Кестені талдаңдар және Сахара мен Суданның өзіндік ерекшеленуінің негізгі белгілерін түсіндіріңдер. Бұл территориялардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атаңдар.
Сарамандық жұмыс.
1.Африканың кескін картасына Сахара мен Суданның шекарасын жүргізіңдер, олардың ішіне шілде және қаңтардың изотермасы мен изогиетасын түсіріңдер, осы территориядағы негізгі орографиялық элементтердің аттарын жазыңдар.
2.Сахара мен Судандағы климат типін сипаттаитын метеостанциялардағы негізгі климаттық көрсеткіштердің графигін құрыңдар және талдаңдар.
Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Бірінші тапсырмада Оңтүстік Америка фаунасының үш негізгі ерекшелігін сипаттаңдар және түсіндіріңдер; ежелгілігі, эндемизімі және түрлердің ерекше көптігі.
Географиялық қабықты физикалық –географиялық дифференциациялау жүйесінде Сахара мен Судан (2-тапсырма) жоғары дәрежедегі аймақтық табиғат кешендері. Бұлардың өзіндік ерекшеленуінде климат шешуші роль атқарады, сондықтан бұл құрылымға толығырақ тоқталу керек. Сахара мен Суданның климаттық аудандастыру жүйесіндегі жағдайы; тәуліктік және жылдық температура, жауын-шашынның сипаты мен типі, олардың режимі, жауын-шашынның өте көп түсу кезеңдері, құрғақ және ылғал мерзімдердің арақатынасы, сонымен қатар осы территориялар ішіндегі кеңістік дифференциацияланудың ерекшеліктері.Аталған территориялар ішіндегі ішкі ландшафтық айырмашылықтарды талдау кезінде Сахарадағы эргтердің, серирлердің, регтердің және хамадтардың сондай-ақ Судандағы саванналық кешендердің пайда болу және орналасу заңдылықтарын анықтаңдар.
Әдебиеттер:3,4,7,8,9,11,13,17,19,20.
33-нұсқа
1-тапсырма. Оңтүстік Американың топырақ-өсімдік жамылғысының сипатамасы. Жоспар мен сарамандық жұмысты 18-нұсқаның 1-тапсырмасындағы үлгі бойынша құрыңдар.
2-тапсырма. Оңтүстік-Батыс және Оңтүстік-Шығыс Австралияға салыстырмалы сипаттама. 20-нұсқадағы 2-тапсырманың жоспары мен сарамандық жұмысын қараңдар.
Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Бірінші тапсырмада Неотропикалық және Голарктикалық патшалықтардағы флораның еркшеліктрін талдаңдар және түсіндіріңдер. Бұл мақсатқа Оңтүстік Американы ботаникалық-географиялық аудандастыруды, сол сияқты Т.В.Власова оқулығындағы (2-бөлім, 144,146,148 бет) топырақ және өсімдік карталарын пайдаланыңдар.
Австралияның Оңтүстік-Батысы мен Оңтүстік-Шығысын салыстыру кезінде бір географиялық және климаттық белдеу-субтропикалық белдеудің құрамына кіретін бұл екі табиғат аймағының бір-бірімен айырмашылығын түсіндіріңдер.Олардың ұқсастықтарын сипаттаңдар.
Әдебиеттер:2,5,8,13,19,20.
34-нұсқа
1-тапасырма. Африка жануарлар дүниесіне сипаттама. 28-нұсқадағы 1-тапсырманың жоспары мен сарамандық жұмысын қараңдар; жоспардың 4-бөліміндегі экваторлық ормандар, саванна, шөл мен субтропикадағы жануарларды сипаттаңдар.
2-тапсырма. Солтүстік Американың географиялық зоналары.26-нұсқаның 2-тапсырмасындағы жоспарды қараңдар. Сонымен сәйкес, Солтүстік Америка географиялық белдеулерді, экваторлық, субэкваторлық және арктикалық белдеулердің зоналық құрылымын көрсеткен сарамандық жұмысты қараңдар.
Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Бұлар 12-ші және 15-ші нұсқадағы нұсқауларға ұқсас. Екінші тапсырмада Солтүстік Американың зоналығын күрделендіретін жағдайларға; жағалау сызығының бейнесіне; оның терең тілімденуіне; зоналық құрылым мен белдеулер және зоналар шекарасына біраз әсер ететін күшті теңіз ағыстарының болуына; орографиялық кедергілердің роліне айрықша назар аударыңдар.
Екінші тапсырманы орындау кезінде субтропикалық және қоңыржай белдеулерді сипаттаңдар. Берілген территорияда географиялық белдеулер шегінде зоналардың таралу заңдылықтарын және Еуразияның сәйкес белдеулеріндегі зоналардың таралу заңдылықтарын түсіндіріңдер және Еуразияның сәйкес белдеулеріндегі зоналардың таралуымен салыстырыңдар.
Әдебиеттер:3,7,9,13,18,19,20.
35-нұсқа
1-тапсырма. Солтүстік Американың топырақ-өсімдік жамылғысына сипаттама.18-нұсқаның 1-тапсырмасындағы жоспар мен сарамандық жұмысын қараңдар.
2-тапсырма. Атлас және Кап тауларына салыстырмалы сипаттама.Физикалық-географиялық елдердің сипаттамасын кесте түрінде беріңдер. Сарамандық тапсырма да осыған ұқсас.
Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Бірінші тапсырманы орындау үшін Т.В.Власова оқулығындағы (2-бөлім, 38, 41, 43 бет) Солтүстік Американы ботаникалық-географиялық аудандастыру, топырақ және өсімдік карталарын пайдаланыңдар.
Екінші тапсырмадағы бір типті климаттық белдеу ішіндегі орнласқан Атлас және Кап таулы аймақтары көптеген құрылымы бойынша айырмашылықтары бар (мысалы, флора мен фаунасының түрлік құрамы, литологиялық құрылысы, тектоникалық, морфоқұрылымдық және орографиялық ерекшелігі жөнінен). Аймақтар арасындағы осы өзіндік өзгешеліктер мен ұқсастықтарды кестеде көрсетіңдер. Кестеде, сол сияқты сарамандық жұмыста тау жоталарының бағыты мен ұзындықтарын, абсолютті және салыстырмалы биіктігін көрсетіңдер. Климаттық жағдайларды талдай отырып, шеткі және орталық аудандардың климатындағы айырмашылықтарды көрсетіңдер. Атлас тауының биоқұрылымын сипаттағанда еуропалық және африкалық элементтердің араласуын көрсетіңдер, ал Кап тауына осындай сипаттама беру кезінде бұл территорияның органикалық дүниесінің өзіндік ерекшеліктерін түсіндіріңдер. Берілген физикалық-географиялық аймақтар кіретін флористикалық және зоогеографиялық бөліктерді санап көрсетіңіз. (Т.В.Власова оқулығындағы 373, 381 беттер). Африканы ботаникалық географиялық және зоогеографиялық аудандастыру схемасы бойынша).Таулы аймақтардың ішкі ерекше көзге түсетін қайшылықтрын көрсетіңдер: теңіз маңындағы аудандардың жерорта теңіздік ландшафт, ішкі аудандардағы шөлейттер және т.б.
Әдебиеттер:4,5,6,8,9,13,18,19,20.
36-нұсқа
1-тапсырма. Оңтүтік Американың гидрографиялық торы. 17-нұсқадағы 1-тапсырманың жоспары мен сарамандық жұмысын қараңдар. Жоспардың 4-бөлігіндегі Амазонкаға кешенді сипаттама беріңдер.
2-тапсырма. Шығыс Африкаға физикалық-географиялық сипаттама.
Үлгі жоспар
1.Географиялық орны, шекарасы.
2.Геологиялық құрылысы.
3.Жер бедерінің ерекшеліктері.
4.Климаты.
5.Ішкі сулары.
6.Топырақ-өсімдік жамылғысы.
7.Жануарлар дүниесі.
8.Ішкі аймақтық айырмашылықтары:
а) Эфиопия таулы қыраты;
б) Шығыс Африка таулы үстірті.
9.Пайдалы қазбалары мен басқа да табиғат ресурстары.
10.Табиғаттың қазіргі жағдайы және оны қорғау.
Сарамандақ жұмыс
1.Кескін картаға Шығыс Африканың шекарасын және оның табиғат кешенін құрайтын төменгі деңгейін көрсетіңдер.
2.Негізгі орографиялық элементтерді түсіріңдер және ондағы ең үлкен абсолюттік биіктікті көрсетіндер.
Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Бірінші тапсырмада Тынық және Атлант мұхитары алаптарының өзендерінің гидрологиялық ерекшеліктеріндегі айырмашылықтарды көрсетіңдер. Әртүрлі климаттық облыстардың су режимін сипаттаңдар.
Шығыс Африканың геологиялық құрылысы мен жер бедерін осы территорияның даму тарихымен байланыстырып қараңдар. Африка платформасының бұл бөлігінің тектоникалық белсенділігін мысалдармен нақтылаңдар. Жер бетінің шөгінді жыныстарын талдаңдар.
Жер бедері формасы мен тектоникалық құрылым арасындағы заңдылықтары көрсетіңдер, морфоқұрылым мен морфомүсіннің басым типтерін атаңдар. Негізгі орографиялық элементтер (таулар, үстірттер т.б) морфоқұрылымының қай типіне жататынын анықтаңдар, жер бедерінің түбірлі, қабатты, қабатты-денудациялық, эрозиялық-тектоникалық және тектоникалық формаларының пайда болуы қалай жүргенін баяндаңдар.
Шығыс Африканың климаттық аудандастыру жүйесіндегі орнын, климатының негізгі ерекшеліктері мен басты климатын қалыптастыратын: радиациялық, ауа айналымының және орографиялық факторларын көрсетіңдер.Үнді мұхитының әсерін және екі жарты шардағы жылу мен қысым жағдайының ауысу факторларын анықтаңдар. Шығыс Африканың ылғалдануындағы айрықша айқын климаттық ерекшеліктерін түсіндіріңдер(100-ден 1000 мм-ге дейін). Жауын-шашын мен буланушылықтың арақатынасын салыстырыңдар. «Ішкі сулары» бөліміндегі өзен торларының ерекшеліктерін, қоректену типтерін және өзендердің су режимін көрсетіңдер.
Топырақ-өсімдік жамылғысын сипаттау негізінде топырақ пен өсімдіктің басым типтерін көрсетіңдер. Жануарлар әлемін сипаттау кезінде Шығыс Африканың фаунасы байлығын көрсетіңдер. Ботаникалық-географиялық және зоогеографиялық аудандастыру жүйесіндегі Шығыс Африканың орнын анықтаңдар. Табиғат ресурстары мен оларды пайдалануын қарастырыңдар.
Әдебиеттер:4,8,13,19,20.
ТМД ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫНАН
ӨЗДІК ЖҰМЫСТАР
37-нұсқа
1-Тапсырма: Әдебиеттер мен картографиялық материалдарды пайдаланып, Қара және Каспий теңіздеріне салыстырмалы физикалық-геогорафиялық сипаттама беріп, нәтижесін кесте түрінде көрсетіңіздер. Төмендегі белгілері бойынша теңіздер табиғатындағы ұқсастыңдар мен айырмашылықтарды айқындаңыздар.
10 кесте
Табиғатындағы белгілер
|
Қара теңіз
|
Каспий теңізі
| -
Географиялық орындарының ерекшелігі мен жағалық сызықтарының жалпы бейнесі.
-
Теңіздер қазан шұнқырларының пайда болу жолдары, тереңдігі мен тұбінің жер бедері.
-
Жағалаулары мен өзендер сағаларының генетикалық типтері.
-
Климаттық ерекшеліктері: қыстағы және жаздағы атмофера қысымы, циклондар мен антициклондардың қайталануы, жел, ақпан мен тамыздағы ауаның температурасы, мұз режимі, жауын-шашыны.
-
Өзендер ағыны және олардың теңіздер табиғатына әсері.
-
Теңіз ағыстары.
-
Су массасының сипаттамасы (теңіз деңгейінің ауытқуы, температурасы, судың көлденең (горизонталь) және тік айналымы, тұздылығы).
-
Теңіздердің биологиялық ерекшіліктері. Фаунасы мен оның кәсіптік маңызы.
-
Транспорттық маңызы мен кеме қатынасының жағдайы.
10. Теңіздер табиғатын қорғау. (СССР атласының 121 бетіндегі картасын қараңыз).
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |