Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»



жүктеу 32.46 Kb.
Дата11.07.2016
өлшемі32.46 Kb.
Ислам және өркениет. - №9. – 21-31 наурыз. – 2011

Қоныров Е.


Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш
Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана» мешітінің ұйымдастыруымен және қалалық әкімдіктің қолдауымен «Қош келдің, Мәуліт» атты рухани кеш өтті.

Оған қаламыздағы дін жолында қызмет етіп жатқан барлық мешіттердің имамдарымен бірге, елімізде Исламның кең етек жаюына айтарлықтай үлес қосқан белгілі ғұлама Сәдуақас қажы Ғылманидың қызы Үкіжан апа, сенатор Әділ Ахметов, Астана қаласындағы С. Сейфуллин атындағы Агротехникалық университеттің ректоры, дің жанашыры Айтбай Бұлашев, т.б. белгілі адамдар және жергілікті жамағат, БАҚ өкілдері қатысты. Сарай ішінде ине шаншар орын болмады. Діні-мерекелік шараны белгілі әншілер Арман Ғабдуллин мен Медет Шайкелов жүргізді.

Кеш шымылдағы Әбу Ханифа атындағы қарилар орталығының директоры Сәдуақас қари Олжабаевтің қасиетті Құран аяттарын оқумен ашылды. Дұға бағышталғаннан кейін мінберге шыққан ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Қалижан қажы Заңқоев жиылған жамағатты Мәуліт мерекесімен құттықтап, бұл күннің мәні мен маңызы жөнінде уағыз айтты. «Бұл күн пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күнін тойлау емес, әлемге нұр шашқан тұлғаның өмірбаянын насихаттау, оны тану. Сондықтан, баршамыз осынау қасиетті күнде Аллаға мадақ, пайғамбарға (с.ғ. с.) салауат айтып, сауапқа ұмтылайық», - деген Бас имам кез келген мұсылманның идеалы, үлгі тұтар тұлғасы Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) болу керектігін тілге тиек етті. Сұрақ қою арқылы халықтың назарын аударып, Ислам ғұламаларының сөздерінен мысал келтіре отырып айтқан уағызы көпшіліктің көңіліне қонымды ьолды.

Бас имамның құттықтау сөзінен кейін сахнада қаз-қатар тізілген «Астана» медресесінің шәкірттері Мәулет салауатын оқыды. Салауат айтқан кезде жамағат орындарынан тұрып, Алла елшісіне (с.ғ.с.) құрмет білдірді. Сонында Қ.Занқоев дұға жасап, бата берді.

Шара барысында жүргізушілер Ислам құндылықтары, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірбаяны жайында әсерлі әңгімелер айтып, жиылған жамағаттың асыл дінге деген қызығушылығын оятып, ықыласын арттыра түсті. Сондай-ақ, өзге мұсылман елдері Мәулітті қалай тойлайтыны туралы танымдық деректер келтіріп, дін ғұламаларының пікірлері айтылды.

Сонымен қатар, Қазақ елінің атынан сонау қара құрлықта құдық қазған «Мейірімділік-2010» қоғамдық қайырымдылық қорының ізгі істер жайында бейнефильм көрсетілді. Жамағат қордың өткен жылғы атқарған игі шараларымен, жасалып жатқан қайырымдылық жұмыстармен танысты.

Тойға арнайы келген айтыскер ақын Балғанбек Имашев хақ дініміз жайында арнау орындаса, белгілі әншә Құрмаш Махан «Бес парыз» әнін шырқап, кештің әрін келтірді. Жергілікті өнер майталмандары пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір баянынан сыр шертетін «Әбутәліп оқиғасын» сахналады. Қойылым барысында пайғамбарлықтың 10-шы жылы төсек тартып, науқастанып жатқан Әбутәліпке Мекке мүшріктері бауырын райынан қайтаруды сұрап келеді. Сонда Әбутәліп пайғамбардың өзін шақырып, сөйлесуді ұйғарады. Дәл осы сәтте «пағамбардың рөлі қалай сомдалады екен» деген көрермен әліптің артын бағып, демін ішіне тарты. Кенет сахнаның орта тұсындабір сәуле пайда болып, орнынан тұрған Әбутәліпсол жарыққа қарап: «Ей, Мұхаммед, бауырым»,-деген кезде Ислам дінініңерекшелігі тағы бір мәрте дәлелдене түсті. Сондай-ақ, Әбутәліпке өлер сәтінде пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең болмаса «Лә иләһа иллаллаһ» деп айтқыза алмауы шынайы түрде сахналанды. «Ата-бабам» деп қана өмірден өткен немере ағасының куәлік сөзін айта алмағанынан қабырғасы қайысқан пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) залдағы жамағат та бірге қайғырып, көздеріне жас алды.

Одан әрі мерекелік шара «Сүннетке беріксің бе?» атты сұрақ-жауап сайысына ұласты. Сұрақтар алдын-ала «ummet. кz» сайтында жарияланған болатын. Көрермендер арасынан өз еріктерімен шыққан жеті адамға сұрақтар таратылып, әрқайсысынан жауап алынды. Сайысқа қатысушылардың бәріне естелік сыйлықтар табыс етілді.

Қазақ ақындарының жыр-термелері мен жас әншілердің әндері рухани кештің ажарын келтіріп, мағынасын арттырды. Елімізге танымал әнші Марат Омаровтың орындауындағы иләһи әндер көпшіліктің жүрегіне жол таба білді. Сонымен қатар, Сержанәли Әлібектің «Жаралғаныңа қуан» әні жамағатты қалың ойға жетелегені сөзсіз. Бағдарламаға сәйкес қазақ тілінен бөлек Құран тілінде, яғни арабша әндер де шырқалды.

Шара соңында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туралы шығарма жазудан өткен жарыстың жеңімпахдары марапатталды. Жүлдені аталмыш оқу орының ректоры А.Бұлашев пен Қ. Заңқоев табыс етті.



М.Омаров, Қ.Махан, А.Ғабдуллин және М.Шайкеловтың қосылып кейін орындалған «Мәуліт» әнінен кейін шымылдық түріліп, бата жасалды.

Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен С.Сейфуллин атындағы Агротехникалық университетінде де Мәуліт мерекесіне орай, «Нұр Астана» мешітінің ұйымдастыруымен дін қызметкерлері және аталмыш оқу ордаларының басшылары қатысқан студенттермен кездесулер өтті.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет