«лингвомәдениеттану» курсы бойынша дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұНЫ



бет4/27
Дата02.01.2022
өлшемі498 Kb.
#452238
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
«лингвом дениеттану» курсы бойынша д рістерді ЫС аша мазм НЫ

Біріншіден, этнолингвистка мен лингвомәдениеттану ғылымдары ұлттық тіл аясында халықтың материалдық, рухани-мәдени өмірін зерттейді, яғни тілдік фактілерді мәдени қырынан алып қарастырады.

Екіншіден, екі пәнді де тіл мен мәдениеттану, тарих, этнография ғылымдарының жиынтығы деп қарауға болады, өйткені бұл пәндердің деректерінсіз мәдениетті толық тану мүмкін емес.

Үшіншіден, екі пәнге де ортақ мәселелер легі – ұлт, діл, ұлттық тұлға, этнос өмірі, дүниетаным, көзқарас ерекшеліктері.

Төртіншіден, этнолингвистка мен лингвомәдениеттану тілдегі ұлттық нақышты (коллоритті) бірден көрсетеді. Ол үшін халық дүниетанымымен байланысты эстетика, этика категорияларына иек сүйеу керектігі анық.

Бесіншіден, ұлттық тіл – бір ғана этностың тілдік заңдылықтарын сақтаушы, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші құрал ғана емес, ол – нақты бір халық мәдениетінің жалпы адамзат мәдениетіндегі рөлін сипаттайтын мәдени категория.

Алтыншыдан, егер этнолингвистика «көне дүниені» жаңғыртуға көбірек бүйрегі бұрса, лингвомәдениеттану халықтың өткені мен бүгінін жаңа, тың көзқараспен сараптайды.

Жетіншіден, этнолингвистика ұлт мәдениетін сол халықтың мәдени өмірімен, әрі кетсе, туыстас халықтың этнографиялық тарихымен байланыстыра қарастырады. Ал, лингвомәдениеттану ұлттық мәдениеттің сол этнос тіліндегі мазмұнының бүкіл адамзат мәдениетіндегі қалыптасу жағдайына да тоқталады

Қорыта айтар болсақ, лингвомәдениеттануэтнос мәдениеті мен сол тілде сөйлейтін халықтың лексикасының тілдік-мәдени деректерін сипаттайтын, халық мәдениетін өз лексикасы арқылы басқа этносқа танытатын, ұлттық рух пен ұлттық тілдің туын көтеретін, халықтың тіл байлығын өз тұғырына жеткізіп, келешекке танытатын, тілдік деректерді ұлттық нышанда жарата да, жарқырата да алатын ғылым. Ол –этнолингвистика пәнімен ағайындас, ұлттық рух пен тіл арасында өзіндік жолы бар, тілді мәдениет арқылы танудағы бітімімен басқа тіл ғылымдарынан ерекшеленетін, қоғамдық-әлеуметтік, этика-эстетикалық, мәдени-философиялық сипаты бар кешенді пән.

Тіл мен мәдениеттің өзара қарым қатынасы, әсіресе, мәдениеттің тілге тигізер ықпалы, мәдениеттің тілдегі көрінісі ғылым үшін жаңалық емес. Әр халықтың дүниетанымы мен мәдениетінде ерекшелік бар әрі бұл ерекшелік тілге сіңіріледі деген көзқарастың бастапқы негізі Э. Сепир мен Б. Уорфтың “лингвистикалық ықтималдық теориясында” қаланған болатын.

Әр халық мәдениетінің өзара айырмашылықтарының бар екендігі ақиқат. Алайда, XX ғасырдың өн бойында белгілі идеологиялық мүддені көздеу барысында қазақ ғылымында бұл шындық көмескіленіп, мәдениет ұғымы ұлтқа қатыссыз, ұлттық бітімнен бөлек, өзге мәдениеттермен синтездеуге болатын интернационалдық рухтағы категория ретінде абстрактылы түрде ұғындырылғаны мәлім. Ал дербестіктен, өзгеге ұқсамас ерендіктен паритетті түрде бас біріктіруге, сұхбатқа деген ерік-жігерді көруді көздеу – бүгінгі күннің парадигмасы.

Лингвомәдениеттану әрбір концептің белгілі бір халықтың төл элементі, өзгелерден ауыс-түйіс емес, халық тілімен бірге жасасып келе жатқан өз меншігіндегі сөзі екенін айтады. Ол - ұлттық “бет-пішіні” бар деп есептелетін сөз. Жоғарыда айтып өткеніміздей, аудармашылықтың кәсіби қиындықтарының бәрі осы ұлттық "бет-пішінді" сөздермен, тұрақты сөз тіркестерімен байланысты. Осыдан барып жалпы аударманың бітімдік салыстырмалылығы, ықтималдылығы туралы теориялар туындайды. Расында да, толығымен, бүге-шігесіз дәл аударылатын мәтін жоқтың қасы.

Лингвомәдениеттанулық ізденістер бастауына назар салып, біраз экскурс жасар болсақ, онда сөз жоқ, бірінші болып аузымызға Вильгельм Гумбольдтың аты ілігеді. Ол өзінің орыс тіліне аударылған “Тіл және мәдениет философиясы” (“Язык и философия культуры”) , “Мәдениет тілі” (“Язык культуры”) атты тіл мәселесіне арналған классикалық шығармаларында тілді тек дайын қарым-қатынас құралы ретінде емес, өз бойына “халық рухын” жинақтаған пәрменді күш ретінде сипаттайды. Тіл философиясының негізін салған неміс филолог-философы, өнер теоретигі В. Гумбольдт тілдің топосын “сыртқы құбылыстар әлемі мен адамның ішкі әлемінің ортасында жатқан өзіндік әлем” деп анықтайды [7]. В. Гумбольдтың тіл дегеніміз “халықтық рух”, тіпті, халықтың “болмысының, тыныс-тіршілігінің дәл өзі” деген көзқарастары әлемге кеңінен танымал. ХІХ ғасырда тіл философиясында В. Гумбольдт тұжырымдамасы халық мәдениетіндегі тілдің қызметіне аса үлкен мән беріп, тіл – ерекше халықтық рух дүниеге келтіретін өзіндік даму заңдары бар жүйе деген ой айтты.

Мәдениет өзін, ең алдымен, тіл арқылы көрсетеді әрі адам тіл арқылы өз мәдениетінің нәрін сіңіреді. В. Гумбольдтың кемеңгерлікпен айтқанындай, тіл әрі біздің өз іс-әрекетіміз, әрі оның өзі – шығармашылыққа бастаушы пәрменді күш. Тіл – халықтың рухани болмысын анықтаушы нышан-ишараты.

Тілді мәдениеттің мәйегі деп білуге жол салғандар қатарында А. Потебняның да бар екендігін жоғарыда айтқан едік. А. Потебня да, В. Гумбольдт сияқты, тілді үзіліссіз жаңашыл іс-әрекет ретінде қарастырады. "Тіл қаншалықты іс-әрекет болса, соншалықты шығармашылық та" [120, 25 б.] деп ұғады ол. Тіл шығармашылығы А. Потебня үшін эстетикалық шығармашылықтың бір түрі болып табылады. Ол тілдің аналогы ретінде мифті алып қарастыруға болады деп біледі. Миф алғашқы қауымдық адамдар ұжымындағы әлем туралы көзқарастардың жалпыға ортақ, реттелген көрінісі болып табылады. Миф ритуалдық-магиялық кешенмен тікелей байланысты әрі мифте үнемі эстетикалық, көркем элементтер қатынасы кездеседі дейді А. Потебня.

Тіл қалыптасқан дүниетанымның бейнесі емес, қайта сол дүниетанымды жасаушы, құрастырушы болғандықтан, адам өзінің жан құбылысын, сыртқы дүниеден алған сезімдерін сөз арқылы объективациялайды. Тіл мифтің пайда болу құралы болса, миф ғылымның бастауында жатыр. Өйткені, ғылым "сөзден құрастырылған мифтен дамиды. Мифтің ғылыммен ұқсастығы оның екеуінің де әлемді объективті түрде тануға тырысатындығында" [120, 165 б.]. А. Потебня, Б. Малиновский, М. Элиаде, К. Клакхон, К. Леви-Стростан бұрын-ақ мифтің құрылымын және оның маңызын ашып көрсете білді.

А. Потебня тілді рухани мәдениеттің "бірінші элементі" ретінде қарастырады. Тіл, тіпті, тілдегі сөздің әрқайсысы болсын өз бойында шығармашылық идеясын алып жүреді, өйткені сөз көркем шығарманың барлық қасиеттеріне ие деп білген А. Потебняның "жеңіл қолының" арқасында "мәдениет тілі", "өнер тілі", "поэтикалық шығармашылық тілі" деген ұғымдар ғылыми қолданысқа еніп кетіп, бүгіндері үйреншікті болып отыр. Э. Кассирер, К. Леви-Стростан талай уақыт бұрын А. Потебня адам өміріндегі және мәдениетіндегі белгі мен рәміздің алатын орнын зерттеп, олардың қаншалықты маңыздылығын көрсете білген болатын.

А. Потебняның айтуы бойынша, сөздің қос мазмұны бар: біріншісі – сөздің этимологиялық немесе жақын жатқан түбірлік мазмұны; екіншісі – сөздің субъективті көп мағыналы мазмұны. "Сөзден біз сыртқы пішінді немесе түсінікті дыбысты, сол дыбыс арқылы объективацияланған мазмұнды және ішкі пішінді немесе сол сөз мазмұнын беретін жақын тұрған этимологиялық мәнді табамыз" [120, 145 б.].

Тілге, сөзге деген эстетикалық көзқарасты қалыптастыру жолында сіңірген еңбегінің арқасында А. Потебняны "лингвистикалық эстетика" мектебінің негізін қалаушы деп қарастыруға да болады. А. Потебня ресейлік мәдениеттанушылар, оның ішінде, лингвомәдениеттанымдық сарындағы ғалымдар М. Бахтиннің, В. Волошиновтың, А. Лосевтің философ, эстетик, мәдениеттанушы, филолог ретінде қалыптасуына зор ықпал еткен тұлға болатын.

А. Потебнядан бастауын алатын "мәдениет тілі" ұғымы тіл терминінің кең мағынасын пайдаланады. Әдебиет, кино, саясат, басқару ісі... – бәрін де мәдениет тіліне жaтқыза аламыз, өйткені олардың бәрі белгілі бір мәдени-әлеуметтік ақпаратты жеткізуші құрал болып табылады. Сөйтіп, мәдениетті семиотикалық жүйелер иерархиясы ретінде қарастыруға болатындығы айқын бедерленеді.

Тілдің антропоцентристік парадигмасының алдындағы салыстырмалы-тарихи және жүйелік-құрылымдық парадигмалардың негізгі ұстындары. ХХ ғасырдағы батыс қоғамындағы техника феномені. Техникалық сфера: субъективтілік мәселелерімен, субъективтіліктің жаңа өмірлік типтерінің қалыптасуымен байланыс. Ғылыми-техникалық мәдениеттің жаңа типінің қалыптасуы. Ғылыми-техникалық дамудың ақпараттық аспектісі. Рационалды құрастырудың доминантасы. Компьютерлік төңкеріс – адам бейнесінің, кейпінің және оның бос уақытының сапалы өзгеруі. Компьютерлік ойындар әлемі. Компьютерлік технология әлеміндегі адамның аддиктивті іс-әрекеті.

Э. Бенвенисттің тіл туралы пікірлері. М. Хайдеггердің тілді рух үйі ретінде берген түсіндірмесі. Л. Витгенштейннің «Тіл дегеніміз заттардың жиынтығы емес, орын алған айғақтардың жиынтығы» деген тұжырымдамасы. Батыс мәдениеті қоғамындағы жатсыну және затқа айналдыру феномені. Ғылым философиясы және ғылыми білім мәселесі. Ғылым және метафизика демаркациясы мәселесі. Философия беделін қайта ұғыну. Философиядағы тіл философиясының алатын рөлі мен қызметінің өзгеруі. Білім сциентизациясы мәселесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет