Миссионерлердi және заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни топтарды есептiк тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу



жүктеу 1.32 Mb.
бет1/8
Дата04.07.2016
өлшемі1.32 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8
"Миссионерлердi және заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни топтарды есептiк тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу" мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 30 наурыздағы № 112-115 (26517), 2011 жылғы 31 наурыздағы № 116-119 (26521); "Казахстанская правда" от 10.02.2011 г., № 48-49 (26469-26470); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 13, 166-құжат


      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған «Миссионерлердi және заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни топтарды есептiк тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң       
2010 жылғы 21 қаңтардағы
№ 20 қаулысымен    
бекiтiлген      

«Миссионерлердi және заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни топтарды есептiк тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының iшкi саясат басқармасы (бұдан әрi – басқарма), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) iшкi саясат бөлiмi (бұдан әрi – бөлiм) көрсетедi.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңының 6-2-бабы негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат электрондық Үкiметтiң порталында: www.e.gov.kz, осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларда көрсетiлген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының (бұдан әрi – жергiлiктi атқарушы органдар) интернет-ресурстарында орналасқан.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi миссионердiң есептiк тiркеуден және қайта тiркеуден өткендiгi туралы куәлiктiң (бұдан әрi – куәлiк) берiлуi және заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни топтың есептiк тiркеуден және қайта тiркеуден өткендiгi туралы анықтаманың (бұдан әрi – анықтама) берiлуi не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелдi жауабы болып табылады.
      Куәлiк (анықтама) осы стандартқа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде қағаз жеткiзгiште ресiмделедi.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi – тұтынушы) көрсетiледi
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмi:
      а) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап – жетi жұмыс күнi;
      2) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;
      3) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең көп уақыты – 15 минуттан аспайды;
      4) куәлiктi немесе анықтаманы алу кезiндегi күту уақыты – 15 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген басқарманың (бөлiмнiң) жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын көрсетiледi.
      Қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету басқарманың (бөлiмнiң) ғимаратында жүзеге асырылады. Үй-жай режимi: ғимаратқа кiру, кiру есiгi бөлек орналасқан рұқсаттама бюросы беретiн бiр жолғы рұқсаттама бойынша жүзеге асырылады. Бiр жолғы рұқсаттама басқарманың (бөлiмнiң) тiкелей қызмет көрсетушi лауазымды адамның телефон арқылы берген өтiнiмi бойынша ресiмделедi.
      Ғимараттың құқық тәртiбiн сақтау үшiн тәулiк бойы күзет бекетi, өртке қарсы дабыл соғушы және басқа да қауiпсiздiк шаралары көзделген. Кiреберiстiң алды дене мүмкiндiгi шектеулi адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi алу үшiн тұтынушы (не сенiмхат бойынша өкiлi) басқармаға (бөлiмге) мынадай құжаттарды ұсынады:


      1) миссионерлердi есептiк тiркеу мен қайта тiркеу үшiн:
      осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес ұстанатын дiни ұстанымы, миссионерлiк қызмет аумағы мен мерзiмi көрсетiлген өтiнiш;
      миссионерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына дiни бiрлестiк берген сенiмхаттың немесе өзге де құжаттың көшiрмесi;
      миссионер өкiлдiк ететiн дiни бiрлестiктiң өз елiнiң заңнамасына сәйкес ресми тiркелгендiгiн куәландыратын тiркеу туралы куәлiктiң немесе өзге де құжаттың көшiрмесi;
      Қазақстан Республикасында тiркелген дiни бiрлестiктiң шақыруы;
      әдебиеттi, аудио-бейнематериалдарды және (немесе) миссионерлiк қызметке арналған дiни мақсаттағы өзге де заттарды.
      Есептiк тiркелгеннен кейiн дiни мазмұндағы материалдарды қосымша пайдалану жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiледi.
      Тұтынушы көрсетiлген құжаттарды ұсынған кезде белгiленген тәртiппен тiркелген паспортын немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжатты көрсетедi;
      2) заңды тұлғаның белгiлерi жоқ саны аз дiни топтарды есептiк тiркеу мен қайта тiркеу үшiн:
      осы стандартқа 8-қосымшаға сәйкес есептiк тiркеу немесе қайта тiркеу туралы өтiнiш;
      топ басшысы мен мүшелерiнiң жеке куәлiгiнiң немесе паспортының көшiрмесi;
      топтың орналасқан жерiн растайтын құжаттың (жалдау, сатып алу-сату шарты, жылжымайтын мүлiкке құқықтарын жүргiзiлгенi тiркеу туралы мөртабан басылған жылжымайтын мүлiкке құқықты растайтын құжат) көшiрмесi.
      Егер үй-жайдың иесi жеке тұлға болса, онда жеке тұлғаның үй-жайды саны аз дiни топтың тұратын жерi ретiнде бергенi туралы келiсiм ұсынылады.
      12. Өтiнiш үлгiлерi электрондық Үкiметтiң порталында:www.e.gov.kz, осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларда көрсетiлген жергiлiктi атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналасқан.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген басқармаға (бөлiмге) тапсырылады.
      14. Басқарманың немесе бөлiмнiң құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнiң тiркеу мөртабаны бар (кiрiс нөмiрi, күнi) тұтынушы өтiнiшiнiң көшiрмесi құжаттар мен заттардың тапсырылғанына растама болып табылады.
      15. Куәлiк (анықтама) тұтынушыға (немесе сенiмхат бойынша өкiлiне) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген мекен жайларға өзi барған жағдайда берiледi.
      Куәлiктiң (анықтаманың) берiлуi, берiлген куәлiктер (анықтамалар) журналында тiркеледi.
      16. Осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық ұсынылмауы мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға негiз болып табылады.
      Куәлiктi (анықтаманы) беруден бас тартылған жағдайда құжаттар пакетi алынғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде тұтынушыға жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтарылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Басқарманың (бөлiмнiң) қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықты сақтауға негiзделедi және әдептiлiк; мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша толық ақпарат беру; оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерi осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Басқарманың (бөлiмнiң) жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.08.01 № 888 Қаулысымен.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкiлеттi лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген мекенжайлар бойынша басқарманың (бөлiмнiң) құжаттамалық қамтамасыз ету қызметi түсiндiредi.


      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, шағым осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларда көрсетiлген мекенжайлар бойынша жергiлiктi атқарушы органның басшылығына берiлуi мүмкiн.
      22. Дұрыс қызмет көрсетiлмеген жағдайда шағым мекенжайлары мен жұмыс кестелерi осы стандартқа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларда көрсетiлген басқарманың немесе жергiлiктi атқарушы органның құжаттамалық қамтамасыз ету қызметi арқылы жазбаша нысанда почта бойынша немесе қолма-қол берiледi.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқылы.
      24. Шағым еркiн нысанда миссионерлердi есептiк тiркеу мен қайта тiркеу туралы куәлiгiн немесе заңды тұлғаның белгiлерi жоқ саны аз дiни топтарды есептiк тiркеу мен қайта тiркеу туралы анықтамасын беруге арналған өтiнiштiң көшiрмесiн қоса отырып берiледi.
      25. Шағымды басқарманың (бөлiмнiң) немесе жергiлiктi атқарушы органның құжаттамалық қамтамасыз ету қызметi тiркейдi. Шағым берушiге, тiркелген күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
      Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты осы стандартқа 1, 2,  3және 4-қосымшаларда көрсетiлген телефондар арқылы алуға болады.
      Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.
      26. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларда көрсетiлген жергiлiктi атқарушы органдардың интернет-ресурстарынан алуға болады.

«Миссионерлердi және заңды  


тұлға белгiлерi жоқ саны аз 
дiни топтарды есептiк тiркеудi
және қайта тiркеудi жүргiзу»
мемлекеттiк қызмет көрсету 
стандартына 1-қосымша   

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары iшкi саясат басқармаларының мекенжайлары мен жұмыс кестелерi

Р/с


Атауы

Мекенжайы

Телефон нөмiрi

Электрондық пошта мекенжайы

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

6

1.

Астана қаласының Iшкi саясат басқармасы

Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 11

8 (7172) 55-66-92

ishki-sayasat.astana.kz

Жұмыс күндерi: дүйсенбi - жұма
Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн
Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi

2.

Алматы қаласының  Iшкi саясат басқармасы

Алматы қаласы, Республика алаңы, 4

8 (727) 271-66-47

uvp.almaty.kz

Жұмыс күндерi: дүйсенбi - жұма
Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн
Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi

3.

Ақмола облысының Iшкi саясат басқармасы

Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесi, 1 «б»

8 (7162) 25-80-12

dvp_akmo@mail.ru

Жұмыс күндерi: дүйсенбi - жұма
Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн
Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi

4.

Алматы облысының Iшкi саясат басқармасы

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 38

8 (7282) 24-77-22

d-51@yandex.ru

Жұмыс күндерi: дүйсенбi - жұма
Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн
Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi

5.

Ақтөбе облысының Iшкi саясат басқармасы

Ақтөбе қаласы, Әбiлқайыр хан даңғылы, 40

8 (7132) 56-26-69

aktobe_politika@mail.ru

Жұмыс күндерi: дүйсенбi - жұма
Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн
Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi

6.

Атырау облысының Iшкi саясат басқармасы

Атырау қаласы, Әйтеке би көшесi, 77

8 (7122) 35-40-88

dvpatr@mail.ru

Жұмыс күндерi: дүйсенбi - жұма
Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн
Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi

7.

Шығыс Қазақстан облысының Iшкi саясат басқармасы

Өскемен қаласы, М. Горький көшесi, 40

8 (7232) 26-42-54

dvp_vko@rambler.ru,
263641@mail.ru

Жұмыс күндерi: дүйсенбi - жұма
Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн
Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi

8.

Батыс Қазақстан облысының Iшкi саясат басқармасы

Орал қаласы, Молдағалиев көшесi, 19

8 (7112) 50-02-36
51-31-48

dvp_ngo@mail.ru

Жұмыс күндерi: дүйсенбi - жұма
Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн
Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi

9.

Жамбыл облысының Iшкi саясат басқармасы

Тараз қаласы, Достық даңғылы, 1

8 (7262) 43-08-54

uvp_taraz@mail.ru

Жұмыс күндерi: дүйсенбi - жұма
Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн
Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi

10.

Қарағанды облысының Iшкi саясат басқармасы

Қарағанды қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 39

8 (7212) 42-13-75

polit_party@mail.ru

Жұмыс күндерi: дүйсенбi - жұма
Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн
Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi

11.

Қостанай облысының Iшкi саясат басқармасы

Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесi, 66

8 (7142) 57-51-93

politika@kostanay.kz,
politika_npo@kostanay.kz

Жұмыс күндерi: дүйсенбi - жұма
Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн
Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi

12.

Қызылорда облысының Iшкi саясат басқармасы

Қызылорда қаласы, Ы. Жахаев көшесi, 76

8 (7242) 27-73-62
27-32-62

dvp-ko@rambler.ru,
dvp-ko-omia@rambler.ru

Жұмыс күндерi: дүйсенбi - жұма
Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн
Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi

13.

Маңғыстау облысының Iшкi саясат басқармасы

Ақтау қаласы, 14 шағын ауданы, 1-үй

8 (7292) 42-13-00

dvpaktau@gmail.com

Жұмыс күндерi: дүйсенбi - жұма
Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн
Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi

14.

Павлодар облысының Iшкi саясат басқармасы

Павлодар қаласы, Жеңiс даңғылы, 15

8 (7182) 32-21-19

org.uvp@pavlodar.gov.kz

Жұмыс күндерi: дүйсенбi - жұма
Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн
Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi

15.

Солтүстiк Қазақстан облысының Iшкi саясат басқармасы

Петропавл қаласы, Конституция көшесi, 58

8 (7152) 46-31-33

dvp@sko.kz

Жұмыс күндерi: дүйсенбi - жұма
Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн
Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi

16.

Оңтүстiк Қазақстан облысының Iшкi саясат басқармасы

Шымкент қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 3

8 (7252) 33-97-93

dvp-uko@mail.ru

Жұмыс күндерi: дүйсенбi - жұма
Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн
Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi
  1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет