ҚЎлпыбаев с



бет208/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар – бұл мемлекет кепілдендірген ең аз әлеуметтік төлемдер, олар қайтыс болған асыраушысының жұмыс өтіліне және орташа айлық табысына байланысты емес, жәрдемақымен қамтамасыз етілетін отбасының еңбекке жарамсыз мүшелеріне байланысты белгеленеді.
Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының – өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушысының мына отбасы мүшелері асыраушынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемақылар тағайындалуға және алуға құқылы:
1) он сегіз жасқа толмаған болса, олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалса, осы жастан асқан балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері мен немерелері;
2) жасына және еңбек қабілеттілігіне қарамастан, ата-анасының біреуі немесе жұбайы, не атасы, әжесі, аға-інісі немесе апа-сіңлісі, егер ол қайтыс болған асыраушысының үш жасқа толмаған балаларын, аға-інілерін, апа-сіңлілерін немесе немерелерін күтіп-бағумен айналысатын болса.
Сонымен бірге, асыраушысынан айырылғандардың «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңға сәйкес, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқығы бар.
Өздері үшін міндетті әлеуметтік аударымдар жүргізілген ата-ананың-міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалан әлеуметтік төлемақылар заңнамалық актіге сәйкес айырылып қалған әрбір ата-ана үшін асырап алушыға, қамқоршыға төленеді.
Қайтыс болған асыраушысының асырауында болған, асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемақы тағайындалуына және алуға құқығы бар отбасының барлық мүшелеріне бір әлеуметтік төлемақы тағайындалады.
Бала кезінен І немесе ІІ топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға әлеуметтік төлемақылар мүгедектер белгіленген мерзімге тағайындалады.
Асыраушысынан айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемақылардың мөлшері әлеуметтік аударымдар объекті ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі жалақының сексен пайызы шегерілген орташа айлық мөлшері табысты ауыстыру, асырауындағылар санының және қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне көбейту арқылы айқындалады. 2009 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерлері екі рет – 1 қаңтардан және 1 маусымнан арттырылды. Нәтижесінде әлеуметтік жәрдемақылар 9%-ға артты.
Сонымен қатар мемлекетік әлеуметтік жәрдемақы көлемі де өсу үстінде. Мысалы, мүгедектігі бойынша берілетін жәрдемақы 2007 жылы 9 331 теңге болса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 14 415 теңгеге жеткен. Асыраушысын айырылған жағдайда төленетін жәрдемақы 12086 теңге болса, жасқа байланысты ол 4670 теңгеден 6858 теңгеге өскен. Бала туу бойынша берілетін бір жолғы жәрдемақы мөлшері 2 есеге көтерілсе, нәрестені 1 жасқа дейін бағу үшін ай сайын берілетін жәрдемақы 1,6 есеге өсті. Бұл атаулы көмектерді елімізде 410 мың отбасы алады.
Бұған қоса жергілікті атқару органдары есебінен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында қосымша 1,2 миллиард теңге бөлінген. Сол сияқты, 2,1 миллиард теңге балаларға арналған жәрдемақыға бөлінді. Бұл 1 миллионға жуық қазақстандыққа қосымша әлеуметтік көмек болып отыр.
Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемақы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің Қордан әлеуметтік төлемақы алуға құқығы бар қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалған.
Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетін төлемақы деңсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген барлық кезеңге тағайындалған.
Табыстың орташа айлық мөлшері, әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған ай үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы он екі айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер соммасын 12-ге бөлу жолымен айқындалады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары үшін табыстардың қосымша көзі Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер болып табылады. 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында олардың орташа мөлшері 25,5 мың теңгеден асып түсті. Негізгі әлеуметтік тәуекелдер бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруға 26,6 миллиардтан астам теңге, соның ішінде: жұмысынан айырылуы бойынша – 465 миллион теңге; жүктілігі және босануы бойынша және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты – 24 миллиардтан астам теңге; жұмыс қабілетінен айырылуы бойынша – 964 миллион теңге; асыраушысынан айырылуы бойынша – 532 миллион теңге бағытталған.
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап төртінші немесе одан кейінгі көп бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы мөлшері 2007 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге дерлік және бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақылар артты.
2010 жылдың 1 қаңтарынан «Балалы отбастарына мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы заңымен төртінші және одан артық бола туғанда берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшерін 50 АЕК-ге көбейту қарастырылған. Соған сәйкес көп бала туған және тәрбиелеген аналарды «Алтын алқа» белгісімен марапаттау үшін балалар саны 10 нан 7 ге дейін, «Күміс алқа» белгісімен марапаттау үшін 8-ден 6-ға дейін төмендетілді. Оларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 3,9 АЕК-ден 6,0 АЕК-ге дейін көбейтілді. Бұрын бұл белгілермен марапатталған немесе «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері де 8 478 теңгеге өсті.
Мүгедек баланы тәрбиелеуші ата-ананың біреуіне немесе асырап алушыға, қамқоршыға ең төмен жалақы мөлшерінде (14 952) ай сайынғы жаңа мемлекеттік жәрдемақы түрі енгізілді. Бұл жәрдемақыны 2010 жылдан бастап 28 мыңға жуық азамат алатын болады. Отбасында 2 және оданда көп мүгедек бала болған жағдайда жәрдемақы әрбір азаматқа бөлек тағайындалады. Сонымен бірге, мүгедектігі, асыраушысынан айырылу жағдайына және жасына қарай әлеуметтік төлемдердің мөлшері көбейтілді. 1 және 2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар 9%-ға арттырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет