ISSN 1563-0223 Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №2 (170). 2018
103
Құлжанова Б.Р., Ильясова Н.Б.
Кіріспе
Жазба әдеби еңбектердің дүниеге келуімен
бірге, олардың мәтінін қағаз бетіне дұрыс
көшіріп жазу, қатесіз түсіндіру, көшірмелерін
жасау, көбейту, қарапайым салыстыру негізінде
текстология ғылымы пайда болғаны белгілі. Тек-
стология – авторлардың қолжазбаларын, көзі
тірісінде және қайтыс болғаннан кейін басып
шығарылған әдеби шығармалары, күнделіктері,
қойын
дәптерлері, хаттары, ауыздан-ауызға та-
ралып, кейіннен хатқа түскен қолжазбаларын
зерттейді.
Текстологияның басты міндеті мәтінді тари-
хилық тұрғысынан қарастырып, ғылымға бел-
гілі барлық нұсқаларымен салыстыра отырып,
авторлық
мәтіннің нағыз, дәл нұсқасын ай-
қындап, ешбір қоспасыз, қатесіз баспаға әзірле-
нетін мәтінді қалыптастыру болып табылады.
Текстологиялық жұмыстарды көне дәуір тексто-
логиясы, ортағасырлық текстология, халық ауыз
әдебиеті текстологиясы, шығыс әдебиеті тексто-
логиясы және жаңа заман әдебиеті текстологи-
ясы деп қарастыруға болады. Зерттеу нысаны
көркем шығарма болғандықтан, көп жылдарға
дейін текстология ғылымын әдебиеттану саласы
зерттеп келді.
Көшірмешілер
мәтінді көшіру барысында
қолданыстан шығып қалған көне сөздерді алып
тастап, кірме сөздерді қосып жазуы, өз жадынан
мақсатты және мақсатсызөзгертулер жасауы тек-
стология ғылымының түрлі мәселелерінің туын-
дауына себеп болды.
Мақсатсыз түрде жасалған өзгертулер «қате»
деп аталады. Бұған мәтіннің дұрыс оқылмауы-
ның әсерінен немесе баспаға терілу барысында
жіберілген әріптік қателер жатқызылса, мақ-
сатты түрде жасалған өзгертулерге белгілі бір
сөздердің көнеруі, мағыналарының көмескеленуі
оқырманға түсініксіз болғандықтан, көшірмеші
өз тарапынан қосқан өзгертулерді атауға болады.
Бұл жайында текстология
ғылымын зерттеуші
ғалымдардың бірі Д.С. Лихачев былай дейді:
«Текст – это языковое выражение замысла его
создателья. Этим создателем в литературе нового
времени бывает по большей части только автор,
но в литературе древней и средневековой функ-
ции создателя текста часто распространяются
и на переписчика.. редактора. Переписчик при-
соединяет свое творчество текста к творчеству
автора. Впрочем, и в литературе нового времени
подобное «соавторства» редакторов не редкость.
Для понятия текста во всех случаях важно, од-
нако, следующее: он результат сознательного
к нему отношения. Бессознательно сделанные
ошибки рукописи не выходят в понятие текста.
Это внетекстовые явления, возникающие поми-
мо воли создателей текста» (Likhachev, 1964).
Мәтін басылымдарының қай түрі
болма-
сын бір-бірінен көп айырмашылықтары бол-
мауға тиіс. Тек қалың оқырманға арналған
мәтіндегі кейбір түсініксіз сөздер ғана сол бетте
сілтемемен берілуі тиіс немесе көркем шығарма
мәтіні оқырманның деңгейіне, жас мөлшеріне
байланысты қысқартылып, не мәтін жеңілдетіліп
беріліп, міндетті түрде ескерту жасалуы тиіс.
Мәселен, «көркем шығарма мәтіні қысқартылып
берілген», «көркем шығармадан үзінді» немесе
«көркем шығарма мәтіні жеңілдетіліп берілген».
Дегенмен,
текстологияның осындай айыр-
машылықтарының болуын қостамайтын кереғар
пікірлер де бар. Орыстың көрнекті текстолог
ма маны Б.М. Эйхенбаум мәтіндегі көне тіл эле-
менттерін жаңаша беру тарихқа қиянат жасау
деп есептеді (Redaktor i kniga. Sbornik stat’yey,
1962).
Осындай мәселелерден кейін текстология
саласы тек әдебиеттану саласына ғана емес,
лингвистика саласының да зерттеу нысанына
айналып, тілдік тұрғыда да
зерттеу жұмыстарын
жасау қажеттілігі бар екені айқындалды.
Достарыңызбен бөлісу: