Логикалық есептер



бет7/13
Дата27.09.2023
өлшемі1.19 Mb.
#478836
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Математикалық сауаттылық. Есептер жинағы (1)

Көбейту ережесі.
Кез келген санаулы элементтері бар А және В жиындары үшін барлық  ,  қос элементтер саны  осы жиындар элементтері сандарының көбейтіндісіне тең.



Есеп.
Асханада І-ші тамақтың екі түрін  , ІІ тамақтың үш түрін  және екі түрлі десерт  ұсынады. Асхана қанша түрлі түскі тамақ ұсынуға болады?


Бұл тәсіл графиктік жолмен кескінделген. Бұл схеманы талдау ағашы деп атайды.

.  .  .

.

Сонымен асханашы 12 түрлі түскі тамақ ұсынады.



Алмастырулар.
Х жиыны n элементтен құралған жиын болсын. Онда Х жиынының элементтерінен құралған, ұзындығы k-ға тең және элементтері қайталанбайтын әрбір шеруді n – нен k бойынша алынған қайталанбайтын орналастыру деп аталады. Оны  арқылы белгілейді.

немесе 
145. 4 оқушыны 7 орындыққа неше түрлі тәсілмен отырғызып шығуға болады?
Талдау: Мұнда Х жиыны 7 элементтен тұрады. Онда бізге қажетті сан барлық 7-ден 4 бойынша қайталанбайтын орналастырулар санына тең. Өйткені бірнеше оқушы бір орындыққа отырмайды деп есептейміз.

Сонда  .



Есеп. Бес адамды кезекке неше түрлі тәсілмен тұрғызуға болады?
Талдау: Бізге қажетті сан 5 элементтен алынған барлық алмастырулар санына тең.  .

Есеп. Үш таңбалы саннан қанша әртүрлі цифрдан құрастырылған үш таңбалы сан алуға болады?
.

Терулер.
n элементі бар Х жиынының әрбір k элементі ішкі жиынын n – нен k бойынша алынған қайталанбайтын терулер деп атайды. 

арқылы белгілейді. .

Есеп. Шахмат турниріне 12 ойыншы қатысты және әрбір шахматшы өзгелермен бір-бір ойыннан ойнайды. Турнирде барлығы неше партия ойналды?

Талдау: Әрбір партияны өткізуге екі ойыншы қатысады. Онда барлық өткізілген партиялар саны 12-ден 2 бойынша алынған терулер санына тең.

.

  • Суға батқан кемеден 6 қап алтын монеталар табылған. Бірінші қапта 60, екіншіде 30, үшіншіде 20, төртіншіде 15 алтын монеталар болды. Барлық қапты санағанда монеталар санында заңдылықтың бар екені байқалды. 5-ші, 6-шы қаптарда қанша алтын монета бар?

  • Көгілдір түс алу үшін ақ түсті бояу (6 бөлік) мен көк түсті бояуды (2 бөлік) араластыру қажет. Егер қолымызда 3 грамм ақ және 3 грамм көк түсті бояу болса, онда неше грамм көгілдір түсті бояу алуға болады

  • Сыныпта 27 бала бар. Олардың 12-сі вокалға,15-і биге қатысады, ал 6-уы ешқандай үйірмеге қатыспайды. Неше оқушы екі үйірмеге де қатысады.

  • Сыныпта 28 бала бар. Олардың 14-сі вокалға,10-і биге қатысады, ал 3-і екі үйірмеге қатысады. Бұл сыныпта екі үйірмеге де қатыспайтын бала саны қанша.

  • Сыныпта 33 бала бар. Олардың 18-сі жеңіл атлетика үйірмесіне,10-ы суда жүзу үйірмесіне және 5-уі екі үйірмеге бірдей қатысады. Осы сыныптың неше оқушысы бұл үйірмелердің бірде-біреуіне қатыспайды.

  • Суретші Сәрсенбаев бір айда 42 сурет салды. Олардың 17-де орман, 29-да өзен, 13-де орман да,өзен де салынған. Қалған суреттерде түсініксіз бейнелер бар. Қанша түсініксіз сурет бар?

  • 27 монетаның біреуі жалған және ол басқалардан ауырлау. Табақшы таразымен гірсіз үш рет өлшеу арқылы жалған монетаны қалай табуға болады?

  • Қораптың ішінде 12 сары түсті және 12 көк түсті қаламдар бар. Қораптың ішіне қарамай, бір-бірінен өзгеше түсті екі қалам шығару үшін ең кемінде қанша қалам шығару керектігін табыңыз.

  • Қызыл, жасыл, көк, сары түсті шарлардың барлық саны 123. Қызылдан басқа шарлар саны 94, жасылдан басқа шарлар саны 81, көктен басқа шарлар 89. Сары шарлар саны-М, көк шар саны-К болса:

  • Қоржында 8 көк, 11 қызыл және 4 қара түсті доптар бар. Қоржынға қарамастан ең кемінде неше доп алынса, олардың арасында бірдей түсті екі доп міндетті түрде табылады?

  • Қалтаға 15 ақ, 27 қызыл және 33 көк бірдей шарлар салынған. Қалтадан кез келген 3 шар бірдей түсті болатындай етіп , қалтадан кем дегенде қанша шар алынуы тиіс.

  • Екі ойын сүйегі лақтырылды. Сүйектердің жоғарғы жағында шыққан сандардың қосындысы 9 болу ықтималдығын табыңыз.

  • Қорапта 5 қызыл, 6 ақ және 1 көк шарлар бар. Қораптан қарамай бірдей екі шар шығуы үшін ең кемінде неше шар алу керек екенін табыңыз.

  • Жәшікте 12 шар жатыр. Олардың 6-ықызыл, 3-іақ, 2-іжасылжәне 1-ісары. Жәшіктен қарамай, кем дегенде екі бірдей түсті шар шығатындай ең аз алынатын шардың санын анықтаңыз.

  • Асқардың сары және жасыл жейделері; көк және қара шалбарлары; сұр, қоңыр және ақ туфлилері бар. Асқар барлық жейделерін, шалбарларын және туфлилерін ауыстырып кигенде неше түрлі болып киіне алады?

  • 9 қаламды 9 доллар бірнеше центке, ал 10 қаламды 11 доллар бірнеше центке сатып алған болса, бір қаламның бағасы қанша болатынын табыңыз. (1$= 100 центке)

  • Асықтар екі дорбаға салынған. Бірінші дорбадағы асықтар екінші дорбадағы асықтардың жартысынан 5 асық артық. Екінші дорбадағы асықтар бірінші дорбадағыдан 10 асық артық. Екінші дорбада қанша асық бар екенін анықтаңыз.

  • Қорапшада 3 қызыл және 4 көк қалам бар. Қарамай екі қалам алғанда екеуінің де бір түсті болу ықтималдығын табыңыз



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет