Ұлытауды зерттеу жастардың болашағы



жүктеу 84.78 Kb.
Дата20.06.2016
өлшемі84.78 Kb.
ұлытауды зерттеу - жастардың болашағы
Абдраманова Г.Қ., Аубакиров Қ.С.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,

«Ұлытау ауданының оқушылар үйі» КМҚК

Астана қ., Қазақстан Республикасы

e-mail: agk2009@mail.ru

Ұлытау – ұлт ұясы. Осы аталы сөздердің қасиеті киелі Ұлытауға атбасын тартып тұрары анық. Ұлытау – қазақ тарихының асыл қазынасы, ерлік пен елдіктің, береке мен бірліктің айшықты белгісі. Алты Алаштың басын қосқан Алашадан бастап, азаттық үшін күрескен Кенесарыға дейін қазақ хандары ордасын осында құрған. Ел басына күн туғанда ата-бабаларымыз осынау қасиетті жерде бастарын қосып, бірлікке, келісімге келген. Сол себепті Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қасиетті Ұлытаудан бастау алды.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылы 25 тамызда Ұлытау төріндегі сұхбатында: «Кезінде мен астана болатын жер іздегенде Ұлытауды көрейін деп әдейі келдім. Қазақ жерінің нағыз орта тұсы екені рас. Бірақ қазіргі заман талабымен қарасақ, бұл жерде не жол, не су, не әуежай жоқ – ешнәрсе де жоқ. Бұл жерге қыруар қаражат керек болар еді. Бәрібір елдің ордасына лайықты жер емес-ті. Бірақ қасиетті мекен ретінде бағалана береді. Міне, теміржол, басқа да жолдар салынып жатыр. Келешекте туризм орталығы болып, халқымыз келіп тәу ететін қастерлі жер болып қала береді. Мұнда Жошы ханның ордасы болған деп те айтады. Жошының қазасын естірткен кезде «Ақсақ құлан» деген күй шыққан. Бұл мекеннің осындай кереметтерін тани білуіміз керек» - деді.

Елбасының осы айтқан идеясы мен алға қойған мақсаты бойынша, 2014 жылы қазан айында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ректоры, т.ғ.д., профессор Ерлан Бәтташұлы Сыдықовтың тапсырмасы бойынша, Ұлытау өңірінде туризмді дамыту жолдарын білім, ғылым арқылы қарастыру міндеттері алға қойылды. Осы уақыттан бастап, «Туризм» кафедрасы 2014 жылы қазан айында «Ұлытау – ұлт ұясы» жобасын дайындаудағы іс-шаралар жоспары әзірленді. Қараша айында Ұлытау ауданының әкімшілігімен және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Карьералар және бизнес серіктестіктер» бөлімінің басшылығымен және Экономика факультетінің деканы және «Туризм» кафедрасының ұжымымен семинар өткізілді. Онда екі жақты ынтымақтастық туралы келісім-шарттың жоспары талқыланды. Нәтижесіне, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен Ұлытау ауданының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасалды.

2015 жылы ақпан айында Ұлытау ауданының әкімдігі Ұлытау ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ұлытау ауданының оқушылар үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның базасы негізіндегі «Туризм» кафедрасының филиалы туралы ережесі және кәсіпорындағы кафедраның филиалын ұйымдастыру туралы келісім-шарт орнады.

Осы уақыттан бастап «Ұлытау ауданының оқушылар үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның базасы негізінде «Туризм» кафедрасының филиалы жұмыс жасап келеді. Кафедра филиалының мақсаты - дарынды оқушыларды іздестіре отырып, олармен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы, Ұлытау өңірі үшін болашақ мамандарды даярлау.

Алға қойған міндеттердің негізгілері ретінде, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы туған жеріне өзінің үлесін қосуына байланысты, университет түлектерін жұмыспен қамту болып табылады, яғни:


  • бакалавр мен магистрлерді мақсатты даярлауда қаржыландыру;

  • кәсіби тәжірибеден өту кезінде білім алушының қабілетін бағалап, болашақта аймақ үшін жұмысқа орналасуына жағдай жасау;

  • өндірістік тәжірибе өту кезінде білім алушыларды қажетті жұмыс орнымен қамтамасыз ету, т.б.

Ұлытау өңірінде туризмді жандандыру аса маңызды. Мәңгілік даланың бабалары жүріп өткен жерлерді, олардың көне кәсібінен қалған жәдігерлерді танып білу ұрпақ үшін маңызды. Сонымен қоса, ұлттық құндылықтарымыз елге келетін қонақтар үшін де қызығушылық білдірері анық. Әсіресе ізденуші туристер үшін аймақтың бай тарихымен қоса, көне ескерткіштеріміз, тау-кен саласының тарихынан сыр шертетін жәдігерлер және объектілер қашанда болса, құнды. Бұл біздің Ұлттық байлығымыз. Бүгінгі күні осы тарихты таныстыратын Жезқазған-Ұлытау аймағында мұражайлар бар. Олар: Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы; М.Төрегелдин атындағы Жезді тау-кен балқыту ісі тарихи мұражайы мен Қарсақпай кентіндегі Қ.И.Сәтпаев атындағы мемориалдық Музей-Үйі мәдени-тарихи комплекс;Көрме залы бар Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы;«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы.

Көненің көзі сақталған мұражайлардың рөлі зор. Кезінде осы Ұлттық байлықтарымызды сақтап, келесі ұрпаққа өзінің еңбектері арқылы жеткізген М. Төрегелдин ақсақалдың борышы орындалып, оның құнды деректері өзінің ашқан мұражайында сақтаулы. Өзінің еңбектері арқылы ол, жастарды өнегеге, елін сүйуге тәрбиелеп, сонымен қоса Ұлытау өңірінің дамуына және оның болашақта гүлденуі үшін асыл мұраны қалдырғаны мәлім. Соның ішінде, туризм саласының дамуы үшін де маңызды деректер жетерлік. Оның, Жезді-Қарсақбай - Байқоңыр өзені бойындағы тастағы таңбалар бағытындағы тарихи орындарды қамтитын туристік маршрут, сонымен қоса Жезқазған – Жезді –Ұлытау және Жезқазған – Жезді – Қарсақбай бағыттарындағы тарихи орындарды қамтитын туристік маршруттарды болашақ жастар үшін жасап, қалдыруы абзал іс. Осы деректерді әріқарай зерттеу, біздің, яғни болашақ жастардың, аманатты ел игілігі үшін іске астуы емес пе. Төменде, М.Төрегелдиннің ұсынған, Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі саяхат бағыттарымен қазіргі жастар турмаршрут жасап, аймақты зерттеу борышы деп білемі. Бұл тарих, экономика, экология және басқа да салалардың жандануына жол ашады.




Сурет 1. Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі саяхат бағыттары [1]
Біз, бүгінгі жастарымызды осы құндылықтардың көзін зерттеп, ізденуге тәрбиелеуіміз қажет. Осыған байланысты 2016 жылы «Туризм» кафедрасының филиалы Ұлытау өңірінің дарынды оқушыларына арналған ғылыми жобалар конкурсын жариялады. Ол екі кезеңнен өтеді және бұл іс-шара Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 20 жылдық мерейтой қарсаңында ұйымдастрылып отыр.

Жастар сонымен қоса, өздерінің зерттеулерінде турмаршруттардың экономикалық жағынана жұмсалатын турмаршруттардың шығындары мен бағыттарын зерттеуді үйренгені абзал. Келесі кезекте жас-зерттеушілер және туристер үшін аймаққа саяхат жасауға арналған: «Ұлытауға саяхат» турмаршрутының қысқаша шығын сметасы ұсыналады. Алғашқыда аймақтың статистикалық көрсеткіштерін қарастырған жөн.

 Туристік қызметті статистикалық зерттеу деректері бойынша Қарағанды облысында қызмет көрсетілген келушілердің саны 2015 жылы 246,4 мың адамды құрады, ол 2014 жылға қарағанда 6,4% -ға өскен. 2015 жылы туристік қызметпен айналысатын 113 туристік фирма және 44 жеке кәсіпкер 33,7 мың келушіге қызмет көрсеткен, ол 2014 жылға қарағанда 33,2% -ға көп.Олармен сатылған жолдамалар құны 2531,1 млн. тенгені құрады, 2014 жылмен салыстырмалы бағадан 37,5% артық. Соның ішінде, 2015 жылы Ұлытау ауданында туристік қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша жеке кәсіпкерлердің көрсетілген қызметі 1 095,1 мың тенгені құраған. Орналастыру орындарының негізгі көрсеткіштер бойынша Қарағанды облысында 2015 жылы 3451 нөмір есептелетін орналастыру объектілерінде 212,7 мың адамға қызмет көрсетілді. 2014 жылмен салыстырғанда 21,2%-ға артық. Қызмет көлемі 13,2%-ға өсті және 3148,2 млн. тенге құрады. Ал, Ұлытау ауданы бойынша жеке кәсіпкерлердің, 2015 жылы нөмерлер саны 2, ол жайлы емес санатқа кіреді және біржолғы сыйымдылық 4 төсек-орын, орналасу орындарының толтырымдылығы 8,2%, ұсынған тәулік төсек орын 120, тәулік төсектің орташа құны 1000 тенге, қызмет көрсетілген келермендер 53 адам [2].

Ұлытау ауданы Қарағанды облысында орналасқан. Өз аумағы бойынша Қазақстан Республикасындағы ең ірі республикалық құрылым болып табылады, оның ауданы 121,6 мың ш.м. құрайды. Әкімшілік орталығы болып Ұлытау ауылы табылады. Ауданның аумағы 12 293 105 га құрайды.Осы Сарыарқаның кең жазирасына көліктің әр түрін пайдалану арқылы саяхат жасау туристердің уақытын және жұмсайтын шығындарын үнемдеуге мүмкіндік туғызады. Соның ішінде, тас жол арқылы туристер өңірдің тарихымен қоса, сарыарқаның жазиралы жерінің табиғатына тәнті болады. Сапар барысында жазық даладағы жусанның исі, жердің құнарлығы адамдарды қасиетті жерге келгендігін сезіндіреді.

