-талдым дегенде қабақңа шықты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   395




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет