Құлжанова Б. Р. 1, Ильясова Н. Б



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата15.08.2023
өлшемі266.62 Kb.
#476077
1   2   3   4   5   6   7
2219-1-4277-1-10-20181108

Қорытынды
Әдебиеттану 
терминдерінің 
сөздігінде 
текстологияға байланысты Ө. Күмісбаев: 
«Қазақ әдебиеттану ғылымында текстоло-
гия әлі бұғанасы қатпаған жас ғылым. Қазіргі 
әдебиетімізде бұл ғылымның әліппесі өте қажет. 
Текстология табиғатын, мән-жайын, кешегісі 
мен бүгінгісін түсіндіретін аударма оқулық кітап 
жоқ...» – деп атап көрсеткен болатын (Kazakh 
sovet entsiklopediyasy, 1977). Бұл пікірдіҒ. 
Убай дул лаеваныңда 
зерттеу 
жұмысынан 
да көре аламыз: «Белгілі бір шығарманың 
мәтінін зерттеу үшін әлі күнге дейін орыс-
ша әдебиеттерге сүйенуімізге тура келеді. Ал 
қазақ әдебиет шығармалары мен тарихи жаз-
ба мұраларымыздың өзіне тән ерекшеліктері 
текстологияның орысша әдебиеттерде берілген 
теориялары тұрғысынан қарауға сай кел-
мей өзіндік қиындықтар тудыратыны белгілі. 
Сондықтан, қазақ текстологиясы, бүгінде, ар-
найы теориялық оқулыққа мұқтаж», – деп өз 
пікірін білдіреді (Ubaydullaeva, 2001). Өкінішке 
орай текстология саласында жазылған ғылыми 
еңбектің жоқтығы бұл саланың өзектілігін 
тағыда бір дәлелдейді.
Кез-келген шығарма белгілі бір уақыт 
аралығында түзетіліп, өңделіп, кей бөліктері 
қысқартылып, қосылып, бірнеше мәрте 
көшіріліп барып дүниеге келеді. Осы бір ұзақ 
процестен кейін ғана автор өз шығармасын 
баспаға ұсынатыны белгілі. Ал текстолог сол 
баспаға берілген шығарманы кейін қарай, 
алғашқы сөйлемінің қағазға қалай түскеніне 
дейінгі аралықты зерттейді. Шығарманың жа-
зылу тарихын зерттеу барысында ол мәтіннің 
түрлерін (қолжазба, автордың қолжазбасы т.б.) 
айырып, оларды бір-бірімен салыстырады. 
Салыстыру нәтижесінде байқалған айырма-
шылықтардың себебін анықтайды. Бұл тексто-
логия ғылымының қызықты да, қиын екендігін 
тағы бір дәлелдейді. Қазақ тілі білімі және 
тарихи грамматика саласы лингвистикалық 
тұрғыда зерттелген текстологиялық ғылыми 
еңбекті қажет ететіндігі, көптеген туындыларға 
текстологиялық зерттеу жұмыстарын жасау 
керектігін айқын анықтап берді. Ол жұмыстарды 
жасау болашақ ғалымдардың еншісінде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет