Жауабы: 45 сан
52. Кесіндінің әрқайсысында 4 нүктеден болатындай етіп, екі кесіндіде қанша нүктені орналастыруға болады?
Шешімі: Екі кесіндіні қиылыстырып, ортасына бір нүктені қоямыз. Қалғандары сәйкесінше. 7 нүкте қоюға болады.
53. Есептеңіз. 99 - 97+95 - 93+91 - 92+...+7 - 5+3 - 1
Шешімі: 1 мен 99 сандарының арасында 50 тақ сан. Тақ сандардың айрымын екі - екіден алсақ, 25 жұп бар. Айырымы 2 - ге тең. 25*2=50 54. 1 - ден 81 - ге дейінгі барлық натурал сандардың көбейтіндісі қандай цифрға аяқталады? Шешімі: 0 - ге, себебі кез келген санды 0 цифрымен аяқталатын санға көбейткенде, 0 - ге аяқталатын сан шығады.
55. 4 қарындаш пен 3 жалпы дәптер 54 тг, 2 қарындаш пен 2 жалпы дәптер 34 тг тұрады. 8 қарындаш пен 7 дәптер қанша тг тұрады?
Шешімі: 4қ+3жд=54 2қ+2жд=34 жүйе құрып, 1 қарындаш пен 1 жалпы дәптердің құнын тауып аламыз. 1к - 3тг, 1жд - 14 8к - 24тг, 7жд - 98тг
56. Шахмат турниріне 7 адам қатысты. Әркім әрқайсымен бір партиядан ойнады. Барлық ойналған партиялар саны қанша?
Шешімі: 6+5+4+3+2+1=21 партия
57. Тақ цифрлардың көмегімен жазылған қанша екі таңбалы сан бар? Жауабы: 1, 3, 5, 7, 9 цифрлары арқылы 20 сан
58. Үш метрлік 60 бөренелерді жарты метрден кесу керек болса, оларды неше рет кесу керек?
Шешімі: 3/0, 5=6 бөлік 6 бөлікті алу үшін бөренені 5 рет кесеміз. 60*5=300 рет
59. Үйдің 1 - ші қабатынан 3 - ші қабатына көтерілу үшін 52 баспалдақты басып өту керек. Осы үйдің 1 - ші қабатынан 6 - шы қабатына көтерілі үшін қанша баспалдақты басып өту керек?
Шешімі: 52: 2=26 26+26+26+52=130 б
60. Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?
Жауабы: 53
61. Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал казір баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе кем. әрқайсының жасы нешеде?
Жауабы: 36; 12
62. Дүкенде 5 әртүрлі кесе және 3 әртүрлі тәрелке бар. Неше әдіспен 1тәрелке мен 1 кесені сатып алуға болады?
Шешімі: 5*3=15
63. Дүкенде 4 әртүрлі қасық, 5 әртүрлі кесе, 3 әртүрлі тәрелке бар. Неше әдіспен 1тәрелке, 1 қасық және 1 кесені сатып алуға болады?
Шешімі: 4*5*3=60
64. Ғажайып елде А, Б, В деген 3 қала бар. А қаласынан Б қаласына 6 жол, ал Б қаласынан В қаласына 4 жол апарады. Неше тәсілмен А қаласынан В қаласына жетуге болады?
Достарыңызбен бөлісу: |