ҚЎлпыбаев с



бет186/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

Тұрақтандыру портфелі жоғары кредиттік рейтингі бар елдердің ақша рыногының сенімді активтеріне инвестицияланады. Жинақтау портфелі әр­тараптандыру және ұзақ мерзімді перспективада баршама жоғарырақ табыс­тылық алу мақсаттарында дүние жүзінің дамыған елдерінде айналыста жүрген борышқорлық, сондай-ақ үлестік қаржылық құралдарға инвестицияланады.
Қор активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Респуьликасының Ұлттық банкі, қызметті жалпы үйлестіруді Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес Ұлттық қорды тиімді пайдалану және оны, материалдық емес активтерді қоспағанда,шетелдік қаржылық құралдарға орналастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейтін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің функциялары:
1) Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) Ұлттық қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныс­тарды қарау және әзірлеу;
3) Ұлттық қорды орналастыру үшін, материалдық емес активтерді қос­пағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдардың тізбесі жөнінде ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Үкімет Ұлттық қор аудитінің нәтижелерін қоса отырып, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін Ұлттық банкпен бірлесіп жасайды және оны Ұлттық банкпен бірлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Президенттің бекітуіне ұсынады.
Қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепте:
1) Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;
2) Ұлттық банктің Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;
3) Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге мәліметтер болуы тиіс.
Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Президент бекіткеннен кейін Үкімет оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.
Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Ұлттық қор активтерінің ұйымдық құрылымы оның мақсаттарына сәйкес айқындалады.
Ұлттық қордың активтерін орналастыру шетелдік қаржы рыноктарында айналымдағы және Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдардың тізбесіне қосылған қаржылық құралдарда жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте шектеулер 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алынған, Ұлттық қор активтерінің құрылымында ескерілетін қазақстандық қаржылық құралдарға қолданылмайды.
Ұлттық қордың қаражатын қарқынды жинақтау, сондай-ақ оның активтерін тиімді басқару Қазақстан Республикасының орнықты дамуында маңызды рөл атқарады және мемлекеттік сектордың да, сол сияқты квазимемлекеттік сектордың да қарыз алуды дұрыс жоспарлауын және республиканың экономикалық қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды талап етеді.
Осылайша, ұлттық холдингтердің, ұлттық басқарушы холдингтердің және олардың еншілес компанияларының қарыз алуы мен міндеттемелерінің барабар деңгейін айқындау Ұлттық қордың жинақталған активтері ескерілетін сындарлы тәсілді талап етеді. Үкімет осы мақсатта ұлттық басқарушы холдингтер мен олардың еншілес компанияларының борышын мониторингтеу мен бағалаудың тиісті көрсеткіштерін және осы ұйымдар сақтауға міндетті қарыз алу жөніндегі шектеулерді айқындайды.
Қазақстанның Ұлттық қоры 2007-2009 жылдары отандық экономикаға әлемдік қаржылық дағдарыстың соққыларын жұмсартуға мүмкіндік берді. Постдағдарыстық дамуға көшу мен оның рөлі де өзгерді.
Қабылданған саясаттың нәтижесінде экономикалық өсу кезеңінде валютаның шамадан тыс түсуін зарарсыздандыру, теңгені айырбастау бағамына және инфляцияға қысымды азайту қамтамасыз етілді. Дағдарысқа қарсы белсенді саясат жүргізу үшін қаржылық резервтер құрылып, оның шеңберінде Ұлттық қордан 10 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде қаражат пайдаланылды және жинақтау саясаты сақталды.Жоғарыда көрсетілгендей, 2009 жылдың соңына қаражат 4,5 трлн. теңгені құрады, оның 750,0 миллиард теңгесі ішкі активтерге («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының облигациясына), 24,4 миллиард АҚШ доллары шетелдік активтерге орналастырылды.
Құрылған уақытынан бері, яғни 2001 жылғы маусым – 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығында Ұлттық қордың табыстылығы базалық валютада (АҚШ долларымен) 55 %-ды құрады, бұл жылдық мәнде 5,2 %-ды құрайды.
Осы кезеңде Қордың тұрақтандыру функцияларын жүргізу үшін қажетті көлем қалыптастырылды. Сонымен қатар қалпына келтірілмейтін табиғат ресурстарынан алынған қаражатты болашақ ұрпақ үшін барынша сақтап қалу, республикалық бюджет пен Ұлттық қордың теңгерімділігі және мұнайлық емес тапшылықты жою туралы мәселе көкейтестілігін сақтап қалуда.
Осы тұрғыдан Ұлттық қор қаражаты өсуінің бәсеңдеуін ескере отырып, республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт көлемін тіркеу жолымен оның құбылмалылығын болдырмау қажет болып отыр, ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қордың қаражатын қарқынды жинақтауды қамтамасыз етеді.
Сөйтіп, Республикалық бюджетке түсетін кепілденілген трансферт жоғарыда көрсетілгендей, абсалюттік мөлшерде – 8 миллиард доллар болып айқындалған. Бұл тарнсферт ең алдымен индустрияландыруды жүзеге асыру мақсаттарына бағытталуы тиіс. Бюджетке Ұлттық қордан ешқандай қарыздар, басқа қосымша трансферттер
берілмейді.
Сонымен, қордың функциялары тұрақтандыру және жинақтау болып қала береді. Бірінші функция республикалық бюджетке 8 миллиард доллар деңгейде болып айқындалған кепілдендірілген трансферт арқылы жүзеге асырылатын болады, бұрын бұл Қор активінің 1/3 бөлігінен асырылмай шектелінетін. Жинақтау функциясын іске асыру үшін ІЖӨ-нің болжамдық мәнінің 20%-ынан кем емес мөлшерде Ұлттық қор қаражаттарының төмендемейтін қалдығы анықталған.
Елдің тұрақты дамуында негізгі рөл атқаратын Қорды басқару экономикалық саясаттың негізгі құрушыларының бірі болып табылады. Сондықтан мемлекеттік және мемлекеттік сыңайлы сектордың қарыз алуларын жоспарлау безбенделген тәсілдемені қажетсінеді.
2006 жылдың 1 шілдесінен Орта мерзімді перспективаға арналған Ұлттық қор қаражаттарын қалыптастырудың жаңа әдісіне көшу жүзеге асырылды. 2006 жылдың ортасынан бері қолданылған Ұлттық қор қаражаттарын ел экономикасына бағыттау схемасында республикалық бюджетке кепілдендірілген және нысаналы трансферттер, сондай-ақ қаражатты отандық бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді инвестициялау көзделген. Бұл ретте кепілдендірілген трансфертті айқындау кезіндегі шектеу республикалық бюджет әзірленетін жылдың алдындағы жылдың соңындағы Ұлттық қор активтерінің үштен бір бөлігінен аспауы болып табылады.
Ұлттық қор да бюджеттік және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге шақырады; ал мұнайлық табыстардың үлкен бөлігін Ұлттық қорда жинақтау анағұрлым салмақталған фискалдық саясатты жүргізуге мүмкіндік жасады. Индустриялық- инновациялық даму стратегиясында қаланған экономиканы әртараптандыру жөніндегі мәселелерді шешуге көмектесуі, сондай-ақ болашақ ұрпақтарға Қазақстанның мұнайлық ресурстарының игіліктерін пайдалануға мүмкіндік беруі тиіс.
Ұлттық қор проблемасы ТМД елдерінің тап осы қорлар сияқты олардың қаражаттарын пайдалану тиімділігі болып табылады. Қор активтері шетел банктерінің (ABN AMRO Bank, State Stгeet Bank, Deutche Bank, BNP Paribas, Citibank, HSBC) бағалы қағаздарына орналастырылған. Кордың жұмыс істеген бүкіл кезеңі ішінде қор активтерінің табыстылығы 6,1%-ды құрады, бұл 2003 жылдың осы көрсеткішінен 8%-ға төмен.
Ел ішінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер заңи тұлғалар үшін орташа есеппен 2008 жылы 14,8%-ды құраса, ал жеке тұлғалар үшін 18,6%-ды құрады. Сондықтан экономиканың нақты секторының ірі жобаларын инвестициялау бойынша қордың функцияларын көбейту орынды болады. Бұл экономикалық қызметтің шектес түрлерінде мультипликациялық нәтиже тудырады, елде қабылданған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруға жәрдемдеседі. Тап осы бағыт әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайларында 2009-2010 жылдарға арналған экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі жоспарларда қабылданған.
Ұлттық қор қаражаттарының жылдам өсуіне қарамастан оның қалыптасуының тұрақтылығы шындап күмән тудырмай қоймайды. Қор табысының толымдылығы көбінесе қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктурамен және ұзақ уақыт бағаның мұнайға жоғары болуымен байланысты болып отыр.
Бюджеттік кодекске сәйкес Ұлттық қорды толтырудың көздері республикалық бюджеттен түсетін трансферттер (шикізат салаларынан бюджетке түсетін жоспарланған түсімдердің 10%), сондай-ақ шикізат секторынан түсетін нақты түсімдердің олардың жоспарланғанынан асып түсу көлемі болып табылады. Сөйтіп Қорды қалыптастыру көздері жеткілікті сияқты болғанымен бірақ бұл оның тұрақты толымдылығына кепілдік бермейді.
Инвестициялық табыстардың бірде болуы, бірде болмай қалуы мүмкін, сондықтан қордың инвестициялық табыстары оған түсетін түсімдердің тұрақты көзі ретінде қарастырылмайды.
Мемлекеттік бюджеттен берілетін трансферттер сияқты көзіне келетін болсақ мұнай мен металдарға бағаның ұзақ уақыт төмендеуі кезінде олар едәуір қысқарады. Бұл жағдайда, керісінше, Ұлттық қордың қаражатынан бюджеттің ысыраптарын өтеуге тура келеді. Мемлекеттік меншікті жекешелендіруден түсетін кірістер мен бонустар біржолғы болып табылады, оларды да қорды қалыптастырудың тұрақты көзі деп атауға болмайды.
Сараптаушылардың көзқарастары бойынша тап табиғи рента ғана қор кірістерінің негізгі көзі болуға тиіс және ол кен өндіруші сектор кәсіпорындарының салық ауыртпалығын арттырмайды: табиғи рентаны алу кен-геологиялық жағдайлары әр түрлі кәсіпорындар қызметінің жағдайларын теңестіреді.
16.5.Кәсіпкерлікті дамыту қоры

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры («ДАМU») Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ) Қазақстанның мемлекеттік қоры болып табылды, оның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, бизнестің бұл түрлерін қолдауға бағытталатын мемлекеттің қаржылық қаражаттарын пайдаланудың тиімділігін арттыру. Қор дамудың ұлттық институты болып табылады, оның акциялардың 100 %-ы «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға жатады.


Қор миссиясы – шағын және орта бизнесті (ШОБ), сондай-ақ қаржылық, консалтингтік қызметтер берудің интегратор мен оператор рөліндегі Қазақстанның микроқаржылық ұйымдарының сапалы дамуына жәрдемдесу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет