ҚЎлпыбаев с


Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры



бет183/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

16.4.Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 23 тамыздағы №402 Жарлығымен бюджет кірістерінің қомақты бөлігі табиғат ресурстарын экспорттаудан түсетін түсімдер есебінен қалыптастырылатын басқа елдерге ұқсас Ұлттық қор құрылған болатын. 2005 жылы Ұлттық қордың қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған алғашқы тұжырымдамасы қабылданып, онда оның активтерін басқарудың негізі қағидаттары мен тәсілдері айқындалды.


Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Қазақстанның Ұлттық қорының негізгі мақсаты, болашақ ұрпақтар үшін мұнай секторының түсімдері арқылы қаржылық ресурстар жинау және әлемдік шикізат рыноктарындағы жағдаяттан республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендету болып табылады.
Ұлттық қор қаржылық активтерді және өзге мүліктерді жинақтау жолымен мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономика­лық дамуын қамтамасыз етуге, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.
Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жинақтау функциясы материалдық емес активтерді қоспағанда, қаржылық активтер мен өзге мүліктің жинақталуын және тәуекелдің қалыпты деңгейiнде ұзақ мерзімді перспектавада Ұлттық қор активтерінің табыстылығын қамтамасыз етеді. Жинақтау функциясын орындау үшін Ұлттық қорда азайтылмайтын қалдық белгіленеді, сондай-ақ Ұлттық қордың ең жоғарғы мөлшеріне шек қойылмайды. Тұрақтандыру функциясы Ұлттық қордың активтері өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын іске асыру республикалық бюджетке кепілдендірілген трансфертті қамтамасыз етуді көздейді.
Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану әлемдік, ішкі тауар және қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық сақтала отырып және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақталынып, Қазақстаннның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары ескеріле отырып айқындалады.
Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемдері мен бағыттары бойынша шешімдерді Президент қабылдайды.
Ұлттық қордың қаражаттары:
1) Ұлттық қордан түсетін республикалық бюджетке тіркелген кепілдендірілген трансфертті қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттерге;
3) Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды қаржыландыруға бағытталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
1) Ұлттық қордың сақталуын;
2) Ұлттық қордың жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұруды;
3) тәуекел деңгейі қалыпты болған кезде ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор табыстылығының жоғары деңгейін;
4) ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық табыстар алуды қамтамасыз ету мақсатында материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдарға орналастырылады.
Материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп айқындайды.
Ұлттық қорды жеке және заңи тұлғаларды кредиттеуге және міндеттемелер­дің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.
Активтерді Ұлттық қорға есептеу және Ұлттық қорды пайдалану тәртібін Үкімет айқындайды.
Ұлттық қорға түсетін немесе бұл қордан алынатын активтер Ұлттық банк белгілеген тәртіппен айырбастауға немесе қайта айырбастауға жатады.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін қайтарусыз түсімдер осы Қордан кепілдендірілген трансферт болып табылады.
Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері абсалюттік тіркелген мәнде айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.
Есепті қаржы жылы ішінде Ұлттық қордан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдендірілген трансферт сомасын Республикалық бюджеттік комиссияның ұсынысы бойынша және Үкімет бекіткен тәртіпке сәйкес Үкіметтің бюджетті түзету арқылы тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша төленбеген тіркелген міндеттемелер сомасынан аспайтын көлемде өткен қаржы жылының республикалық бюджетінде бекітілген бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында пайдалануға құқығы бар.
Есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджетте Ұлттық қордан аударылмаған кепілдендірілген трансферт сомаларын тарту өткен қаржы жылының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігінің және қаржы жылының басындағы бюджеттік қаражаттар қалдықтары айырмасының сомасында жүзеге асырылады.
Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі, ал оның операциялары бойынша есепке алу мен есептеме ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану мынадай қағидаттарға негізделеді:
транспаренттілік – Ұлттық қордың бекітілген (нақтыланған, түзетілген) көрсеткіштерін, Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы есептерді, Ұлттық қордың қаражатын инвестициялық басқару туралы есептерді міндетті түрде жариялау;
толықтық – Ұлттық қор туралы есептемеде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды көрсету;
уақтылылық – Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке алу және оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі Үкіметтің шоттарына тиісті нормативтік - құқықтық актілерде белгіленген тәртіпті сақтай отырып мерзімінде аудару;
тиімділік – Ұлттық қорды тәуекел деңгейі орташа болған жағдайда ұзақ мерзімді перспективада активтерді сақтау мен табыстылықты қамтамасыз ету қажеттігіне сүйене отырып басқару.
Ұлттық қордың қаражаттарын жинақтау мынадай түсімдердің есебінен жүзеге асырылады:
1) мұнай секторы ұйымдарынан* түсетін тура салықтар (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда), оларға: корпоративтік табыс салығы, үстеме пайда салығы; бонустар, экспортқа рента салығы пайдалы қазындыларды өндіру салығы; өнімді бөлу бойынша үлес; және қызметін өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі жатады;
2) мұнай секторының ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа түсімдер (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын түсімдерді қоспағанда), соның ішінде мұнайлық келісімшарттар талаптарын бұзғаны үшін түсетін түсімдер (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын түсімдерді қоспағанда);
3) республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер;
4) ауыл шаруашылығы арналымындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
5) Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық табыстар;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер.

* Негізгі қызметі табиғат ресурстарын өндіру мен өңдеу болып табылатын заңи тұлғалар мұнай секторының ұйымдары болып табылады. Мұнай секторы ұйымдарына шикі мұнайды, газ конденсатын өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын, сонымен бірге шикі мұнай мен газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңи тұлғалар жатады. Мұнай секторы ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет