1.2 Лингвомәдениеттану – тіл мен мәдениет сабақтастығы
Тіл және әдебиет – лингвистермен қатар, тарихшылардың, философтардың психологтар мен этнографтардың, әдебиетшілердің де назарын аударып келе жатқан көп аспектілі мәселердің бірі. Мәдениет пен тіл үздіксіз өзара қарым-қатынаста болатындықтан бұл мәсенің тілдік аспектісі екі жақты болып келеді. Осы тұрғыдан алғанда лингвистика бұл мәселені шешу жөніндегі бірқатар қызықтыда батыл қадамдарды ұсынады.
Тіл мен мәдениет ара-қатынасы лингвистикада, тіл философиясы мен мәдениеттануда түрлі қырынан сөз болып жүр. Тіл білімінде бұл сауалға тарих пен мәдениеттің, этнография мен лингвистиканың ортақ мәселерін сөз ететін пәнаралық этнолингвистикалық зерттеулер жауап береді.
Қазіргі лингвистикадағы антропо және этноцентризм ұстанымдарына сүиенетін лингвоелтану,этномәдени және этнолингвистика салалары тіл табиғатын оны тұтынушы этноспен бірлікте қарастыруды мақсат етеді. XIX ғасырда өмір сүрген неміс ғалымы В.фон Гумбольдтің «Среди всех проявлений, посредством которых познается дух и харахтер народа, только его язык и способен выразить самые своеобразные черты народного духа и харектера и проникнуть в их сокровенные тайны» [17,69] деген пікірі тілді ұлттық феномен деп танитын бүгінгі тіл біліміндегі жаңа бағыттарға жол көрсетті.
Тіл мәдениетпен бір бүтін тұтастық құрып, ажырамас бірлікте өмір сүреді. Ол мәдениеттің өн бойында қалыптасып, оның дамуындағы алғы шарттардың міндетті түрдегі басқышы қызметін атқарады, осылайша қайсыбір уақытта қандай да бір жерде өмір сүретін халық мәдениетінң маңызды бөлігін құрайды. Мәдениеттің басқа аспектілеріне қарағанда тілдің өз ортасы бар. Белгілі бір тілде сөйлейтін кез келген халық өздерін өзге топтардан сыртқы физологиялық айырмашылықтарымен ерекшелеп тұратын адамзат қауымының белгілі бір нәсіліне жатады. Тіл мәдениеттен тыс өмір сүрмейді, яғни біздің өмір сүру образымыздан хабар беретін тәжірибе-білігіміз бен идеяларымызға тәуелді [17,185].
Э.Сепир тіл мәдениеттің біртұтастығын ашып көрсететін маңызды әдіснамалық тұжырымдамаларын ұсына отырып: «Мәдениет белгілі бір қоғамның әрекеті мен ойлауының көрінісі, ал тіл қалай ойлаудың көрінісі. Ендеше, тіл мазмұны мәдениеттің бөлінбейтін бөлшегі»,- деген ой айтады [18,193-194].
Тіл ойды жеткізу мен қарым-қатынас жасаудың құралы ғана емес, мәдени білім аккумляциясының да басты құралы болып табылады. Күрделі таңбалық жүйені құрай отырып, тіл қандай да бір мәліметті жеткізу, сақтау, қолдану, қайта жаңғырту қызметін атқарады. Мәдениет те тіл секілді белгілі бір хабарды жеткізу қабілеті бар таңбалық жүйе (семиотикалық) болып табылады, алайда ол тілге қарағанда өзін-өзі ұйымдастыруға қабілетсіз,себебі мәдениет ең алдымен – жады, оның басты қасиеті –жинақтау, сақтау [19,227]. және абсолюттік жалпы қауымдастыққа талпыну. Өзінің абсолюттік ерекшеліктерін танытуға талпынатын тұлға қарым-қатынасқа түспей, мәдени диалог жасамай тұра алмайды. Сондықтан «тіл – ұлт (ұлттық тұлға) – мәдениет» – бүгінгі лингвомәдениеттанудың орталық үштігі, ғылымның осы саласындағы маңызды мәселелерді шешуге мұрындық болатын фокус [20,12-13].
Мәдениет туралы айтқанда материалдық мәдениет пен (еңбек құралдары, үй-тұрмыс жабдықтары, киім-кешек т.б.) рухани мәдениеттің (таным, адамгершілік, тәлім-тәрбие және ағартушылық: тіл, дін, құқық, философия, этика, ғылым, өнер, әдебиет, мифология т.б.) ерекшеліктерін ескерген жөн. Мәдениеттің бұл екі тармағының арасындағы сабақтастықты, диалектикалық байланысты көрсету әдіснамалық тұрғыдан аса маңызды. Бір жағынан материалдық құбылыстар руханияттың негізі болса, екіншіден руханият көп жағдайда материалдық дүние арқылы жүзеге асырылады, материяға арқа сүйеп, сол арқылы түсіндіріледі. Демек, рухани және материалдық мәдениеттің дамуында табиғи байланыс бар,ол байланыс бүгінгі күні жалпыға ортақ «мәдениет» ұғымымен түсіндіріледі. Материалдық мәдениет және руани мәдениеттің даму үрдісі белгілі бір этникалық, нәсілдік айырмашылықтарымен ерекшеленетін рух халық арқылы жүзеге асырылады. Ұлттық рух, ұлттық негіз уақыт пен кеңістік тудырған күрделі әлеуметтік жағдайларға қарамастан, пен беріктік жағдайды қамтамасыз ететін мәдениеттегі дәстүрлер сабақтастығы іргетасында қаланды. Жоғарыда аталған үштікте мәдениет және тіл ұғымдарымен қатар ұлт (уақыттық тұлға) түсінігінің айтылу себебін осылайша түсіндіруге болады [21,15].
Лингвомәдениеттану саласындағы басты бағыт ұлттық тіл мен ұлттық мәдениеттің бір-біріне өзара ықпалы, мұнда «мәдениет» ұғымы «..расматривается приминительно к аспектам взаймодействия с языком и языковой личностью» [2,297].
Лингвомәдениеттану саласының обьектілері,бірліктері мен пәні жайындағы орыс тіл біліміндегі алғашқы қөзқарастар В.Теляның, В.Ворбьевтің, В.Маслованың т.б. еңбектерінде аталған.
Лингвомәдениеттану – жаңа ғана өрісін жайып келе жатқан, әлі де болса ғылыми ұстанымдары мен межелері, тұжырымдамалары нақтылана қоймаған ғылым, екі ұдай түсінік тудыратын пікір-тұжырымдар да бар, бірақ оның ХХІ ғасырда гуманитарлық ғылымдардың көшбасында болатындығы даусыз.
Әр халық тілінде өзі жасаған және табиғат дарытқан ұлттық мәдениеттің ізі бар деуге болады. Бұл – тіл мен мәдениеттің тоғысуы жалпы көздеген лингвомәдениеттану пәнінің негізі болмақ. Лингвомәдениеттану (лингвокультурология) латынның lingua-тіл, cultyra-мәдениет, logos-ілім деген ұғымдарынан жасалып,лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің ортақ мүдделерінен бастау алатын халық мәдениетінің тілдегі көрінісін, ерекшелігін жаңаша көзқараспен қарастыратын бағыт.
Белгілі ғалым Э.Бенвенисттің «тіл, мәдениет және жеке адам үштігі (триада) негізінде басқа бір лингвистика тууы мүмкін деген» ойы ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында қалыптаса бастаған жеке дербес лингвистикалық мәдениеттану пәнінің пайда болуына жол ашты [22,52].
ХХ ғасырдың ең басты ерекшілігін ғылымның әр түрлі салаларындағы өзара серіктестіктің, тығыз байланыстардың қарқынды дамуымен түсіндіруге болады. Гуманитарлық пәндер арасындағы мұндай синтез адамның іс-әрекеті мен қызметінің заттанған, таңбаланған нәтижелерін өн бойына сіңірген мәдениеттің феномені ретінде қарастырылған мәдениеттанулық зерттеулерден қарауға болады.
Қазіргі уақытта В.Н.Телия сөзімен айтсақ, «тіл мен мәдениеттің ара қатынасын синхрондық тұрғыдан зерттеу және сипаттау» лингви-стистикалық мәдениеттану пәнінің негізі міндеті болып отыр [23,217].
Лингвистикалық мәдениеттану ғылымын зерттеуші ғалым М.Н.Маслова аталған пәннің мақсаты мен міндеттеріне тоқтала келіп, былай дейді: «эксплицировать культурную значимость языковой единицы (т.е. «культурные знания») на основе соотнесения прототипной ситуаций фразеологизма или другой языковой единицы, его символьного прочтения с теми «кодами» культуры, которые известны или могут быть предложены носителю языка лингвистом» [24,10-11].
Аталмыш анықтамаға сүйене отырып,тілдік бірлік негізінде мәдени бірліктер көзін ашуға ғана емес, сонымен қатар, керісінше, мәдени бір-ліктер арқылы тіл бірліктерінің табиғатын ашуға болатынына көз жеткізуге болады.
Лингвистикалық мәдениеттану тұрғысындағы зерттеулердің негізі міндетіне тоқтала келіп, лингвокультурологиялық концепттерді символдар жүйесі деп танитын ғалым Г.Г.Слышкин былай дейді: «Біріншіден, сөйлеу тіліндегі (дискурстағы) қандай да бір мәдени бірлікті айқындайтын тең дәрежелі тілдік құралдарды анықтау, екіншіден, әр түрлі коммуникативтік ситуацияда негізгі апелляциясының прагматикалық қызметінің аталмыш мәдени бірлікке тән екенін дәлелдеу қажет» [25,8].
Лингвистикалық мәдениеттану тұрғысында лингвистика ғылымында ұлттық мәдениет пен ұлттық тілдің өзара байланысы туралы көптеген пі-кірлер кездеседі. Орыс тіл білімінде бұл мәселе жөнінде «тіл-мәдениетті жеткізудің құралы» [17,18]. «Мәдениеттің компоненті» [26,47], «Мәдениет-тің бір құрамдас бөлігі» [10,103]. делінген бағыттары біршама зерттеу жұмыстары бар. Сонымен қатар тіл мен мәдениеттің парадигмасындағы жеке тұлға аспектісіне назар аудару қажеттілігі айтылып келеді. Мұнда мәдениеттің феномені мен тілді тұтынушы тұлға арасындағы байланыс зерттелуі қажет. Ал бұл мәселе кез келген халық өмір сүретін қоғамда болып
жататың әлеуметтік-қоғамдық өзгерістерге байланысты. Тіл мен мәдениеттің өзара байланысының зерттеушілер, яғни лингвомәдениеттанушылар осы мәселені жан-жақты, ауқымды түрде қарастыруға талпыныс жасауда.
«Лингвокультурология – это наука, возникшая на стыке лингвистики и культурологии ,и исследующая проявления культуры народа, которые отразились и закрепились в языке» [1,14].
Этностың тілі мен мәдениетінің ерекшіліктері соңғы кезде жаңаша көзқараспен қарастырылғанымен, бұған дейін ғалымдар бұл мәселені психология, әлеуметтік лингвистика, этнопедагогика, этнолингвистика тағы басқа пәндердің негізінде зерттеп келеді.
Мәдениеттің тілдегі көрінісі, ұлттық-мәдени сипаттардың тілдік құралдар арқылы белгіленуі ғылымда ретроспективалық ыңғайда этнолингвистика аясында қарастырылып келгені белгілі. Сонымен қатар ғасыр соңындағы жана ғылыми бағыттарда қоғам, қоғамдық құрылым, жеке адамның қоғамдағы мінез-құлқы, табиғат құбылыстары, қоршаған табиғи орта, өсімдік, жан-жануар ерекшеліктері, сондай-ақ адамның антропологиялық келбеті, ішкі жан-дүниесі белгіленгендіктен, осыларды концептуалды немесе образды түрде атайтын тілдік кұралдардың қай-қайсысында да лингвомәдени сипат, мәдениет пен тілдің қарым-қатынасы қөрінетінін дәлелдеуге ұмтылыс күн санап артып келеді.
А.Вежбицкая: «Каждый язык национально специфичен. При этом в языке отражаются не только особенности природных условий и культуры, но и своеобразие национального характера его носителей»,- дейді [27,21].
Тілдегі бірліктер халықтың дүние танымы, болмысы салт-санасы, әдет-ғұрпы, рухани мәдениеті сол халықтың тіршілігінің өмір сүрген ортасынан, менталитетінен психологиясы мен әлеуметтік-саяси көзқарасынан мағлұмат беретін ұлттық құбылыс болып табылады [28,246]
Лингвомәдениеттану – мәдениет пен тіл бірліктерінің жиынтығын танып,жүйелі түрде қарастырады. Тілде бейнеленетін, тіл арқылы көрінетін мәдени құндылықтардың қолданылатын жүйесін зерттейді. Осыған байланысты тіл мен мәдениеттің элементтерін шоғырландыратын, яғни жинақтайтын,синтездейтін «лингвокультурема» түсінігі [1,5]. лингвомәдени өріс, лингвомәдени компетенция деген түсініктер аталып, түрлі объекттермен жұмыс істеуде жиі қолданылып жүр. Бұл аталған терминдік ұғымдардың әрқайсысының арқалайтын жігі әртүрлі. Соның ішінде лингвокультурема терминін алғаш ұсынған – В.В.Воробьев. Ғалымның пікірінше, лингвокультурема – лингвистикалық және экстралингвистикалық ұғымдардың диалектикалық бірлігі болып табылатын кешенді денгей аралық бірлік [1,45-97].
Лингвистикалық мәдениеттану өзара шекаралас пәндер – мәдениеттану, лингвоелтану, әлеуметтік лингвистика, этнолингвистика пәндерінің қиылысуында пайда болып, олармен тығыз байланыста болуы және арнайы аспектісі тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мәселесін өзінше қарастырады. Осындай ерекше белгілерге байланысты ғалым В.В.Воробьев лингвистикалық мәдениеттану пәніне төмендегідей анықтама береді: «Лингвокультурология – комплексная научная дисциплина синтези-рующего типа, изучающая взаимосвязь и взаимодействие культуры и языка в его функционировании и отражающая этот процесс как целостную структуру единиц в единстве их языкового и внеязыкового (культурного) содержания при помощи системных методов с ориентацией на современные приоритеты и культурные установления (система норм и общечеловеческих ценностей)» [1,36-37].
Лингвомәдениеттану – ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік, танымдық, эстетикалық, этикалық, саяси, адамгершілік, руханилық тұрмыстың қағидалар мен заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы жеткізуді зерттейтін тіл білімінің бағыты. Осы тұрғыдан лингвомәдениеттанудың ең негізгі мақсаты – ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілері мен халықтың танымдық, этика-эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау деп түйіндеуге болады [29,14].
Лингвистикалық мәдениеттану пәнінің мақсаты – халық мәдениетінің тіліне әсер етуін аңықтау, олардың диалектикалық өзара байланысы мен дамуын жүйелі түрде қарастыру. Зерттеу объектісі – біртұтас жүйе түрінде туындайтын тіл мен мәдениеттің өзара әсері, өзара байланысы және осы өзара қатынас процесі. Демек, лингвомәдениеттанудың объектісі тіл білімі мен мәдениеттану пәндерінің қиылысқан жерінде зерттеледі. Зерттеу пәні ретінде төмендегідей объектілерді атауға болады:
лингвоелтану объектілері – эквивалентсіз лексика мен лакуналар;
аңыздар, ырымдар және салт-дәстүрлердің тілдегі формалары;
тілдің паремиологиялық қоры;
тілдің өзара қатынасы;
сөйлеу әрекеті;
сөйлеу этикеті және т.б. [30,51].
Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мәселесін алғаш рет көтерген ғалымдар. Я.Гримм, Р.Раск, А.Потебня. Бұл мәселелердің қайнар көзі – В.фон Гумбольдтің ғылыми еңбектері. Оларды ғалым мынандай ғылыми ой-тұжырымдар жасайды:
материалдық және рухани мәдениет тілге әсер етеді;
кез келген мәдениет ұлттық нышанға ие, мұндай сипат тілдік жүйеде айқын көрінеді;
тіл-адам мен қоршаған ортаны жалғастырушы буын;
тілге «халықтық рух» пен мәдениеттің белгісі-ішкі форма тән [17,65].
Қазақ тіл білімінде лингвистикалық мәдениеттану мәселелері түрлі аспектіде зерттеліп келеді, тіл мен этностың мәдени бірліктердегі көрінісі (Ә.Қайдар, М.Манкеева); ақын-жыраулар поэзиясындағы этномәдени дереккөздер (Р.Сыздықова); этномәдени атаулардың этимологиялық негіздері (Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, А.Алдашева, Г.Смағұлова, Р.Авакова, З.Ахметжанова, М.Копыленко, Исабаева).
Мәдениеттің тілдегі көрінісі, ұлттық мәдени сипаттардың тілдік құралдар арқылы қазақ ғылымында этнолингвистика аясында қарастырылып келгені белгілі. Бұл туралы Г.Смағұлова «Тіл арқылы мәдениеттанудың бір бірімен өзара тығыз байланысты жаңа ғылыми бағыттары қалыптасып келеді. Олар: 1)этнолингвистика; 2)елтану; 3)лингвомәдениеттану» деп аталған саланың бағыт-бағдарын саралайды [31,142].
Қазақ тіл біліміндегі аударма саласының лингвомәдениеттанулық сипатын зерттеп жүрген ғалым А.Алдашева аталған жаңа бағыттардың отандық тіл біліміндегі көрінісі туралы былай дейді: «Орта ғасырдың соңғы бөлігінде, ғасырлар тоғысқан тұста әлемдік озық лингвистика тілтанымның теориялық бағыттарын имманентті; структуралық лингвистикадан өзгешелеу жаңа арналарға яғни тілді жеке адаммен, оның ойлау өрісімен және рухани-практикалық қызметімен байланыстыра қарауға қарай бет бұрып отыр. Когнитивті, антропологиялық лингвистика деп аталатын мүлде жаңа салалардың қатарында соңғы жылдары «лингвокультурология» деп аталатын бағыт та аталып келеді. Бұлардың қай-қайсысы да – қазақ тіл ғылымы төселе қоймаған соны салалар» [32,221].
Лингвомәдениеттану бағытының ұлттық тілдің болмыс-бітімін айшықтап көрсетудің, дамытудың негізі екенін соңғы кездегі Г.Смағұлова, А.Алдашева, Ж.Манкеева, А.Салқынбай, Р.Авакова, Г.Сағидолдақызы, А.Сейсенова, Г.Қажығалиева, А.Сейілхан т.б. бірқатар ғылыми-зерттеушілік жұмыстар дәлелдейді. Бұл қазақ тіл біліміндегі этнолингвистикадан басқа таза лингвомәдениеттану ғылымының пән ретінде қалыптаса бастағанын қөрсетеді.
Фразеологияның этномәденилингвистикалық қалыптарын олардағы ұлттық психологиялық табиғатты зерттеп жүргені Р.Авакова: «Әлемді бір бүтін дамудың орталығы деп танитын мәдениет іспетті тіл де бізге өзінің қырлары мен сырларына, жұмбағы мен құпиясына толы шексіз қасиеттерін ашуда» - деп тұжырым жасаса [33,47], тілдік бірліктер туралы деректердің номинациясының маңызын арттыруда ұлттық мәдени өмірімен байланыстылығы жайлы профессор А.Салқынбай былай дейді: «Тілдік деректерді лингвомәдени аспектіде зерттеу – ең әуелі тілдер арасындағы жалпы адами гуманитарлық, мәдени, өркениеттік қырларды айқындау болып табылады. Табиғаттағы, әлемдегі құбылыстар, қоғамдағы сана мен салт, бәрі де тілде өз көрінісін табатындықтан, атау мен оның жасалу сипаты лингвомәдени аспектіде қарастырылады [34,41].
Ал Г.Смағұлова лингвомәдениеттану пәнінің ерекшелігін: «Лингвомәдениеттану – этномәдени және этнопсихологиялық факторлар мен тілдегі ұлттық мәдени мағына компоненттерін тіл арқылы мәдениеттану бағытында зерттеп, тілдің дәл қазіргі қолданыс қызметін көрсететін, ұлттық ерекшелігін ешбір идеологиясыз заманға сай келбетін таныту. Бұл ретте тіл – ұлт – мәдениет дейтін үштік [триада] лингвомәдениттану пәнінің зерттеу нысаны болмақ» деп көрсетеді [31,147].
Аударматанудың лингвомәдени мәселелерін қарастырған А.Алдашеваның пікірінше: «Лингвомәдени ерекшіліктер – ұлттық мәдениетпен біте қайнасқан, ұлттық мәдениеттен бөлшектенбейтін төл сипат-белгі [32,158].
Аталмыш пәндердің «тіл мен мәдениеттің» өзара байланысын зерттеудегі әдіс-тәсілдері, кейбір теориялық принциптері мен негіздері ұқсас болып келеді, қазақ тіл білімінде профессорлар Ә.Қайдаров, Е.Жанпейісов, М.Копыленко, Ж.Манкеева және Н.Уәлиев т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінің негізінде этнолингвистикалық зерттеулер ерекше қарқын алды. «Тіл мен мәдениет» мәселесі қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Ә.Қайдаров, Е.Жанпейісов, Р.Сыздықова, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, Т.Жанұзақов, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, Қ.Рысбергенова т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Зерттеушілердің «Мәдениет пен өркениеттің жұмбақтарын зерттеу- лингвомәдениеттанудың ең маңызды мақсаттарының бірі...» [35, 254]- деген пайымдауының мәні ерекше.
В.В.Воробьевтің пайымдауы бойынша, «дүниенің тілдік бейнесін жүйелі түрде суреттеуге» лингвомәдениеттану – мәдени құндылықтардың белгілі бір тәртіппен таңдалған және ұйымдасқан жиынтығын, сөйлеуді тудыру мен қабылдаудың коммуникативтік үрдістерін ұлттық ақыл-ой мен тілдік дербестік тәжірибесін зерттеп, дүниенің тілдік бейнесін жүйелі түрде суреттейтін жаңа филологиялық пән [36,39-40].
Лингвомәдениеттану – тілде бейнеленетін, тіл арқылы көрінетін мәдени құндылықтардың қолданылатын жүйесін зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |