«лингвомәдениеттану» курсы бойынша дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұНЫ


лингвистикалық толықтырудың



бет27/27
Дата02.01.2022
өлшемі498 Kb.
#452238
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
«лингвом дениеттану» курсы бойынша д рістерді ЫС аша мазм НЫ

лингвистикалық толықтырудың (Нильс Бордың толықтырмалық принципі желісімен) арқасында осы тілдердің іштей қиылысуы олардың өсуін, тіпті “тарихтың жасалуы сынды" мессиялық істерді жүзеге асыратын “тілдердің қасиетті бой түзеуін” қамтамасыз етеді.

Міне, тілдің осылай өсіп-өнуі бұдан былай Бабыл деп те аталады дейді Ж. Деррида. Аударманы қажет еткізген де, оған кедергі қойған да Құдай атымен (Бабылмен) берілген жаратқанның заңы. Бірақ бұл тек бабылдық оқиға ғана, бабылдық құрылым ғана емес. Сонымен қатар, бұл – бабылдық мәтіннің қасиетті мәтін ретіндегі “болмыстық” мәтін мәртебесі мен жағдайы. Аудармада немесе әлгі аталған оқиғада екі тіл бір-бірімен бас қосып, “неке қиысып”, жан-тәнімен бірігеді. Ж. Дерриданың түсінігінде аударма интермәтінділік шегі болып табылады. Аударма өз алдына өз өндірісімен айналысатын көрінеді. Топшылап, тұжырымды тұнық сөз айтар тұсқа келіп қалғандаймыз. Ендеше, тілдегі сөздердің тарихы халықтың тарихымен тығыз байланысты болады. Көне замандарда бір тілден екінші тілге еніп, әбден қалыптасып кеткен кірме сөздер бойынша әр түрлі халықтардың ерте дәуірлерде бір-бірімен жасаған қарым-қатынастарының түрлерін айқындауға болады. Халықтың тарихымен біте қайнасқан тілдің сөздерінен сол халықтың бүтіндей өмірі, тұрмыс шаруашылығы мен негізгі ата кәсібі, тілегі мен арман-мақсаты, қуанышы мен қайғысы, рухани ізденістері аңғарылады. Келелі ой мен кең мазмұн, даналық қорытынды мен ақыл-өсиетті жеткізудегі "аз сөздегі көп мағынасы" бар ұғымды концепт деп атайтынымызды және де сол концептердің мәдениеттің рухани сұлбасын құрайтындығын тағы да баса айтқымыз келеді. Концептерді тәржімалау барысында аудармашы өзінің құр сөзді, әріпті ғана емес, шығарманың мәдени ерендіктен тұратын рухын меңгергенін танытады. Ол аудармашының шынайы шығармашылық рухын паш етеді. Аудару барысында қайткен күнде интерпретация, яғни қабыл алынған мәтінді талдау әрі түсіну процесі жүріп отырады. Мән-мағына, мазмұнды қабылдау, талдау барысында қол жететін түсіну өте күрделі процесс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет