монолитті конструкцияларды орналастыру, сондай-ақ құрама-бетон және темір-бетон конструкцияларын монтаждауды, қабырға тасын қалау мен далдаларды орналастыруды және ойықтарды толтыруды;
шатырлау жұмыстарын қамтитын күрделілігі І немесе II және III деңгейдегі ғимараттар мен құрылыстардың тіреуіш және қоршау конструкцияларын тұрғызу;
мыналарды:
мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсіпшілік және магистральдық желілерін, сондай-ақ мұнай өнімдері құбырларының магистральдық желілерін;
ұңғымаларды жайластыруды (мұнай және газ ұңғымаларын жайластыруды қоспағанда);
кернеуі 35 кВ дейінгі және 110 кВ дейінгі және одан жоғары электр беру магистральдық желілерін;
тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газдандыруды;
гидротехникалық және селден қорғау құрылыстарын, бөгеттерді, дамбаларды;
түтін шығатын мұржаларды, күш түсетін тіректерді, градирняларды, шахта үстіндегі тоқпақтарды;
отқа төзімді материалдарды қалауды;
жарылу-өрт қаупі бар жабдықтарды монтаждауды;
түсті металдардан, полимерлік материалдар мен шыныдан жасалған технологиялық құбырларды монтаждауды;
байланыс пен телекоммуникацияның жалпы республикалық және халықаралық желілерін;
мұнай, мұнай өнімдері мен сұйытылған газ қоймаларын;
жер қабатындағы бұрғылау және бұрғылау-жару жұмыстарын;
су асты-техникалық жұмыстар мен теңіз шельфіндегі жұмыстарды;
мелиоративтік және су шаруашылығы құрылысындағы жер жұмыстарын;
жер қабатындағы гидромеханикаландырылған жұмыстарды;
тау-кен ұңғылау және тоннель жұмыстарын, сүзілуге қарсы қалқаларды орналастыруды қамтитын арнайы құрылыс және монтаждау жұмыстары өндірісі (оның ішінде жер қабатындағы арнайы жұмыстарды жүргізу);
сыртқы инженерлік желілер мен құрылыстарды және ішкі инженерлік жүйелерді, оның ішінде:
темір жол қатынасы жолдарын электрмен жабдықтау желілерін, әуе көлігі кәсіпорындарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желілерін;
магистральдық жылу желілері мен орта және жоғары қысымды газбен жабдықтау желілерін қоса алғанда, қысыммен жұмыс істейтін құбырларды;
газбен жабдықтаудың төмен қысымды тұрмыстық және өндірістік желілерін, газ шаруашылығының ішкі жүйелері мен тұрмыстық құрылғыларды;
суық және ыстық сумен жабдықтау желілерін, тұрмыстық, өндірістік және жауын-шашынның қалдық суларының орталықтандырылған кәрізін, су құбыры мен кәріздің ішкі жүйелерінің құрылғысын;
электрмен жабдықтау желілерін, сыртқы электрмен жарықтандыру құрылғысын, электрмен жарықтандыру және электрмен жылытудың ішкі желілерін;
байланыс, радио-, телекоммуникация және теледидар желілері мен ішкі жүйелерін;
ішкі орталықтандырылған жылу жүйелерін;
желдетуді, ауаны салқындатуды, пневматикалық көлікті және аспирацияны орналастыру жөніндегі арнайы жұмыстар;
мыналарды:
құрылыс конструкцияларын су өтпейтіндей етіп қымтауды;
құбырларды, құрылыс конструкциялары мен жабдықтарын жылу шығармайтындай етіп қымтауды;
қаптау және шегендеу жұмыстарын;
құрылыс конструкциялары мен жабдықтарын, құбырларды, оның ішінде тасқын су әсері кезіндегі химиялық қорғаныш жабындыны коррозиядан сақтауды;
құбырларды, конструкциялар мен жабдықтарды электрлі химиялық қорғауды;
найзағайдан қорғауды қамтитын конструкциялар мен жабдықтарды қорғау жөніндегі арнайы жұмыстар;
күрделілігі І және II деңгейдегі ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу кезіндегі әрлеу жұмыстары (сылақ және сырлау жұмыстарын қоспағанда);
мыналарды:
темір жолға арналған негіздерді;
темір жолдың беткі құрылыстарын;
І және II техникалық санатындағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ жүрдек және реттелмелі қозғалыстың қалаішілік магистральдық жолдарының, үздіксіз және реттелмелі қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелерінің көлік жүретін бөлігінің негіздері мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстарын және оларды жайластыруды;
III, IV және V техникалық санатындағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ магистральдық болып табылмайтын елді мекендер көшелерінің көлік жүретін бөлігінің негіздері мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстарын және оларды жайластыруды;
аэродромдардың ұшу-қону жолақтары мен тікұшақ алаңдарының негіздері мен жабындыларын қамтитын жол құрылысы жөніндегі жұмыстар;
мынадай:
лифт шаруашылығы және өзге де көтеруші-көліктік құрылғылармен;
металлургиямен, кен байытумен;
металл өңдеумен;
ағаш өңдеумен;
геологиялық барлау, мұнай және газ кәсіпшілігімен;
тау-кен-шахта өндірісімен, метрополитендер және тоннельдермен;
гидротехникалық және мелиоративтік құрылыстармен;
астықты сақтаумен және ұқсатумен, өзге де тамақ өнімдерін өндірумен және сақтаумен;
көмір, химия және мұнай өңдеуші өндіріспен;
құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар өндірісімен;
жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің өндірісімен;
дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың өндірісімен, денсаулық сақтаумен, оңалтумен және аурудың алдын алумен;
театр ойын-сауыққа, білім беруге, спорт және көңіл көтеру-демалуға арналған объектілермен;
жарылыстан қорғалған электрлі техникалық жабдықты қоса алғанда, электр пештермен, өзге де электр техникалық құрылғылармен;
компрессор машиналарымен, сорғылармен және желдеткіштермен;
байланыспен, аварияға қарсы қорғаумен, бақылау және сигнализация жүйесімен, көлікте, электр энергетикасы және сумен жабықтау объектілерінде, тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз ететін өзге де объектілерде оқшаулаумен, сондай-ақ өндірістік және тұрмыстық мақсаттағы бақылау мен есепке алу аспаптарымен байланысты технологиялық жабдықтарды монтаждау (оның ішінде іске қосу-жөндеу жұмыстары);
объектілерді күрделі жөндеу және реконструкциялау (табиғат және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіруді қоспағанда), оның ішінде мыналардың:
газбен жабдықтау, лифтілер және өзге де көтергіш-көлік құрылғыларынан басқа, ішкі инженерлік жүйелер мен сыртқы желілерді қоса алғанда, күрделілігі бірінші деңгейдегі тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың;
газбен жабдықтау, лифтілер және өзге де көтергіш-көлік құрылғыларынан басқа, ішкі инженерлік жүйелер мен сыртқы желілерді қоса алғанда, күрделілігі бірінші деңгейдегі өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың;
газбен жабдықтау, лифтілер және өзге де көтергіш-көлік құрылғыларынан басқа, ішкі инженерлік жүйелер мен сыртқы желілерді қоса алғанда, күрделілігі екінші және үшінші деңгейлердегі тұрғын үй-азаматтық және өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың;
көпірлердің (көпір өткелдерінің, көлік эстакадалары мен көп деңгейлі жол айрықтардың) тоннельдер мен өзге де жер асты көлік құрылыстарының;
барлық техникалық санаттағы автомобиль жолдары мен шаруашылықішілік (өндірістік) жолдардың, елді мекендердің көше-жол желілерінің;
темір жолдардың;
гидротехникалық және гидромелиоративтік құрылыстардың;
газбен жабдықтаудың төмен қысымды желілері мен ішкі жүйелерінің және құрылғыларының;
бу құбырларының, ауа құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнімдері құбырларының, газ құбырларының (газбен жабдықтаудың орта және жоғары қысымды желілерінің) және басқа да заттар мен материалдарды тасымалдайтын стационарлық құрылғылардың элементтері мен желілерінің;
конструкциялар мен жабдықтардың қорғау жабындыларының (қаптау, шегендеу, оқшаулау, коррозияға қарсы және химиялық жабындыларының) тіреуіш конструкцияларын күшейту;
3) құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатын өнімдерін қоспағанда) өндіру (шығару).
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
өнеркәсіп өндірісі:
желдетуші, санитариялық-техникалық, электр-монтаж жабдықтарын;
өндіріс қалдықтары негізінде, металдардан, полимерлік және композиттік материалдардан жасалған бұйымдарды;
мұнара-діңгек үлгісіндегі элементтерді, түтін шығару мұржаларын;
көпірлер мен көпір өткелдерінің элементтерін, көлік эстакадалары мен жол айрықтарын;
қысыммен жұмыс істейтін не жарылу-өрт қаупі бар немесе өзге де қауіпті (зиянды) заттарды сақтауға арналған резервуарлар мен сыйымдылықтарды;
мыналарды:
тіреуіш және қоршау конструкцияларына арналған элементтерді;
технологиялық металл конструкциялары мен олардың бөлшектерін шығаруды (өнеркәсіптік дайындауды) қамтиды;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік қызметтер көрсету.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
аумақтар мен елді мекендердің қала құрылысын жоспарлау үшін және (немесе) ғимараттар, құрылыстар және олардың кешендерін, коммуникацияларын салу (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жабдықтау, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу) үшін жобалардың (жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамалардың) мемлекеттік сараптамасы;
мемлекеттік сараптаманың айрықша құзыретіне жатпайтын сараптамалық жұмыстар рыногының субъектілері болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар орындайтын құрылысқа арналған жобалардың (жобалау құжаттамаларының) сараптамасы. Бұл ретте, өзінің жобалары немесе осы лицензиаттың қандай да бір қатысуымен орындалған жобалар бойынша сараптамалық бағалау жүргізуге жол берілмейді;
ғимараттар мен құрылыстар салу (күрделі жөндеу, реконструкциялау) кезінде тапсырыс берушінің (техникалық қадағалау, инженерлік қызмет және жобалау ұйымының (авторлық қадағалау) жеке бақылауын жүргізу жөніндегі қызметтері;
пайдаланылатын ғимараттардың, құрылыстардың, инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың және олардың элементтерінің (бөліктерінің) олардың сенімді әрі тұрақты жұмыс істеуін белгілеу мақсатында физикалық (техникалық) жай-күйін техникалық тексеру;
5) тұрғын үй ғимараттарының құрылысын үлескерлердің ақшасын тарту есебін ұйымдастыру жөніндегі қызмет.
34-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын дайындау саласындағы қызметті лицензиялау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау үшін лицензияның болуы талап етіледі.
35-бап. 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
36-бап. Этил спиртінің және алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымы, темекі өнімдерінің өндірісі саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) этил спиртінің өндірісі;
2) алкоголь өнімінің өндірісі.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
арақтар мен айрықша арақтардың өндірісі;
ликер-арақ өнімдерінің өндірісі;
шарап материалының өндірісі;
шарап өндірісі;
коньяк өндірісі;
бренди өндірісі;
сыра өндірісі;
3) алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату;
4) этил спирті мен алкоголь өнімінің импорты;
5) темекі өнімдерінің өндірісі.
37-бап. 2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.04.05. № 156-ІV ҚР Заңымен мазмұн 37-1-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
37-1-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) тауар биржаларының қызметі;
2) биржалық брокерлер және биржалық дилерлер қызметі.
4-тарау. Тауарлардың экспорты мен импорты саласындағы лицензиялау
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 38-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
38-бап. Жалпы ережелер
1. Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген, үшінші елдермен саудада Еуразия экономикалық қоғамдастығы шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйым салатын немесе шектеулер қолданатын тауарлардың бірыңғай тізбесі негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі экспорты және (немесе) импорты лицензиялануға жататын тауарлардың тізбесін белгілейді.
Тауарлардың экспортын және (немесе) импортын лицензиялау оларды орындау үшін осы шектеулер енгізілген мақсаттармен салыстырғанда тауарлар экспортына немесе импортына мейлінше шектеушілік немесе бұрмалаушылық әсер етпеуге тиіс.
2. Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес сыныпталатын, оған қатысты лицензиялау енгізілген әрбір тауарға лицензия беріледі.
Лицензиар мынадай лицензия түрлерін береді:
біржолғы;
бас;
ерекше.
Лицензиар бас және ерекше лицензиялар беруді Кеден одағы комиссиясының шешімімен көзделген жағдайларда жүзеге асырады.
3. Бас және ерекше лицензиялардың иелері лицензияның орындалу барысы туралы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесіне дейін уәкілеті органға есеп беруге міндетті.
Біржолғы лицензиялардың иелері лицензияның қолданыс мерзімі өтісімен күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органға лицензияның орындалуы туралы анықтама беруге міндетті.
4. Біржолғы лицензияның қолданыс кезеңі оның қолданыла бастаған күнінен бастап бір жылдан аспауға тиіс. Біржолғы лицензияның қолданыс мерзімі сыртқы сауда шартының (келісімшартының) қолданыс мерзімімен немесе лицензия беруге негіз болып табылатын құжаттың қолданыс мерзімімен шектелуі мүмкін.
Сан жағынан шектеулер енгізілген тауарлар үшін лицензияның қолданыс кезеңі квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.
Егер Кеден одағы комиссиясының шешімінде өзгеше жазылмаса, бас лицензияның қолданыс мерзімі ол қолданыла бастаған күннен бастап бір жылдан аспауға тиіс, ал сан жағынан шектеулер енгізілген тауарлар үшін квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.
Ерекше лицензияның қолданыс мерзімі әрбір нақты жағдайда Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.
39-бап. 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
40-бап. 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 41-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41-бап. Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау
Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде өтініш барлық жағдайда мақұлданады. Бұл ретте, импорт операцияларын жүзеге асыру үшін импорттаушы елдің заңды талаптарын орындайтын кез келген тұлға импортқа лицензия алуға өтініш жасау және оны алу құқығын тең жағдайларда иеленеді. Лицензия алуға өтінішті тауарлар кедендік тазартылғанға дейін кез келген жұмыс күнінде беруге болады. Лицензия алуға өтініш пен қажетті құжаттар тиісті әрі толық нысанда ұсынылған жағдайда лицензия он жұмыс күні ішінде беріледі.
Импортты автоматты түрде лицензиялауға жататын тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5-тарау. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берудің шарттары мен тәртібі
42-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру шарттары
1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, егер облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы немесе орталық мемлекеттік органның аумақтық органдары лицензиар болып табылса, жеке немесе заңды тұлғаны тіркеу орны бойынша беріледі.
2. Лицензияны және лицензияға қосымшаны (лицензияланатын қызметтің кіші түрлері болған жағдайда) алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) өтініш;
2) заңды тұлға үшін - Жарғының (экспорт және импорт операцияларын қоспағанда) және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензия берген кезде құжаттар тізбесіне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган да белгілей алады.
3. Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) өтініш;
2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) біліктілік талаптарына (қызметтің кіші түріне) сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық бақылау саласындағы органдардың қорытындыларын алу үшін лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркелген жері бойынша қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық қадағалау саласындағы органдарға өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық қадағалау саласында қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды ұсыну жөнінде сауал жібереді.
Қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық бақылау саласындағы органдар лицензиардың сауалының негізінде жиырма бес жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін жеті жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық бақылау саласында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейді және тиісті лицензиарға өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды жібереді.
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берудің, беруден бас тартудың, оның қолданылуын тоқтата тұрудың, тоқтатудың тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Ойын бизнесі саласындағы қызметке лицензиялар берудің шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңымен айқындалады.
Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия берудің шарттары мен тәртібі «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
6. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін тиісті лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі аталған органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Өтініш беруші өтінішке қоса берілетін электрондық түрдегі құжаттардың көшірмелерімен бірге электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішін жолдай отырып, электрондық лицензия беру туралы лицензиарға өтініш жасай алады.
Мемлекеттік органдар осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтініш берушінің ұсынған құжаттарының түпнұсқалығын мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар арқылы тексеруді дербес жүргізеді. Мұндай ресурстар болмаған жағдайда мемлекеттік органдар құжаттардың қағаз жеткізгіште берілуін талап етуге құқылы.
43-бап. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы өтініштерді қарау мерзімдері
1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы Заңда белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап - отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін (осы Заңның 19-бабы екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда) он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Лицензиар осы бапта белгіленген мерзім ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартудың себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап қайтаруға міндетті.
2. Егер лицензиар осы Заңда белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген немесе өтініш берушіні лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, осы Заңда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімдер өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші тиісті лицензиарды қызметтің өзі өтініш берген түрін және (немесе) кіші түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруге міндетті.
2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі) (бұр.ред.қара) 44-бап өзгертілді
44-бап. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым
Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасы) берілген (қайта ресiмделген) кезде алынады.
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым ставкалары Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленеді.
Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) берген кезде лицензиялық алым алынбайды.
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 45-бап өзгертілді
Достарыңызбен бөлісу: |