«лингвомәдениеттану» курсы бойынша дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұНЫ



бет3/27
Дата02.01.2022
өлшемі498 Kb.
#452238
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
«лингвом дениеттану» курсы бойынша д рістерді ЫС аша мазм НЫ

ТІЛ-МӘДЕНИЕТ-АДАМ-ЭТНОС


Тілді мәдениеттің негізгі бір категориясы ретінде танып, қазақ тілі лексикасында заттық мәдениет атауын сөз еткен ғалым Ж. Манкеева: «Мәдениетті тілден бөліп алып қарамаймыз, тіл – мәдениеттің бір көрінісі. Ол екеуінің ара қатынасы ерекше де маңызды, кез-келген мәдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнеленіп, тілдің кумулятивтік қызметі арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізілетіні белгілі», - деп көрсетеді [117, 33 б.].

Жалпы, әр этностың тілінде заттық атаулардың мәні сол халықтың өзіне тән дүниетанымдық, тұрмыстық ерекшелігін танытады. Яғни жаратылыстағы заттың тура өзі емес, оның халық шығармашылығынан туындаған бейнесі сол елге қызмет етеді. Бұл жерде ғалымдар В. фон Гумбольдт пен А. Потебняның тіл дүниені тікелей бейнелемейді, онда адамның дүниені қалай түсінетіні көрініс береді деген сөздері шындықты ақиқаттайды. Көне сөздердің табиғатын танытып жүрген белгілі ғалым Р. Сыздықова өзінің "Сөздер сөйлейді" [118] және т.б. еңбектерінде бүгінгі жұртшылыққа таныс емес, бірақ ана тіліміздің қазынасында сақталған бірқатар сөздер мен сөз тіркестерінің тарихи-тілдік мағыналарын ашып, әр халықтың өзіндік тұрмыстық-мәдени сөздері мен сөз тіркестерінің қорының кездесуі табиғи құбылыс деп көрсетеді. Тұрақты сөз орамдарының ұлттық мәдени мазмұнын, халық тілінің байырғы лексикасының сан алуан сырын осы саланы «індете» зерттеп жүрген маман-ғалым Н. Уәлиевтің еңбектерінен табамыз. Ол халықтың өзінің өткен дәуірлеріндегі наным-сенімдерін, түйсік-түсінігін, ой-қиялдарын, тыныс-тіршілігін аз сөздің аясына сыйғызып, әрі нәрлі, әрі әрлі етіп ерекше өрнектей білгендігі туралы айтады. Тілдегі сөздер халықтың өткендегі тыныс-тіршілігі, ой-қиялы, дүниетанымы туралы сыр шертіп тұрады дейді. Бүгінде лингвомәдениеттану пәніне назар аударудың тілтануға болсын, мәдениеттануға болсын берерінің мол екені туралы соңғы кездегі біраз зерттеулерде (Г. Смағұлова, А. Алдашева, А. Салқынбай, А. Сейсенова, Г. Қажығалиевалар және т.б. зерттеулерінде) сөз болуы, лингвомәдениеттану ғылымының пән ретінде қалыптаса бастағанын байқатады.

Лингвомәдениеттану пәні басқа халықтардың өмірінен де мәдени ақпарат береді. Ол бір ұлттың көршілес ұлтпен туыстығын немесе дәстүр ұқсастығын салыстыруды да мақсат етеді. Осы тұста лингвомәдениеттану пәнінің мәселелері аударма ісімен шұғылданушылардың да назарынан тыс қалмайтындығын атап өту керек. Өйткені, әрбір сөздің мәдени-этникалық жүгінің қандай екені аудару процесінде айқын көрінеді. Олай дейтін себебіміз аударма жасау барысында тілдің сөзі ғана тәржімаға түсіп қоймай, сол сөздің мәдени мәні, мәдениеттегі алатын орны ескеріле отырып, аударылады. Ендеше, аударма мәселесі, шындығында да, лингвомәдениеттанулық мәселе ретінде танылады деуге болады.

Жоғарыда тұжырымдағанымыздай, аударма лингвомәдениеттанулық мәселе ретінде сол ғылымға төркіндес этнолингвистиканың да бір шетін қамтып өтеді. Лингвистикалық түсіндірме сөздігінде этнолингвистика (гректің „этнос” – тайпа, халық, француздың „лингвистика” – тіл туралы білім) тілді мәдениетпен, этномәдени және этнопсихологиялық факторлармен байланыстыра қарастыратын тіл білімінің бағыты деп анықтаған.

Тіл арқылы мәдениетті тану лингвомәдениеттану пәнінен бұрын этнолингвистика ғылымында сөз етілгендігі – тарихи шындық. Лингвомәдениеттану мен этнолингвистиканың теориялық арқауы, зерттеу нысаны мен мақсатының өзектес, тамырлас екендігі де дау туғызбайды. Осы екеуінің қатынасын жалпы мен жалқының, бүтін мен бөлшектің байланысы іспетті деп қарауға болады. Нақтырақ айтсақ, этнолингвистиканың зерттеу нысаны – этнос болмысын тұтастай танытатын „тіл әлемі”.

Этнолигвистиканың жеке бағыт ретінде қалыптасуы XIX ғасырдың 70-жылдары Орталық Американың үндіс тайпаларын зерттеумен тығыз байланыста орын алып, ол сол кездегі жаңа ғылыми сала дәстүрінің негізі болған еді. Этнолингвистика ғылымының негізі американдық ғалымдар Ф. Боас, Э. Сепир, Б.Л. Уорф, Х. Хайер т.б. еңбектерінен бастау алып жатыр. Орыс тіл білімінде осы сипаттас ізденістер ресейлік ғалымдар Ф.И. Буслаев, А.Н. Афанасьев, А.А. Потебня еңбектерімен жалғасып, XIX ғасырдың 80-жылдарында фольклор аясында тіл мен мәдениетті сабақтастыра зерттеудің жаңа бағытын пайдаланған Н.И. Толстой, В.В. Иванов, В.Н. Топоров сияқты ғалымдардың этнолингвистикалық зерттеулері атаулы саланы ғылыми биік санатқа көтеріп жіберді.

Ғылым аясында „этнолингвистика” термині ең алғаш ғалым Б. Уорфтың идеясы негізінде туындап, осы идеяны ары қарай жалғастырушы Э. Сепирдың еңбектері арқасында орныққан. Ғылымда аты белгілі „Сепир-Уорф” концепциясына сай, тілдік этнодеректер халық мәдениеті мен жеке индивид тұлғасын терең зерделеу тұрғысынан өте маңызды болса керек. Академик Ә. Қайдардың [119] ана тіліміздің бай қоры – ұлттық болмыс-бітімді танытатын тілдік этнодеректердің қазынасы деген пікірі қазақ этнолингвистикасының негізін салды. Ол этнолингвистиканы этностың (ұлыс, халық, ұлт) инсандық болмысынан туындап, сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасып, қорланып, рухани-мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге үзілмей ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, жан-жақты зерттеп, танымдық мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің күрделі де құнарлы саласы деп анықтама берген .

Сонымен, лингвомәдениеттану ұлттық тіл деректерінің бойынан мәдени нышанды тауып, қарастырып, ұлт мәдениетіндегі өзіндік ерекшелікті танытуға көбірек бағыт бұрады. Біз жоғарыда сөз еткен лингвомәдениеттанудың және лингвистикалық ой тұжырымдардың негізіне сүйене отырып, халықтың өмірлік даналығы, халық жасаған мәдениет, оның тыныс-тіршілігі мен тұрмыс-салты, қалыптастырған дүниетанымы тіл құдіреті арқылы тарихтың қат-қабат қойнауында сақталады дегіміз келеді. Лингвомәдениеттану мен этнолингвистика ғылымдарының өзіндік ұқсастықтары мен ерекшеліктерін төмендегідей анықтауға болады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет