лицензиялау
Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1) тауар биржаларының қызметi;
2) биржалық брокерлер және биржалық дилерлер қызметi.
Ескерту. 3-тарау 37-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.05.04. N 156 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз, 2009.05.08. жарияланды) Заңымен.
4-тарау. ТАУАРЛАРДЫҢ ЭКСПОРТЫ МЕН ИМПОРТЫ САЛАСЫНДАҒЫ
ЛИЦЕНЗИЯЛАУ
38-бап. Жалпы ережелер
1. Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен бекiтiлген, үшiншi елдермен саудада Еуразия экономикалық қоғамдастығы шеңберiнде Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйым салатын немесе шектеулер қолданатын тауарлардың бiрыңғай тiзбесi негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi экспорты және (немесе) импорты лицензиялануға жататын тауарлардың тiзбесiн белгiлейдi.
Тауарлардың экспортын және (немесе) импортын лицензиялау оларды орындау үшiн осы шектеулер енгiзiлген мақсаттармен салыстырғанда тауарлар экспортына немесе импортына мейлiнше шектеушiлiк немесе бұрмалаушылық әсер етпеуге тиiс.
2. Сыртқы экономикалық қызметтiң Бiрыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес сыныпталатын, оған қатысты лицензиялау енгiзiлген әрбiр тауарға лицензия берiледi.
Лицензиар мынадай лицензия түрлерiн бередi:
бiржолғы;
бас;
ерекше.
Лицензиар бас және ерекше лицензиялар берудi Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен көзделген жағдайларда жүзеге асырады.
3. Бас және ерекше лицензиялардың иелерi лицензияның орындалу барысы туралы тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың он бесiне дейiн уәкiлеттi органға электронды құжат нысанында есеп беруге мiндеттi.
Бiржолғы лицензиялардың иелерi лицензияның орындалуы туралы лицензияның қолданылу мерзiмi аяқталған соң күнтiзбелiк он бес күн iшiнде уәкiлеттi органға электронды құжат нысанында ақпарат беруге мiндеттi.
4. Бiржолғы лицензияның қолданыс кезеңi оның қолданыла бастаған күнiнен бастап бiр жылдан аспауға тиiс. Бiржолғы лицензияның қолданыс мерзiмi сыртқы сауда шартының (келiсiмшартының) қолданыс мерзiмiмен немесе лицензия беруге негiз болып табылатын құжаттың қолданыс мерзiмiмен шектелуi мүмкiн.
Сан жағынан шектеулер енгiзiлген тауарлар үшiн лицензияның қолданыс кезеңi квота белгiленген күнтiзбелiк жылда аяқталады.
Егер Кеден одағы комиссиясының шешiмiнде өзгеше жазылмаса, бас лицензияның қолданыс мерзiмi ол қолданыла бастаған күннен бастап бiр жылдан аспауға тиiс, ал сан жағынан шектеулер енгiзiлген тауарлар үшiн квота белгiленген күнтiзбелiк жылда аяқталады.
Ерекше лицензияның қолданыс мерзiмi әрбiр нақты жағдайда Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен белгiленедi.
Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
39-бап. Жекелеген тауарлардың экспортын лицензиялау
Ескерту. 39-бап алып тасталды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
40-бап. Жекелеген тауарлардың импортын лицензиялау
Ескерту. 39-бап алып тасталды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
41-бап. Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде
лицензиялау
Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезiнде өтiнiш барлық жағдайда мақұлданады. Бұл ретте, импорт операцияларын жүзеге асыру үшiн импорттаушы елдiң заңды талаптарын орындайтын кез келген тұлға импортқа лицензия алуға өтiнiш жасау және оны алу құқығын тең жағдайларда иеленедi. Лицензия алуға өтiнiштi тауарлар кедендiк тазартылғанға дейiн кез келген жұмыс күнiнде беруге болады. Лицензия алуға өтiнiш пен қажеттi құжаттар тиiстi әрi толық нысанда ұсынылған жағдайда лицензия он жұмыс күнi iшiнде берiледi.
Импортты автоматты түрде лицензиялауға жататын тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
5-тарау. ЛИЦЕНЗИЯНЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМШАНЫ
БЕРУДIҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТIБI
42-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
беру шарттары
1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, егер жергiлiктi атқарушы орган немесе орталық мемлекеттiк органның аумақтық органдары лицензиар болып табылса, жеке немесе заңды тұлғаны тiркеу орны бойынша берiледi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi беретiн, қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензияларды және (немесе) оларға қосымшаларды қоспағанда, өтiнiштер мен құжаттарды қабылдауды және лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар берудi жүзеге асыратын ұйымдарды Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (қызметтiң кiшi түрлерi болған жағдайда) алу үшiн мынадай құжаттар берiледi:
1) өтiнiш;
2) заңды тұлға үшiн – өтiнiш берушi жарғысының (түпнұсқалары берiлмеген жағдайда салыстырып тексеру үшiн нотариат куәландырған) көшiрмесi және заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтамасы;
3) жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
4) дара кәсiпкер үшiн – өтiнiш берушiнi дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;
5) өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;
6) «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
7) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.
Жарғының көшiрмесiн (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалар берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) ұсыну бөлiгiнде осы тармақтың бiрiншi бөлiгi 2) тармақшасының талабы қаржы саласындағы қызметтi және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қолданылады.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 2), 3) 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну олардағы ақпаратты мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәлiметтер нысанынан алу мүмкiн болған жағдайда, талап етiлмейдi.
«Электрондық үкiмет» веб-порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы құжаттарды беру кезiнде құжаттар электрондық нысанда берiледi.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасында құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн немесе салыстырып тексеру үшiн құжаттың түпнұсқасын ұсыну туралы талап болған жағдайда мұндай құжаттар халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, құжаттың электрондық көшiрмесi түрiнде ұсынылады.
Куәландырылған құжаттардың анықтығы үшiн оларды ұсынған өтiнiш берушi немесе лицензиат жауапкершiлiкте болады.
Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензия берген кезде құжаттар тiзбесiне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi де белгiлей алады.
2-1. Осы баптың 2-тармағының күшi «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабында көзделген тәртiппен лицензия алу жағдайларына қолданылмайды.
3. Лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) өтiнiш;
2) қызметтiң кiшi түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.
4. Лицензиар өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) құжаттарын алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiлерi анықталған жағдайда лицензиар аталған мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша дәлелдi түрде бас тартады.
5. Өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi мәнiне мемлекеттiк органдардың келiсiмдерiн алу үшiн лицензиар өтiнiш берушiнiң лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған құжаттары тiркелген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыратын орны бойынша тиiстi мемлекеттiк органдарға сауал жiбередi.
Мемлекеттiк органдар лицензиар сауалының негiзiнде он жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң қойылатын талаптарға сәйкестiгi немесе сәйкес еместiгi туралы тиiстi лицензиарға жауап жiбередi.
Мемлекеттiк органдар осы Заңда белгiленген мерзiмде жауап жiбермеген жағдайда лицензия беру келiсiлдi деп саналады.
6. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беру, беруден бас тарту, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Ойын бизнесi саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берудiң шарттары мен тәртiбi «Ойын бизнесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Үлескерлердiң ақшасын тарту есебiнен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөнiндегi қызметке лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия берудiң ерекше талаптары «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
7. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшiн тиiстi лицензиарға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына ұсынылған барлық құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады, оның көшiрмесi аталған органның құжаттарды қабылдаған күнi туралы белгiсi соғылып, өтiнiш берушiге жiберiледi (табыс етiледi).
Ескерту. 42-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
43-бап. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру
туралы өтiнiштердi қарау мерзiмдерi
1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны осы Заңда белгiленген тиiстi құжаттармен қоса өтiнiш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей беретiн, атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтегi лицензиарларды, экспорттық бақылауға жататын өнiмдер импорты мен экспортының лицензиарларын қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар он бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей бередi.
2. Егер лицензиар осы Заңда белгiленген мерзiмде өтiнiш берушiге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден дәлелдi түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзiмдерi өткен күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы берiлдi деп есептеледi.
Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру мерзiмдерi өткен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей өтiнiш берушiге тиiстi лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге мiндеттi.
Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген жағдайда бес жұмыс күнi өткеннен кейiн лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алынды деп есептеледi. Өтiнiштiң қабылданғаны туралы өтiнiш берушi алған хабарлама лицензия алынғанға дейiн лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асырудың заңды екенiн растайтын құжат болып табылады.
Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
44-бап. Қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы
үшiн төленетiн лицензиялық алым
Қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн төленетiн лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасы) берiлген (қайта ресiмделген) кезде алынады.
Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым ставкалары Қазақстан Республикасының Салық кодексiмен белгiленедi.
Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) берген кезде лицензиялық алым алынбайды.
Лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды берген кезде осы Заңның 47-1-бабында көзделген жағдайларда лицензиялық алым алынбайды.
Ескерту. 44-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.11.16 N 200-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгiзiледi); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
45-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
беруден бас тарту
1. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға тыйым салынған;
2) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
3) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым енгiзiлмеген;
4) өтiнiш берушi бiлiктiлiк талаптарына сай келмеген;
4-1) өтiнiш берушiге лицензия беру келiсушi мемлекеттiк органмен келiсiлмесе;
5) өтiнiш берушiге қатысты оған қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмi болған;
6) сот орындаушысының ұсынуы негiзiнде сот өтiнiш берушiге лицензия алуға тыйым салған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тарту жүзеге асырылады.
Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензиялар беруден бас тарту үшiн қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлей алады.
1-1. Осы баптың 1-тармағының күшi «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабында көзделген тәртiппен лицензия алу жағдайларына қолданылмайды.
2. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру үшiн белгiленген мерзiмдерде өтiнiш берушiге дәлелдi жауап қайтарады.
Ескерту. 45-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
46-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
беруден бас тартуға шағымдану
Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша осы Заңда белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту өтiнiш берушiге дәлелсiз болып көрiнсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бұл iс-әрекеттерге шағымдануға құқылы.
6-тарау. ЛИЦЕНЗИЯНЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМШАНЫ ҚАЙТА
РЕСIМДЕУ, ОНЫҢ ТЕЛНҰСҚАЛАРЫН БЕРУ, ҚОЛДАНЫЛУЫН ТОҚТАТУ ЖӘНЕ
ТОҚТАТА ТҰРУ
47-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның
телнұсқаларын қайта ресiмдеу және беру, сондай-ақ
электрондық форматқа аудару
1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлiнген жағдайда лицензиаттың лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.
Егер лицензия қағаз жеткiзгiште берiлген болса, лицензиат телнұсқаны алмастан, оны өтiнiш бойынша электрондық форматқа аударуға құқылы.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлiнген бланкiлерi лицензиаттың лицензиарға жазбаша өтiнiш берген күнiнен бастап жарамсыз деп есептеледi.
Лицензиар өтiнiш берiлген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын бередi.
Лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың телнұсқалары осы Заңның 10-бабының ережелерiн сақтай отырып, электрондық нысанда ресiмделедi.
2. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай:
1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) өзгерген;
2) дара кәсiпкер қайта тiркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылған;
4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресiмделуге жатады.
Қызмет түрiнiң және (немесе) кiшi түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растай отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге құқығы бар.
Лицензиат қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.
Лицензиялық алым төленбеген жағдайда, лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеуден бас тартады.
Лицензияланатын қызмет түрiнен бiр немесе одан көп банк операциялары, сақтандыру қызметiнен бiр немесе одан да көп сыныптар алып тасталған жағдайда, лицензиат күнтiзбелiк отыз күн iшiнде лицензияны қоса отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
Қаржы саласындағы қызметтi және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға өызмет түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгерiс лицензияланатын қызмет түрi мәнiнiң өзгеруiне әкеп соқпаса, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
Қайта ресiмделген лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар осы Заңның 10-бабының ережелерiн сақтай отырып, электрондық нысанда ресiмделедi.
Ескерту. 47-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
47-1-бап. Берiлген лицензиялардағы қателердi түзету
Берiлген лицензияда және (немесе) лицензияға қосымшада қателер табылған жағдайда лицензиат оларды түзету туралы еркiн нысанда өтiнiш беруге құқылы.
Лицензиар лицензиаттың тиiстi өтiнiштi берген күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде лицензиялар тiзiлiмiне қажеттi өзгерiстердi енгiзедi және тиiстi түзетулерi бар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бередi.
Ескерту. 6-тарау 47-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
48-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның
қолданылуын тоқтату
1. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) лицензияның берiлген мерзiмi аяқталғанда;
2) жүзеге асырылуына лицензия берiлген iс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;
3) лицензия алып қойылғанда;
4) жеке тұлғаның қызметi тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бiрiгу, бiрiктiру, бөлiну, немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
5) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиарға ерiктi түрде қайтарылғанда;
6) лицензияланатындардың тiзбесiнен қызметтiң жекелеген түрi және (немесе) кiшi түрi алып тасталса;
7) лицензиат лицензиялауға жататын субъектiлер қатарынан алып тасталса;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
2. Лицензияның қолданылуы осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша тоқтатылғанды қоспағанда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде, лицензиат он жұмыс күнi iшiнде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға мiндеттi.
Ескерту. 48-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз), 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
49-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру
Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
49-1-бап. Лицензиялық бақылау
1. Лицензиялық бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берiлгеннен кейiн лицензиаттардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бақылаудың өзге де нысандары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берiлгенге дейiн өтiнiш берушiнiң немесе лицензиаттың бiлiктiлiк талаптарына сай келетiндiгiн тексеру тексерiлетiн субъектiге бару арқылы бақылаудың өзге де нысаны тәртiбiнде жүзеге асырылады, оның нәтижелерi бойынша өтiнiш берушiнiң немесе лицензиаттың бiлiктiлiк талаптарына сай келетiндiгi немесе сай келмейтiндiгi туралы шешiм қабылданады.
Құжаттарды ұсынумен расталмайтын бiлiктiлiк талаптары, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың анықтығы тексерiлуге тиiс.
Ескерту. 6-тарау 49-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
50-бап. Залалдарды өтеу
Лицензия беруден негiзсiз бас тартудан немесе лицензиаттың құқығын бұзудан туындайтын залалдарды өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 50-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
51-бап. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы
заңнамасын бұзу
Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
52-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
2. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 11, 37-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат; N 13, 85-құжат; N 15, 92-құжат; N 16, 97, 102-құжаттар) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Достарыңызбен бөлісу: |