Қазақтың ежелгі қонысы жайлы тарихтың атасы атанған Геродот және басқа ғұламалар да «суы сүт, топырағы май, тасы алтын мекен» деген анықтамалар қалдырған [3].

Ұзақ жолдар арасында кемпинг және караванинг бағытын қолға алған жөн. Елімізде ұлттық кемпинг жүйесінде орналастырудың үш түрі бар: палаткаларды жалға беру; санитарлық-гигеналық талапқа сәйкес 8 орынды үйлер; заңды тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктерге ұзақ мерзімі жалға беруге арналған жабдықталған караванингтер. Бұл үш түрді де, өңірде дамытуға болады. Жезқазған-Ұлытау өңіріне көліктің әртүрімен жетуге мүмкіншілік бар. Соның бірі ретінде, келесі маршрутты ұсынып отырмыз. Бұл маршрут бойынша туристер Астана қаласынан Жезқазған қаласына дейін темір жол арқылы немесе ұшақ арқылы жетіп, ұсынылған туристік маршруттар бойынша саяхат жасауына болады.



«Ұлытауға саяхат» турмаршруты

Мақсат: Ұлытау өңіріне саяхат жасау арқылы, мәдени-танымдық экологиялық, спорттық және басқа да туризм түрлерін дамыту,турмаршрут шығыны есебінен, қайрымдылық акциясын ұйымдастыру.

Міндеттер:


  • турөнімнің түрін ұсыну;

  • маршрутты және бағасын ұсыну;

  • туристер тізімін жасау;

  • туристтік қажеттілікті қанағаттандыру үшін жұмысты тиімді ұйымдастыру;

  • жалпы шығының үлесінен 10% балалар үйіне аудару акциясын ұйымдастыру;

Ұйымдастырушылар:

  • Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Туризм» кафедрасы, «Ұлытау ауданының оқушылар үйі» КМҚК базасында «Туризм» кафедрасы филиалы;

  • Ұлытау ауданы әкімдігі;

  • Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы;

  • М. Төрегелдин атындағы Жезді тау-кен балқыту ісі тарихи мұражайы;

  • Жергілікті жердің инфрақұрылымдары.

Кесте 1. Турмаршрут шығындары




1-күні:

Жол ақысы /купе/ -4500тг

Жезқазған мұражайы – 100тг

Ұлытау қонақ үйіне орналасу – 2500тг

Түскі ас – қонағасы

Монша – 500тг

Кешкі ас – 1300тг


Барлығы – 8900тг-адам

2-күні:

Тамақтану 3 мезгіл – 3000тг

Хан Ордасы, Алтын шоқы – 500тг

Алаша-хан, Жошы-хан, Домбауыл кесенелеріне бару үшін көлік шығыны – 2000тг

Монша -500тг

Ұлытау қонақ үйіне орналасу – 2500тг



Барлығы – 8500тг/адам

3-күні:

Жезді мұражайы -100тг

Түскі ас – 1200тг

Кешкі ас- 1800тг

Жол ақысы /купе/ 4500тг


Барлығы – 7600тг/адам

Жалпы саяхатқа 25 000тг/адам шығын жуықтап кетеді. Егер 25000тг*10 адам = 250 000 тг шығын *10% қайрымдылық акциясына =25 000тг (2500/ тг адам)

Қайрымдылық -

2500/ тг адам

Сумма – 27 500 тг


Сурет 2. «Ұлытауға саяхат» маршрутының картасы

Жастар – ел болашағы. Ұлытауды зерттеу –жастардың болашағы. Біз, жастарды ел сүйгіш азамат болып өсуі үшін, өзінің туып өскен жерінің әр тасы мен суын, ну орманы мен жолын зерттеуіне аса назар аударғанымыз жөн. Осы арқылы ұрпағымызды мақтан тұтарлық азамат етіп тәрбиелеудің бір бағыты ретінде, туризм саласының үлесі де бар.
Әдебиеттер

1 Қазанбаева З. Ғибадатты ғұмыр. Мақала мен естеліктер. – Астана: Фолиант, 2008. - 288 б.

2 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің электрондық ресурсы: http://stat.gov.kz

3 Төрегелдин М. Мәңгілік мұра. – Қарағанды, 1998. – 192 б.



4 Ахметов Қ. Ұлытау. - Астана: Фолиант, 2006.- 333 б.

5 Маргулан А.Х. Сочинения. Петроглифы. Гравюры с изображением волчьего тотема. Каменные изваяния. - Алматы: Атамура, 2003. - 46 с.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет