Лимфа жүйесі



бет7/8
Дата14.11.2023
өлшемі27.35 Kb.
#483231
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
кесте лимфа жүйесі

Көкбауыр
Splen /lien/

Бұл иммундық жүйенің ең ірі мүшесі. Салмағы 140-200 грамм. Сол қабырғалар астында, ортаңғы қолтық сызығы бойымен, IХ-ХI қабырғалар аралығында орналасқан. Дөңес көкеттік бетімен көкетке жанасады, ал ойыс висцеральдық бетімен асқазан, тоқ ішектің сол иіні, сол бүйрек, бүйрекүсті безі және ұйқы безінің құйрығымен жанасады. Көкбауыр ішастармен барлық жағынан қапталған және оны бір орында асқазан-көкбауыр, көкет-көкбауыр байламдары ұстап тұрады.
Қызметі –бұл мүшеді эритроциттар жойылады және Т, В- лимфоциттар жіктеледі.

Бұл мүшенің денесі жұмсақ, түсі қоныр қызыл. Висцеральдық бетінде қақпасы орналасқан. Сырты фиброзды кабықпен қапталған.
Көкбауыр паренхимасы ақ және қызыл пульпадан тұрады.
Ақ пульпа лимфоидті тінне тұрады.
Ал қызыл пульпа мүшенің 75-80 пайызын құрайды, ол ретикулярлық тіннен тұрады. Ретикулырлық тіннің іші эритроцит, лимфоцит, макрофактарға толы болады.

4

Ас қорыту және тыныс алу мүшелерінің лимфоидті тіндері.

Бадамшалар:
Тіл бадамшасытілдің тұбірінде, шырышты қабатының астында орналасады.
Таңдай бадамшасы – жұп мүше, таңдай-тіл мен таңдай-жұтқыншақ доғаларының ортасындағы шұңқырында орналасқан.
Жұтқыншақ бадамшасы – жұтқыншақтың артқы қабырғасының жоғарғы жағында орналасады.
Түтікше бадамшасы – жұп мүше, жұтқыншақтың мұрын бөлігінде, есту түтігінің тұсында орналасады.
Құрт тәрізді өсіндінің лимфоидті түйіншектері – құрт тәрізді өсіндінің шырышты қабатының астында орналасқан /600-800 түйіншек/
Мықын ішегінің лимфоидті түйіншектері – мықын ішектің шырышты қабатының астында орналасады, саны 30-40.
Оңаша лимфоидті түйіншектер – көмей, кеңірдек, бронхы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке ішек, тоқ ішек, өт қапшығы мен зәр шығару-жыныс мүшелерінің әр жерлерінде орналасады.



Бұл мүшелерде орналасқан лимфоидті тіннің құрамындағы лимфоциттер, плазмоциттер, макрофагтар организмнің иммундік функциясын қамтамасыз етеді. Организмге бөтен заттар мен жасуларды жойяды.



5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет