Лимфа жүйесі



бет8/8
Дата14.11.2023
өлшемі27.35 Kb.
#483231
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
кесте лимфа жүйесі

Лимфа түйіндері
Nodi lymphoidei

Бұл саны ең көп лимфа жүйесінің мүшелері. Пішіні бұршақ тәрізді, дөңгелек немесе сопақша болады. Олар лимфа тамырларының бойында орналасады.
Қызметі – лимфа сұйықтығын бактериялармен организмге бөгде заттардан тазалау. «Сүзгіш» /фильтр/ қызметін атқарады.

Лимфа түйінің тіні жұмсақ, түсі қызғылт-сары, майлы тінге ұқсас. Сырты дәнікер тінді қабықпен қапталған. Түйіннің бір жағында ойықтау қақпасы орналасады, ол жерден қан тамырлар, жүйкелер, лимфаны әкетуші тамырлар шығады. Түйіннің екінші жағы дөңестеу болады, ол жерге лимфаны әкелуші тамырлар жалғанады, олардың саны 4-6.
Лимфа түйінің тіні қоңыр түсті қыртысты зат және ашық түсі милы заттан тұрады.
Түйіннің сыртындағы қабығымен қыртысты заттың арасында жиектік синус /қуыс/ орналасады. Жиектік синус қыртысты заттың арасындағы синустармен байланысады, ал олар какпалық синуспен байланысады. Сөйтіп лимфа сұйықтығы әкелуші тамырлардың бойымен түйінге кіріп, синустармен өтіп, әкетуші тамырлаға кетеді.
Түйіннің қыртысты затында фолликулдар орналасқан. Фоликулдардың ішінде лимфоцит клеткалары түзеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет