алмады.
Осы тынығуда Примак оқшаулау палаткада жат- қан еді. Ол түнімен ұйқтай алмай шықты. Өйткені ал- дағы операция оны қатты тынышсыздандырған еді.
Мен атты ззводтьің командирімен сөйлесіп, палат- ісаның алдындағы үлкен ағашқа сүйеніп тұр едім. Ңа- сымдағы Федор Тютюник менімен ылғи да ат жайында сөйлесетін. Әдеттегісіндей ол ат жайында әңгіме бас- тады.
Осы аттарды кесінетпейін деп жандарынан шық- пай-ақ жүрмін, сонда да кісіней береді. Түбі осы аттар бізді сатуы мүмкін. Сондықтан осы аттардан, тегі, тез құтылғанымыз жөн болар, жолдас командир! — деп маған қарағанда, Примак та палаткадан шығып, бізге қарай жүріп келе жатыр еді. Біздің жанымызға кел- генде оның жаңа ғана ұйқыдан тұрған көзі тұп-тұнық, әлденені ойлағандай болып тұр екен. Аттарға қараған Примак:
Шын, осылардан құтылу керек. Қазір ерттетіп екеуміз осы аттармен қарамай заводына барып келе- йік. Мүмкін заводта айғырларды пішетін адам бар шы- ғар. Онда біржола піштірте келеміз. «Ңолбасшы», кет- тік,— деп менің арқамнан қақты. Оның мені «қолбас- шы» дейтін себебі: отряд Примактың басшылығымен құрылғанмен, отрядтың командирі мен едім. Ал При- мактың міндегі осы Киев, Полтава облыстарының кө- лемінен біз сияқты бірнеше отряд құрып, оларға тап- сырма беріп, бір-бірімен байланыстыру.
Сөйткенше болған жоқ, Тютюник те біз мінетін екі айғырды ерттеп алып келді. Примак екеуміз әдеттегі- дей киіндік те, мойнымызға карабинімізді салып ла- герьдің түстік батыс жағына қарай жүріп кеттік.
Бұрынғы тәжірибемізде Днепрдің оң жағында опе- рация жасасақ, Хоцкий орманынан ГІанитов орманына қарай, ол сол жағында операция жасасақ, Панитов ор- манынан Хоцкий орманына қарай із тастайтын едік. Сонан бері бұл ормандардың біз білмейтін жері жоқ.
Сол жүргеннен лагерьден бір жарым шақырымдай шыққан соң қарамай заводына баратын жолға түстік.
Біраң заводқа бару үшін әлде де бір-екі шақырымдай жол жүру керек. Жол онша үлкен болмағанмен қара- майшылардың ағаш тасып жүрген кең жолы еді. Со- ғысқа дейін үлкен-үлкен 2—3 колхозды қамтитын, кө- лемі жағынан үлкен завод, қазір немістердің қолында. Заводты жүргізетін Шевченко қарт немістер келгенде, заводты өртеп қашып кеткен екен.
Завод кішкентай ашық жерге орналасқан. Одан әрі осы келе жатқан жол екіге айрылады. Біреуі Хоцкий селосына, екіншісі Гельмиязов ауданына қарай кетеді. Жолдың үстіңгі жағында үлкен сарай бар. Бұл жерде онан басқа екі қарамайшы, қарт тұратын ағаш үйлер тұр. Ңарамайшының екеуі бізге таныс, Хоцкий селосы- нан келген. Ал Канев ауданынан жуырда келген жас- тауын біз білмейміз. Бұлар да мұнда еркімен істеп жүргендер емес. Германияға жұмысқа әкетеді дэген қауіптен қашқандар.
Біз әдеттегідей аяңмен келіп, үлкен қақпага жа- қындадық. Примак менің алдымда келе жатыр еді. Са- райдың есігіне біз де жеттік, арғы жағынан жалаң бас, толық денелі бір адам шыға келді. Оның қолында вин- товкасы бар. Ол бізден, біз онан сескеніп қалдық. Осы жерге мен қожамын деген сезіммен ол өзін ширағырақ ұстады:
Достарыңызбен бөлісу: |