Лицензиялау туралы



бет5/5
Дата13.06.2016
өлшемі0.68 Mb.
#131184
1   2   3   4   5

45-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту

1. Егер:


1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;

2) осы Заңға сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген жағдайда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негіздер бойынша қаралады;

3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;

4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;

5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған;

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)  

6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш берушіге лицензия алуға тыйым салған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тартылуы мүмкін.

Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензиялар беруден бас тарту үшін қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілей алады.

2. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.

 

46-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартуға шағымдану



Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша осы Заңда белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту өтініш берушіге дәлелсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағымдануға құқылы.

 

 



6-тарау. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, оның телнұсқаларын беру,  қолданылуын тоқтату және тоқтата тұру

 

47-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын қайта ресімдеу және беру



1. Лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы жоғалған, бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқылы.

Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.

Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын береді.

2009.11.07. № 185-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, заңды тұлғаның атауы өзгерген, сондай-ақ қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі және (немесе) қызметтің кіші түрі шеңберінде орындалатын операциялардың мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол күнтізбелік отыз күн ішінде аталған мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Қызметтің лицензияланатын түрінен бір немесе одан көп банк операциялары, бір немесе одан да көп сақтандыру қызметіндегі класс алып тасталған жағдайда, лицензиат күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияны қоса бере отырып, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.

Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді.

 

2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен 48-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



48-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтату

2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы мынадай жағдайларда:

1) лицензияның берілген мерзімі аяқталғанда;

2) жүзеге асырылуына лицензия берілген іс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;

3) лицензия алып қойылғанда;

4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну, немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;

5) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;

6) лицензияланатындардың тізбесінен қызметтің жекелеген түрі және (немесе) кіші түрі алып тасталса;

2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

7) лицензиат лицензиялауға жататын субъектілер қатарынан алып тасталса;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

2. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға міндетті.

 

2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен 49-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



49-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру

Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

 

7-тарау. Қорытынды ережелер



 

50-бап. Залалдарды өтеу

Лицензия беруден негізсіз бас тартудан немесе лицензиаттың құқығын бұзудан туындайтын залалдарды өтеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

51-бап. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын бұзу



Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

52-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі



1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

2. «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 ж., № 20, 721, 727-құжаттар; № 21, 787-құжат; № 22, 791-құжат; № 23, 931-құжат; № 24, 1066-құжат; 2000 ж., № 10, 248-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52, 54-құжаттар; № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 15, 151-құжат; № 19-20, 165-құжат; 2003 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4, 25-құжат; № 6, 34-құжат; № 10, 50, 51-құжаттар; № 11, 69-құжат; № 14, 107-құжат; № 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., № 2, 9-құжат; № 5, 27-құжат; № 10, 54-құжат; № 14, 82-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 17, 98-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 92-құжат; № 16, 97, 102-құжаттар) күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының



Президенті Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2007 жылғы қаңтардың 11-сі.



№ 214-III ҚРЗ

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет