Лингвомәдениеттану ғылымының зерттелу жайы



бет2/13
Дата03.01.2022
өлшемі263.5 Kb.
#450863
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
М.Мағауин

2. М.Мағауин шығармаларындағы ұлттық мәдениеттің тілдік көрінісі............................................................................................................

2.2 М.Мағауин шығармаларындағы бейвербалды амалдардың ұлттық-мәдени ерекшеліктері...................................................................................


Қорытынды...................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................


Кіріспе
Тіл білімі ғылымының қазіргі кезеңдегі дамуы антропоцентристік бағытпен сипатталатын семантикалық зерттеулердің тереңдеуімен ерекшеленеді. Антропоцентристік парадигмадағы лингвистиканың алға қойған мақсаты тілдік субъектінің дүниетаным ерекшеліктерінің семиотикалық жүйе ретінде тілдің барлық деңгейлерінде көрініс табуын зерттеу болып табылады.

Аталмыш мәселе әсіресе лингвомәдениеттанымдық, психолингвистикалық, социолингвистикалық, этнолингвистикалық зерттеулерге ерекше қарқын береді.

Мұхтар Мұханұлы Мағауин – халқымызға кеңінен танымал суреткер. Ол – Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы. Оның қаламынан көптеген әңгімелер, повестер, романдар тән. Олардың ішіндегі шоқтығы биік туындысы «Аласапыран» романы болып табылады.

Жазушының шығармалары ғылымдар мен сыншылардың жоғары бағасына ие болып келсе де, күні бүгінге дейін жазушы шығармаларындағы ұлттық мәдениеттің тілдік көрінісі арнайы зерттеу нысаны болмаған.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Бүгінгі таңда лингвистикалық бір саласы ретінде дамып келе жатқан лингвомәдениеттанудың негізгі міндеттеріне дүниенің тілдік бейнесіндегі ұлттың мәдени ерекшеліктерін, сөз мазмұнындағы мәдени мәнділіктерді айқындау, оларды тілдік әрі мәдени субъектінің когнитивтік санасымен тығыз байланыста қарастыру т.б. жатады.

Дүние бейнесі мен тіл, мәдениет өзара күрделі байланыста болады. Тіл, әр ұлттық дүниетанымын, болмысын анықтап, дүниені игерудегі тәжірибесін сипаттап, бейнелеудің тәсілі қызметін атқарады. Тіл ұлттық тәжірибені тік сипаттап қоймай, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп отырады.

Әр ұлттың өзіне тән мәдени-танымдық ерекшеліктерін бойына жинақтау арқылы тіл шындық болмысты игереді. Яғни тіл ақиқатты сезіну, қабылдау тәсілдерінің бірі ретінде белгілі бір тілдік ұжым мүшелерін тік тілдік жағынан ғана емес, мәдени – танымдық жағынан да өзара жақындастырады.

Тілде алдыңғы ұрпақтың ғасырлар бойы жинақтаған рухани және материалдық мәдениетінің жетістіктері мен тәжірибесі, ұлт өркениетіне қатысты белгілер шоғырланған. Сондықтан да тіл, мәдениет пен өркениетті бір-бірінен ажырағысыз тұтас дүние ретінде қарастыру бүгінгі таңның өзекті мәселесінен саналады.

Тілдік ұжымның тілдік бірліктерде көрініс тапқан материалдық және рухани мәдениет.

М.Мағауиннің шығармаларында қазақ халқының осыдан бір жарым ғасыр бұрынғы рухани өмірі, күнделікті тұрмысы, этнографиялық ерекшеліктері молынан суреттелген. Сонымен қатар сол кездегі лингвомәдени қауымдастық басшылыққа алған адамгершілік принциптері, діни наным-сінімдер, салт-дәстүрлер, тілдік субъектінің дүниеге көзқарасы тәрізді т.б. когнитивтік құрылымдарды қаламгер тезаурусы арқылы айқын аңғаруға болады.

М. Мағауин шығармаларындағы мәдени мәңгілікке ие сөздерді қазақ халқының айнала қоршаған болмыс жайлы ғасырдан-ғасырға білім-тәжірибелерінің жинағы қоры ретінде арнайы қарастыру аса қажет деп біліміз. Жұмыста қарастырылған лингвомәдени бірліктер арқылы бұл кеңестіктің ерекше құрылым мен аса терең мағыналық мазмұнға ие екенін, мәдениеттің күрделілігі жағынан басқа өркениет түрлерінен қалыспайтынын көрсету тақырыптың өзектілігін айқындайды.

Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Жұмыс барысында сипаттама жасау, жүйелеу, контекстуалдық талдау әдістері мен оларды түсіндіру, салыстыру тәсілдері қолданылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет