Лифтердің құрылғысын пайдаланудың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (ЛҚхпт)


-тарау. Лифтердің электрлі жабдықтары



бет4/11
Дата13.06.2016
өлшемі1.84 Mb.
#131196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

6-тарау. Лифтердің электрлі жабдықтары

1-параграф. Жалпы талаптар
272. Электрлі жабдықтардың техникалық сипаттамасы және оның орындалуы лифтінің қуат желісінің жиілігіне, кернеулі токтің күшіне, сондай-ақ, оны пайдалану, сақтау мен көлікпен тасу жағдайы жөніндегі параметріне сай келеді.

273. Лифт (қосу құрылғысы, автоматты өшіргіш немесе басқа да қолмен басқаратын осындай құрылғылар) барлық электр тізбегін электр қуатынан ажырататын, осы Талаптың 274-тармағына сай электр тізбегін санамағанда, қолмен жетекке келтіретін құрылғымен жабдықталады.

Құрылғыны жабылатын құлып немесе осындай құрал арқылы ажырататын жағдайда блоктау мүмкіндігі қарастырылады.

274. Осы Талаптың 273-тармақ жөніндегі құрылғысы машина бөлмесінде орнатылады, ал машина бөлмесі болмағанда:

1) басқару аппараттары үшінгі шкафта, тек шахтада орнатылған шкафтан басқа;

2) осы Талаптың 124-тармағы бойынша жолаушыларды эвакуациялағанда – аппараттарды басқаратын шкафты шахтада орнатқан кезде лифтіні басқару үшінгі құрылғылардың жанында.

275. Осы Талаптың 273-тармағы жөніндегі құрылғы тізбектерді ажыратпайды:

1) жабдықтарды орналастыру үшін бөлмелердің жарығы;

2) шахтаның жарығы;

3) кабинаның жарығы;

4) осы Талаптың 358-тармағына сәйкес, кабина төбесінде, кабина астында, приямкада және машина бөлмесінде розеткалар;

5) кабина желдеткіші;

6) кабинадан екіжақты телефон байланысы;

7) апатты дабыл;

8) кабинадан қызмет көрсететін персоналды шақыру.

Мұндайда тізбектерді ажырату үшін осы тармақтың 1) -4) тармақшаларында көрсетілген жеке өшіргіштер қарастырылады.

Бірнеше лифтілер үшінгі жалпы машина бөлмесінде әр лифтіде кабина жарық тізбегін өшіретін өз өшіргіші болады.

Осы Талаптың 273тармағына сәйкес, егер қуат тізбегін ажырату үшін қосымша өшіргіштер мен тізбектерін орнату қарастырылса, кабинаның жарық беру тізбегін және оның желдеткішін, кабинадан қызмет көрсететін персоналды шақыратын, кабинадағы екіжақты байланыс, жөндеу, сондай-ақ, розеткалардың қуат алу тізбегін және апатты дабылды қосуға болады. Мұндайда осы Талаптың 278-тармағы бойынша қашықтық құралғы өшіретін жетекпен жабдықталады.

276. Бірнеше лифтілердің жабдықтарын жалпы машина бөлмесінде орналастырғанда, бұл бөлмеге екіден кем емес қуат беретін желіні тартады.

277. Лифтінің электрожабдықтарын әртүрлі бөлмелерде орналастырғанда осы бөлмелердің әрқайсысында лифтіні ажырату үшін өз бетімен келмейтін құрылғы көзделеді.

278. Қабаттар алаңшаларының бірінде осы Талаптың 273-тармағы бойынша құрылғының іске қосылғаны кезінде қуат беру тізбегін және (немесе) тізбектерді қашықтықтан өшіру үшін өшіргішті орнатуға болады, мұндайда кабинада адамдар болғанда өшіру мүмкіндігі болмайды. Бөгде адамдардың бұл құрылғыға қол сұғуына тыйым салынады.

279. Электрлі тізбектерінде қуат болады:

1) машина бөлмесінде – 660 Вольттан аспайтын;

2) кабинада, шахтада және қабаттар алаңшаларында, содай-ақ, машина бөлмелері болмағанда, алаңшаларда орнатылған электрожабдықтардың ауыспалы жиілігі 50 Гц 415 Вольттан аспайтын, ауыспалы токтың жиілігі 60 Гц 440 Вольт және тұрақты (тікелей) токтың 460 Вольт.

Басқару тізбегінің күш-қуаты, жөндеу құрал - саймандарын іске қосу,

жарық пен сигнал беруде 250 Вольттан аспайды.

280. Алып жүретін шамдардың кернеу алу тізбегінің қуаты 42 Вольттан артпайды. Осы үшін кернеуді төмендету мақсатымен автотрансформаторларды қолдануға болмайды.

281. Басқару тізбектеріне қуат беру, жөндеу құрал-саймандарын қосу, жарық пен сигнал беру үшін ток көзі жерге бейтарап бітеу қосылған фаза мен нольдік желіс сымын пайдалануға болады. (фазалық кернеуге қосылғанда).

282. Құрамына қауіпсіз электрлі құрылғы кіретін тізбектерді фазалық кернеуге қосқан жағдайда электромагнитті аппараттың сыртқа шығатын өткізгіш орауының шығуы, (түйістіргі, жүргізгіш, реле және осы сияқтылары) осы тізбектер мен нольдік сымдар арасында қауіпсіз электрлі құрылғының жанасуы болмайды.

283. Тізбектерді төмендететін трансформатордан, оның құрамына қауіпсіз электрлі құрылғы кіреді, ауыспалы токтың кернеуін алғанда трансформатордың екінші орамының бір шеті жерге қосылады. Осы тізбектегі электромагнитті аппараттардың орам шеті және жерге қосылған трансформатор шетінің арасында қауіпсіз электрлі құрылғының жанасуы болмайды.

284. Құрамына қауіпсіз құрылғы кіретін төмендеткіш трансформатордан тізбектің түзеу құрылғысы арқылы кернеу алғанда түзелген қуат жағындағы түзетілген құрылғының бір полюстары жерге қосылады. Басқару жетігіндегі электромагнитті аппараттардың орам шеті мен жерге қосылған полюс арасында электрлі құрылғының жанасуы болмайды. Төмендеткіш трансформатордың екінші орамы бұл жағдайда жерге қосылмайды.

285. Жерге қондырылатын (нольдендірілген) сақтандырғыш өткізгіштерді, контактілерді және басқа ажыратқыш элементтерді, соның ішінде контактісіздерін орнатуға болмайды.

286. Қолмен басқаратын өшіргіштерін ток өткізуші бөліктері: шахтада, жабдықтарды сақтайтын бөлмелерде өшіргіштердің құрылғысын орнату, қашықтықтан электр тізбегін ажыратуды өшіргіштер кездейсоқ жанасудан болса қорғалады, егер ондағы қуат 42 В ауыспалы ток немесе 60 В аса тұрақты ток болса. Қабығы мен қаптаманы қорғау дәрежесі белгіленген норма бойынша қабылданады. Бұл өшіргіштер «қосылған», «ажыратылған» деген жазулармен белгіленеді.

287. Қауіпсіз электрлі құрылғысы бар электр тізбегін жерге немесе темір конструкцияға тұйықтау лифтінің тоқтауына әкеп соқтырады, бұл ақауларды жөндемейінше лифтінің іске қостырмайды.



2-параграф. Лифтінің электржетегі
288. Электржетектер мынадай талапқа сай болады:

1) қауіпсіз электрлі құрылғысы бар электр жетегішінің ток беру бөліктерінің корпуспен тұйықталуы кезінде (электромагнит және осы сияқтылары) лифтінің тоқтап тұрған кезінде бұл жетектің іске қосылуын және механикалық тежегіштің алынуын болдырмау керек және электроқозғалтқыш ажыратылғаннан кейін механикалық тежегіштің қойылуына кедергі болмайды;

2) нақты жылдамдығы 0,63 м/с асатын лифтіде кабинаның төмен

шапшаңдықпен осы Талаптың 305-тармағын ескере отырып, 0,4 м/с жылжу мүмкіндігі қарастырылады.

289. Электроқозғалтқыш тікелей желіден қуат алған кезінде ауыспалы токтың электрожетегі келесі талаптарға сай болады:

1) механикалық тежегішті ажырату электроқозғалтқыштарды бір уақытта қосу немесе оны ажырату кезінде өтеді;

2) электроқозғалтқышты тоқтату механикалық тежегіштің қойылуы кезінде өтеді;

3) электроқозғалтқыштың бас тогының тізбегі екіден кем болмайтын бір біріне тәуелсіз электромагнитті аппараттармен (оның бірі өшіргіштің шеті болуы мұмкін) ажыратылады. Бір электромагнитті аппараттардың орнына контактысыз кілт пайдаланылуы мүмкін;

4) егер қозғалмай тұрған лифтіде электромагнитті аппараттардың бірі тізбектегі бас токтың контактысын ажыратпаса, лифт келесі жылжу бағытының өзгермейінше, оның одан әрі қозғалмауын болдыртпайды.

290. Жүкшығыр электроқозғалтқышы басқаратын өңдегіштен қуат алуы кезінде ауыспалы токтың электрожетегі келесі талаптарға сай болады:

1) тежегішті электроқуатынан ажырату ең кемінде екіден кем болмайтын электрлі құрылғымен біріктірілген немесе қызметтері байланысты жүкшығыр электроқозғалтқышының қуат алуын тоқтататын электр құралғысымен іске асуы керек. Механикалық тежегішті алу кабинаны ұстау үшін қажетті сәтті қамтамасыз ететін жүкшығыр қозғалтқышы тогының мөлшері жеткілікті болғанда ғана жүзеге асады;

2) жүкшығыр электроқозғалтқышын ажырату механикалық тежегіштің қойылуымен бірге жүзеге асады;

3) жүкшығыр электроқозғалтқышының бас тогының тізбегі екі тәуелсіз электромагнитті аппараттармен тоқтатылады; егер бір мезгілде ажыратқан кезде электроқозғалтқышқа өңдегіштен келетін энергия ағыны бір сәтте толық блокталынса (тоқтатылса) онда электромагнитті аппараттардың контактысымен барлық фазаларды дара ажыратуға болады;

4) егер өңдегіш энергия ағынын электроқозғалтқышқа жібермегенде, лифт тоқтаған және механикалық тежегіштің қойылуы кезінде белгілеген шапшаңдықты және (немесе) тежегенде немесе электроқозғалтқыштағы энергия ағыны үзілмесе, жүкшығыр электроқозғалтқышы ажыратылады;

5) жүкшығыр электроқозғалтқышына қуат беретін өңдегіш (егер ол басқару жүйесінде көзделсе) өңдегіштің қашықтықтан ажыратылуы механикалық тежегіштің көмегімен іске асады;

6) электрожетек жүйесі электроқозғалтқыш сәтімен кабинаны қонатын алаңша деңгейінде ұстауды көздесе, сақтағыштар мен өшіргіштерді немесе басқа да ажыратқыш құрылғыларды өңдегіш және электроқозғалтқыштар арасында орналастыруға болмайды.

291. Жүкшығыр электроқозғалтқышы басқаратын өңдегіштен қуат алған жағдайда келесі талаптарға сай болады:

1) тежегішті электроқуатынан ажырату ең кемінде екіден кем болмайтын электрлі құрылғымен біріктірілген немесе қызметтері байланысты жүкшығыр электроқозғалтқышының қуат алуын тоқтататын электр құралғысымен іске асуы керек. Механикалық тежегішті алу кабинаны ұстау үшін қажетті сәтті қамтамасыз ететін жүкшығыр қозғалтқышы тогының мөлшері жеткілікті болғанда ғана жүзеге асады;

2) кабинаның әрбір тоқтауы механикалық тежегіштің қойылуымен бірге іске асады. Осы Талаптың 9-тармағында көзделген шек бойынша кабина қабаттың деңгейінде электроқозғалтқыштың мезетімен ұсталып тұратын болса, сол қабаттың деңгейінде механикалық тежегішті таңуға рұқсат беріледі;

3) жүкшығыр электроқозғалтқышына қуат беретін (егер ол басқару жүйесінде көзделсе), өңдегішті қашықтықтан ажырату механикалық тежегішті таңғаннан кейін ғана мүмкін болады;

4) жүкшығыр электроқозғалтқышының қоздырғыш тізбегін ажыратқан кезде электроқозғалтқыштың якорінен автоматты түрде кернеудің алынуы және механикалық тежегіштің таңылуы қамтамасыз етіледі;

5) егер электрожетек жүйесі электроқозғалтқыш мезетімен кабинаны қабат деңгейінде ұстауды көздейтін болса, өңдегіш пен жүкшығыр электроқозғалтқышы арасындағы сақтандырғыш және өшіргіштерді немесе басқа да ажыратқыш құрылғыларды қосуға болмайды.



3-параграф. Басқарудың түрлері мен жүйелері
292. Лифтерде мынадай басқару түрлері болады:

1) ішкі;


2) сыртқы;

3) аралас.

293. Автоматты есіктері бар лифт кабинасындағы басқару постысы кнопканың үстінде немесе «Есік» деген жазуы бар немесе графикалық нышанына сай келетін кнопкамен жабдықталады. «Есік» деген кнопканы басқанда қабаттағы алаңша деңгейінде жылжусыз тұрған кабинаның есігі ашылады.

«Есік» деген кнопканың орнына «Өзгерту» деген кнопканы орнатуға болады, оны басқанда кабинаның қабат деңгейінде қозғалусыз тұрған кезінде бұрынғы берген бұйрықтар мен кабина есігінің жабылуын өзгертеді. Кабинаның қозғалысы кезінде «Өзгеріс» кнопкасын басқанда жүріс бойынша ең жақын қабат алаңшасына тоқтауы және есік ашылады

Кабинада «Тоқта» кнопкасын орнатудың қажеті жоқ.

294. Осы Талаптың 145 тармағының 1 және 2 тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда кабина есігінің (көпжармалы есіктер жағдайында немесе қандай бір жарма болса) ашық кезінде кабинаның қозғалысы мүмкін болмайды. Егер кабинадан берілген бұйрық тіркелмеген жағдайда бұйрық бойынша қабат алаңшаларынан жолаушыларды кабинамен жіберу есік жабылғаннан кейін 2 с кем болмайтын уақытта рұқсат етіледі.

295. Лифтіні басқару жүйесі келесі талаптарға сай болуы тиіс:

1) лифтін электрмен қамтамасыз етілмегенде және жүкшығыр электроқозғалғышы бірдей ажыратылғанда басқару тізбегі автоматты түрде өшіріледі.

Электрмен қамтамасыз ету қалпына келгеннен кейін лифтідегі дара басқарумен кабиналарды жүргізу жаңа басқару командасын бергеннен кейін ғана мүмкін болады, ал топтық басқаруы бар лифтіде - жаңа басқару командасын бергеннен немесе одан бұрын тіркелген шақырудан кейін. Шахтаға тиісті қалпына және «калибрлі сапар» басқару жүйесінің жағдайын қалпына келтіру үшін кабинаның автоматты түрде қабаттар алаңшаларының біріне жылжуына болады. Мұндайда «Өзгерту» кнопкасы бар болса да оның қызметі іске аспайды.

Кабина есіктерінің қолмен ашылатын (жабылатын) лифтілерде кабинада адамдар болғанда кабинаны жүргізу кабинадан берілген басқару бұйрығы бойынша іске асады. Егер мұндай лифт жүк тиелгенді (жолаушылардың болуы) бақылау құрылғымен жабдықталмаса және 10 с ішінде басқару командасы кабинадан түспесе, «калибрлі сапарды» орындауға болады.

Барлық аталған жағдайларда кабинаның жылжуы тек кабина есіктерінің жабық кезінде, сондай-ақ, жабық және есіктері бекітілген шахталарда мүмкін болады;

2) жинақтама басқаруы бар лифтілерде кабинадан немесе қабат алаңшасынан кабина осы алаңшадан жұмыс кезіндегі баяулау жүрісінен кем қашықтықта болған сәтінде басқару командасы бойынша кабинаның баяулауы және тоқтауы мүмкін болмайды;

3) электрқозғағышты тікелей ажырату және механикалық тежегіштерді таңу үшін көзделген аппараттардың электр түйісулері, сондай-ақ, қауіпсіз электр құрылғысының электр контактілері электр тізбегін ажырату үшін жұмыс істейді;

4) лифт жұмыс істеген кезде пайда болатын немесе сырттан келетін индукциялық немесе сыйымдылық бөгеттері, қауіпсіз электр құрылғысының жұмыс істеуіне кедергі бола алмайды.

296. Лифтінің бақылау жүйесі, жинақтап басқаратын лифтіден басқа, осы Талаптың 124-тармағы бойынша машина бөлмесінен немесе басқару құрылғысынан берілетін командасынан басқа бұрын берілген команданы орындауға дейін «Тоқта» жаңа басқару командасын орындауды болдырмайды.

297. Лифтіні басқаратын жүйе нақты шапшаңдықтағы 1,6 м/с және одан артқанда шеткі қабаттар алаңшаларында алдын-ала бәсеңсуді, кабинаның жұмыс кезіндегі бәсеңсуін қайталауын қамтамасыз етеді.

298. Лифтінің басқару жүйесінде, осы Талаптың 249-тармағына сәйкес плунжердің жүрісі кеміген буферді қолданғанда, кабинаның жоғары және төменгі қабат алаңшаларына келе берісінде шапшаңдығын шектейтін құрылғы көзделеді.

Бұл құрылғы шапшаңдықты азайтады, егер жұмыс кезіндегі бәсеңсуі және осы Ереженің 297-тармағы бойынша бәсеңсуі шапшаңдықтың төмендеу есебін қамтамасыз етпесе.

Шапшаңдықты шектеу құрылғысы:

1) жұмыс кезіндегі бәсеңсу құрылғысына қарамай;

2) буфермен жанасу сәтіне таман кабина қозғалысының шапшыңдығын төмендету мөлшері мына формуладан аспайды:

(8)


vk =

v

1,15

мұнда Vб шапшаңдық, буферге есептелген (м / с);

Vк – кабинаның буфермен жанасу жылдамдығы (м / с);

3) шапшаңдық бәсеңсіген кезде 9,81 м / с артпайтын жылжуды қамтамасыз ету.

299. Лифтілердің топтық басқарылуы үшін мүмкіндік қамтамасыз етіледі:

1) топқа жататын басқа лифтілердің қалыпты жұмысын бұзбай - ақ, бір немесе бірнеше лифтіні өшіру;

2) лифтіні жөндеу үшін бүкіл электрожабдықтардан қуатты толық өшіру. Жалпы топтық элементтер сызбасынан қуатты толық тоқтату мүмкін болмағанда, олардың ашық ток жүргізгіш бөліктері, ауыспалы токтың 42 В артық және тұрақты токтың 60 В артық кернеуі астында қалғанда жанасудан қорғалуы және ескерту жазулармен немесе арнайы маркировкамен белгіленеді.

300. Қуатты кернеуді қозғағышқа беретін барлық кернеу сымдарын ажырату арқылы және бастапқы жағдайына қайтып келтіретін құрылғы көмегімен электроқозғағыштар жүктемеден қорғалады.

301. Элетроқозғағышты ажырату, механикалық тежегішті таңу және кабинаны тоқтату кезінде өтеді:

1) электроқозғағыштағы температураның қажетті мөлшерінен асқанда. Механикалық тежегішті таңу және кабинаны тоқтату қозғалыс бағыты бойынша жақындағы қабат алаңшасында немесе басқару командасын (бұйрық) лифті орындағаннан кейін жүзеге асады. Температура төмендеп, жұмыс жағдайына дейін жеткенде пайдаланудың қалыпты режиміне автоматты түрде жетуіне болады;

2) күш беретін тізбектері мен қауіпсіз тізбектерде қысқа тұйықтау болғанда;

3) тұрақты токтың қозғағышында өршудің жоғалуы;

4) осы Талаптағы 302; 305; 324; 325; 330; 332-тармақтарында көрсетілген жағдайлардан басқа қауіпсіз электрлі құрылғының іске қосылғанында, сондай-ақ, осы Талаптың 73, 123-тармағында көрсетілген реттегіш жетекті лифтісінде орнатылған соңғы өшіргіштен басқасы.

Егер қозғағыштағы орамдардың қуат алуы әртүрлі электрлі тізбектерден жүзеге асатын болса, осы Талаптың 301-тармағының 1) және 2) тармақшалары талаптары осындай әр орамға қатысы болады.

Тұрақты токты генератордан қуат алатын лифт қозғағыштары аса көп ауыртпалықтан қорғалады.

302. Ақырғы өшіргіш іске қосылғаннан кейін, кабинаның жылжуына болады, ұстағыштарды бақылайтын қауіпсіз электрлі құрылғының, арқанның тарту элементтерінің, буфердің, жылдамдықты шектегіштің үзілуі және біршама орын ауыстыруы (босауы) және осы қауіпсіз құрылғының түйісулерін байлау арнайы электр тогының бағытын өзгертетін құралға құрылғымен іске асады. Мұндайда машина бөлмесінен немесе осы Талаптың 124-тармағына сәйкес басқару құрылғысынан іске асады. Машина бөлмесінен тыс жерде орнатылған аппараттардан немесе осы Талаптың 124-тармағына сәйкес құрылғыдан берілген команданың іске асуы қабылданбайды.

Кабинаның қозғалуы өздігінен келетін басқару аппараттарға басқанда (кнопкалар, тумблерлер) жоғары немесе төмен жылжуымен жүзеге асады.

Кабинаны нақты шапшаңдықпен жүргізуге болады.

303. Машина бөлмесінен лифтіні басқару мүмкіндігі – «Машина бөлмесінен басқару» режимі қарастырылуы тиіс. Бұл режимдегі машина бөлмесінен лифтіні басқару болмағанда, осы Талаптың 124-тармағына сәйкес, шахта сыртында орналасқан құрылғыдан жүзеге асады.

Мұндайда:

1) машина бөлмесінен тыс орналасқан немесе құрылғылардан басқаратын аппараттардан берілетін команда жүзеге аспайды;

2) лифтідегі шахта есіктеріндегі осындай бұру аспабын автоматты құлыптарға жылжымалы бұрмалы аспаптардың әсер етуін болдырмайды;

3) шахта және кабина есіктерінің автоматты ашылуын болдырмайды;

4) жоғары және төменгі қабаттар алаңшаларында кабинаның автоматты

тоқтауы қамтамасыз етіледі;

5) осындай сигналмен жабдықталған лифтіге «Бос емес» сигналын қосу.

Машина бөлмесінен немесе осы Талаптың 124-тармағына сәйкес құрылғыдан басқару кезінде кабинаны жіберу және оның қозғалысы қауіпсіз электрлі құрылғының түйіскен кезінде ғана, осы Талаптың 301-тармағына сай жағдайлардан басқасында мүмкін болады.

Машина бөлмесінен кабинаның жоғары немесе төмен жылжуын немесе осы Талаптың 124-тармағына сәйкес құрылғыдан басқару осы тектес өздігінен келетін басқару аппаратын тікелей әсер еткенде ғана жүзеге асады. Кабина қозғалысының бағыты жанында немесе басқару аппаратында белгіленеді. Басқару аппаратының жанында лифтіні тоқтату үшін құрылғы болады. Осы құрылғыда (өшіргіш, кнопка және тағы басқалар) немесе оның қатарында «Тоқта» деген жазу болады. Лифтіні тоқтататын құрылғыны басқару элементі қызыл түсте болады. Құрылғы өздігінен келмейтін болады. Құрылғыны басқару элементінің орналасуы белгіленеді.

Ақпар беретін индикация қамтамасыз етіледі:

1) кабина жылжуының бағыты;

2) есік ашылатын аумаққа кабинаның жетуі;

3) кабинаның қабаттар бойынша орналасу жағдайы немесе жүкшығыр жұмысын бақылау мүмкіндігі.

Сынақты өткізу немесе лифтінің «Қалыпты жұмыс» режимі кезінде машина бөлмесінен немесе осы Талаптың 124-тармағы бойынша шақырулар мен бұйрықтарды ұқсастандыруға болады.

304. Кабина төбесінен лифтіні басқару «Ревизия» режимінің мүмкіндігі қарастырылады, жұру шапшаңдығы 0,63 м/с аспайды.

Лифтіні басқару кабинаны жоғары және төмен жіберу үшін басқару постысынан жүзеге асады. Жүру бағыты басқару аппаратында немесе онымен қатар жерде белгіленуі қажет. «Қалыпты жұмыс» режимінен кабина төбесінен басқаруды көшіру машина төбесінен немесе осы Талаптың 124-тармағы бойынша құрылғыдан жүзеге асады.

Бұл құрылғы сондай- ақ, «Ревизия» режиміне сәйкес кабина төбесіндегі басқару постысында орналасады.

Кабина төбесінен лифтіні тоқтату үшін құрылғыны орнатуға болады, егер кабина төбесіне қол жететін 0,7 м аз жерде өз бетімен келмейтін қауіпсіз электрлі құрылғы болса.

Кабина төбесінен басқару кезінде қозғалыс іске асады:

1) басқару аппаратына тұрақты әсер еркенде;

2) қауіпсіз электрлі құрылғының тұйықталған түйісуінде, осы Талаптың 305-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа;

3) кабинада, машина бөлмелерінде, осы Талаптың 124-тармағы жөніндегі құрылғыда аппараттардан басқару командасы әсерін санамағанда;

4) лифт шахтасы есіктеріндегі осындай бұрмалармен жабдықталған автоматты құлыптарына жылжымалы бұрым аспаптармен ықпалын болдырмау;

5) шахта мен кабина есіктерінің автоматты ашылуын болдырмау;

6) лифтіде осындай сигналмен жабдықталған «Бос емес» сигналын қосқанда.

Кабина төбесінен есіктер жетегі жұмысын басқаруға болады: «Ревизия» режиміне осы режимді көшіру және керісінше кабина төбесіндегі тиісті құрылғыға ықпал ету жолымен ғана.

«Ревизия» режимінен «Қалыпты жұмыс» режиміне көшу машина бөлмесіндегі «Ревизия» режимінің ажыратқышын ажыратқаннан кейін немесе осы Талаптың 124-тармағы бойынша құрылғыда немесе кабина төбесі мен шахта есіктерін жапқанда мүмкін болады.

Лифтіні басқару жүйесінде төменгі немесе жоғары қабат алаңшаларындағы аумақтарға келе бергенде кабинаны автоматты тоқтату көзделуі тиісті, мұндайда кабина төбесіндегі қызмет жасайтын алаңшадан шахта жабындысына дейінгі қашықтық 1,8 м кем болмайды.

305. «Ревизия» режимінде шахта есіктері автоматты ашатын құралмен жабдықталған шахта есіктерінің жабылуы мен бекуін түйін құрылғысымен бақылайтын (кнопкалар, ажыратқыштар және тағы басқалар) қауіпсіз электр құрылғысының түйісулері электр қозғағышының көмегімен ұштастырылғанда лифт кабинасының жылжуына болады.

«Ревизия» режимінде шахта есіктері қолмен ашылған кезде шахта есіктерінің жабылуы мен бекуін түйін құрылғысымен бақылайтын (кнопкалар, ажыратқыштар және тағы басқалар) қауіпсіз электр құрылығысының түйіндерін электрқозғағыштың көмегімен жалғаса, лифт кабинасының жылжуына болады.

Құрылғыны іске қосу кабина төбесінен және (немесе) машина бөлмесінен немесе осы Талаптың 124-тармағы бойынша құрылғыдан жүзеге асады.

306. Кабина оған аса көп жүк тиемейтінін бақылайтын және оған тиеген жүк салмағы лифтінің нақты жүк көтеруінен 10 % асқанда, кабинаның жылжуын болдырмайтын, бірақ 75 кг кем емес, жүк құрылғымен жабдықталады. Мұндайда «Лифтінің жүгі асқан» сигналы іске қосылады салмағы асқан кезде автоматты есіктер ашық қалуы қажет, қолмен ашылатын есіктер жабылмайды.

Жүк асқан кездегі сигнал «Лифтінің жүгі асқан» деген дыбысты және (немесе) жарықты құрылғымен соған сәйкес графикалық нышан орындалады. Белгіленген жазуды немесе графикалық нышанды жарық беру сигналы құрылғысымен қатар орналастыруға болады.

307. Кабина мен кабинаның төбесін көрсететін персоналдар жүрген жермен екі жақты байланыспен қамтамасыз етіледі.

308. Машина бөлмесі арасында орналасқан кезінде машина бөлмесі мен кабинаның, машина бөлмесі мен төменгі қабат алаңшалары немесе приямка арасында, ал машина бөлмесінің төменде орналасқан кезінде машина бөлмесі мен кабинаның, машина мен блоктық бөлмелердің арасында телефондық жөндеу немесе екі жақты басқа байланыс көзделуі тиіс. Машина бөлмесі болмаған жағдайда мұндай байланысты басқару құрылғысын орнатқан жер және кабина, приямоктың (төменгі қабат алаңшаларында) блоктық бөлме арасында орнату көзделеді.

309. Жүкшығырдың барабанмен тартатын немесе үйкеліс барабанымен жабдықталған лифт басқару жүйесі жетекті ажыратуы тиіс, егер:

1) іске қосу командасы берілгеннен кейін кабина қозғалыссыз қалса;

2) кабина немесе теңсалмақ қозғалыс кезінде бұл арқан тартқыш немесе үйкеліс барабанын тартқыш элементтердің 45 с бойы сырғанауына әкелді немесе кабинаның барлық жылжу жолын өтуі үшін плюс 10 с, бірақ 20 с кем болмайтын қажет уақытта кабина тоқтатылады.

«Қалыпты жұмыс» режиміне келу автоматты түрде іске аспайды.

310. Қабат алаңдарының бірінде қызмет көрсету персоналының лифт жұмыс режимін өзгертуі үшін қолмен басқаратын ауыстырып-қосқыш орнатуына болады.

Бұл құрылғылар бөгде адамдар үшін қол жетпейтін болады.

311. Лифтілер «қалыпты жұмыс» режимі кезіндегі шахта есіктерінің рұқсатсыз ашылуы кезінде қауіпсіз тізбектерді ажырататын құрылғылармен жабдықталады.

«Қалыпты жұмыс» режиміне қайту автоматты түрде жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет